Елілік адаптер платасының драйверлері.

Драйверлер (driver) ( оларды кейде құрылғылар драйверлері деп те атайды) – бұл компьютерге әртүрлі құрылғылармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық жасау. Егер кейбір құрылғылар компьютерге қосылса да, операциондық жүйелер осы құрылғының драйвері орнатылып, дұрыс жұмыс жасамайынша онымен әрекеттеспейді. Драйвер – компьютерге құрылғының өзінің барлық қызметтерін дұрыс орындай алуы үшін оны қалай басқаруды немесе жұмыс істеу керектігін «айтып отыратын» бағдарлама.

Желілік драйверлер желілік адаптер платасымен компьютерде жұмыс істейтін редиректорлар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Редиретор – бұл жойылған файлдарға жататын, және оларды желі бойынша басқа компьютерге жіберетін енгізу/ шығару тапсырысын қабылдайтын желілік бағдарлама жасаудың бөлігі.

Желілік адаптер платасының драйверлері Ортаға қатынауды басқару деңгейшеде орналасады ( Каналды деңгей) . Ортаға қатынауды басқару деңгейше желілік адаптер платасының Физикалық деңгейге бірлескен қатынауға жауап береді (сурет 4). Басқа сөзбен айтқанда, желілік адаптер платасының драйвері компьютер мен платаның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде компьютерді желімен байланыстырады.

 
  елілік адаптер платасының драйверлері. - student2.ru

Виртуальная связь

 
  елілік адаптер платасының драйверлері. - student2.ru

Виртуальная связь

 
  елілік адаптер платасының драйверлері. - student2.ru

Сурет 4. Желілік адаптер платасы мен желілік бағдарламалық жасау арасындағы байланыс

Желілік адаптерді шығарушылар әдетте оларды өзінің өнімдерінің қатарына қосатын желілік бағдарламалар жасауды шығарушыларға ұсынады. Желілік операционды жүйелерді шығарушылар құрылғыға үйлесетіндердің тізімдерін (Hardware Compatibility List, HCL) – құрылғылар тізімі, операционды жүйелер құрамына енгізілген және тестіленген драйверлер тізімін жариялайды. Мысалы, Microsoft Windows NT Server HCL операционды жүйе үшін 100-ден астам желілік адаптер платалар моделін қамтиды (әртүрлі өндірушілерден), бұлардың драйверлері тестіленіп берілген операционды жүйелер құрамына енгізілген.

6.1. Драйверді әрекетке енгізу тәртібі.

Драйверді әрекетке енгізу мен басқару оларды орнату, баптау, жаңарту және жоюды меңзейді.

1. Орнату. Қазіргі уақытта атақты желілік операционды жүйелер орнату үшін әдетте интерактивті графикалық интерфейсті пайдаланады. Мысалы, Microsoft Windows NT Server бұны Control Panel утилиттерінің көмегімен жасайды (сурет 5).

елілік адаптер платасының драйверлері. - student2.ru

Сурет 5. Windows NT Server желілік адаптер платасын орнату.

2. Баптау. Әдетте желілік адаптер платасының бірнеше параметрлері болады, олардың дұрыс орнатылуынан адаптердің өзінің дұрыс жұмыс жасауы тәуелді болады. Жоғарыда айтылғандай (3 бөлім), параметрлерді баптауды мойнақтарды (перемычка) немесе DIP ауыстырып қосуларды ауыстырумен іске асыруға болады. Әйтсе де, қазіргі желілік адаптер платаларынң көпшілігінде мойнақта жоқ, DIP ауыстырып қосуда жоқ. Олар бағдарламалы түрде – драйверлерді орнату кезінде немесе одан кейін конфигурацияланады.

3. Жаңарту. Уақыт өте өндірушілер драйверлерге желілік компоненттердің өндіргіштігін жоғарлататын қосымшалар немесе өзгерістер енгізеді. Драйверлерді жаңарту үрдісі оларды орнату үрдісіне ұқсас.

