Азақ тілі пәні бойынша 4-деңгейге арналған тест сұрақтары

$$$ Сенімхат сөзінің дұрыс аудармасын табыңыз.

$$ доверенность

$ заявление

$ справка

$ письмо

$$$ «Мені шахмат үйірмесіне мүше етіп алуыңызды сұраймын» сөйлемі іс қағазының қай түріне жататынын анықтаңыз.

$$ өтініш

$ қолхат

$ сенімхат

$ хаттама

$$$ Бос қызмет орны туралы хабарландыруда бірінші не көрсетілетінін белгілеңіз.

$$ үміткерге қойылатын талаптар

$ құжаттардың тізімі

$ жылжымайтын мүліктер

$ кәсіпорын мүліктері

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Жұмыс ... 5 жылдан кем емес».

$$ өтілі

$ орны

$ түрі

$ уақыты

$$$ Тұрақты тіркесті табыңыз.

$$ талағы тарс айрылу

$ орнына келу

$ халық шығармалары

$ нақты мәлімет

$$$ Шылау арқылы байланысты көрсетіңіз

$$ Көрген сайын сұрайды

$ Күміс білезік

$ Қызметке тұру

$ Тойдың соңы

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойыңыз. «Жұмыс... қабылдау туралы бұйрық»

$$ -қа

$ -тан

$ -та

$ -пен

$$$ «Ресми» сөзі арқылы жасалған мағынасы дұрыс тіркесті көрсетіңіз.

$$ ресми сөз, ресми тіл, ресми топ, ресми қағаз

$ ресми мақсат, ресми тіркес, ресми өнім

$ ресми көше, ресми ел, ресми аумақ

$ ресми қала, ресми курс, ресми компания

$$$ Ресми құжат – хаттама қандай жағдайда жазылатынын көрсетіңіз.

$$ мәжілістің, жиналыстың өту барысын тіркеу және ресімдеу үшін.

$ Ресми сөз сөйлеу үшін

$ мәселені талқылау үшін

$ баяндама жасау үшін

$$$ Хаттамаға кімдердің қол қоятынын көрсетіңіз.

$$ төраға және хатшы

$ хатшы

$ баяндамашы

$ жиналыстың төрағасы

$$$ «Прошу Вас обратить особое внимание на эту проблему» деген сөйлемнің дұрыс баламасын белгілеңіз.

$$ осы мәселеге айрықша назар аударуыңызды сұраймын.

$ бұл проблемаға назар аударасыз ба?

$ осы мәселеге қараңызшы.

$ бұл проблемаға көңіл бөліңізші.

$$$ Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсетіңіз.

$$ та-ма-ша

$ өн-ер

$ зам-ан

$ жа-с-тық

$$$ Мақалды жалғастырыңыз: «Ит тойған жеріне, . . . .»

$$ Ер туған жеріне

$ Шетте жүрсең білерсің

$ Өз еліңнің иті де қадірлі

$ Туған елдей ел болмас

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Менің атымнан өтініш жазуға ... білдіремін.»

$$ сенім

$ сенімхат

$ куәлік

$ рұқсат

$$$ «Әлде» сөзінің қай сөзбен бірге жазылатынын көрсетіңіз

$$ әлде(кім)

$ әлде(адам)

$ әлде(көп)

$ әлде(кісі)

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Сенімхаттың мәтіні ... оқылды.»

$$ дауыстап

$ дауысты

$ дауыссыз

$ жазбаша

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Тілді қадірлеу ... басталады.»

$$ дұрыс сөйлеуден

$ бұрыс сөйлеуден

$ сөйлемеуден

$ салық алудан

$$$ Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.

$$ қамқоршы

$ әкеміз

$ ауылда

$ жақсысың

$$$ «Ақы» сөзі қандай сөзбен тіркесетінін көрсетіңіз.

$$ төлем, өтем

$ қажет, керек

$ халық, мемлекет

$ дерек, ақпар

$$$ «Далее» сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз.

$$ бұдан әрі қарай

$ бір жағынан

$ осыдан кейін

$ болашақта

$$$ «В соответствии с условиями контракта» тіркесінің қазақ тіліндегі дұрыс баламасын көрсетіңіз.

