Осымшаның анықтамалық жүйесін құру


Әдістемелік нұсқаулар


С++Builder- де жасалатын қосымшаның анықтамалық жүйесін құру келесі 4 кезеңдерден тұрады:


  1. Басқару элементтерінің /форма және ондағы компоненттер/ контекст номерлерін тағайындау;

  2. Мәтіндік редакторды /мысалы, Word-ты/ пайдаланып анықтамалық жүйенің мәтіндік файлын жасау;

  3. Арнаулы компилятор көмегімен анықтама файлын жасау;

  4. Анықтама файлын қосымша жобасына апарып қосу.


Компоненттердің контексттік номерлерін тағайындау.

Форма және онда орналасқан компоненттер анықтамалық жүйеге сәйкес контексттік номер ала алады, ол үшін компоненттің HelpContext қасиетіне анықтама файлындағы сәйкесінше тақырыптың номері беріледі. Қосымша орындалған кезде компонентті белгілеп алып F1 пернесін бассаңыз анықтама терезесінде сол компонентке қатысты анықтаманы көре алатын боласыз, егер оған сәйкес бөлім немесе тақырып тағайындалмаған болса сәйкесінше хабарлама шығады.

Жаттығу жұмыстары


Анықтамалық жүйенің мәтіндік файлын жасау.

Анықтамалық жүйенің мәтіндік файлы кез-келген мәтіндік редакторда, бірақ *.rtfформатта жасалады. Мұны жасау үшін Microsoft Word процессорын да пайдалануға болады. Мәтіндік файл жеке тақырыптарды білдіретін бөлімдерден /немесе парақтардан/тұрады.

Microsoft Word -та анықтама мәтіндік файлындағы бөлімдердің атрибуттары сноскалар түрінде беріледі, бөлімге сносканы қою үшін курсорды бөлімнің тақырыбының алдына /немесе соңына/ апарып, Вставка->Сноска / Word 2003/ немесе Ссылки->Вставить сноску / Word 2007/ командаларын орындайды.

1-кезең.С++Builder ортасында екі санды қосуды орындайтын қрапайым қосымша құрыңыз, қосымша терезесі келесі түрде болсын /4.39-сурет/ және қосымшаны жеке бумаға сақтап қойыңыз. Суреттегіге сәйкес форма тақырыбын, Label, Edit және Button компоненттерінің сәйкес қасиеттерін өзгертіңіз. Жоғарыда құрылған ProbHelp.rtfфайлындағы бөлімдердің номеріне сәйкес Edit1 компоненттің контекст номеріне яғни HelpContext қасиетіне 2 мән береміз, себебі оған сәйкес анықтама бөлімі Kosilgiw1–дің реттік номері 2-ге тең, тура сол сияқты Edit2 мен Edit3 –тің HelpContext қасиеті сәйкесінше 3 пен 4 болады да, Button1 компонентінің HelpContext қасиеті өзіне сәйкес бөлімнің реттік номері 5-ші номерді алады.


2-кезең.Бұл кезең Microsoft Word редакторын пайдаланып, бастапқы *.rtf форматтағы анықтаманың мәтіндік файлын құруды қамтиды. Программадағы элементтерге сәйкес оның жалпы көрінісі келесі түрде болады /4.38, 4.39-сурет/ және бұл файлды, қосымша үшін ашылған буманың ішінен MyHelp деген жаңа бума ашыңызда сонда ProbHelp.rtf деген атпен сақтаңыз. Бұл құжаттың терезесінде 4.38- суреттегідей мәтіндерді теру керек /анықтама терезесінде шығатын мәтін өзгеріп кетпес үшін ағылшын әріптері пайдаланылды/ және мұнда ең алғашқы бөлім «Programma turali» Word-тағы Заголовок1 стилімен теріледі, ал қалған бөлімдердің тақырыптарын жай «қалың бояулы» шрифтімен жаса жеткілікті. Мәтін теріліп болған соң әрбір бөлімге сәйкес «сноскалар» қойылады/4.40-сурет, сол жақтағы терезе/. Келесі қадамда курсорды бөлімдерде орналасқан жай мәтіндер мен келесі бөлім тақырыбының арасына қойып, Вставка->Разрыв страницы командасын орындайсыз сонда 5 бөлімге сәйкес 5 терезе шығады /4.40-сурет, ортада және оң жақтағы терезелер/. Файлды *.rtf форматта сақтауды ұмытпаңыз.



3-кезең.

3.1. Microsoft Word -та жасалған MyHelp/ProbHelp.rtfформаттағы мәтіндік файлды анықтамалық жүйенің *.hlpфайлына айналдыру үшін арнаулы Microsoft Help Workshop компиляторын ашу керек, ол үшін Programm Files/Borland/СBuilder6/ HELP/TOOLSкаталогында Microsoft Help Workshop компиляторының hcrtf.exeфайлын іске қосамыз, сонда келесі терезе пайда болады /4.42- сурет/.