4. Жою. Кейде драйверлерді жоюды қажет ететін жағдайлар тууы мүмкін. Әдетте бұл шығатын драйверлердің жаңалар мен конфликтісінен туындайды. Мысалы, жүйеден кейбір құрылғыларды жою кезінде, осы драйверлермен соңында орнатылатын драйверлер арасындағы болуы мүмкін конфликтіні болдырмау үшін олармен байланысты драйверлерді жою қажет. Драйверлерді жою үрдісі оларды орнату немесе жаңарту үрдісіне ұқсас.

Тапсырма. Желілік адаптер платасынң драйверін орнату.

1. Activity бағдарламалық топта Lab белгішесін екі шертіңіз.

2. Main басты бағдарламалық топта Control Panel белгішесін екі рет шертіңіз. Экранда Control Panel терезесі пайда болады.

3. Network белгішесін екі рет шертіңіз. Экранда Network Settings терезесі пайда болады. Назар аударыңыз: Installed Adapter Cards енгізу өрісі бос.

4. Add Adapter батырмасын шертіңіз. Экранда Add Network Adapter терезесі пайда болады.

5. Network Adapter Card өрісінде «3Com EtherLink IIâ Adapter» жазуы бар екеніне көз жеткізіңіз. Continue батырмасын шертіңіз.

6. Осы мысалда келесі орнатулар пайдаланылады:

Параметр Мағынасы
IRQ level
I/O Port Address 0x300
Transceiver Type OnBoard
Memory Mapped No

7. Дұрыс параметрлерді таңдап, OK шертіңіз. Осымен бағдарламалық жасауды орнату аяқталады және экранда Network Settings терезесі ашылады. Назар аударыңыз: 3Com EtherLink II Adapter платасы Installed Adapter Cards өрісінде пайда болды.

8. Intel EtherExpressTM 16 LAN Adapter адаптерлерін келесі орнатулармен қосыңыз:

Параметр Мағынасы
Interrupt Number
I/O Port Address 0x300
I/O Channel Ready Late
Transceiver Type Twisted-Pair (TPE)

Назар аударыңыз: Installed Adapter Cards тізімінде екі платалар – 3Com EtherLink II Adapter и Intel EtherExpress 16 LAN Adapter бар

№6 практикалық жұмыс

Тақырып.Өткізгішсіз желілер интерфейсі

Жұмыс мақсаты: Өткізгішсіз желілердің үш типімен және олардың қолданылуымен, және өткізгішсіз желілерде мәліметтерді берудің төрт тәсілімен танысу. Масштабталатын модельдің желісін есептеуді автоматизациялау. Типологиясы көрсетілген берілген масштабталатын моделге арналған желінің құнын автоматты есептеу бағдарламасын жасау.

Теориялық бөлігі

Өткізгішсіз желі

«Өткізгішсіз орта» сөз тіркесі желідегі өткізгіштердің мүлдем болмайды дегенді білдірмейді. Әдетте өткізгішсіз әрекеттер беру ортасы ретінде кабель пайдаланылатын желімен әрекеттеседі. Мұндай аралас компонентті желілер гибридті деп аталады.

Өткізгішсіз ортаның компоненттері:

- жұмыс істеп тұрған кабельді желіге уақытша қосылуды қамтамасыз етеді;

- жұмыс істеп тұрған кабельді желіге резервті көшіруді ұйымдастыруға көмектеседі;

- жылжымалылықтың белгілі деңгейіне кепіл береді;

- желінің мыс немесе тіпті оптикалық талшықты кабельдермен салынатын максималды созылуына шектеуді жоюға мүмкіндік береді.

Кабельді орнату қиындығы – бұл өткізгішсіз ортаның артықшылығының факторы. Ол әсіресе келесі жағдайларда пайдалы болуы мүмкін:

- адамдар лық толған ғимараттарда (мысалы, кіре берісте немесе қабылдау бөлмесінде);

- бір орында жұмыс істемейтін адамдар үшін (мысалы дәрігерлер немесе медбибілер үшін);

- оқшауланған мекемелермен ғимараттарда;

- жобалауы жиі өзгеретін мекемелер;

- кабельді орнатуға болмайтын құрылыстарда (мысалы, тарих немесе сәулет ескерткіштерінде).

Өткізгішсіз желілер типтері

Технологияларына байланысты өткізгішсіз желілерді үш типке бөлуге болады:

- жергілікті есептеу желілері;

- кеңейтілген жергілікті есептеу желілері;

- жылжымалы желілер (тасымалданатын компьютерлер).

