Байланыс телефоны 123-45-67-89.
Тапсырма№1
№ | Тапсырмалар |
1. | Блокнот программасын жүктеу үшін жұмыс үстеліне лақап құрыңыз. Блокнот программасы лақабының қасиетін қарап шығыңыз, Блокнотты жүктегенде экранға толық ашылатындай етіп өзгертіңіз. Блокнот лақабын есептер тақтасына көшіріңіз. |
2. | Жолсерікті (Проводник) жүктеңіз, кесте түрінде бумалар мен файлдарды көрсетіңіз. Соңғы өзгертілген мерзім бойынша бумалар мен файлдарды өсу ретімен сұрыптаңыз. |
3. | Есептер тақтасында орналасқан тілдер тобына неміс тілін қосыңыз. Автоматты түрде есептер тақтасы экраннан алынатындай етіп және Бас менюді классикалық түрге өзгертіңіз. |
4. | ДК қатты дискіде орналасқан файлдарды келесі критерий бойынша табыңыз: ü кеңейтілуі .doc (мәтіндік құжаттар); ü кеңейтілуі .jpg (графикалық құжаттар); ü өткен жұмада соңғы өзгертілген файлдар; ü файл мазмұны "Windows" сөзінен тұратын; ü файл аты «Информатика» сөзінен тұратын; |
5. | Дискіні тазалау стандартты программасының көмегімен С дискісін тазалаңыз. С дискісін дефрагментациялаңыз. |
6. | С:\Student бумасынан 5 файлды ерекшелеп, ағымды бумада архивтік файл құрыңыз (arhiv1- файл аты). Кеңейтілуі .doc болып келген файлдарды arhiv1 архивінен шығарыңыз. «Мои документы» бумасына файл атының 2-шіі символы «А» әрпінен тұратын файлдардың көмегімен Медицина.rar архивін құрыңыз. |
Тапсырма
Мәтіндік процессор Word 2007 құжатты құру, сақтау және қайта жүктеудегі негізгі принциптермен танысу.
1. Word –ты жүктеу.
2. Экранға бетті белгілеу (разметка страницы) режимін тағайындаңыз.
3. Негізгі параметрді (қаріп тип - Times New Roman, қаріп өлшемі - 12, мәтінді тегістеу – сол жақ бойынша) тағайындаңыз.
4. Мәтінді теру барысында Enter пернесін қолданбай, берілген үлгі (5.1 - сурет) бойынша теріп шығыңыз.
5. Тап1.docx атымен мәтінді сақтаңыз. «Сохранить как…» және «Сохранить» командасындағы айырмашылықтарға назар аударыңыздар.
6. Құжатқа Автоматты сақтау параметрін әрбір 10 минут сайын сақтаңыз деп тағайындаңыз.
7. Құжатты жауып, қайта жүктеңіз.
8. Word 2007ортасынан шығыңыз.
Құрметті студенттер! Сіздерді «Комфорт» атты компьютерлік фирманың салтанатты презентациясына шақырамыз. Фирма қазақстанның нарық аумағында бірнеше жылдан бері жұмыс істеуде. Еліміздегі көптеген тұтынушылар біздің ақпараттық компьютерлік техникамызды қолданып қана қойма онымен жұмыс істегенді ұнатады. Сонымен қатар жаңа ақпараттық техникаларға көрме ұйымдастырылады. Сіздер үшін есігіміз ашық. Мекен –жайымыз: Компьютер көшесі 100 үй, сағ. 18-00, байланыс телефоны 123-45-67-89.
5.1 - сурет
Тапсырма
Құжатты өңдеу
1. Тап2.docx файлын жүктеңіз.
2. Мәтін теру барысында жіберілген қатені түзетіңіз (дұрыс жазу, тезаурус, аударма).
3. 5.2 - суретімен салыстыра отырып, мәтінді абзацтарға бөліңіз.
4. Фрагменттерді белгілеу әдістерін көрсетіңіз (сөз, сөйлем, символ, бір жолды тұтас, жолдарды топтап, абзац, бүкіл мәтін).
