Компьютерлік вирустар және олардан қорғану

1.Програмалық вирустар- бұл қолданбалы программалар ішіне мақсатты түрде орнатылған програмалық кодтың бөлігі. Құрамында вирусы бар программаны жүктеу барысында вирус пайдаланушыға бөлінбей іс-әрекетін орындай бастайды. Мұндай вирустар басқа программаның құрамында өзінің көшірмесін дайындайды. Бұл процесс көбею деп аталады. Белгілі уақыт өткен соң және қажетті көшірмелердің программасы дайын болған соң бұзу іс-әрекетіне кірісе бастайды: программаның және операциялық жүйенің жұмысын бұзады, ақпараттарды өшіреді. Бұл процесс вирустық шабуыл деп аталады.

2.Жүктемелі вирустардыңпрограммалық вирустардан айырмашылығы таратылу әдісінде. Олар магниттік тасымалдаудың кейбір бөліктерін зақымдайды. Сонымен қатар компьютер қосылып тұрғанда жедел жадта орналасады. Яғни жедел жадтан қатты дискінің жүктеу секторына өтеді. Бұл компьютер вирус тасымалдауға айналады.

3.Макровирустар – құрамында макрокомандалары бар қолданбалы программалардағы құжаттарды зақымдайды.

4.Троян аттары – бұл вирустар компьютердегі ақпараттарды өзімен алып кетеді, ал компьютердегі программалар зақымданады.

Көпшілікті ақпараттандыру урдісінің оң салдарларымен бірге теріс жақтары да бар. Мысалға, компьютерлердің глобальдық желіге бірігуі, бір жағынан көп мөлшердегі адамдардың ақпараттар әлемінде жинақталған үлкен массивке араласуына әкелсе, екінші жағьшан желіге орналастырылып сақталған интеллектуалдық меншікті қорғауға қиындық тудырды.

Компыотерлік вирустер әсерінің нәтижесінде ДК тұтынушылары өте жиі ақпараттарын жоғаттады. Компыотерлік вирустер, тұтынушыға және қызмет атқарушы ДК мерсоналына көптеген қиындықтар туғызатын, ерекше типті зиян тасушы программалар болып табылады.

Компьютерлік вирусдеп өздігінен пайда болу, көбею және басқа программаларға белсенді ену қасиетіне ие программаны айтады. Компьютерлік және биологиялық вирустер ұқсастығы анық. Вирустар әруақытта кесел келтіреді – ДК-ің қалыпты жұмысына кедергі болады, файлдық құрылымды бұзады жэне т.б., сондықтан олар зиян тасушы программалар қатарына жатады. Компъютерлік вирустердің өмірлік цикліміндетті түрде келесі фазалардан тұрады:

1) латенттік период, вирустың ешқандай қимыл жасамайтын уақыты;

2) өсу периоды, вирустың тек қана көбею уақыты;

3) белсенді период, көбеюмен бірге вирус алгоритміне салынган рұхсатсыз қимылдар жасалатын уақыт.

Алғашқы екі фаза вирус көзін, оның өту каналын жасырып жэне барынша көп файлды бүлдіріи, вирус білінгенше жаралау қызметін агқарады.

Вирустардан қорғайтын программалар мыналарға бөлінеді: детектор-программасы вирустарды табады; иммуназатор.

Программасы вирустар оны бүлдірдік деп санайтындай етіп программаны өзгертеді. Көптеген вирустар екінші мәрте файлды бүлдіре алмайды, өйткені иммуниттеу вирустардың мұндай «бір жолғы» әрекетінен қорғауға мүмкіндік береді; фаги-программасы вирустарды тауып қана қоймай, олардың көзін құртады, яғни оларды жояды. Егер программа әр түрлі вирустарды құрта алатын болса, онда оны әдетте полифаг деп атайды. Кейде вирустарды жойганнан кейін бүлінген файлды бұрынгы (бастапқы) қалпына келтіруге болады. Ал, бастапқы қалпына келмеген файлды емделмейтін, яғни жөнделмейтін файл деп атайды. Мұндай жагдайда емделмейтін файлды жойып, жоқ қылу керек. Сонымен қатар, мұндай жағдайда дискетке жазып алудан қорғалатындай етіп орналастырылган программаның тазарезервтік көшірмесі қажет болады; сүзгі-программасы (программа фильтры), (күзетші – қарауыл, монитор) компьютер қосылганнан кейін ұдайы жұмыс жағдайында болады және қалыпты жұмыс істеп тұрған компьютерде сәл ауытқу пайда болса қатер төнгенін білдіріп, бірден дабыл қағады (белгі береді). Бұл компьютерге, яғни программага еніп кеткен вирусты ерте тауып, сол кірген сәттегі алғашқы кезеңінде-ақ оның бүлдірушілік әрекеттерін асқындырмай, алдын алып, негұрлым залалсыздандыруға ұмтылады.

Бүгінгі таңда ең танымал (әйгілі) антивирустық құралдарға Norton AntiVirus, AVR, Aidstest, Adinf, DoctorWeb және DSAV. DoctorWeb дестелерін жатқызуға болады. DoctorWeb антивирустық программа құралы компьютердің жадында сақтау программадағы белгілі вирустарды іздестіріп, табылған вирустарды дискіден алып тастауды орындайды. Сондай-ақ компьютер дискілеріндегі жүйелі аймақтың және файлдардың эвристикалық талдауын жүзеге асырады. Эвристикалық талдауыш дестенің маңызы айрықша элементі болып табылады. Ол программадан белгісіз болып келген бұрынғы және жаңадан пайда болған компьютерлік вирустарды табуға (оның таба алатын мүмкіндігі зор) мүмкіндік береді. DoctorWeb антивирустық программасы 1994 жылы шығарылған. Дәл қазіргі уақытта бұл программаның нұсқалары көптеп шығарылған.

Компьютерлік вирустар және олардан қорғану - student2.ru

Norton AntiVirus2000.

Компьютерлік вирустар және олардан қорғану - student2.ru Windowsүшін осы заманға антивирустық программалардың ішінде Sumantec Corporation фирмасының вирустарды тауып, залалсыздандыру бойынша үлкен мүмкіндіктеріне ие, сондай-ақ аса қолайлы пайдалану интер-фейсі бар Norton AntiVirusпрограммасы кеңінен танымал.

Вирустардың бар-жоғын тексерудің ең қарапайым түріне Іздеу кнопкасын басудан кейін іздеу процесі орындалатын дискідегі КАУ бас терезесіндегі мүмкіндік беретін барлық параметрлердің мәні дыбыс шығармауы (по умолчанию) бойынша белгіленеді.

Тексеруді пайдалануға қажетті қапшықты иемесе файлды тапсыру үшін командалардың біреуін пайдалану керек: Іздеу -Папкалар – Файлдар және ашылған диалог терезесінен қажетгі атауды тандау керек.

Әр түрлі іздеу парамегрлерінің тапсырмасы үшін құрал-саймандар панеліндегі Параметрлер кнопкасын пайдалаітуға болады немесе құралы -Параметрлер командасын орындау керек.

Наши рекомендации