3.2. Келесі қадамда File->New командасы орындалады , пайда болған терезеден Help Project таңдалынады.

3.3. Пайда болған Project File Name терезесінде, әуелі манағы даярланған ProbHelp.rtfформаттағы мәтіндік файл сақталған MyHelp бумасын ашып алу керек, сонан соң барып Имя файла тұсындағы терезеге жоба файлының атын, мысалы HelpProjFile1 теріп жазамыз /4.43-сурет./


3.4. «Сохранить» батырмасы басылғаннан кейін пайда болған терезеде HelpProjFile1.hlp файлының параметрлерін тағайындау басталады /4.44-сурет/.



Бұл терезеде келесі параметрлер өзгертіледі:


  • Files параметрі, бұл манағы даярланған ProbHelp.rtfфайлына баратын маршрутты беру үшін қолданылады, ол үшін терезедегі сол Files батырмасына шертеміз, сонда Topic Files терезесі шығады, сол терезедегі Add батырмасына шертсеңіз ProbHelp.rtfфайлы сақталған MyHelp бумасы ашылу керек, сол бумадағы жалғыз файл ProbHelp файлын белгілеп «Открыть» командасын орындайсыз, нәтижесінде 4.44- суреттегі терезеде келесі жол, Files параметрі пайда болады /4.45-сурет/;

  • Window парметрі, бұл программадағы анықтама шығатын терезенің атын беру үшін қолданылады, бұл параметрді тағайындау үшін Window батырмасына шертіледі, пайда болған Create a Window терезесіндегі курсор тұрған жерге main деп терезенің типін жазасыз, OK басылғаннан соң келесі терезе қасиеттерін беретін Window Properties терезесіндегі Title bar text тұсына терезенің атын, мысалы «АНЫҚТАМА ТЕРЕЗЕСІ» деп жазады, нәтижесінде 4.46- терезеде Window парметрінің жолы пайда болады;

  • Map параметрінің терезесінде ProbHelp.rtfанықтама файлындағы әрбір тақырыпшаға « #» таңбасы арқылы берілген идентификациялық атаудың /ID_1, ID_2, ... , ID_5/ оның «+» арқылы берілген реттік номерлеріне /1,2, ... , 5/ сәйкестігі тағайындалады, ол үшін терезедегі Map батырмасына шертіп, пайда болған терезедегі Add командасы орындалады, пайда болған келесі Add Map Entry терезеде Topic ID параметріне ID_1, ID_2, ... , ID_5 идентификациялық атауларды, ал Mapped Numeric Value парметріне сәйкес 1,2, ... ,5 номерлерді бір-бірлеп жазып және олардың әрқайсысы үшін ОК орындалып отырады, нәтижесінде 4.46-терезедегі Map параметрі пайда болады;

  • Config параметрінің қызметі анықтама файлының конфигурациясына өзгерістер енгізу, мысалы, анықтама файлында >> немесе << батырмаларын пайдаланып алдыға не кейінге оралуды жүзеге асыру үшін ол файлға BrowseButtons() функция-макросын қосу керек болады, ол үшін терезедегі Config батырмасына шертіп, пайда болған Configuration Macros терезесінде Add командасын орындалады, сонон соң шығатын Add Macro терезеде BrowseButtons() деп жазып, ОК басылады, нәтижесінде 4.46-терезеде Config параметрі шығады;

  • Соңғы қадам бұл параметрлері тағайындалған анықтама файлының жобасын компиляцияға жіберу ол үшін терезедегі Save and Compile батырмасына шертесіз, егер жобада қате болмай бәрі дұрыс болса нәтижесінде 4.47-суреттегі терезе шығады.



Өзіндік жұмыстарға тапсырмалары


Келесі мазмұндағы программалардың анықтамалық жүйесін құрыңыз:

1 тапсырма


  1. Пирамиданың көлемін табу.

  2. Үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың ауданын есептеу.

  3. Параллелипедтің көлемін есептеу.

  4. Тізбектің жалпы кедергісін есептеу (параллель қосылған).

  5. Трапецияның ауданын есептеу.

2 тапсырма


  1. Азық-түлік дүкенінің ассортименті туралы мәлімет беретін;

  2. Поликлиниканың дәрігерлері туралы мәлімет беретін;

  3. Математикалық формулалар анықтамалығының қызметін атқаратын;

  4. Кітапханадағы картотека қызметін атқаратын;

  5. Атына сәйкес түстерді көрсете алатын;

3 тапсырма

Наши рекомендации