5. Абзацтын көшірмесін жанама және негізгі мәзірдің көмегімен алыңыз, сосын жойыңыз.
6. Абзацқа символ, сөз және сөйлемнің көшірмесін кірістіріңіз.
7. Іздеу командасы бойынша келесі амалдарды орындаңыздар:
ü Түбірлес сөз, мысалы компьютер сөзін табыңыздар,
ü Ж әрпінен басталатын сөздерді табыңыздар.
8. Бүкіл мәтінді көшіріп алыңызда, бір студентке арнап шақыру билетін жазыңыз. Мысалы, Қымбатты Жанар!
9. Бір кезкелген сөзді ауыстырыңыз. Мысалы, фирманы - кеңсеге.
10. Байланыс телефоны 123-45-67-89 бірнеше мәрте мәтінге қойып шығу үшін авто ауыстыру командасын қолданыңыз.
11. Тап1.docx файлын Тап3.docx деп қайта сақтаңыз.
Құрметті студенттер!
Сіздерді «Комфорт» атты компьютерлік фирманың салтанатты презентациясына шақырамыз.
Фирма қазақстанның нарық аумағында бірнеше жылдан бері жұмыс істеуде. Еліміздегі көптеген тұтынушылар біздің ақпараттық компьютерлік техникамызды қолданып қана қойма, онымен жұмыс істегенді ұнатады. Сонымен қатар жаңа ақпараттық техникаларға көрме ұйымдастырылады.
Сіздер үшін есігіміз ашық.
Мекен –жайымыз: Компьютер көшесі 100 үй, байланыс телефоны 123-45-67-89.
5.2 - сурет
Тапсырма
Word процессоры ұсынған үлгі бойынша құжат құру.
1. Word анықтамалық жүйесін жүктеңіз. Үлгі (шаблон) туралы ақпаратты оқып шығыңыз.
2. Үлгіні пайдалана отырып, өз резюмеңізді жазыңыз.
3. Файлды өз есіміңізбен сақтаңыз.
Тапсырма
Тап3.docx құжаттын пішімдеу.
1. Тап3.docx файлын жүктеңіз.
2. Құрметті студенттер! фрагментін жартылай қоюландырыңыз және қәріп өлшемін 18 пт тағайындаңыз.
3. Құрметті студенттер! Фрагментін орта тұсқа тағайындаңыз және бас әріпке ауыстырыңыз (строчные буквы на прописные).
4. Жоларалық интервалдың параметрін: бірінші жол үшін – 3; екінші жол үшін - 4; үшінші жол үшін – 2 тағайындаңыз.
5. Құжатты 5.3- суретіне сәйкестендіріп пішімдеңіздер.
6. Фрагменттерге неше түрлі жиектеулер мен тұтас бояу енгізіңіз.
7. Құжаттағы өзгерісті сақтаңыз.
Қ ұ р м е т т і с т у д е н т т е р !
Сіздерді «Комфорт» атты компьютерлік фирманың
салтанатты презентациясына шақырамыз.
Фирма қазақстанның нарық аумағында бірнеше жылдан бері жұмыс істеуде. Еліміздегі көптеген тұтынушылар біздің ақпараттық компьютерлік техникамызды қолданып қана қойма, онымен жұмыс істегенді ұнатады. Сонымен қатар жаңа ақпараттық техникаларға көрме ұйымдастырылады.
сіздер үшін есігіміз ашық.
Мекен –жайымыз:
Компьютер көшесі 100 үй, сағ. 18-00
байланыс телефоны 123-45-67-89.
5.3 - сурет
Тапсырма
Мәтінге нөмірленген және маркирленген тізімді енгізу.
Ол үшін:
1. Жаға құжат құрыңыз.
2. 5.4-суретінде берілген мәтінді теріңіз.Бірінші жолды тақырып ретінде қаріпін үлкейтіп алыңыз.
3. 2-3 жолды нөмірленген тізім етіп тағайындаңыз.
