Азақ тілі пәні бойынша 4-деңгейге арналған тест сұрақтары
$$$1 Сенімхат сөзінің дұрыс аудармасын табыңыз.
$$ доверенность
$ заявление
$ справка
$ письмо
$$$2 «Мені шахмат үйірмесіне мүше етіп алуыңызды сұраймын» сөйлемі іс қағазының қай түріне жататынын анықтаңыз.
$$ өтініш
$ қолхат
$ сенімхат
$ хаттама
$$$3 Бос қызмет орны туралы хабарландыруда бірінші не көрсетілетінін белгілеңіз.
$$ үміткерге қойылатын талаптар
$ құжаттардың тізімі
$ жылжымайтын мүліктер
$ кәсіпорын мүліктері
$$$4 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Жұмыс ... 5 жылдан кем емес».
$$ өтілі
$ орны
$ түрі
$ уақыты
$$$5 Тұрақты тіркесті табыңыз.
$$ талағы тарс айрылу
$ орнына келу
$ халық шығармалары
$ нақты мәлімет
$$$6 Шылау арқылы байланысты көрсетіңіз
$$ Көрген сайын сұрайды
$ Күміс білезік
$ Қызметке тұру
$ Тойдың соңы
$$$7 Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойыңыз. «Жұмыс... қабылдау туралы бұйрық»
$$ -қа
$ -тан
$ -та
$ -пен
$$$8 «Ресми» сөзі арқылы жасалған мағынасы дұрыс тіркесті көрсетіңіз.
$$ ресми сөз, ресми тіл, ресми топ, ресми қағаз
$ ресми мақсат, ресми тіркес, ресми өнім
$ ресми көше, ресми ел, ресми аумақ
$ ресми қала, ресми курс, ресми компания
$$$9 Ресми құжат – хаттама қандай жағдайда жазылатынын көрсетіңіз.
$$ мәжілістің, жиналыстың өту барысын тіркеу және ресімдеу үшін.
$ Ресми сөз сөйлеу үшін
$ мәселені талқылау үшін
$ баяндама жасау үшін
$$$10 Хаттамаға кімдердің қол қоятынын көрсетіңіз.
$$ төраға және хатшы
$ хатшы
$ баяндамашы
$ жиналыстың төрағасы
$$$11 «Прошу Вас обратить особое внимание на эту проблему» деген сөйлемнің дұрыс баламасын белгілеңіз.
$$ осы мәселеге айрықша назар аударуыңызды сұраймын.
$ бұл проблемаға назар аударасыз ба?
$ осы мәселеге қараңызшы.
$ бұл проблемаға көңіл бөліңізші.
$$$12 Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсетіңіз.
$$ та-ма-ша
$ өн-ер
$ зам-ан
$ жа-с-тық
$$$13 Мақалды жалғастырыңыз: «Ит тойған жеріне, . . . .»
$$ Ер туған жеріне
$ Шетте жүрсең білерсің
$ Өз еліңнің иті де қадірлі
$ Туған елдей ел болмас
$$$14 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Менің атымнан өтініш жазуға ... білдіремін.»
$$ сенім
$ сенімхат
$ куәлік
$ рұқсат
$$$15 «Әлде» сөзінің қай сөзбен бірге жазылатынын көрсетіңіз
$$ әлде(кім)
$ әлде(адам)
$ әлде(көп)
$ әлде(кісі)
$$$16 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Сенімхаттың мәтіні ... оқылды.»
$$ дауыстап
$ дауысты
$ дауыссыз
$ жазбаша
$$$17 Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.
$$ қамқоршы
$ әкеміз
$ ауылда
$ жақсысың
$$$18 «Ақы» сөзі қандай сөзбен тіркесетінін көрсетіңіз.
$$ төлем, өтем
$ қажет, керек
$ халық, мемлекет
$ дерек, ақпар
$$$19 «Далее» сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз.
$$ бұдан әрі қарай
$ бір жағынан
$ осыдан кейін
$ болашақта
$$$20 «В соответствии с условиями контракта» тіркесінің қазақ тіліндегі дұрыс баламасын көрсетіңіз.
$$ келісімшарт шарттарына сәйкес
$ келісімшарт ережелерімен байланысты
$ келісімшарт қағидаларымен сәйкес
$ келісімшарт шарттарына қатысты
$$$21 Айтылуы бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз.