Осы желі типтерінің арасындағы негізгі айырмашылық – беру параметрлері. Жергілікті және кеңейтілген жергілікті есептеу желілері желі жұмыс істеп тұрған ұйымға тиісілі берумен қабылдағышты пайдаланады. Тасымалданатын компьютерлер үшін сигналдарды беру ортасы ретінде АТ&Т, MCI, жергілікті телефон компаниялары және олардың жалпыға ортақ қызметтері пайдаланылады.

Жергілікті есептеу желілері

Әдеттегі өткізгішсіз желілердің беру ортасынан басқасы түрі мен қызметі жағынан қарапайым сияқты. Трансивері бар өткізгішсіз желілік адаптер әрбір компьютерде орнатылған, және пайдаланушылар олардың компьютерлері кабельмен қосылған сияқты жұмыс істейді.

Кейде қатынау нүктесі (access point) деп аталатын трансивер компьютерлермен өткізгішсіз қосылған компьютерлермен қалған желілердің арасында сигналдар мен алмасуды қамтамасыз етеді (сурет16).

ЛВС өткізгішсіздерде шағын қабырға трансиверлері пайдаланылады. Олар тасымалданатын құрылғылар арасында радио байланысты орнатады. Мұндай желіні осы трансиверлерді пайдаланғандықтан толықтай өткізгішсіз деп атауға болмайды.

Өткізгішсіз жергілікті желілер мәліметтерді берудің төрт тәсілін пайдаланады:

- инфрақызыл сәуле шығару;

- лазер;

- тар спектрдегі радиоберу (бір жиілікті беру);

- шашыраңқы спектрдегі радиоберу.

елілік адаптер платасының драйверлері. - student2.ru

Сурет 16. Өткізгішсіз тасымалданатын компьютер қатынау нүктесіне қосылады.

Инфрақызыл сәуле шығару

Барлық инфрақызыл өткізгішсіз желілер мәліметтерді беру үшін инфрақызыл сәулелерді пайдаланады. Мұндай жүйелерде өте күшті сигнал генерациялау қажет, әйтпесе маңызды әсерді басқа көздер, мысалы, терезелер көрсетеді. Мұндай тәсіл сигналдарды жоғары жылдамдықпен беруге мүмкіндік береді, өйткені инфрақызыл жарық жиіліктің кең диапазонды болады. Инфрақызыл желілер 10 Мбит/с жылдамдығында ойдағыдай жұмыс істеуге қабілетті. Инфрақызыл желілердің төрт типі бар.

- Тікелей көру желісі. Мұндай желілерде беру берумен қабылдағыштың арасында тікелей көру жағдайында ғана мүмкін.

- Шашыраңқы инфрақызыл сәуле шашуындағы желілер. Бұл технологияда сигналдар қабырғамен төбеде бейнеленіп, соңында қабылдағышқа жетеді. Тиімді аумағы шамамен 30 м шектеледі (100 фут) және беру жылдамдығы үлкен емес (өйткені барлық сигналдар бейнеленген).

- Инфрақызыл сәуле шашуда бейнеленген желілер. Бұл желілерде компьютер жанында орналасқан оптикалық трансиверлер тиісті компьютерге берілетін сигналдардың нақты орнын береді.

- Кең жолақты оптикалық желілер. Бұл инфрақызыл өткізгішсіз желілер кең жолақты қызмет ұсынады. Олар мультимедиялық ортаның қатаң талаптарына сай келеді және кабель желілеріне дес бермейді.

Инфрақызыл желілерді пайдалану жылдамдығымен қолайлылығы өте қызықтырса да, 30 м (100 фут) астам қышықтыққа сиганлдарды беру кезінде қиыншылықтар туындайды. Оның үстіне желілер көпшілік ұйымдарда бар жарықтың күшті көздерінен туындайтын бөгеттерге ұшырайды.

елілік адаптер платасының драйверлері. - student2.ru

Сурет 17. Тасымалданатын компьютер баспаға шығару кезінде инфрақызыл сәулені пайдаланады.