$$ келісімшарт шарттарына сәйкес

$ келісімшарт ережелерімен байланысты

$ келісімшарт қағидаларымен сәйкес

$ келісімшарт шарттарына қатысты

$$$ Айтылуы бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз.

$$ Жаздыгүні

$ Тұрсынкүл

$ Жұмысшы

$ Сары ала

$$$ Туынды сөз жасап тұрған жұрнақты көрсетіңіз.

$$ білім, оқушы, заңгер

$ заңмен, адамдар, қалада

$ кітабым, әкесі, дәптерің

$ атадан, ботаның, кемелер

$$$ Дүниеге ұл келгендігін қазақ қалай жеткізгенін көрсетіңіз.

$$ ат ұстар

$ шаш сипар

$ шай құяр

$ айнаға қарар

$$$ Төмендегі қатарлардың қайсысында лауазым атаулары берілгенін көрсетіңіз.

$$ бас маман, құрылтайшы, мәжіліскер

$ ардагер, зейнеткер, майдангер

$ оқушы, тыңдарман, оқырман

$ мәжіліс, сенат, құрылтай

$$$ «На основе действующего законодательства» тіркесінің дұрыс баламасын көрсетіңіз.

$$ қолданылып жүрген заңдар негізінде

$ іс-әрекеттегі заңдар бойынша

$ бекітілген заңдар негізінде

$ қол қойылып, бекітілген заңдарға сүйеніп

$$$ Компьютерде жұмыс істеу мүмкіндігіңізді нақты айту үшін қай вариантты таңдайсыз?

$$ мен компьютерде жұмыс істей аламын

$ мен компьютерді үйренейінші

$ мен компьютерді жақсы көремін

$ иә, мен компьютерді білмеймін

$$$ Айтылуы жағынан дұрыс сөзді көрсетіңіз.

$$ бож жорға

$ боз жорға

$ бос жорға

$ бос шорға

$$$ “Жер” сөзіне тіркес бола алмайтын сөзді табыңыз:

$$ ауа

$ ана

$ туған

$ қатты

$$$ Дара сын есімді көрсетіңіз

$$ ақ, тарғыл

$ жетеу, екі

$ керек, үшін

$ ақ киімді

$$$ Жалғау арқылы байланысты көрсетіңіз.

$$ даланың құсы

$ қызық өмір

$ қос құрбы

$ тыныштық үшін күрес

$$$ Қаратпа сөзді табыңыз.

$$ сәлем саған, туған ел.

$ мақұл, айтқаның болсын.

$ о, шіркін, шіркін!

$ иә, әңгіме айта отыр.

$$$ Тұрақты тіркесті табыңыз.

$$ қара аспанды төндіру

$ бүгінгі хабар

$ қызыл күрең

$ өскен өркен

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «20 мың теңге ... шегу».

$$ зиян

$ өтініш

$ қатыгез

$ ақша

$$$ Синоним сөздерді көрсетіңіз.

$$ несібелі, ырысты

$ әңгіме, ертегі

$ таңдау, таныс

$ таңертең, түсте

$$$ Бұйрық етістік қалай берілетінін көрсетіңіз.

$$ тағайындалсын

$ қабылдауыңызды өтінемін

$ тыйым салыңызшы

$ босату

$$$ «Біреудің қаңсығы, біреуге таңсық» деген сөйлемдегі “біреу” сөзінің мағынасын табыңыз.

$$ белгісіздік мағына

$ сандық мағына

$ болжалдық мағына

$ заттық мағына

$$$ Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.

$$ сандықша

$ кітаптар

$ адамда

$ дәстүрмен

$$$ Мақалды жалғастырыңыз. «Ұяда не көрсең, ...»

$$ ұшқанда соны ілерсің

$ алтын бесік

$ ағайынның тайы озсын

$ құда мың жылдық

$$$ Қай сөзде «көк» сөзі бөлек жазылатынын көрсетіңіз.

$$ көк(шалғын)

$ көк(жиек)

$ көк(жал)

$ көк(шіл)

$$$ Емес, жоқ сөздері қандай мағынаны білдіреді?

$$ Болымсыз

$ Көптік

$ Белгісіз

$ Болымды

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Анықтама студент А. Бақытовтың үшінші курста ... растайды.»

$$ оқитынын

$ оқиды

$ оқу

$ оқыған

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Анықтама Әуезов көшесі, 14-үйдің ... А. Жандосовқа берілді.»

