Ліметтерді кабель бойынша беру. Қатынау әдістері.
1. Компьютердің желіге қатынауының әдісі – бұл компьютердің қалай және қай кезде хабарды желі бойынша жіберуі немесе қабылдауын анықтайтын ережелер жинағы. Егер жұмыс кезінде бірнеше компьютерлер бір уақытта желіде мәліметтерді беріп жатса, онда «коллизия» (жаңылысу) болады, және мәліметтер пакеті осы компьютерлерден бұзылады. Қатынау әдістері бірнеше компьютерлер бір уақытта мәліметтерді бере алмауы үшін мәліметтерді қабылдау мен беруді реттей отырып желідегі колллизияның болмауын кепілдендіреді.
2. Қатынаудың негізгі әдістері келесілер:
- Көптік қатынау («шина», «жұлдыз»);
- Коллизияны анықтаумен (CSMA/CD);
- Коллизияны алдын алу (CSMA/CA);
- Маркерді берумен қатынау («сақина»);
- Тапсырыстың артықшылығы бойынша қатынау («жұлдыз» типінің кейбір топологиялары).
3. Коллизияны анықтау мен көптік қатынас кезінде желідегі барлық компьютерлер беріліп жатқан мәліметті табуға тырысып кабельді тыңдайды. Желі бойынша мәліметтерді беру тоқтап және ақпаратты кабель бойынша беру болмаған кезде:
- барлық компьютерлер кабельдің бос екенін түсінеді;
- мәліметті бергісі келген компьютер беруді бастайды;
- мәліметті жіберіп жатқан компьютер кабельді босатпайынша басқа ешқайсысы жөнелте алмайды.
PC-1 PC-2 PC-3 PC-4 PC-5
PRINTER
4. Егер бірнеше компьютердің мәліметтерді бір уақытта жөнелтуі аңғарылса (коллизияға ұшырады), онда жөнелтіп жатқан компьютерлер мәліметтерді беруді кездейсоқ уақытқа тоқтатады, ал сосын оны қайтадан бастайды. Берілген қатынау әдісіндегі коллизия саны желідегі компьютерлер санымен қолданылатын желілік бағдарламалар санына пропорционалды ұлғайып отырады; бұл желінің өндірушілігін төмендетеді және оны «тұрып қалуға» әкелуі мүмкін.
5.
Коллизияның алдын алуымен көптік қатынау әдісі коллизияны анықтаудан гөрі ақырындау, бірақ жетілдірілген. Олардың айырмашылығы мәліметтерді жіберемін деген компьютер мәліметтерді желіге жөнелту алдында барлық қалған компьютерлерге өзінің мақсаты туралы сигнал жібереді, олар дайындалып жатқан жөнелту туралы хабардар болып, тек сонан кейін ғана жөнелту басталуында. Бұл желідегі коллизияның алдын алады.
6. Маркерді беру технологиясы «сақина» типінің топологиясында қолданылады. Маркер – бұл желі бойынша бір компьютерден бір компьютерге көшіп отыратын арнайы микр офайл. Маркерде желі бойынша берілетін ақпарат, компьютер – жөнелтушінің мекен-жайы, қабылдаушы компьютердің мекен-жайы және т.б. ауысып отырады. Ақпарат пен толған маркер «иемденген» деп аталады. Берілетін ақпараты жоқ маркер «бос» деп аталады; ол желі бойынша өз бетімен көшіп отырады. Желіде тек бір маркердің көшіп отыруына болады және тек қана бір бағытта (сағаттың тілі бойынша бір компьютерден басқаға).
7. Мәліметтерді желіге маркермен жөнелту үшін компьютер бос маркерді күтіп оны тартып алу керек, содан кейін мәліметтер маркермен бірге сақина бойынша алушыға беріледі. Алушы мәліметтерді алғаннан кейін сәтті қабылдау туралы ақпараты бар өзгертілген маркерді жөнелтушіге жібереді. Қабылдауды растағаннан кейін босатылған маркер келесі жөнелтушіге дөңгелек бойынша беріледі. Маркермен қатынау әдісінде коллизия болмайды, өйткені бір компьютер берілген уақытта маркерді пайдалана алады.
8. Тапсырыстың артықшылығы бойынша қатынаудың әдісі коллизияны анықтау әдісімен ұқсас; айырмашылығы бір концентратордың екі немесе одан көп компьютері бір уақытта ақпаратты жөнелтуді бастағысы келген кезде байқалады. Бұл жағдайда коллизия болмайды, өйткені концентратор артықшылығы жоғары компьютерді таңдайды және сол ғана мәліметтерді жөнелтеді. Барлық қалғандары жөнелтуден уақытша сөндіріледі. Артықшылық компьютер қосылған концентраттағы айырушының нөмірі анықталады.