Лазер

Лазерді технология инфрақызыл технологияға ұқсас ол берумен қабылдағыш арасында тікелей көруді талап етеді. Егер де қандай да болмасын себептермен сәуле үзілсе, бұл беруді де үзеді.

Тар спектрдегі радиоберу (бір жиілікті беру)

Бұл тәсіл қарапайым радиостанция хабарын еске түсіреді. Пайдаланушылар беру мен қабылдағыштарын белгілі жиілікке баптайды. Бұл кезде тікелей көру міндетті емес, хабар аумағы шамамен 46500 м2 (500 000 шары фут). Пайдаланылатын жоғары жиілікті сигнал металл немесе темір бетонды бөгеттер арқылы өтпейді.

Мұндай байланыстың тәсілін қатынауды қызмет көрсетушілер арқылы іске асырылады. Байланыс ақырын (4,8 Мбит/с шамамен).

Шашыраңқы спектрдегі радиоберу

Бұл тәсіл кезінде сигналдар бірнеше жиілік жолақтарында беріледі. Бұл бір жиілікті беруге тән байланыстағы проблемаларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Қатынау жиіліктері екі каналға, немесе интервалдарға бөлінген. Адаптерлер белгіленген уақыт аралығында орнатылған интервалға бапталады, содан кейін басқа интервалға ауысады. Желілердегі барлық компьютерлердің ауысып қосылуы синхронды түрде өтеді.

Мәліметтерді санкцияланбаған қатынаудан қорғау үшін кодтауды қолданады.

250 Кбит/с беру жылдамдығы осы тәсілді ең ақырындардың санатына жатқызады. Бірақ оның негізінде құрылған желілер бар, олар ашық кеңістікте мәліметтерді 3,2 км дейінгі қашықтықта жылдамдығы 2 Мбит/с дейін – және ғимарат ішінде 120 м дейін береді.

Бұл нағыз өткізгішсіз желі. Мысалы Microsoft Windows 95 немесе Microsoft Windows NT операционды жүйе типінің Xircom CreditCard Netware адаптерларымен жабдықталған екі (немесе одан да көп) компьютер бір ранкті желі ретінде кабельсіз жұмыс істей алады. Осы уақытта егер желі Windows NT Server негізінде жұмыс істеп жатса. Сіз осы желілерді Windows NT-компьютерлерінің біреуіне Netware Access Point желі құрылғысын қосу арқылы байланыстыра аласыз.

Кеңейтілген жергілікті желілер

Өткізгішсіз компоненттердің кейбір типтері кеңейтілген жергілікті есептеу желілерінде, олардың ұқсасы – кабельді желілерінде сияқты қызмет етуге қабілетті. Өткізгішсіз көпір, мысалы бір бірінен үш милге дейінгі қашықтықта орналасқан желілерді байланыстырады (сурет 18).

Өткізгішсіз көпір (wireless bridge) деп аталатын компонент кабельдің қатысуынсыз ғимараттар арасында байланысты орнатуға көмектеседі. Қарапайым көпір адамдарға өзеннің бір жағасынан екінші жағасына өтуге қызмет етсе, сол сияқты өткізгішсіз көпір мәліметтер үшін екі ғимарат арасында жол салады. AIRLAN/Bridge Plus көпірі, мысалы, шашыраңқы спектріндегі радиоберу технологиясын ЛВС байланыстыратын магистральді жасау үшін пайдаланады. Олардың арасындағы қашықтық жағдайға байланысты 5 км дейін жетуі мүмкін. Мұндай құрылғыны эксплуатациялау құны қымбат болып көрінбейді, өйткені байланыс сызығын жалдау қажеттілігі болмайды.

 
  елілік адаптер платасының драйверлері. - student2.ru

 
  елілік адаптер платасының драйверлері. - student2.ru

Сурет 18. Екі жергілікті желіні байланыстыратын өткізгішсіз көпір

Егер өткізгішсіз көпір «қамтитын» қашықтық жеткіліксіз болса, алысқа әсер ету көпірін орнатуға болады. Ethernet және Token Ring желілерімен жұмыс істеу үшін қашықтығы 40м ол шашыраңқы спектрдегі радиоберу технологиясын пайдаланыды. Оның құны (қарапайым өткізгішсіз көпір сияқты) қанағаттанарлықтай болуы мүмкін, өйткені микротолқынды каналдар немесе Т1 сызығын жалдау шығыны болмайды. Т1 сызығы бұл мәліметтерді 1,544 Мбит/с дейін жылдамдықпен мәліметтерді беру үшін арналған стандартты сандық сызық. Онымен сөйлеген сөзді және мәліметтерді беруге болады.