$$ тұрғыны

$ тұратын

$ тұрған

$ тұрды

$$$ Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

$$ кейуана

$ кеюана

$ кейюана

$ кеиюна

$$$ Сөйлемнің түрін айырыңыз: Құнанбай Ұлжанның қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады.

$$ құрмалас сөйлем

$ сұраулы сөйлем

$ жай сөйлем

$ лепті сөйлем

$$$ Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.

$$ көк аспан

$ бұлақтың басы

$ желмаяға міну

$ театрдан келу

$$$ Ырықсыз етіс жұрнағы жалғанған сөзді табыңыз.

$$ шабылды

$ шапты

$ шаппады

$ бақты

$$$ Бұйрық формасында тұрған сөйлемді табыңыз.

$$ Ауылға барып қайт.

$ Кітап оқығым келеді.

$ Ол ауылға бармақшы.

$ Сен кешке келесің бе?

$$$ Мақалды аяқтаңыз: «Қонақ бір күн қонса – құт, екі күн қонса – …»

$$ жұт

$ құда

$ үй иесі

$ қонақ

$$$ Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсетіңіз.

$$ Бұл өлкенің жер асты байлықтары өте мол.

$ Жер асты өте мол байлықтары бұл өлкенің.

$ Бұл өлкенің байлықтары жер асты мол өте.

$ Байлықтары жер асты өте мол бұл өлкенің.

$$$ «Мамандық» ұғымына сәйкес келетін сөздерді белгілеңіз.

$$ бағдарламашы, үйлестіруші, дәрігер

$ орналасқан, айтыңызшы, тыңдаушы

$ баспа, министрлік, әкімшілік

$ даңғыл, көше, Астана

$$$ Тиісті сөзді қойыңыз: «Тыңдалмаған ... жетім, киюсіз тозған бөз жетім».

$$ сөз

$ көл

$ ел

$ ер

$$$ «Ағайын» сөзінің синонимін көрсетіңіз.

$$ бауыр

$ жүз

$ халық

$ жұрт

$$$ «Заместитель начальника отдела регистрации» атауының қазақ тіліндегі дұрыс баламасын көрсетіңіз.

$$ тіркеу бөлімі бастығының орынбасары

$ ұйымдастыру бөлімі бастығы орынбасары

$ пайдалану бөлімінің бастығы

$ бақылау бөлімінің бастығы

$$$ Ұлан-байтақ сөзінің синонимдік қатарын табыңыз.

$$ Кең, ұлан-ғайыр, шалқар, ұшы-қиырсыз.

$ Ұқыпты, тиянақты

$ Жақын, қашық

$ Ұзақ, алыс, шалғай

$$$ Өзіңізді жұмысқа қабылдау үшін ресми құжаттардың қай түрін жазатыныңызды белгілеңіз.

$$ өтініш және түйіндеме

$ арыз және хат

$ шағым және қолхат

$ шақырухат және арыз

$$$ «Внеочередной отпуск» тіркесінің дұрыс баламасын көрсетіңіз.

$$ кезектен тыс демалыс

$ кезексіз демалыс

$ мерзімсіз демалыс

$ уақытша демалыс

$$$ «Түбіртекқағаз» қандай мағынаны білдіретінін көрсетіңіз.

$$ квитанция

$ долг

$ оплата

$ личный счет

$$$ «Қыздың жиған жүгіндей» - тұрақты тіркестің антонимін көрсетіңіз.

$$ ретсіз

$ көркем

$ әдемі

$ көрікті

$$$ Тиісті сөзді көрсетіңіз: "Ата – бәйтерек, ана – бұлақ, бала – жағадағы ..."

$$ құрақ

$ дария

$ аққу

$ құс

$$$ Нотариус қандай жұмыс атқаратынын айтыңыз.

$$ ресми құжатты куәландырады

$ өтініш жазып береді

$ түйіндеме жазады

$ ресми құжатты бермейді

$$$ Тұрақты тіркесті табыңыз.

$$ жүрегі аласұрды

$ әр алуан

$ туған шеше

$ амандық сұрады

$$$ Нағашы деген қай жағынан туыс екендігін көрсетіңіз.

$$ шеше жағынан туыстар

$ әке жағынан туыстар

$ жиеннің балалары

$ қыздың балалары

$$$ «Приватизация» терминінің қай баламасы дұрыс екенін белгілеңіз.

