Жүйе әкімшілігі. Net Ware операциялық жүйесінің орнықтылықты болдырмауы
Net Ware өзіне Windows-та жұмыс істейтін административтік құралдарды қосады, ол NDS обьектілерін басқару үшін пайдаланылады. (пайдаланушылар, ресурстар,файлдар мен дискідегі каталогтар). Желі администраторлар NW Administrator-ды негізінде пайдаланушы обьектілерін құру үшін пайдаланушының желіні пайдалану және оның ресурстары мен файлдарын басқару үшін пайдаланады. NW Administrator-дың көмегімен пайдаланушының мүмкіндіктерін, сипаттамасын және т.б. өзгертуге болады.
Net Ware-ды бірінші орнатқан кезде администратордың есеп жазбасы құралады. Жүйе администраторы - бұл Admin есімімен тіркелетін пайдаланушы. Администратор паролі бұл – бұл түгел жүйеге ашық жол, кілт. Оны ерекше құпиялықпен қамтамасыз ету керек. Администратордың каталогтың түбіне қатынас жасауға супервизор мүмкіндіктерін береді, ал ол қатынас құрудың ең жоғарғы деңгейін иеленеді. Администратордың құру, өзгерту, жою деген сияқты мүмкіндіктері бар.[9]
Admin есеп жазбасының желіде шектеусіз құқғы бар және желілік администратор оны NW Directory Services бастапқы құрылымын құру үшін пайдаланады. Одан кейін желі администраторы каталог құрылымын кеңейтіп оған ұжымдық жазбаларды, пайдаланушының есептеу жазбасын және басқа да ақпаратын қоса алады.
Үлкен бірікке желілер желінің алшақтатылған бөлімшелерін басқару және өз бөліміндегі сервер құралдарына қызмет көрсетуді басқара алатын маманданған супервизор пайдаланушыларды талап етеді. Бұл супервизорларды жетекшілік тағайындайды, ал өкілеттілікті оларға желі администраторы береді.
Администратор мынадай қызмет атқарады:
· Серверді орнату және өшіру
· Администратор паролін құру және өшіру
· Парольды қорғану мақсатында ауыстырып тұру
· NDS каталогін басқару
· Түгел сервер мен желіне қорғаныспен қамтамасыз ету
· Программалар мен обьект – томның мәліметтері үшін каталогтар құрылымын құру.
· Қосымшаларды орнату (приложение)
· Пайдаланушылар мен ресурс обьектілерні басқару
· Пайдаланушыларды өкілеттілік, қатынас құру және құқықпен қамтамасыз ету
· Желінің өнімділігі мен тұтастығын басқару
· Жаңа құрылғыларды орнатқан кезде ұсыныстарды өңдеу
· Арнайы процедуралар көмегімен архивизациялау және мәліметтерді қамтамасыз ету
· SFT құралдарымен жүйенің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету
Жүйелік администратордан кейін құқығы жоғары менеджерлер мен желіге қатынас құру құқығы әртүрлі пайдаланушылар кетеді. Біріккен желіге кіру үшін тіркелу қажет, ал ресурстарға қатынас құру пайдаланушының обьектіге, каталогтар мен файлдық уәкілеттілігіне қарай анықталады.
Пайдаланушылар желіге қатынасын, администратор мен супервизор оларға пайдаланушылық обьектіні құрғаннан кейін ғана кіре алады. Бұл обьект атау мен пайдаланушы паролінен тұрады.[3]
Орнықтылықты болдырмау бүгінгі күнде керекті сипаттама болып табылады. Net Ware құрастырушылары бұл сұраққа көп көңіл бөлді. Net Ware операциялық жүйесінің 2.2, 3.12, 4.0 версияларында SFT (System Fault Tolerant – Құрылғылар жұмыс істемей қалғандағы қорғаныс жүйесі) технологиясы қолданылған. Құрылғылар жұмыс істемей қалғандағы қорғану жүйесі ол – құрылғылардың түрлі жұмыс істемей қалғандағы файлдық сервердің тоқтамай жұмыс істеуін білдіреді. Net Ware операциялық жүйесінің әрбір версияларында жинақтауыштардың бетінің бұзылуы кезінде бұзылған мәліметтерді минимизациялау құрылғысы жұмыс істейді. Бұл қатынаста SFT жүйесі әрі қарай жылжып өзі жаңа амалдарды ұсынды.[10]
Net Ware жүйесінде UPS-ті басқару мүмкіндігі бар. Электроэнергияның берілуі кезінде үзілу анықталған жағдайда операциялық жүйе пайдаланушыларға энергияның жоқ екенін хабарлап, оларды компьютерді өшіруіне қанша уақыты бар екенін айтады. Ал сол уақыт біткен соң операциялық жүйе автоматты түрде жүйедегі барлық файлдарды жауып өзін-өзі өшіреді.
Сонымен SFT жүйесі, жаңа TTS жүйесін ұстанады (сұранысты игеру трассировкасы). Бұл жүйеде қолданатын қолданбалы программалар, әдетте бұл мәліметтер базасын бір операция ретінде қарастырады. [1]