Ауіпсіздік пен электро тұтыну стандарттары
Қазіргі таңдағы мониторлар медициналық , экологиялық параметрлерінеи, яғни қауіпсіздік стандартарына сай болуы тиіс. Олар : MPRІІ , TCO92, TCO95 , TCO99. Монитормен ұзақ жұмыс барысында қорғаныс экрандарын пайдаланған жөн. Егер монитор жоғарыдағы стандарттардың біріндеде сәйкес келмесе .
MPRІІ – сәуле шығарудың базалық стандартты болып есептеледі. Қазіргі таңдағы барлық мониторлар осы стандартқа сай болуы тиіс. Бұндай монитор болған жағдайда , қорғаныс экранының керегі жоқ
TCO92 – бұнымен сәйкестік монитордың толық түрде қауіпсіз екендігін білдіретін қауіпсіздік стандарты.
TCO95 стандартында алғаш мониторға эргономикалық және экологиялық талаптар қойыла бастады.
TCO99 стандартында бұл талаптар күшейе түсті. Сонымен қатар TCO99 стандартында көрініс сапасына және энергия тұтынуға өте қатты талаптар қойылды.
Сәулелену деңгейін азайту мақсатында қазіргі компьютерлердің экранына қорғайтын экрандар немесе сақтаушы фильтрлер қояды, ең жақсысы жерге қосылған шыны пластиналарын пайдаланған жөн.
Экран алдында көп отыруға болмайды, себебі:
1. Көз тез шаршайды.
2. Дисплей жұмыс атқарып тұрғанда электромагниттік және ультракүлгін сәулелері бөлініп отырады.
Сәулелену деңгейін азайту мақсатында қазіргі компьютерлердің экранына қорғайтын экрандар немесе сақтаушы фильтрлер қояды, ең жақсысы жерге қосылған шыны пластиналарын пайдаланған жөн.
Монитор (monіtor) — компьютер жадындағы мәтіндерді, бейнелерді экранда көрсететін құрылғы; оны дисплей, экран, ал кейде бейне-блок деп те атайды. Монитор электронды-сәулелік түтікшеден, бейнекүшейткіштен, жайма генераторы, қоректендіру бөлшегі және оларды басқару сұлбаларынан тұрады. Монитордағы кескінді құрастыру бөлшегі дербес компьютердің негізгі қорабында – жүйелік блогінде орналасады.Монитордың электронды-сәулелік түтікшесіз сұйық кристалды және сенсорлық экранды түрлері бар
Соңғы кездері сұйық кристалды(СК) мониторлар танымал болып келеді. Бұрын мұндай жіңішке мониторлар тек портативті және қалтаға салып жүретін компьютерлерде орнатылатын болса, қазір үстел үстіне қойылататын компьютерлер де осындай мониторлармен жабдықтала бастады.
LCD – (Liquid Crystal Display, сұйық кристалды монитор) – сұйық күйдегі заттардың негізінде жасалатын монитор. Бұл сұйықтықтың қатты заттарға тән кейбір қасиеттері болады. Осы сұйықтықтың молекулалары электр кернеуінің әсерінен өз орындарында үнемі қозғала отырып, өздері арқылы өтетін жарық сәулелерінің бойындағы қасиеттерін өзгертеді. Нәтижесінде экраннан өзімізге қажетті түрлі түсті бейнелерді көреміз.
Сұйық кристалды мониторлардың ЭЛТ мониторлардан басты артықшылығы - көлемінің шағын болуы және денсаулыққа зиянсыздығы. Бұндай мониторлар ЭЛТ мониторлар секілді зиянды электромагниттік сәулелер таратпайды және бұл мониторлармен жұмыс істеген адамның көзі әдеттегідей тез шаршамайды.
