Кестелік процессор және кестелік процессорға байланысты түсініктерді сипаттаңыз.

Кестелік процессорлардың пайда болуы кестелік құжаттарды компьютердің көмегімен өңдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлерде Мickrosoft Excel кестелік процессоры кең тараған. Мickrosoft Excel кестелік процессоры деректермен әр түрлі операцияларды орындауға мүмкіндік береді.

Excel мүмкіндіктері:

Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіде сақтауды;

Сақталарған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауды;

Кестелерге жол, баған немесе ұяшық қосуды;

Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастауды;

Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегісін көшіруді немесе орын ауыстыруды;

Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауды;

Пайдаланушының өзі құрастырған форулалар бойынша немесе кестелік процессорда бар дайын формулаларды қолданып есептеу жүргізуді;

Кесте деректері бойынша диаграмма құруға және оларды кестеге кірістіруді;

Кестеге графикалық обьектілерді, яғни стандартты суреттер қорынан суреттер кірістіруді;

Кестелерді баспаға, яғни принтерге шығаруды;

Мicrosoft Excel-ді іске қосу

Мicrosoft Excel-ді іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегі орындалады:

Пуск Программы - Мicrosoft Excel

Пуск Выполнить (Запуск программы открыть өзіміз теріп Excel деп жазамыз.–

Компьютердің жұмыс үстелінде (рабочий стол) болады

Кесте – ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Электрондық кесте – ұяшықтарында деректер (мәтін, сан, формула) жазылған кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесі.. Excel жұмыс полесі төртбұрышты ұяшықтарға (ячейка) бөлінген вертикальды және горизонтальды сызықтарға бөлінген, баған мен жол түрінде орналасқан. Көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі, яғни вертикальды сызғышқа біріктірілгендер баған деп аталады және «А»-дан «Z»-ке дейінгі латын әріптерімен (әрі қарай «АА»-дан «IV» дейінгі екі әріп комбинацияларымен) белгіленеді. Ал көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі, яғни горизонтальды сызғышқа біріктірілгендер жолдар деп аталады және сандармен белгіленеді, әрбір жол 1-ден басталатын реттік нөмірмен нөмірленеді. Бағандар мен жолдар қиылысып ұяшықтар (ячейка)түзейді. Дерек сақталатын орын ұяшық (ячейка) деп аталады.

Мicrosoft Excel іске қосылғаннан кейін экранда оған ақпарат енгізілетін жұмыс кестесі түріндегі терезе ашылады. Ол неден тұрады:

Excel кестелік процессорының элементтері (терезесі)

1.Аты (Заголовок) Excel – Мicrosoft Word деп жазылған.

2.Меню жолы (Файл Правка Вид Вставка Формат Сервис Данные Окно Справка);

3.Стандартты аспаптар н/е аспаптар панелі (Панель инструментов / Панель стандартная): стандартты операцияларды орындауға арналған бастырмалары бар (Создать / Открыть / Сохранить / Печать / Предварительный просмотр / Справочные материалы / Вырезать / Копировать / Вставить / Формат по образцу / Добавить гиперссылку / Автосумма / Сортировка по возрастанию / Сортировка по убыванию Мастер диаграмм / Рисование / Масштаб / Справка / Мickrosoft Excel). Мыс.: Файл ашу және сақтау үшін, басып шығару үшін, қарау үшін; қиып алу, көшіру және кірістіру үшін; Автосумма бастырмасы берілімдерді автоматты түрде есептейді...Диаграмма құру: кестедегі деректер бойынша диаграмма құрып, оларды кестеге кірістіреді.

4. Пішімдеу панелі (панель форматирования): пішімдердің стандартты операцияларын орындайтын батырмаларды қамтиды,деректерді экранға шығарғанда әріптерді өзгерту және туралау операциялары беріледі (Шрифт / Размер / Полужирный / Курсив / Подчеркнутый / По левому краю / По центру / По правому краю / Обьединить и поместить в центре / Денежный формат / Процентный формат / Границы / Цвет заливки / Цвет шрифта.

5. Формулалар жолы (строка формул): активті ұяшықтың ішіндегісін көрсетеді

6. Айналдыру жолағы (полоса прокрутки): жұмыс кестесінің дәл қазір экранда көрінбей тұрған бөлігін көруге мүмкіндік береді (жүгірткіні жылжыту немесе бағдаршаны шерту);

7. Айналдыру батырмалары (кнопки прокрутки): жұмыс кітабы беттерінің таңбалары бойынша орын ауыстыруға мүмкіндік береді.

8. Қалып-күй жолы (готово):Excel-мен жұмыс істеу барысында әр-түрлі хабарлама шығарады

9. Кестелік меңзер: таңдалынған н/е белсенді (активный) ұяшықты (ячейка) көрсетеді

10. Жол нөмірі: әрбір жолды анықтайды

11. Баған тақырыбы: әрбір бағанды анықтайды

12. Таңбалар (ярлыки листов): жұмыс кітабында парақ таңдау үшін қолданылады.

Жұмыс беттерін ашу, жаңа атау енгізу

Кестеге жұмыс беттерін қосу үшін 2-ші Меню өрісіндегі Вставка – Лист командасы орындалады немесе таңбаны маустың оң жақ бастырмасымен шертіп, Добавить командасын орындаймыз. Сонда «Лист2» деп аталатын кестенің жаңа беті ашылады. Жұмыс беттірі «Лист1»...деп таңбаланады, бірақ жұмыс істегенде кестенің мазмұнын ашатын өз атымызды қоямыз, «Лит1»-ді өзіміз қойған атпен өзгертеміз. Ол үшін кесте астындағы өзгертілуі тиіс «Лист1» кесте бетінендегі таңбада маустың оң жақ батырмасын шертіп, Переименовать командасын таңдаймыз, сонда таңба қара түспен ерекшеленеді, жаңа атауды енгіземіз. Немесе Меню полясындағы «Форматты» оң жақ мышкамен басамыз да, төменнен Лист Переименовать командасын таңдаймыз. Жаңа атауды жазамыз.

Microsoft Excel - бұл құжаттарды тез арада таблица түрінде дайындауға арналған программа.

MS Exel кестелік процессоры деректері өңдеу үшін қолданылады. Өідеуге енетіндер:

• Функцияның және формуланың аппаратын қолданып,әр түрлі есептеулерді жүргізу;

• Әр түрлі факторлардың деректерге әсер етуін зерттеу;

• Оптимизация есептерін шешу;

• Анықталган критерийлердін қанағаттандыратын деректерді іріктеп алу;

• Графиктер мен диаграммаларды құру;

• Деректерді статистикалық талдау.

Электрондық кестенің аймағы жолдар мен бағаналардан тұрады.Жұмыс аймағы 65536 жолдан,256 бағаннан тұрады.Электрондық кестеде жолдар сандармен нөмірленеді,ал бағандар латынның бас әріптерімен белгіленеді.

Наши рекомендации