$$ Жаздыгүні
$ Тұрсынкүл
$ Жұмысшы
$ Сары ала
$$$22 Туынды сөздерді көрсетіңіз.
$$ білім, оқушы, заңгер
$ заңмен, адамдар, қалада
$ кітабым, әкесі, дәптерің
$ атадан, ботаның, кемелер
$$$23 Дүниеге ұл келгендігін қазақ қалай жеткізгенін көрсетіңіз.
$$ ат ұстар
$ шаш сипар
$ шай құяр
$ айнаға қарар
$$$24 Төмендегі қатарлардың қайсысында лауазым атаулары берілгенін көрсетіңіз.
$$ бас маман, құрылтайшы, мәжіліскер
$ ардагер, зейнеткер, майдангер
$ оқушы, тыңдарман, оқырман
$ мәжіліс, сенат, құрылтай
$$$25 «На основе действующего законодательства» тіркесінің дұрыс баламасын көрсетіңіз.
$$ қолданылып жүрген заңдар негізінде
$ іс-әрекеттегі заңдар бойынша
$ бекітілген заңдар негізінде
$ қол қойылып, бекітілген заңдарға сүйеніп
$$$26 Компьютерде жұмыс істеу мүмкіндігіңізді нақты айту үшін қай вариантты таңдайсыз?
$$ мен компьютерде жұмыс істей аламын
$ мен компьютерді үйренейінші
$ мен компьютерді жақсы көремін
$ иә, мен компьютерді білмеймін
$$$27 Айтылуы жағынан дұрыс сөзді көрсетіңіз.
$$ бож жорға
$ боз жорға
$ бос жорға
$ бос шорға
$$$28 “Жер” сөзіне тіркес бола алмайтын сөзді табыңыз:
$$ ауа
$ ана
$ туған
$ қатты
$$$29 Дара сын есімді көрсетіңіз
$$ ақ, тарғыл
$ жетеу, екі
$ керек, үшін
$ ақ киімді
$$$30 Жалғау арқылы байланысты көрсетіңіз.
$$ даланың құсы
$ қызық өмір
$ қос құрбы
$ тыныштық үшін күрес
$$$31 Қаратпа сөзді табыңыз.
$$ сәлем саған, туған ел.
$ мақұл, айтқаның болсын.
$ о, шіркін, шіркін!
$ иә, әңгіме айта отыр.
$$$32 Тұрақты тіркесті табыңыз.
$$ қара аспанды төндіру
$ бүгінгі хабар
$ қызыл күрең
$ өскен өркен
$$$33 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «20 мың теңге ... шегу».
$$ зиян
$ өтініш
$ қатыгез
$ ақша
$$$34 Синоним сөздерді көрсетіңіз.
$$ несібелі, ырысты
$ әңгіме, ертегі
$ таңдау, таныс
$ таңертең, түсте
$$$35 Бұйрық етістік қалай берілетінін көрсетіңіз.
$$ тағайындалсын
$ қабылдауыңызды өтінемін
$ тыйым салыңызшы
$ босату
$$$36 «Біреудің қаңсығы, біреуге таңсық» деген сөйлемдегі “біреу” сөзінің мағынасын табыңыз.
$$ белгісіздік мағына
$ сандық мағына
$ болжалдық мағына
$ заттық мағына
$$$37 Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.
$$ сандықша
$ кітаптар
$ адамда
$ дәстүрмен
$$$38 Мақалды жалғастырыңыз. «Ұяда не көрсең, ...»
$$ ұшқанда соны ілерсің
$ алтын бесік
$ ағайынның тайы озсын
$ құда мың жылдық
$$$39 Қай сөзде «көк» сөзі бөлек жазылатынын көрсетіңіз.
$$ көк(шалғын)
$ көк(жиек)
$ көк(жал)
$ көк(шіл)
$$$40 Емес, жоқ сөздері қандай мағынаны білдіреді?
$$ Болымсыз
$ Көптік
$ Белгісіз
$ Болымды
$$$41 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Анықтама студент А. Бақытовтың үшінші курста ... растайды.»
$$ оқитынын
$ оқиды
$ оқу
$ оқыған
$$$42 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Анықтама Әуезов көшесі, 14-үйдің ... А. Жандосовқа берілді.»
$$ тұрғыны
$ тұратын
$ тұрған
$ тұрды
$$$43 Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз.