4. 4 –жолды орта тұсқа қойып, жартылай қоюланған қаріпті тағайындаңыз.
5. 5- жолды бірінші деңгейлі маркирленген тізім түрінде тағайындаңыз.
6. 11-18 жолдарды бірінші деңгейлі маркирленген тізім түрінде тағайындаңыз.
7. 6-10 және 12-17 жолдарды екінші деңгейлі маркирленген тізім түрінде тағайындаңыз. Маркирленген тізімнің түрін өзгертіңіз.
8. Тап3. Docx деп файлды сақтаңыз.
Есте сақтаңыздар! Пішімдеу үшін ең алдымен мәтінде белгілеп алу керек. Мәзір немесе Абзац саймандарының көмегімен мәтінді пішімдеуге болады. Мәтінді пішімдеу – келесі тапсырмаларды орындай алу деген сөз: яғни, мына парамертлерді тағайындау: Қәріп түрі (тип), Өлшемі, астын сызу, түсін өзгерту Қаріптің эффектін анықтау: жоғарғы индекс, төменгі индекс, сызылған (зачеркнутый), толыққан, тығыздалған (утопленный), және т.б..; символ аралық және жоларалық интервалды тағайындау; бірінші абзацты жаңа жолдан бастау және т.б. көптеген амалдар. |
5.4-сурет
Тапсырма
Стиль астарлы бетпен жұмыс істеу. Құжаттың әр абзацының бірінші бас әріптеріне «Буквицы» стилін қолдану. Библиографияны безендіру.
1. Жаңа құжат құрыңыз.
2. Анықтама терезесі арқылы Автоауыстыру командасы туралы ақпаратты оқып шығыңыз. Көшірмесін алыңыз.
3. Құжатқа фрагмент көшірмесін мына амалдар арқылы алыңыз:
· 1- абзацты Алмасу буфері;
· 2- абзацты Жанама мәзір.
4. 1- абзацты 3- ші абзацқа «сүйреп әкелу-және-кірістіру» амалымен орынын ауыстырыңыз.
5. Құжаттың әр абзацының бірінші бас әріптеріне «Буквицы» стилін қолданыңыз.
6. Абзацқа қалауыңыз бойынша жаңа стиль тағайындаңыз.
7. Ерекшеленген фрагментке жаңа стиль таңайындаңыз
8. Библиографиялық ережені пайдаланып, келесі бетте оқулықтар тізімін жазыңыз (жалпы түрі: Фамилия1, Фамилия2. Негізгі атауы: тақырыпша. – басылымы: баспахана аты, жылы. –бет 5.
9. Құжатты сақтап, жабыңыз.
Тапсырма
Мәтінді колонка түрінде орналастыру
1. Тап3.docx құжаттын жүктеңіз.
2. Мәтінді екі колонка түрінде орналастырыңыз: сол колонкаға екі деңгейлі маркирленген тізімді, оң колонкаға бір деңгейлі маркирленген тізімді.
Тапсырма
Бірнеше тереземен жұмыс істеу. Мәтіндік құжаттар арасындағы ақпарат алмасу. Колонтитул.
1. Кезкелген мәтіндік файлды жүктеңіз.
2. Құжат көшірмесін бес бетке орналастырыңыз.
3. Жоғарғы және төменгі индексті қолдана отырып, құжатты төмендегі фрагментпен толықтырыңыз:
х1,2 = а3+b3.
4. Жоғарғы оң жақ бұрышқа бет нөмірін орналастырыңыз.
5. Үлгіні қолдана отырып, тақ және жұп беттер үшін колонтитул кірістіріңіз.
6. Жоғарғы жұп беттің колонтитуліне файл атын және ағымды күнді кірістіріңіз.
7. Төменгі тақ беттің колонтитуліне өз аты-жөніңізді кірістіріңіз.
Тапсырма
Формула редакторы
1. Жаңа құжат құрыңыз және онда келесі мәтінді тере отырып формуланы енгізіңіз.
Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс
, a=
.