Жылжымалы желілер

Өткізгішсіз жылжымалы желілерде телефонды жүйелер мен қоғамдық қызметтер беру ортасы ретінде ықзмет атқарады. Осы кезде пайдаланылады:

- пакетті ажырату;

- ұялы желілер;

- спутник станциялары.

Үнемі жол жүретін жұмыскерлер ос ытехнологияны пайдалана алады, өздерімен бірге тасымалданатын компьютерлер немесе PDA (Personal Digital Assistants) болса, олар электронды поштамен , файлдармен және басқа ақпаратпен алмаса алады.

Мұндай байланыс түрі қолайлы, бірақ ақырын. Беру жылдамдығы – 8 Кбит/с-ден 28,8 Кбит/с –ке дейін. Ал егер қателерді түзеу жүйесі қосылса, жылдамдық одан да азайады.

Тасымалданатын компьютерлерді негізгі желілерге қосу үшін ұялы байланыс технологиясын пайдаланатын өткізгішсіз адаптерлерді қолданады. Тасымалданатын компьютерге орнатылған кішкентай антенналар оларды қоршаған радиорентрансляторлармен байланыстырады.

Пакетті радиоқосумәліметтер келесі ақпрат

Пакетті қосудамәліметтер келесі ақпраттар болатын пакеттерге (желілік пакеттерге ұқсас) бөлінеді:

- ақпарат адресі;

- қабылдау адресі;

- қателерді түзеуге арналған ақпарат.

Пакеттер оларды кең хабарлайтын тәртіпте көрсететін спутникке береді. Сосын тиісті адресі бар құрылғы осы пакеттерді қабылдайды.

Ұялы желілер

Мәліметтердің ұялы санды пакеттері (Cellular Digital Packet Data - CDPD) ұялы телефондар пайдаланатын технологияны пайдаланады. Олар мәліметтерді сөйлесуді беруге арналған желі бойынша осы желіліер бос болған жағдайда береді. Бұл секундтың жартысына ғана бөгелетін байланыстың өте жылдам технологиясы, бұл оны берудің ең қолайлы әдісі қылдырады.

Ұялы желілерде, басқа да өткізгішсіз желілер сияқты жұмыс істеп тұрған желіге қосылуға мүмкіндік беретін тәсілді тауып алу керек. Nortel out of Mississauga (Онтарио, Канада) компаниясы–осы мақсатқа арналған Ethernet (Ethernet Interface Unit – EIU) интерфейстік блокты шығарады.

Микротолқынды жүйелер

Микротолқынды технологиялар кішкентай ғимараттар арасында шағын жүйелерде, мысалы, университет қалашықтарында, әрекеттестікті ұйымдастыруға көмектеседі.

Бүгінгі таңда микротолқынды технология – Құрама Штаттарында мәліметтерді алыс қашықтарға беру әдісінің кең тараған әдісі. Ол тікелей көрінетін мынадай екі нүктенің:

- спутник және жер станциясы;

- екі ғимарат;

- үлкен ашық кеңістікті бөлетін кез келген обьектілердің (мысалы, су үсті немесе шөл) өзара әрекеттестігіне тамаша келеді.

Микротолқынды жүйелер келесі компоненттерден тұрады.

- Екі трансиверлерден. Біреуі сигналдарды генерациялау (беретін станция) үшін, ал басқасы – қабылдау үшін (қабылдау станция).

- Екі бағытталған антенна. Олар трансиверлер беретін сигналдарды қабылдауды іске асыру үшін бір- біріне бағытталған. Бұл антенналар үлкен қашықа жету үшін жоғарыға орналастырылады.

Тапсырма

1. Берілген практикалық жұмыстағы теориялық материалды мұқият оқыңдар.

2. Жоғарыда суреттелген кабель типтернің салыстырмалы мінездемесін құрастырыңдар.