$$ кейуана
$ кеюана
$ кейюана
$ кеиюна
$$$44 Сөйлемнің түрін айырыңыз: Құнанбай Ұлжанның қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады.
$$ құрмалас сөйлем
$ сұраулы сөйлем
$ жай сөйлем
$ лепті сөйлем
$$$45 Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.
$$ көк аспан
$ бұлақтың басы
$ желмаяға міну
$ театрдан келу
$$$46 Ырықсыз етіс жұрнағы жалғанған сөзді табыңыз.
$$ шабылды
$ шапты
$ шаппады
$ бақты
$$$47 Бұйрық формасында тұрған сөйлемді табыңыз.
$$ Ауылға барып қайт.
$ Кітап оқығым келеді.
$ Ол ауылға бармақшы.
$ Сен кешке келесің бе?
$$$48 Мақалды аяқтаңыз: «Қонақ бір күн қонса – құт, екі күн қонса – …»
$$ жұт
$ құда
$ үй иесі
$ қонақ
$$$49 Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсетіңіз.
$$ Бұл өлкенің жер асты байлықтары өте мол.
$ Жер асты өте мол байлықтары бұл өлкенің.
$ Бұл өлкенің байлықтары жер асты мол өте.
$ Байлықтары жер асты өте мол бұл өлкенің.
$$$50 «Мамандық» ұғымына сәйкес келетін сөздерді белгілеңіз.
$$ бағдарламашы, үйлестіруші, дәрігер
$ орналасқан, айтыңызшы, тыңдаушы
$ баспа, министрлік, әкімшілік
$ даңғыл, көше, Астана
$$$51 Тиісті сөзді қойыңыз: «Тыңдалмаған ... жетім, киюсіз тозған бөз жетім».
$$ сөз
$ көл
$ ел
$ ер
$$$52 «Ағайын» сөзінің синонимін көрсетіңіз.
$$ бауыр
$ жүз
$ халық
$ жұрт
$$$53 «Заместитель начальника отдела регистрации» атауының қазақ тіліндегі дұрыс баламасын көрсетіңіз.
$$ тіркеу бөлімі бастығының орынбасары
$ ұйымдастыру бөлімі бастығы орынбасары
$ пайдалану бөлімінің бастығы
$ бақылау бөлімінің бастығы
$$$54 Ұлан-байтақ сөзінің синонимдік қатарын табыңыз.
$$ Кең, ұлан-ғайыр, шалқар, ұшы-қиырсыз.
$ Ұқыпты, тиянақты
$ Жақын, қашық
$ Ұзақ, алыс, шалғай
$$$55 Жұмысқа орналасу үшін жазылатын іс қағаздар түрі.
$$ өтініш және түйіндеме
$ арыз және хат
$ шағым және қолхат
$ шақырухат және арыз
$$$56 «Внеочередной отпуск» тіркесінің дұрыс баламасын көрсетіңіз.
$$ кезектен тыс демалыс
$ кезексіз демалыс
$ мерзімсіз демалыс
$ уақытша демалыс
$$$57 «Түбіртекқағаз» қандай мағынаны білдіретінін көрсетіңіз.
$$ квитанция
$ долг
$ оплата
$ личный счет
$$$58 «Қыздың жиған жүгіндей» - тұрақты тіркестің антонимін көрсетіңіз.
$$ ретсіз
$ көркем
$ әдемі
$ көрікті
$$$59 Тиісті сөзді көрсетіңіз: "Ата – бәйтерек, ана – бұлақ, бала – жағадағы ..."
$$ құрақ
$ дария
$ аққу
$ құс
$$$60 Нотариус қандай жұмыс атқаратынын айтыңыз.
$$ ресми құжатты куәландырады
$ өтініш жазып береді
$ түйіндеме жазады
$ ресми құжатты бермейді
$$$61 Тұрақты тіркесті табыңыз.
$$ жүрегі аласұрды
$ әр алуан
$ туған шеше
$ амандық сұрады
$$$62 Нағашы деген қай жағынан туыс екендігін көрсетіңіз.
$$ шеше жағынан туыстар
$ әке жағынан туыстар
$ жиеннің балалары
$ қыздың балалары
$$$63 «Приватизация» терминінің қай баламасы дұрыс екенін белгілеңіз.
$$ жекешелендіру
$ меншікті сату
$ меншікті беру
$ міндеттену
$$$64 Несие алу үшін кепілдікке не алынатынын белгілеңіз.