Қазақша | Ағылшынша | |
Жанама мәзір | Context menu | |
Жатық мәзір | Horizontal menu | |
Жүйелік мәзір | System menu | |
Бас мәзір | Main menu, Start | |
Жұмыс үстелі | Desktop | |
Архивация | Arhive | |
Құрал саймандар тақтасы | Toolbar | |
Есептер тақтасы | Taskbar | |
Мәзір жолы | Menubar | |
Айналым жолақтары | Scroll bar | |
Менің компьютерім | My computer | |
Себет, қоржын | Recycle Bin | |
Менің құжаттарым | My Documents | |
Лақап | Shortcut | |
Жұмыс алаңы | Work area | |
Куй жолағы, Жағдай жолы | Status bar | |
Жолсерік | Windows Explorer | |
Файлдық құрылым | File structure | |
Тақырып жолы | Header row | |
Алмасу буфері | Clipboard | |
Жинақтау | Minimize | |
Қалпына келтіру | Restore Down | |
Бүкіл терезеге ашу | Maximize | |
Көпдеңгейлі тізім | Multilevel List | |
Нөмірленген тізім | Numbering | |
Маркерленген тізім | Bullets | |
Office батырмасы | Office Button | |
Лента | Ribbon | |
Негізгі | Home | |
Кірістіру | Insert | |
Колонтитулдар | Header &Footer | |
Интервал (дейін, кейін) | Spacing (before, after ) | |
Шегініс (сол жақ, оң жақ) | Indent (left, right ) | |
Өріс | Margins | |
Қаріп | Font |
2. Келесі бетте мына формуланы теріп жазыңыз C=
Глоссария
Әдебиеттер:
1. Гельман В.Л. Медицинская информатика. Москва. 2002 г.
2. Виталий Герасевич. Компьютер для врача. Санкт-Петербург. 2002 г. .
3. Симонович С.В. Информатика. Базовый курс. 2-издание. Питер. 2003 г.
4. Симонович С., Г.Евсеев, В. Мураховский. Вы купили компьютер. Москва. “АСТ-ПРЕСС КНИГА”. 2004 г.
5. Глушаков С.В., Сурядный А.С.. Персональный компьютер. Москва. 2004 г.
6. Информатика. Под редакцией проф. Н.В.Макаровой. Москва «Фин.стат». 2005.
7. Изтлеуов М.К., Беккужина А.И., Емжарова Г.У. Информатика. Актобе.2005.
8. Беркінбаев К.Н. Информатика. Алматы. 2005.
9. Жапарова Г.Э. Информатика. Алматы. 2006. .
10. Макарова Н.В. Информатика 3-издание. Москва 2006.
Үзіліс -10 мин
Студенттердің оқытушымен бірігіп істейтін жұмысы: - 25 мин
Жұмыстың практикалық бөлігі аяқталғаннан соң оқытушы студенттердің практикалық жұмыстан алған нәтижелерін дұрыстығын тексереді. Содан кейін оқытушы тақырыпты студенттермен бірге талқылайды және оның практикалық қолданылуын сұрайды.
Соңғы білім деңгейлерін бақылау -20 мин
Оқытушы студенттердің практикалық жұмыс нәтижелерінің қорытындысын тексереді. Тақырыпты сараптай отырып бақылау сұрақтарын жүргізеді.
Бақылау
Сұрақтары:
1. Жұмыс үстелінің негізгі төрт объектісін атаңыз?
- «Пуск» бас мәзір командаларының қызметін атаңыз?
- Терезе түрлерін атаңыз: анықтамалық, сұқбаттық, қолданбалы бағдарламалық және қалталық.
- Жаңа таңбашаны қалай құруға болады?
- Сақтау және Қайта сақтау командаларының арасында қандай айырмашылық бар?
- Архиватор-бағдарламасының қызметі.
- Диск дефрагментациясы дегеніміз не?
- Word мәтіндік редакторын қалай жүктеуге болады?
11. Word мәзірінің негізгі бөлімдерін атаңыз?
Қорытындылау: 5- мин