3. Қорытынды шығарыңдар: қай кабель жақсы, қай кабель нашар, неліктен.

4. Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.

Бақылау сұрақтары

1. Өткізгішсіз желілер.Өткізгішсізортаны пайдалану. Өткізгішсіз желілер типтері.

2. Жергілікті есептеу желілері. Мәліметтерді беруде пайдаланылатын тәсілдер.

3. Жергілікті есептеу желілері. Инфроқызыл сәуле шығару. Инфроқызыл желілер типі. Лазер.

4. Кеңейтілген жергілікті желілер. Өткізгішсіз көпірлер.

5. Жылжымалы желілер (пакетті радиоқосу, ұялы желілер, микротолқынды жүйелер).

№7 практикалық жұмыс

Тақырыбы:«Желілік коммуникация. Желілік ресурстарын және тіркеу жазбаларын басқару».

Жұмыстың мақсаты:Жаһанды Интернет желісімен және желілік коммуникациясымен танысу.

Теориялық ақпарат

Жалпы түсінік

Желі (Network) – бұл өзара мәліметтерді, бағдарламаларды, құлылғыларды (желілік принтерлерді, факс – модемдерін, CD-ROM) бірге пайдалану үшін байланыстырылған екі немесе одан да көп компьютерлер. Компьютерлердің қосылған және бірге пайдаланылатын ресурстарының концепциясы желілік өзара әректтестік деп аталады.

Желілер территориялық белгісі бойынша жергілікті (ЛВС - LAN) және жаһанды (ГВС - WAN) болып екіге бөлінеді. Жергілікті желі – бұл өзара байланысқан және бір бірнен онша алыс орналаспаған 2-ден 100-ге дейінгі компьютерлер. Жаһанды желі - өзара байланысқан және әр түрлі жерлерде территориялы (ғимараттарда, қалаларда, континенттарда) орналасқан 2-ден бірнеше мың компьютелерге дейін.

Желіліерді пайдалану мүмкіндік береді:

- Жабдыққа шығынды төмендету;

- Жалпы мәліметтерді бір уақытта және оперативті пайдалану;

- Желілік және қолданбалы қосымшаларды стандарттау;

- Басқа компьютерлерді және құрылғыларды дистанционды басқару.

Барлық желілердің келесідей жалпы мәліметтері бар:

РЕСУРСТАР- желінің ортақ пайдалнуына берілген бағдарламалық және аппаратты қамтамасыздандыру

СЕРВЕРЛЕР (Server) – желілік пайдаланушыға өзінің ресурстарын ұсынатын компьютер

КЛИЕНТ (Client)- сервер ұсынған желілік ресурстарға қатынауды жүзеге асыратын компьютер

ОРТА (Media) – компьютерлерді байланыстыру тәсілі

БІРГЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МӘЛІМЕТТЕР- желі бойынша сервер ұсынатын файлдар

БІРГЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ПЕРИФРИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР – мысалы, принтерлер, CD-ROM, модемдар, сканерлер және басқалар.

Желілер типтері

Желілер үш негізгі типтерге бөлінеді:

Бір рангты желілер , («рабочие группы», 10 компьютерлерден аспайды)

Серверлер негізіндегі желілер ( қымбатырақ, бірнеше мыңға дейінгі, өндірістік стандарт)

Комбинирленген ( кең тараған, бір рангтың қарапайымдылығы мен серверлері бар желілердің өндіргіштігін үйлестірген)

Бір рангты желілер – компьютерлер арасында иерархиясы жоқ, яғни барлық пайдаланушылар тең. Әрбір компьютер клиент ретінде де, сервер ретінде де қызмет атқарады. Сервер болмаса, желіні басқаруға жауапты компьютер де жоқ. Барлық пайдаланушылар өз компьюерлерінде қандай мәліметтерді жалпы ортақ, ал қай мәліметтерді ортақ қылдырмайтынын өздері шешеді.

елілік адаптер платасының драйверлері. - student2.ru

Сурет 1. Бір рангты желі

Сервер негізіндегі желіде барлық мәліметтер клиенттерге қажетті желілік ресурстарды ұсынатын серверде орталандырылған түрде сақталынады. Серверді баптаумен және қызмет көрсетумен әрбір желіні пайдаланушының желілік ресурстарға қатынауның құқығын анықтайтын желілік әкімгер айналысады. Сервер негізіндегі желілер желілік клиенттердің сұратуын тез өңдеу үшін және файлдар мен каталогтардың қорғауын басқару үшін оңтайландырылған.