$$ жылжымайтын мүлік
$ құжат
$ кепілхат
$ анықтама
$$$65 «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» мақалының мәнін айтыңыз.
$$ денсаулық
$ батырлық
$ ынтымақ
$ егіншілік
$$$66 «Жарнама» сөзі қай қатардағы сөздермен түбірлес екендігін белгілеңіз.
$$ жар салу, жариялау, жарлық
$ жарқырау, жарық беру
$ жар жағасында, өзеннің жары
$ сүйген жар, адал жар
$$$67 Есімдіктен болып тұрған бастауышты табыңыз.
$$ Ол-әкем
$ Менің әжем – дана адам
$ Алты- жұп сан
$ Ештен кеш жақсы
$$$68 «Төлқұжат» қандай мағынада берілгенін көрсетіңіз.
$$ паспорт
$ справка БТИ
$ бланк
$ вид на жительство
$$$69 Келісімшарт қандай мақсатты көздейтінін белгілеңіз.
$$ адамдардың азаматтық құқықтары мен бостандықтарын белгілейді
$ ТИБ-те тіркеу үшін
$ анықтама сияқты
$ қол қою үшін
$$$70 Антонимдік қолданыстағы мақалды табыңыз:
$$ Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат.
$ Жігіттің екі сөйлегені - өлгені.
$ Ер қаруы - бес қару.
$ Нар тәуекел - ер ісі.
$$$71 Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. «Матаның көзі бар екен, байқа».
$$ көзі
$ матаның
$ екен
$ байқа
$$$72 Өкімет – үкімет сөздерінің мағыналық айырмашылығын көрсетіңіз.
$$ Өкімет –«власть», үкімет – «правительство» дегенді білдіреді.
$ Олар – фонетикалық варианттар.
$ Ешқандай мағыналық айырмашылық жоқ.
$ Екеуі де «билік» деген мағынада қолданылады.
$$$73 Жақындау, жазу етістіктерінің бұйрық рай түріндегі баламасын көрсетіңіз.
$$ Жақында, жаз
$ Жақындау, жазу
$ Жақындады, жазды
$ Жақындат, жазамын
$$$74 Жаңа үйге көшіп келгенде қандай той тойланатынын көрсетіңіз.
$$ қоныстой
$ мерейтой
$ ашылу салтанаты
$ беташар
$$$75 «Көзді ашып, жұмғанша» тұрақты тіркестің мағынасын ашыңыз.
$$ шапшаң, тез
$ әдемі, сұлу
$ қарапайым, батыл
$ өткір, жылдам
$$$76 Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді белгілеңіз.
$$ Жастар - еліміздің мақтанышы.
$ Айту менің парызым.
$ Талап талмас - қанат.
$ Ақылды қария ағып жатқан дария.
$$$77 Мына тілектің жалғасын жазыңыз: “ Шаңырағың ...!”
$$ шайқалмасын
$ керілмесін
$ айтылмасын
$ жабылмасын
$$$78 Сөйлемді аяқтаңыз. «Қазіргі заманда ... тіл білу - өмір талабы.»
$$ көп
$ бір
$ аз
$ қажет емес
$$$79 «Шілдехана» қай кезде жасалатын той екенін көрсетіңіз.
$$ нәресте дүниеге келгенде
$ баланың тұсауын кескенде
$ бала мектепке барғанда
$ баланың тілі шыққанда
$$$80 «Жеделхат» қандай құжат екенін көрсетіңіз.
$$ телеграф арқылы беріледі
$ телефон я радио арқылы жеткізіледі
$ жеке адамның өмірінен мәлімет береді
$ бір нәрсені алғандығын жазбаша түрде растайды
$$$81 Дұрыс құрылған сөйлемді белгілеңіз.
$$ Біз осынау үлкен шараға сәттілік тілейміз
$ Үлкен осынау шараға сәттілік тілейміз біз.
$ Сәттілік тілейміз үлкен осынау шараға біз.