$$ жекешелендіру

$ меншікті сату

$ меншікті беру

$ міндеттену

$$$ Несие алу үшін кепілдікке не алынатынын белгілеңіз.

$$ жылжымайтын мүлік

$ құжат

$ кепілхат

$ анықтама

$$$ «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» мақалының мәнін айтыңыз.

$$ денсаулық

$ батырлық

$ ынтымақ

$ егіншілік

$$$ «Жарнама» сөзі қай қатардағы сөздермен түбірлес екендігін белгілеңіз.

$$ жар салу, жариялау, жарлық

$ жарқырау, жарық беру

$ жар жағасында, өзеннің жары

$ сүйген жар, адал жар

$$$ Есімдіктен болып тұрған бастауышты табыңыз.

$$ Ол-әкем

$ Менің әжем – дана адам

$ Алты- жұп сан

$ Ештен кеш жақсы

$$$ «Төлқұжат» қандай мағынада берілгенін көрсетіңіз.

$$ паспорт

$ справка БТИ

$ бланк

$ вид на жительство

$$$ Келісімшарт қандай мақсатты көздейтінін белгілеңіз.

$$ адамдардың азаматтық құқықтары мен бостандықтарын белгілейді

$ ТИБ-те тіркеу үшін

$ анықтама сияқты

$ қол қою үшін

$$$ Антонимдік қолданыстағы мақалды табыңыз:

$$ Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат.

$ Жігіттің екі сөйлегені - өлгені.

$ Ер қаруы - бес қару.

$ Нар тәуекел - ер ісі.

$$$ Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. «Матаның көзі бар екен, байқа».

$$ көзі

$ матаның

$ екен

$ байқа

$$$ Өкімет – үкімет сөздерінің мағыналық айырмашылығын көрсетіңіз.

$$ Өкімет –«власть», үкімет – «правительство» дегенді білдіреді.

$ Олар – фонетикалық варианттар.

$ Ешқандай мағыналық айырмашылық жоқ.

$ Екеуі де «билік» деген мағынада қолданылады.

$$$ Жақындау, жазу етістіктерінің бұйрық рай түріндегі баламасын көрсетіңіз.

$$ Жақында, жаз

$ Жақындау, жазу

$ Жақындады, жазды

$ Жақындат, жазамын

$$$ Жаңа үйге көшіп келгенде қандай той тойланатынын көрсетіңіз.

$$ қоныстой

$ мерейтой

$ ашылу салтанаты

$ беташар

$$$ «Көзді ашып, жұмғанша» тұрақты тіркестің мағынасын ашыңыз.

$$ шапшаң, тез

$ әдемі, сұлу

$ қарапайым, батыл

$ өткір, жылдам

$$$ Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді белгілеңіз.

$$ Жастар - еліміздің мақтанышы.

$ Айту менің парызым.

$ Талап талмас - қанат.

$ Ақылды қария ағып жатқан дария.

$$$ Мына тілектің жалғасын жазыңыз: “ Шаңырағың ...!”

$$ шайқалмасын

$ керілмесін

$ айтылмасын

$ жабылмасын

$$$ Сөйлемді аяқтаңыз. «Қазіргі заманда ... тіл білу - өмір талабы.»

$$ көп

$ бір

$ аз

$ қажет емес

$$$ «Шілдехана» қай кезде жасалатын той екенін көрсетіңіз.

$$ нәресте дүниеге келгенде

$ баланың тұсауын кескенде

$ бала мектепке барғанда

$ баланың тілі шыққанда

$$$ «Жеделхат» қандай құжат екенін көрсетіңіз.

$$ телеграф арқылы беріледі

$ телефон я радио арқылы жеткізіледі

$ жеке адамның өмірінен мәлімет береді

$ бір нәрсені алғандығын жазбаша түрде растайды

$$$ Дұрыс құрылған сөйлемді белгілеңіз.

$$ Біз осынау үлкен шараға сәттілік тілейміз

$ Үлкен осынау шараға сәттілік тілейміз біз.

$ Сәттілік тілейміз үлкен осынау шараға біз.

$ Біз осынау үлкен шараға тілейміз сәттілік.

$$$ Адамның жеке қасиеттеріне нелер жататынын белгілеңіз.

$$ ұстамдылық, жауапкершілік

$ туған жылы, күні, айы

$ спорт, саяхат

$ телефон, мекенжай, ұлт

$$$ Мекемелерде жүргізілетін жазу үлгісіне тән стильді табыңыз.

$$ іс-қағаздар

$ көркем әдебиет

$ ғылыми

$ ауызекі сөйлеу

$$$ Хронологиялық тәртіппен өз өмірінен мағлұмат беретін құжат түрі:

$$ өмірбаян

$ өтініш

$ визит карточкасы

$ арыз

$$$ Сөйлемді аяқтаңыз: «Денсаулығыма байланысты қысқы емтихан сессиясын ... .»

$$ уақытынан бұрын тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын

$ уақытында жатақханадан орын беруіңізді сұраймын

$ уақытында жалақымды беруіңізді сұраймын

$ уақытында ақысы төленетін демалыс беруіңізді сұраймын

$$$ Айтылуда өзгеріске түсетін сөзді көрсетіңіз.

$$ ақ ешкі

$ терең ой

$ қағаз

$ дыбыс

$$$ Сенімхатты кім куәландыратынын белгілеңіз.

$$ нотариус

$ орынбасар

$ қызметкерлер

$ бастық

$$$ Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

$$ Домбырадан күй төкті.

$ Қалған ас итке төгілді.

$ Қалиман күл төкті.

$ Шәугімдегі судың қалғанын төкті.

$$$ Қазақтың салт-дәстүріне қатысты сөз тіркесін көрсетіңіз.

$$ ұрын келу

$ бет алу

$ баланың тойы

$ ойын ойнау

$$$ Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.

$$ Оқытушы студенттен түсініктеме жазуын талап етті

$ Студенттен түсініктеме жазуын талап етті оқытушы

$ Оқытушы студенттен талап етті түсініктеме жазуын

$ Түсініктеме жазуын талап етті оқытушы студенттен

$$$ Еркін сөз тіркесін табыңыз.

$$ адамның жүрегі

$ қоян жүрек

$ тас жүрек

$ су жүрек

$$$ «Әлемдік деңгейдегі биік тұлға» тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.

$$ әлемге танымал белгілі қайраткер

$ мақтаныш етеді

$ сүйсініс білдірді

$ тұсаукесер рәсім

$$$ Кіші жүздің биін көрсетіңіз.

$$ Әйтеке би

$ Төле би

$ Қазыбек би

$ Тіленші би

$$$ «Беташар» өлеңі қай кезде айтылады?

$$ Келін жаңа түскенде

$ қыз үйімен қоштасқанда

$ қызды үйінен шығарып саларда

$ құдалар келгенде

$$$ Үйлену сөзіне синоним сөзді табыңыз:

$$ шаңырақ құру

$ үй алу

$ үйге шақыру

$ үйді көрсету

$$$ «Сегіз қырлы, бір сырлы» тұрақты тіркестің мағынасын ашыңыз:

$$ өнерлі, жан-жақты

$ еңбекқор , еріншек

$ жалқау, сөзшең

$ мейірімді, қарапайым

$$$ Бөле дегеніміз кімдер?

$$ апалы-сіңілілердің балалары

$ ағайынды жігіттердің балалары

$ апалы сіңілілердің күйеулері

$ ағайынды жігіттердің әйелдері

$$$ Қалауды, ниетті білдіретін етістік тұлғасы бар сөйлемді дұрыс белгілеңіз.

$$ Мен жиналыста сөйлейін деп едім.

$ Мен жиналыста сөйлеген едім.

$ Мен жиналыста сөйледім.

$ Мен жиналыста сөйлеймін.

$$$ Келіспейтіндігіңізді білдіру үшін қай коммуникативтік репликаны пайдалануға болатынын көрсетіңіз.

$$ Құптамаймын, мен басқаша ойлаймын

$ Әрине, мүмкін болса, нақты айтқанда

$ Шынында, менің ойымша, тіпті

$ Ендеше, айталық, әдетте

$$$ «Жауап» сөзінің мағынасы арқылы жасалған сөз тіркестерінің дұрыс баламасын көрсетіңіз.

$$ жауап қайтару, жауап беру, жауап алу

$ жауапты деу, жауапты сөйлеу, жауапты орындау

$ жауапты жоспарлау, жауаптың қалыптасуы, жауапты ұзарту

$ жауап көрсету, жауапты нақтылау, жауапты құрастыру

$$$ Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыз.

$$ Диктантты сауатты жаз. Жаз ерте шықты.

