Жұмыс орнының жабдығы

Ауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі

5.1 Электрондық құрал-жабдықтармен жұмыс істеудегі техника қауіпсіздік ережелері

Электрондық құралмен жұмыс істегенде өткен нұсқауда келтірілген қауіпсіздік шараларын ереже бойынша орындау қажет. Жұмысшы әрбір аспапты қолдану бойынша нұсқаманы білуі керек. Жарақаттану қауіптілігі:

− электрондық құрылғыны желіге қосуда;

− оларды электр желісінен ажыратуда;

− аспаптарды қолдану бойынша нұсқауды орындамай, ақаулы аспаптармен жұмыс істегенде.

Электрондық аппаратураны аспаптар нұсқауында ұсынылған тұтынылатын кернеумен сәйкес желіге қосу. Жұмыс орнында тазалық жәнежеке гигиенаны сақтау. Электрондық құралмен жұмыс істегенде жұмыс жасау алдында, жұмыс барысында, жұмыс соңында орындалатын қауіпсіздік шараларын білу керек.

Жұмыстың алдында қауіпсіздік талаптары:

− иілгіш электр сымының, вилкалардың, жалғағыш кәбілдердің дұрыстығын тексеру;

− құрғақ таза матамен аспапты шаңнан тазалау;

− электрлік розетканың дұрыстығын тексеру.

Жұмыс уақытында қауіпсіздік талаптары:

− құрылғыны жылжымайтын тіреуішке орнату;

− сумен жылыту радиаторларына жақын орнатпау керек;

− теледидар экранына күн сәулесі тікелей түспеуі қажет;

− құрғақ қолмен аспапты желіге қосу керек;

− қосылып тұрған аспапты қараусыз қалдыруға болмайды;

− электрондық құрылғымен жұмыс істегенде бөтен тұлғаларды жібермеу.

Апаттық жағдайларда қауіпсіздік талаптары. Қысқа тұйықталып күйген жағдайда аспапты құрғақ қолмен электр желісінен ажырату, бұл туралы администрацияға хабарлау. Травматизм жағдайлары туралы админисрация-ларға хабар беру керек. Өрт болғанда администрацияға және 101-ге хабарлау, оны өшіру шараларын қолдану[19].

Жұмыстың соңында қауіпсіздік талаптары:

− аспапты желіден ажырату, электр сымынан тартпау.

− таза матамен аспапты сүрту.

− электрондық құрылғыларға аспаптардың құлап кетуінің алдын алу.

− ыстық сұйықтардың және ауыр заттардың жалғағыш кәбілдер, электр сымдар үстіне құлауына жол бермеу.

− электрондық аспаптардың жұмыс кезінде байқалған кемшіліктері туралы администрацияға хабар беру.

Жұмыс орнының жабдығы

Бөлме офистік болып табылады және оның өлшемдері: ұзындығы 6 м, ені 4 м, биіктігі 3,2 м. Еден деңгейінен жұмыс бетінің биіктігі 0,8 м, терезелер биіктігі 2,4 м. Қасында орналасқан ғимарат 10 м қашықтықта, биіктігі 7 м, үш жағына қоршалған басқа ғимараттар жоқ.

Қолданылатын аппаратура:

− оптикалық модем;

− маршрутизатор;

− компьютер;

− ғимаратта орналасқан компьютерлер желісін ұйымдастыру үшін концентратор.

«Есептеуіш орталықтарының жұмысшылары үшін уақытшы санитарлық нормалар мен ережелерге» сәйкес деректерді еңгізу, программаларды редактрлеу, экраннан ақпаратты оқу кезінде бейнетерминалдармен үздіксіз жұмыс жасау төрт сағаттан аспауы керек (жұмыс күнінің сегіз сағатын кезінде). Еңбек шиеленісушілігін төмендету үшін жүктемені мүмкіндігінше тең бөлу және әрекеттік сипатын рационалды кезектестіру ұсынылады.

Жұмыстың әр сағатынан кейін 5–10 минутқа үзіліс, ал екі сағаттан кейін 15 минутқа үзіліс ұсынылады. Сағатына бір немесе бірнеше рет ұзақ уақыт компьютерде жұмыс жасаған кезде бұлшық еттерде жиналып қалған әлсіздікті төмендете алатын жеңіл жаттығулар сериясын жасау қажет. Жұмыс категориясы 1а.

Жұмыс орнының рационалды жоспарлануының маңызды элементі жұмысшының жеке антропометрлік және психофизиологиялық деректерін есептеу болып табылады.

Санитарлық нормалар мен ережелерде – СНжЕ 2.2.2.542-96 ұйымдар мен дербес электронды-есептеуіш машиналары ДЭЕМ бар жұмыс орнының қондырғыларға жалпы талаптар беріледі [20].

Жұмыс үстелінің конструкциясы қолданылатын жабдықтың жұмыс бетінде оптимальды орналасуын қамтамасыз ету қажет.

Жұмыс үстелі бетінің биіктігі 0,68-0,8 м шегінде ауысып тұруы қажет, бұндай мүмкіндіктің болмауы кезінде жұмыс үстелі бетінің биіктігі ДЭЕМ үшін конструктивті өлшемдер есептелуі негізінде: ені 0,8; 1; 1,2 және 1,4 м, терңдік ені 0,8 және 1 м, оның ауыспайтын биіктігінде 725 мм-ге тең болуы керек.

Жұмыс үстелі аяқты қою үшін кеңістікке ие болуы қажет: биіктігі – 0,6 м кем емес, ені – 0,5 м кем емес, тізе дейіндегі тереңдік – 0,45 м кем емес және созылған аяқ деңгейінде – 0,65 м болуы тиіс.

жұмыс орнының жабдығы - student2.ru

1-терезе, 2-қоқыс салғыш, 3-дербес компьютер, 4-үстел, 5-кресло, 6- ақаулықтарды тіркеу журналы, 7-телефон, 8-розетка (евростандарт), 9-шкаф, 10-терезе.

Наши рекомендации