$ Біз осынау үлкен шараға тілейміз сәттілік.
$$$82 Адамның жеке қасиеттеріне нелер жататынын белгілеңіз.
$$ ұстамдылық, жауапкершілік
$ туған жылы, күні, айы
$ спорт, саяхат
$ телефон, мекенжай, ұлт
$$$83 Мекемелерде жүргізілетін жазу үлгісіне тән стильді табыңыз.
$$ іс-қағаздар
$ көркем әдебиет
$ ғылыми
$ ауызекі сөйлеу
$$$84 Сөйлемді аяқтаңыз: «Денсаулығыма байланысты кезектен тыс... .»
$$ демалыс беруіңізді сұраймын
$ жалақы беруіңізді сұраймын
$ уақытында жалақымды беруіңізді сұраймын
$ уақытында ақысы төленетін демалыс беруіңізді сұраймын
$$$85 Айтылуда өзгеріске түсетін сөзді көрсетіңіз.
$$ ақ ешкі
$ терең ой
$ қағаз
$ дыбыс
$$$86 Сенімхатты кім куәландыратынын белгілеңіз.
$$ нотариус
$ орынбасар
$ қызметкерлер
$ бастық
$$$87 Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.
$$ Домбырадан күй төкті.
$ Қалған ас итке төгілді.
$ Қалиман күл төкті.
$ Шәугімдегі судың қалғанын төкті.
$$$88 Қазақтың салт-дәстүріне қатысты сөз тіркесін көрсетіңіз.
$$ ұрын келу
$ бет алу
$ баланың тойы
$ ойын ойнау
$$$89 Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.
$$ Ол бұл іске бар ынта-жігерімен кірісті.
$ Іске бар ол бұл ынта-жігерімен кірісті.
$ Кірісті ол бұл іске бар ынта-жігерімен.
$ Ынта-жігерімен ол бұл іске бар кірісті.
$$$90 Еркін сөз тіркесін табыңыз.
$$ адамның жүрегі
$ қоян жүрек
$ тас жүрек
$ су жүрек
$$$91 «Әлемдік деңгейдегі биік тұлға» тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
$$ әлемге танымал белгілі қайраткер
$ мақтаныш етеді
$ сүйсініс білдірді
$ тұсаукесер рәсім
$$$92 Қысқарған сөздердің дұрыс жазылуын көрсетіңіз.
$$ ҚР, ҚазБСҚА, ТМД
$ Қ.Р., Қаз.БСҚА, ТМД
$ Қ.Р,Қаз БСҚА, Т.М.Д.
$ Қ,Р, ҚазБСҚА, Т,М,Д
$$$93 «Беташар» өлеңі қай кезде айтылады?
$$ Келін жаңа түскенде
$ қыз үйімен қоштасқанда
$ қызды үйінен шығарып саларда
$ құдалар келгенде
$$$94 Үйлену сөзіне синоним сөзді табыңыз:
$$ шаңырақ құру
$ үй алу
$ үйге шақыру
$ үйді көрсету
$$$95 «Сегіз қырлы, бір сырлы» тұрақты тіркестің мағынасын ашыңыз:
$$ өнерлі, жан-жақты
$ еңбекқор , еріншек
$ жалқау, сөзшең
$ мейірімді, қарапайым
$$$96 Бөле дегеніміз кімдер?
$$ апалы-сіңілілердің балалары
$ ағайынды жігіттердің балалары
$ апалы сіңілілердің күйеулері
$ ағайынды жігіттердің әйелдері
$$$97 Қалауды, ниетті білдіретін етістік тұлғасы бар сөйлемді дұрыс белгілеңіз.
$$ Мен жиналыста сөйлейін деп едім.
$ Мен жиналыста сөйлеген едім.
$ Мен жиналыста сөйледім.
$ Мен жиналыста сөйлеймін.
$$$98 Келіспейтіндігіңізді білдіріңіз.
$$ Құптамаймын, мен басқаша ойлаймын
$ Әрине, мүмкін болса, нақты айтқанда
$ Шынында, менің ойымша, тіпті
$ Ендеше, айталық, әдетте
$$$99 «Жауап» сөзі арқылы дұрыс жасалған сөз тіркестерін көрсетіңіз.
$$ жауап қайтару, жауап беру, жауап алу
$ жауапты деу, жауапты сөйлеу, жауапты орындау
$ жауапты жоспарлау, жауаптың қалыптасуы, жауапты ұзарту
$ жауап көрсету, жауапты нақтылау, жауапты құрастыру
$$$100 Сөйлемдерден жазылуы бірдей, мағынасы бөлек сөздерді табыңыз.
$$ Диктантты сауатты жаз. Жаз ерте шықты.
