Рафикалық редакторы.
Ереже ретінде компьютерлік экран бетінде бейнелер графикалық бағдарламалар көмегімен құрылады. Бұл растрлық және векторлық графика редакторлары, үшөлшемді объект құру және өңдеу бағдарламалары, жобалауды автоматтандыру жүйелері, үстелді баспа жүйесі және т.б.
Кез келген сала мамандары үшін оқытылатын пәннің жетік игерілуі үшін оқу құралдарының алатын орны ерекше. Бұл құралдарда берілетін теориялық немесе тәжірибелік материал оқушының санасына бекіту үшін түсіндіруші схема, сурет ретінде бейнеленуі қажет.
Оқу құралдарының әлектронды нұсқасын даярлау барысында суреттерді иллюстрациялау және өңдеуге графикалық редакторларға негізгі көңіл бөлінеді.
Графикалық редактордың кең таралған екі түрге блінеді: растрлы және векторлы графика.
Компьютерлік графиканың бағдарламалық жабдықтауының жіктелуі
Графикалық редакторлар қатарына келесі бағдарламаларын жатқызуға болады.
Сақталатын графикалық ақпараттарының түрі бойынша бөлінеді:
· растрлық (TIFF, GIF, BMP, JPEG);
· векторлық (AI, CDR, FH7, DXF);
· аралас (әмбебап) (EPS, PDF).
Оқу құралдарын жасау барысында ең көп қолданылатын графикалық редакторлар жайлы қысқаша айта кетсек:
Corel DRAW ең танымал векторлық графика редакторы болып табылады. Өзінің танымалдылығын қолданушылардың кең ортасында бастауыш иллютраторлар мен профессионал суретшілерге дейін кез келген қиындықты илююстрацияларды құру мүмкіндігіне байланысты ие болды. IBM PC дербес компьютерде Corel DRAW сурет салу бағдарламаларының ішінде «патшасы» болып табылады.
Adobe Photoshop дүние жүзінде ең танымал растрлы суреттерді өңдеуші бағдарламалардың бірі. Ол ретуш жасау, тондық, түстік коррекциялауға және де әр түрлі суреттер фрагменттерінен жиналған қызықты эффектілерін құруға, коллаж жасауға қолданылады.
Бұл бағдарламалар ескі кітаптардың суреттерін пайдалана отырып жаңа кітапқа немесе сол кітаптің жаңа басылымын жасауға қолданылады.
10.2 Растрлы және векторлы графикалық редактор
Векторлық кескіндер, бұл — сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз — осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы — векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.
Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес, програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түріндесақталады.
ал мынау фракталды сурет (фракталды сурет компьютердің формулалар көмегімен жасалған суреті)
сонымен жалпы компьютерлік кескіннің негізгі түрлерімен таныс болға екенсіңдер, енді келесі постта фотошопқа кірісеміз, фотошоп болашақта осындай болады дейді мыс )) (оң жақтағы баптауларға назар аударыңыздар
10 – Тақырып бойынша тест сұрақтары
2 – Аралық бақылауға арналған сұрақтар тізімі
1. Қазіргі бағдарламалық қамтамасыздандырылуға шолу.
2. БҚ жіктелуі
3. Операциялық жүйелер
4. Ақпаратты қорғау
5. Word редакторының мүмкіндіктері
6. Word редакторында кесте енгізу жолдарын баяндаңыз.
7. Формулалар редакторы не үшін қолданылады?
8. Формулалар редакторын қалай іске қосамыз?
9. Объектілер тізімінде Формулалар редакторы жоқ болған жағдайда не істеу керек?
10. Электрондық кестелер не үшін қажет, олардың қандай түрлерін білесіз?
11. Баған, жол атаулары дегеніміз не? Excel кестесі неше бағаннан, неше жолдан тұрады?
12. Жұмыс кітабы деген не? Жұмыс беті деген не? Әдетте экранда неше жұмыс беті ашық тұрады?
13. Ағымдық ұяшық деген не? Деректер түрлері
14. Жұмыс беті мен жұмыс кітабын сақтау тәсілдері.
15. Ұяшық өлшемдерін өзгерту тәсілдері.
16. Сандық мәліметтің форматын өзгерту
17. Функция шебері дегеніміз не? Оның категориялары
18. Деректерді қорғау не үшін керек?
19. Жұмыс кітабын баспаға шығару.
20. Деректер қоры дегеніміз не?
21. Деректер қорының негізгі ұғымдары
22. Деректерді фильтрлеу түрлері
23. Деректерді сұрыптау
24. Деректер қорын басқару жүйесі дегеніміз не?
25. Деректер қорындағы информациялар қайда сақталады?
26. Деректер қорын жобалау кезеңдерін атаңыз?
27. Деректер қорының информация сақталатын объектісі.
28. Кесте құрылымын қандай элемент анықтайды?
29. Кесте құрудың қандай тәсілдері бар?
30. Өріс ұзындығы немен өлшенеді?
31. Өріс типтерін атап, оларға түсініктеме беріңіз.
32. Компьютерлік желілер
33. Компьютерлік желілер түрлері
34. Желілер және телекоммуникациялар
35. Желілік қауіпсіздік
36. Интернет желісі дегеніміз не, олардың жергілікті желіден айырмашылығы неде?
37. TSP/IP жүйелік хаттамасы дегеніміз не?
38. Гиперсілтеме, гипермәтін деп нені айтады?
39. Электрондық почта дегеніміз не?
40. Графикалық редакторлар
41. Растрлы және векторлық графика
5 .ПӘНДІ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР