Жұмысты орындау тәртібі. 10.3.1 Жұмысты орындауға оқытушыдан нұсқа нөмірін алып, жүйеде тіркеліңіз:

10.3.1 Жұмысты орындауға оқытушыдан нұсқа нөмірін алып, жүйеде тіркеліңіз:

- Metlab10.exe файлын жүктеңіз, студентті тіркеу терезесі пайда болады;

- өзіңіздің аты-жөніңізді енгізіңіз;

- зертханалық жұмыстың нұсқа нөмірін енгізіңіз;

- «Начать» батырмасын басыңыз.

10.3.2 Зертханалық стендте бөлек өлшеу құралдарының және басқа құрылғылардың орнатылуымен танысыңыз (10.1, 10.2 суреттерді қараңыз).

10.3.3 Әр түрлі бөліктендірулері бар НП-ТЛ1-М түрлендіргішті тексеру.

10.3.3.1 «Выбор первичного прибора» ауыстырып-қосқышты «Источник» күйіне орнатыңыз.

10.3.3.2 Реттелетін кернеу көзінің (ИРН) шығуында кезегімен алты тексерілетін нүктелерге сәйкес кірудегі кернеу орнатылады. Кірудегі кернеу (сигнал) мәні 10.1 кестеге сәйкес орнатылады. Номиналды статикалық сипаттама (НСС) типі виртуалды зертханалық жұмыстың тапсырмасында берілген. Кірудегі сигналдың сәйкес мәндерін 10.1 кестеден 10.2 кестеге енгізіңіз.

10.1 к е с т е – НП-ТЛ1-М түрлендіру функциясы

  НСС типі Тексерілетін нүктелер
Шығудағы сигнал (мА) 0,0 1.0 2,0 3,0 4,0 5,0
ПП Кірудегі сигнал (мВ) 0,00 3,34 6,69 10,01 13,36 16,71
ХА Кірудегі сигнал (мВ) 0,00 10,48 21,01 31,46 41,95 52,43
ХК Кірудегі сигнал (мВ) 0,00 13,30 26,59 40,01 53,18 66,47

10.3.3.3 НП-ТЛ1-М шығуындағы тәжірибелік тоқтың мәні миллиамперметрмен «Провести опыт» батырмасын басып өлшенеді. Тәжірибелік тоқтың мәні ИРН шығуында кернеудің өскенінде (тура қадамда) және кемігенінде (кері қадам) өлшенеді. Тәжірибелер нәтижелері тексеру хаттамасының 10.2 кестесіне жазылады.

10.3.4.3 НП-ТЛ1-М түрлендіргішті тексеру туралы қорытынды жасау үшін әрбір тексерілетін нүктеде түрлендіргіш қателігін анықтау.

Өлшеу шектеріндегі кез-келген нүктесінде түрлендіргіштің қателігі келесі формуламен анықталады

Жұмысты орындау тәртібі. 10.3.1 Жұмысты орындауға оқытушыдан нұсқа нөмірін алып, жүйеде тіркеліңіз: - student2.ru , Жұмысты орындау тәртібі. 10.3.1 Жұмысты орындауға оқытушыдан нұсқа нөмірін алып, жүйеде тіркеліңіз: - student2.ru , (10.1)

Жұмысты орындау тәртібі. 10.3.1 Жұмысты орындауға оқытушыдан нұсқа нөмірін алып, жүйеде тіркеліңіз: - student2.ru , Жұмысты орындау тәртібі. 10.3.1 Жұмысты орындауға оқытушыдан нұсқа нөмірін алып, жүйеде тіркеліңіз: - student2.ru , (10.2)

мұндағы I1, I2 – тура және кері қадамдағы түрлендіргіш шығуындағы тоқ мәні;

∆I – түрлендіргіш шығуындағы тоқтың өзгеру диапазоны;

Iр – тексерілетін нүктедегі кестелік тоқ мәніне сәйкес түрлендіргіш шығуындағы есептелетін тоқ мәні.

Көрсетілген нүктелердегі келтірілген қателіктің мәні аспаптың дәлдік класымен анықталатын және Жұмысты орындау тәртібі. 10.3.1 Жұмысты орындауға оқытушыдан нұсқа нөмірін алып, жүйеде тіркеліңіз: - student2.ru 1 % тең болатын негізгі рұқсат етілген қателіктің шегінен аспауы керек.

10.3.4 НП-ТЛ1-М түрлендіргішті бөліктендіру.

10.3.4.1 «Выбор первичного прибора» ауыстырып-қосқышты «Источник» күйіне орнатыңыз.

10.3.4.2 Түрлендіргішті бөліктендіру термопараның өлшеу диапазонының шектеріндегі 8 нүктеде орындалады (сонымен бірге шек нүктелерінде). Шығудағы тоқты өлшеу 10.3.3.3 п. сияқты 10.1 суреттегі сұлбаға сәйкес орындалады, нәтижелері 10.3 кестеге жазылады.

10.2 к е с т е - НП-ТЛ1-М түрлендіргішті тексерудің хаттамасы

Тексерілетін нүктенің № 10.1 кесте бойынша термоЭҚК Есептелу тоқ мәні Тәжірибелік тоқ мәні   Қателік  
Тура қадам Кері қадам Тура қадам Кері қадам Тура қадам Кері қадам  
Е I1 I2 Жұмысты орындау тәртібі. 10.3.1 Жұмысты орындауға оқытушыдан нұсқа нөмірін алып, жүйеде тіркеліңіз: - student2.ru 1 Жұмысты орындау тәртібі. 10.3.1 Жұмысты орындауға оқытушыдан нұсқа нөмірін алып, жүйеде тіркеліңіз: - student2.ru 2 Жұмысты орындау тәртібі. 10.3.1 Жұмысты орындауға оқытушыдан нұсқа нөмірін алып, жүйеде тіркеліңіз: - student2.ru 1 Жұмысты орындау тәртібі. 10.3.1 Жұмысты орындауға оқытушыдан нұсқа нөмірін алып, жүйеде тіркеліңіз: - student2.ru 2  
мВ мА мА мА мА мА % %  
               
               
               
               
               
               

10.3.4.3 Түрлендіргішті бөліктендіру нәтижелері негізінде Iорта=f(Т) статикалық сипаттама құрылады және оның сызықтылығы анализденеді.

10.3 к е с т е - НП-ТЛ1-М түрлендіргішті бөліктендіру хаттамасы

Нүкте №     Темпера-тура Бөліктендіру кестесі бойынша термоЭҚК Тоқтың тәжәрибелік мәні
Тура қадам Кері қадам Орта мәні
t Е I1 I2 Icp
°С мВ мА мА мА
         
         
         

10.3.5 НП-ТЛ1-М және термопарадан тұратын өлшеу каналының жалпы қателігін анықтау.

10.3.5.1 «Выбор первичного прибора» ауыстырып-қосқышты «Датчик» күйіне орнатыңыз.

10.3.5.2 Виртуалды зертханалық жұмыстың панелінде сол жақта орнатылған термопаралар тізімінен термоэлектр түрлендіргіштің типін тапсырмаға сәйкес таңдаңыз.

10.3.5.3 Термопараның өлшеу диапазонының кез-келген сегіз нүктесінде термопара орнатылған пештің өлшенетін температурасын «Входная температура» тұтқасын айналдырып өзгертіп отырыңыз.

0.3.5.4 НП-ТЛ1-М шығысына қосылған миллиамперметрдің әр температуралық нүктесінде көрсетулерін жазып алыңыз. Тәжірибелік тоқтың көрсетулерін 10.4 кестесіне жазыңыз.

10.3.5.5 Тәжірибелік тоқтың мәндерін 10.3.4.3 п. алынған бөліктендіру кесте бойынша кірудегі температураның есептеу мәндеріне түрлендіріп, 10.4 кестеге орнатыңыз.

10.3.5.6 Әр тексерілетін нүктеде өлшеу каналының абсолютты және келтірілген қателіктерін есептеіңіз.

10.4 к е с т е – Температураны өлшеу каналының жалпы қателігін анықтау

Тексерілетін нүкте № Пештің кірудегі температурасы Тура қадамдағы тәжірибелік тоқтың мәні Кірудегі температураның есептелу мәндері Қателіктер
Абсолютты Келтірілген
Твх I1 Т1 Жұмысты орындау тәртібі. 10.3.1 Жұмысты орындауға оқытушыдан нұсқа нөмірін алып, жүйеде тіркеліңіз: - student2.ru Жұмысты орындау тәртібі. 10.3.1 Жұмысты орындауға оқытушыдан нұсқа нөмірін алып, жүйеде тіркеліңіз: - student2.ru
°С мА °С °С %
         
         
         

10.3.5.7 [8] әдебиетіндегі № 3 зертханалық жұмыста келтірілген есептеу әдістемесіне сәйкес термопара мен НП-ТЛ1-М нормалау түрлендіргіштен тұратын өлшеу каналының жалпы қателігін теориялық есептеңіз.

10.3.5.8 Температураны өлшеу каналының жалпы қателігінің тәжірибелік және теориялық мәндерін салыстырыңыз.

Есеп беру құрамы

Жұмыс бойынша есеп беру келесілерден тұрады:

- жұмыс мақсаты;

- жеке нұсқаның тапсырмасы;

- жұмыстың қысқаша бейнелеуі, зертханалық стендтің құрылымдық сұлбасы, НП-ТЛ1-М нормалау түрлендіргіштің принципиалды сұлбасы;

- нормалау түрлендіргішті тексеру және бөліктендіруінің хаттамалары;

- 10.3 кестенің мәліметтеріне сәйкес нормалау түрлендіргіштің статикалық сипаттамасының графигі (бөліктендіру графигі);

- температураны өлшеу каналының жалпы қателігін анықтаудың кестесі;

- тоқтың тәжірибелік мәндері бойынша қателіктерді есептеу;

- өлшеу каналының жалпы қателігін теориялық есептеу;

- түрлендіргіштерді тексеру және бөліктендіру, жалпы қателікті есептеу бойынша қорытынды;

- жұмыс бойынша қорытынды.

Наши рекомендации