СК мониторлардың кемшілігі де жоқ емес. Мәселен, бұл мониторлардың түсті жеткізу қабілеті нашар. ЭCТ мониторларды кез келген мақсатта: мәтінді, фотосуреттерді өңдеу үшін, ойын ойнау үшін т.б. қолдана беруге болады, ал СК мониторлардың кейбір модельдері әр түрлі компьютерлік ойындарды ойнауға жарағанымен, фотосуреттерді сапалы түрде өңдеуге мүмкіндік бермейді немесе керісінше түстерді жақсы көрсеткенімен, әр түрлі динамикалық ойындарды өз деңгейінде ойнауға, т.б. кедергі жасайды. Сондықтан болса керек, көптеген маман иелері, мәселен дизайнерлер ЭCТ мониторларды таңдайды.
Монитор экранының өлшемдері әр түрлі болады. Экранның диагоналі дюйммен(1 дюйм =2,54 см) өлшенеді және олар 15,17,19 дюйм немесе одан жоғары болады.
Компрессионды менеджерлер
Мультимедиялық ақпараттарды ( кескін, анимация, дыбыс) сақтау үшін үлкен талап етіледі. Көптеген жағдайларда ақпараттар компрессирленген түрде сақталады. Егер құрылғы аппараттық түрде компрессия мен декомпрессияны ұстамаса , бұл мәселені арнайы компрессиондыменеджерлер орындайды.
Кодек
Windows 9x аудио және видео ақпараттарды декомпрессия және компрессиялау үшін колектормен қатар қойылады. Сонымен қатар қосымша кодектерді орнату мүмкін.
DCI – Display Control Interface
DCI ( Display Control Interface – дисплеймен басқару интерфейсі) – бұл дисплей драйверімен жұмыс атқаратын интерфейс. Бұл Microsoft және Intel фирмаларымен бірлесіп құрастырылған . DCI – сәйкес келетін драверлік компьютерлік ойындармен және толық экранды видео ақпаратарды жоғалтуға мүмкіндік береді. Бұл интерфейс сонымен қатар қазіргі видеокарталарда таралған аппараттар қатарын қамтиды, оған қоса :
· Ақпараттық масштабтау.
· Видеоақпаратты жақсы қабылдауды қамтамасыз ету үшін YUV-RGB түстерін қайта құру.
· Екі есе буферлеу. Ол беттерді өшіру кезінде экрандық буферлерді аппараттық ауыстыру үшін қолданылады
· Асинхронд бейне. Екі есе буферлеумен бірге экрандық буферге ақпараттар шешімінің аса жылдамдығын қамтамасыз етеді.
50. Ақпаратық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері
Криптография – мәліметтердің өзгеру әдістерінің жиынтығы, яғни осы мәліметтерді айқынсыз бейнеге әкелуге бағытталған мәліметтерді қорғаудың екі басты мәселесін шешу:
Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері ЭЕМ-де өңделген немесе есте сақтау құрылғысының әртүрлі типінде сақталған ақпаратты қорғау үшін қалай қолданылса, байланыс жолдары бойынша әртүрлі элементтер арасында берілген ақпаратты жабу үшін де солай қолданылады.
Мәліметтердің криптографиялық өзгеру әдістері:
1. Шифрлеу.
2. Кодтау.
3. Басқа түрлері.
Шифрлеу – қорғалатын хабардың әрбір символы өзгеруге жатады
Кодтау – қорғалңан элементтердің кейбір элементтері (жеке символдар міндетті емес) алдын ала таңдалған кодтармен ауыстырылады. Кодтау тәсілдері: мағыналық кодтау, символдық кодтау. Басқаларға (жеке түрлеріне) – кесу, тарату және мәліметтерді қысу әдістері кіреді.
Кесу – мәләметтерді тарату, қорғалатын мәліметтермассиві әр қайсысы қорғалатын ақпараттар мазмұнын ашуға мүмкіндік бермейтін элементтерге бөлінеді және осындай тәсілмен ерекшелінген элементтер есте сақтау құрылғысының әр түрлі аумағында орналасады.
Шифрлеу процесін басқару кілттің көмегімен жүзеге асады.
51. Криптожүйелер класы.Криптожүйелер екі класқа бөлінеді:
1. Симетриялы (бір кілтті) криптосистемалар.
2. Асиметриялы (ашық кілті бар екі кілтті криптосистемалар).