9. Мәліметтерді бір уақытта әртүрлі концентраттардағы бірнеше компьютерлерден жөнелтуге мүмкіндік жасауда коллизия болмайды, өйткені жөнелтуді басқа концентраторлармен салыстырғанда жоғары артықшылығы бар концентраторлы компьютер іске асырады. Осылайша концентраттар арасында және әрбір хабтар арасында иерархия болады.
Тапсырма
1. Практикалық жұмыстағы берілген теориялық материалды мұқият оқып шығыңдар.
2. Желі неше базалық топологиядан құралады және оларды атап шығыңыз?
3. Компьютердің желіге қатынауының әдісіне анықтама беріңіз.
№2 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Коаксиалдық кабель. Коаксиалдық кабельді қосу үшін арналған жабдық.
Жұмыстың мақсаты:Кабель мінездемесін суреттеу кезінде желілік кабельдердің негізгі типтері туралы және қолданылатын терминдер туралы түсініктеме алу; жіңішке сызықты және кең сызықты жөнелту туралы түсінік алу; нақты желілік ортаға арналған оптималды кабель типін анықтай алуды үйрену.
Теориялық бөлімі
1. Кабельдердің негізгі топтары
Қазір компьютерлік желілердің басым бөлігі өткізгіш немесе кабельді жалғау үшін қолданылады. Олар компьютерлер арасындағы сигналдарды беру ортасы ретінде жұмыс істейді.
Көпшілік желілерден кабельдің үш негізгі түрі ғана қолданылады:
- коаксиалды кабель (coaxial cable);
- бұралған жұп (twisted pair);
- экрандалмаған (unshielded);
- экрандалған (shielded);
- оптикалық талшықты (fiber optic).
2. Коаксиалдық кабель.
Коаксиалды кабель кабельдің көп тараған түрі. Бұл екі түрлі себеппен түсіндіріледі. Біріншіден, ол қымбат емес, жеңіл, иілгіш және қолдануға қолайлы. Екіншіден, коаксиалдық кабельдің кең тараған атағы оны орнату кезіндегі қауіпсіздігімен қарапайымдылығына әкелді.
Коаксиалды кабель мыс жіптен, оны қоршаған ортасынан оқшаулау, металды орау мен сыртқы қап түріндегі экранннан тұрады. (№1 сурет) Егер кабель металдық ораудан басқа фольга қабаты бар болса, онда ол қос экрандалған кабель деп аталады. Күшті кедергілер болса төрт есе экрандалған кабельді пайдалануға болады. Ол қос қабат фольгамен қос қабат мысты ораудан тұрады.
Кабельдердің кейбір типтерін мыс торлар – экран (shield) жауып тұрады. Ол кабель бойынша беріліп жатқан мәліметтерді кедергілер немесе шуыл деп аталатын сыртқы электромагниттік сигналдарды жою арқылы қорғайды. Осылайша, экран кедергілерге мәліметтерді бұзуға жол бермейді.
Электрлік сигналдар жіп бойынша беріледі. Жіп – бұл бір өткізгіш (тұтас) немесе өткізгіштердің орамы. Тұтас жіп қалайыдан дайындалады.
Жіп оны металдық ораудан бөлетін оқшаулы қабатпен қоршалған. Орау жерлендіру (заземление) рөлін атқарады және жіпті электрлік шуылдардан (noise) және қиылысқан кедергілерден (crosstalk) қорғайды. Қиылысқан кедергілер – бұл көрші өткізгіштердегі сигналдардан туындаған электрлік туралау (наводка).
Сурет 1. Коаксиалды кабельдің құрылымы
Өткізілетін жіп (жила) және металды орау бір біріне тимеуі тиіс, әйтпесе айқас тұйықталу (замыкание) болады, кедергілер жіпке еніп, мәліметтер бұзылады. Кабель сыртынан резинамен, тефлонмен немесе пластикамен өткізбейтін қабатпен жабылған. Коаксиалды кабель кедергілерге қарсы тұра алады, онда сигналдардың өшуі бұралған жұпқа қарағанда аздау. Өшу (attenuation) — бұл сигналдың кабель бойынша көшуіндегі көлемінің кішірейуі. (Сурет №2)
Сурет 2. Сигналдың өшуі оның сапасының нашарлауына әкеледі
Өрілген орау қабығы сыртқы электромагниттік сигналдарды жіп бойынша беріліп жатқан мәліметтерге әсер етуге мүмкіндік бермей сіңіреді, сондықтан коаксиалды кабельді алыс қашықтыққа беруде қолдануға болады.
Коаксиалды кабельді:
- сөйлеген сөзді, бейне көрініс және қос мәліметтерді жөнелту ортасы үшін;
- мәліметтерді үлкен ара қашықтыққа жіберу (қымбат кабельдермен салыстырғанда);
- мәліметтерді қорғаудың жеткілікті деңгейін ұсынатын технология қажет болса пайдалану тиіс.
Коаксиалды кабельдердің екі типі бар:
- жіңішке коаксиалды кабель;
- жуан коаксиалды кабель.
Қандай да болмасын кабель типін таңдау нақты желінің қажеттілігіне байланысты.