Windows анықтама жүйесі

Windows-тағы анықтама жүйесі пайдаланушыға амалдық жүйемен жұмыс істеу жөнінде туындайтын сұрақтардың көпшілігі бойынша анықтама беру қызметі болып табылады. Оның құрылымы жүйелі, тілдесуі өте ыңғайлы.
Windows анықтама жүйесіне бірнеше тәсілмен жүгінуге болады:
· <Windows >+ <F1> пернелер тіркесімі көмегімен;
· Бас мәзірдің Анықтама және қолдау (Windows XP амалдық жүйесінде) немесе Анықтама (Windows өзге нұсқаларында) тармағын таңдау арқылы;
· амалдық жүйенің қандай да бір құрамдас бөлігі терезесінің мәзірінен Анықтама – Анықтама және қолдау орталығы немесе Windows анықтама жүйесі - student2.ru Анықтама – Анықтаманы шақыру әмірін таңдау.
Windows қосымшаларында анықтама жүйесін шақыру ұқсас тәсілдермен жүзеге асырылады:
· <F1> пернесін басу;
· бағдарлама мәзірінен Анықтама> Анықтама: бағдарлама атауы немесе Анықтама> Анықтаманы шақыру әмірін таңдау.
Windows қосымшаларында мәтінмәндік анықтамаға жүгіну тәсілдері:
· <Shift>+<F1> пернелер тіркесімі қолдану;
· Қосымша терезесі мәзірінен Анықтама > Бұл не? әмірін таңдау.
Сұхбат терезелерінде мәтінмәндік анықтамаға жүгіну тәсілі: терезе тақырыбындағы «?» анықтаманы шақыру батырмасын шерту. Бұл әмір орындалып жатқан кезде тінтуір көрсеткіші «?» пішіміне енеді. Оны терезенің сұрақ туындатқан нысан орналасқан тұсына апарып, тінтуір пернесімен шерту қажет.
Windows XP амалдық жүйесінің «Анықтама және қолдау орталығы» терезесі (2.10-сурет) құрылымы және анықтама алу тәсілі жағынан Windows-тың алдыңғы нұсқаларындағы анықтама жүйесі терезесінің классикалық пішімінен ерекшеленеді.

Қорытынды

Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің қалған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.

Амалдық жүйе (АЖ) – бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. АЖ бағдарламалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын, пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т.б.

Наши рекомендации