$ Ол жұмыс істейді. Мен жұмысымды бітірдім.

$ Жазда Ыстықкөлге барамын. Маған жаз айы ұнайды.

$ Қаладағы тіршілік қызық екен.

$$$ Сөздердің қай нұсқасының емлесі дұрыс екенін көрсетіңіз.

$$ жұмысқа, баспаға, министрлікке

$ жұмысыға, баспаққа, министрлігқа

$ жұмысға, баспақа, министрлыкқа

$ жұмыске, баспеге, министрлікге

$$$ Нұсқадағы фонетикалық заңдылық сақталған сөздерді көрсетіңіз.

$$ денсаулығыңыз, бастығы, мамандығымыз

$ денсаулықыңыз, бастықы, мамандықымыз

$ денсаулықым, бастықым, мамандықыныз

$ денсаулығықа, бастығқа, мамандығқа

$$$ Орфографиялық заңдылыққа сай жазылған сөзді табыңыз.

$$ бөгет

$ тұлұм

$ құлұншақ

$ өзөн

$$$ Тиісті сөзді көрсетіңіз. «... – ер қанаты.»

$$ ат

$ бие

$ мал

$ қару

$$$ Қазақстан бейнелеу өнері сөз тіркесінің дұрыс аудармасын табыңыз.

$$ Изобразительное искусство Казахстана

$ Архитектура Казахстана

$ Графика Казахстана

$ Музыка Казахстана

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз. «Мен сенімхат мәтінімен ... .»

$$ таныстым

$ оқыдың

$ жаздық

$ куәландырды

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз. «Ақаулықтарды дер кезінде ... .»

$$ байқау

$ жауап беру

$ байланысу

$ келу

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз. «Міндеттемені орындаудан ... тартты.»

$$ бас

$ қол

$ білек

$ күш

$$$ «Үйдің сол жақ босағасында ер-тұрмандар жиналады, аяқ киімдер жатады» не туралы айтылғанын табыңыз.

$$ Киіз үй

$ Қонақ үй

$ Вокзал

$ Саяжай

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз. «Асанованың оқудан ... мәлімдейміз.»

$$ шығарылатынын

$ шығару

$ шығарумен

$ шығаруға

$$$ Қызметкерлердің қызметіне, жұмысына т.б. істеріне берілетін құжат түрін көрсетіңіз.

$$ мінездеме

$ өмірбаян

$ түйіндеме

$ хаттама

$$$ Сөйлемді аяқтаңыз. «Студенттер оқу төлемақысын төлемесе, ... .»

$$ олар оқудан шығарылады

$ еңбек төлемақысы қысқартылады

$ екінші хабарламахат жібереміз

$ біз шығынды өтеп береміз

$$$ Антонимдік қолданыстағы мақалды табыңыз:

$$ Жастықта да кәрілік тұр, байлықта да жарлылық тұр.

$ Кәрі, кәрінің сөзі - дәрі.

$ Жас өспей ме, жарлы байымай ма.

$ Ер дәулеті –еңбек .

$$$ «Удостоверять» сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз.

$$ куәландыру

$ куә болу

$ куәлікке ие болу

$ күмәндану

$$$ «Қарлығаш би» атанған биді көрсетіңіз.

$$ Төле би

$ Әйтеке би

$ Қазыбек би

$ Жиренше

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз. «Қолхаттың бір ... нотариалдық кеңседе тіркелген.»

$$ данасы

$ мерзімі

$ түрі

$ бөлшегі

$$$ Тыйым сөзді көрсетіңіз.

$$ бүйіріңді таянба

$ жаяу жүрме

$ ешкіммен сөйлеспе

$ шашыңды тарама

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз. «12-үй, 25-пәтерде ... азамат Ержановтан жүз мың теңге алдым.»

$$ тұратын

$ оқитын

$ тұрмақшы

$ жүретін

1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз: Б.Елеукеоваға .... бойғы еңбегі үшін алғысжариялансын. Ұзақ жылдар

2. Кімге сенім білдіресіз? Оспановқа

Наши рекомендации