$ Ол жұмыс істейді. Мен жұмысымды бітірдім.
$ Жазда Ыстықкөлге барамын. Маған жаз айы ұнайды.
$ Қаладағы тіршілік қызық екен.
$$$101 Сөздердің қай нұсқасының емлесі дұрыс екенін көрсетіңіз.
$$ жұмысқа, баспаға, министрлікке
$ жұмысыға, баспаққа, министрлігқа
$ жұмысға, баспақа, министрлыкқа
$ жұмыске, баспеге, министрлікге
$$$102 Нұсқадағы фонетикалық заңдылық сақталған сөздерді көрсетіңіз.
$$ денсаулығыңыз, бастығы, мамандығымыз
$ денсаулықыңыз, бастықы, мамандықымыз
$ денсаулықым, бастықым, мамандықыныз
$ денсаулығықа, бастығқа, мамандығқа
$$$103 Орфографиялық заңдылыққа сай жазылған сөзді табыңыз.
$$ бөгет
$ тұлұм
$ құлұншақ
$ өзөн
$$$104 Тиісті сөзді көрсетіңіз. «... – ер қанаты.»
$$ ат
$ бие
$ мал
$ қару
$$$105 Қазақстан бейнелеу өнері сөз тіркесінің дұрыс аудармасын табыңыз.
$$ Изобразительное искусство Казахстана
$ Архитектура Казахстана
$ Графика Казахстана
$ Музыка Казахстана
$$$106 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз. «Мен сенімхат мәтінімен ... .»
$$ таныстым
$ оқыдың
$ жаздық
$ куәландырды
$$$107 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз. «Ақаулықтарды дер кезінде ... .»
$$ байқау
$ жауап беру
$ байланысу
$ келу
$$$108 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз. «Міндеттемені орындаудан ... тартты.»
$$ бас
$ қол
$ білек
$ күш
$$$109 «Үйдің сол жақ босағасында ер-тұрмандар жиналады, аяқ киімдер жатады» не туралы айтылғанын табыңыз.
$$ Киіз үй
$ Қонақ үй
$ Вокзал
$ Саяжай
$$$110 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз. «Асанованың жұмыстан ... мәлімдейміз.»
$$ босатылатынын
$ босату
$ босатумен
$ босатуға
$$$111 Қызметкерлердің қызметіне, жұмысына т.б. істеріне берілетін құжат түрін көрсетіңіз.
$$ мінездеме
$ өмірбаян
$ түйіндеме
$ хаттама
$$$112 Сұраққа жауап беріңіз. «Кімге сенім білдіресіз?»
$$ Оспановқа
$ Оспановта
$ Оспановпен
$ Оспановтан
$$$113 Антонимдік қолданыстағы мақалды табыңыз:
$$ Жастықта да кәрілік тұр, байлықта да жарлылық тұр.
$ Кәрі, кәрінің сөзі - дәрі.
$ Жас өспей ме, жарлы байымай ма.
$ Ер дәулеті –еңбек .
$$$114 «Удостоверять» сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз.
$$ куәландыру
$ куә болу
$ куәлікке ие болу
$ күмәндану
$$$115 Сөйлемді толықтырыңыз. «Б. Елеукеноваға ... бойғы еңбегі үшін алғыс жариялансын»
$$ ұзақ жылдар
$ жұмыс өтілі
$ еңбек жолы
$ жемісті еңбек
$$$116 Сөйлемді толықтырыңыз. «Қолхаттың бір ... нотариалдық кеңседе тіркелген.»
$$ данасы
$ мерзімі
$ түрі
$ бөлшегі
$$$117 Тыйым сөзді көрсетіңіз.
$$ бүйіріңді таянба
$ жаяу жүрме
$ ешкіммен сөйлеспе
$ шашыңды тарама
$$$118 Сөйлемді толықтырыңыз. «12-үй, 25-пәтерде ... азамат Ержановтан жүз мың теңге алдым.»
$$ тұратын
$ оқитын
$ тұрмақшы
$ жүретін
$$$119 Хронологиялық тәртіппен өз өмірінен мағлұмат беретін құжат түрі:
$$ өмірбаян
$ өтініш
$ визит карточкасы
$ арыз
$$$120 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Тілді қадірлеу ... басталады.»
$$ дұрыс сөйлеуден
$ бұрыс сөйлеуден
$ сөйлемеуден
$ салық алудан