Іңішке коаксиалды кабель

Жіңішке коаксиалды кабель – диаметрі шамамен 0,5 см иілгіш кабель. Ол пайдалануда қарапайым,ол компьютердің желілік адаптер платасына тікелей. (сурет №3)

іңішке коаксиалды кабель - student2.ru

Сурет 3. Жіңішке коаксиалды кабельді компьютерге қосу

Жіңішке коаксиалды кабель өшуден туындаған бүлінуді білдіртпей сигналды қашықтығы 185 м (шамамен 607 фут)дейін бере алады.

Жабдықты өндірушілер кабельдердің әртүрлі типтеріне арнап арнайы маркировкаларды жасап шығарған (№ 1 кесте). Жіңішке коаксиалды кабель RG-58 семьясы деп аталатын топтарға жатады, оның толқындық қарсыласуы (impedance) 50 0м тең. Осы семьяның негізгі өзгеше ерекшелігі – мыс жіп. Ол тұтас немесе бірнеше өрілген өткізгіштерден тұруы мүмкін. (№4 сурет)

іңішке коаксиалды кабель - student2.ru

Сурет 4. Жіп– өрілген өткізгіштер немесе тұтас мыс өткізгіш

уан коаксиалды кабель

Қалың коаксиалды кабель диаметрі шамамен 1 см қатты кабель. Кейде оны «стандартты Ethernet» деп атайды, өйткені ол Ethernet желілік сәулетінде қолданылатын алғашқы кабельдің типі болды. Осы кабельдің мыс жібі жіңішке коаксиалды кабельмен салыстырғанда қалыңдау. (Сурет №5)

Кесте 1.

Кабельдер типі

Кабель Суреттеу
RG-58/U Тұтас мыс жіп
RG-58 А/U Өрілген өткізгіштер
RG-58 C/U RG-58 A/U үшін арналған әскери стандарт
RG-59 Кең жолақты хабар үшін қолданылады (мысалы, кабельді телевиденияда)
RG-6 RG-59 салыстырғанда диаметрі үлкен, жоғары жиіліктерге арналған, бірақ кең жолақты хабарлар үшін де пайдаланылады  

іңішке коаксиалды кабель - student2.ru

Сурет 5. Жуан коаксиалды кабельдің жібі жіңішкенің кесігімен салыстырғанда үлкендеу

Кабельдің жібі қанша үлкен болса, сонша ара қашықты сигнал игеруге қабілетті. Яғни, жуан коаксиалды кабель жіңішкелерден гөрі сигналды алысқа бере алады, 500 м дейін (шамамен 1640 фут). Сондықтан кейде жуан коаксиалды кабельді жұқа коаксиалды кабельге құралған бірнеше үлкен емес желілерді қосып тұратын негізгі кабель [магистрали (backbone)] ретінде пайдаланылады.

Жуан коаксиалды кабельге қосылу үшін арнайы жабдық - трансиверді (transceiver) пайдаланады(сурет 6).

Трансивер «зуб вампира» » (vampire tap) немесе «пронзающий ответвитель» (piercing tар) деп аталатын арнайы коннектормен жабдықталған. Бұл «зуб» оқшаулаушы қабат арқылы еніп, өткізгіш жіппен тікелей физикалық қатынасады. Тенсиверді желілік адаптерге қосу үшін трансивер кабелін AUI-порт желілік плата коннекторына қосу керек. Бұл коннектор жасаушы – фирмалардың, немесе DB-15 аттарына сәйкес аталған DIX-коннектор (Digital Intel Xerox) деген атаумен белгілі.

іңішке коаксиалды кабель - student2.ru

Сурет 6 Трансиверді қалың коаксиалды кабельге қосу

2.3. Екі типті коаксиалды кабелді салыстыру

Кабель қанша жуан болса, онымен жұмыс істеу соншама қиын болатыны заңдылық. Жіңішке коаксиалды кабель иілгіш, орнатуы да қарапайым және қымбат емес. Жуан кабельді иіу қиын және осыған сәйкес оны орнату да қиындау. Бұл өте маңызды жетіспеушілік, әсіресе, егер кабельді құбырлар мен науалар арқылы орнату керек болса. Жуан каоксиалды кабель жіңішке кабельден қымбатырақ, бірақ ол сигналдарды алыс қашықтыққа береді.

2.4. Коаксиалды кабельді қосуға арналған жабдық

Жіңішке каоксиалды кабельдерді компьютерлерге қосу үшін BNC-коннектор қолданылады. BNC семьясында бірнеше құрауыштар бар:

- BNC-коннектор. BNC-коннектор немесе пісіріледі, немесе кабель соңында қысылады.

- BNC Т-коннектор. Т-коннектор желілік кабель мен комьютердің желілік платасын қосады.

- BNC баррел-коннектор. Баррел-коннектор жіңішке коаксионалды кабельдің екі үзігін біріктіру үшін қолданады.

- BNC-терминатор. «Шина» топологиялы желіде «бос» сигналдарды сіңіруге арналған терминаторлар кабельдің әрбір шетіне орнатылады. Әйтпесе желі жұмыс істемейді.

Наши рекомендации