Симетриялы криптожүйеде құпия кілтті беруші мен алушыға кілттерді таратуды қорғаушы каналы бойынша беру керек. Ашық кілтті асиметриялық криптожүйенің жқшамдалған сұлбасы. Асимметриялық криптожүйеде қорғалмаған канал арқылы тек ашық кілтті ғана беруге болады, ал құпия кілтті оның генерациялы қорында сақтайды.
Ақпаратты жабу құралдарын қолдану тәсілі бойынша ағындық және блоктық шифрлеу деп бөлінеді.
Ағындақ шифрлеуде бастапқы мәтіннің әр символы басқалардан тәуелсіз өзгереді. Сондықтан мұндай өзгеру байланыс арнасы бойынша мәліметтерді беру мен бір уақытта жүзеге асуы мүмкін.
Блоктық шифрлеуде жабық бастапқы мәтіннің кейбір символдар блогы бір уақытта өзгереді, сонымен қатар блоктар шегіндегі символдардың өзгеруі өзара тәуелді болады. Кейбір аралас блоктардағы символдардың өзгеруі арасында да тәуелділік болуы мүмкін.
Криптоталдау – қатынаусыз шифрленген хабардың бастапқы мәтінін ашу жайлы ғылым.
Криптоталдаудың орнықты ережесі (1-ші рет ХІХ ғасырда голланд А.Керкхофпен құрылған) шифрдің тұрақтылығы кілттің құпиялылығы мен анықталуы керек деп қорытындыланады.
52. Криптожүйелерге қойылатын талаптар.Криптожүйелерге қойылатын талаптар:
Шифрленген хабар тек кілт болған жағдайда ғана оқылуы тиіс.
Шифрленген хабар фрагменті бойынша шифрлеудің қолданылған кілтін анықтау үшін қажетті операциялар саны қатал төмен бағамен болуы тиісжәне қазіргі компьютерледің мүмкіндіктерінің шегінен шығуы керек.
Шифрлеу алгоритмін білуқорға сенімділігіне әсер етпеуі тиіс.
Кілттің аздап өзгеруі бір кілтті ғана қолданғанның өзінде шифрленген хабар түрінің елеулі өзгеруіне әкелуі тиіс.
Шифрлеу алгоритмінің құрылымдық элементтері өзгеріссізболуы керек.
Шифрлеу процесінде хабарға енгізілетін қосымша биттер шифрленген мәтінде толық және сенімді жасырылуы тиіс.
Шифрленген мәтіннің ұзындығы бастапқы мәтіннің ұзындығына тең болуы тиіс.
Шифрлеу процесінде тізбектей қолданылатын кілттер арасында жай және жеңіл орнатылатын тәуелділіктер болмауы керек.
53. Ақпаратты жүйелерді қорғау әдістері. Ақпаратты жүйелерді қорғау әдістері:
· Басқару;
· Кедергілер;
· Бүркемелеу;
· Регламенттеу;
· Талаптану;
· Мәжбүрлеу.
Ақпаратты жүйелерді қорғаудың мақсаты (ақпаратты өңдеу жүйесі) қауіп қатерге қарсы әрекеттер:
1. Өңделген ақпараттың жасырын бұзылу қатері;
2. Өңделген ақпараттың бүтіндігінің бұзылу қатері;
3. Жүйенің жұмыс істелуінің бұзылу қатері.
Ақпаратты жүйелерді қорғау құралдары:
1. Формалды:
· Техникалық;
· Программалық;
· Криптографиялық.
2. Формальды емес:
· Ұйымдастырушылық;
· Заң шығарушылар;
· Моральды этикалық.
Мәліметтердің қауіпсіздігі
Жекеше идентификация дербес ен үшін қолданылады. Жүйеге ену идентификаторының рөлін ережеге сәйкес, жеке пароль атқарады.
Желілік негіздегі идентификация пайдаланушы рұқсат етілген желіге мүше болған жағдайда енуді қамтамасыз етеді.
Биометриялық идентификация әрбір адамға жеке дара тән сипаттамаларды пайдаланады: мысалы, көздің нұрлы қабығын анықтауға арналған жүйелер, дауыс ырғағы мен саусақ бедерінің үлгісіне есептеуге арналған жүйелер.