 
  елілік адаптер платасының драйверлері. - student2.ru

Сурет 2. Сервері бар желі

Серверлердің келесі специализациясы бар:

Сервер файлы – мәліметтер базасын және ортақ файлдарды сақтау үшін пайдаланылады (сервердің кең тараған түрі)

Принт сервер – құжаттарды желі бойынша қымбат принтерде немесе плоттерде басып шығару үшін

Қосымшаның сервері – клиенттің компьютеріне сұрату нәтижелерін жіберетін бағдарламаларды орындауға және сақтау үшін арналған.

Пошталық сервер – пайдаланушылар арасында хабарларды жөнелту үшін және сақтау үшін. Сервердің мәліметтері Internet-те E-MAIL электронды поштасын ұйымдастыру үшін пайдаланылады.

Коммуникационды сервер - әртүрлі желілер арасында комникационды басқаруды іске асырады, мысалы, Windows-платформасымен және UNIX-платформасы бар желілер арасында.

 
  елілік адаптер платасының драйверлері. - student2.ru

Сурет 3. Бірнеше серверлері бар желі

 
  елілік адаптер платасының драйверлері. - student2.ru

Тапсырма

Тақырыпты алып жұмыс үшін WWW-адресінің іздеу жүйесі арқылы анықтау. Интернеттен тапсырылған тақырып бойынша ең ақырғы және ең актуальді ақпаратты алу қажет. Дайын рефераттарды немесе ескірген ақпараттарды пайдалануға болмайды.

Іздеу жүйелерінің WWW-адрестері бойынша таңдалған тақырыпқа реферат жасау. Реферат А4 форматты 5-10 бет көлемінде болып, тақырыпты толық ашуы тиіс. Рефератта негізгі адрестерге сілтеме жасау міндетті.

Берілген тақырыпқа интернеттен WWW-адрестерінің барлық материалдары бойынша 5 кілтті сөздердің рейтингін анықтау. Сөздердің рейтингін тек қана реферат бойынша құруға болмайды. Талдаудың нәтижелері рейтинг кестесіне орналастырылады.

N Сөз Саны Барлық сөздер %
       
       
       

Рейтингті құру үшін сөздердің тізімін алфавиттік тәртіпте әрбір сөздің санын санауды қалыптастыратын бағдарламаны жазу қажет.

Доментердің сұлбасын тақырыптың адрестері бойынша құру.

Домендер сұлбасы мысалы, "www.talk.kz, www.main.ru, www.main.ru/1.html", үшін былай болады:

Жұмыстың есебін рәсімдеу

Есепте болу керек:

- титулды бет;

- тапсырма;

- реферат;

- сөздер рейтингінің кестесі;

- тақырыптың барлық талданған адрестерінің тізімі;

- тақырыптың барлық адрестерінің домендерінің сұлбасы.

Нұсқалары

Тақырыптың атаулары
1. Әлемдік терроризм
2. Нашақорлық және наша
3. ЖҚТӘ
4. Жұмыссыздық және бомждар мәселесі
5. Адаммен жануарларды клондау
6. Қылмыспен қоғам
7. Экологиялық және табиғи катаклизмдер
8. Діни қозғалыстар мен секталар
9. Виртуальды шындық
10. БҰО (НЛО)
11. Әлемдегі апаттар
12. Жасанды интеллект
13. Ежелгі өркениеттің жұмбақтары
14. Феноменальды мүмкіндіктері бар адамдар
15. Әлемнің ең бай адамдары
16. Ұялы телефондар және байланыс жүйелері
17. Химиядағы жетістік
18. Физикадағыжетістік
19. Адамды сауықтыру жүйесі
20. Интернет арқылы жұмыс
21. Компьютерлік ойындар және симуляторлар
22. Интернет технологиялары
23. Стресс және психикалық жүктеулер
24. Әскер және мемлекет
25. Алкоголизм и шылым тарту

№8 Практикалық жұмыс

Наши рекомендации