Бағдарламалық қамсыздандыруды сипаттау

КІРІСПЕ

Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.б.э.д. 3000 жыл — Ежелгі Вавилонда алғашқы есептегіштер — абак пайда болды. б.э.д. 500 жыл — Қытайда абактың «жаңа» нұсқасы пайда болды.

1855 жыл - Стокгольм қаласында ағайынды Георг және Эдвард Шутц Чарльз Бэббидж жұмыстарының негізінде алғашқы айырмалық машина жасады.

1912жыл - орыс ғалымы А.Н.Крылов жобасы бойынша қарапайым дифференциалдық теңдеулерді интеграциялауға арналған машина жасалды. 1927 жыл - Массачусетс технологиялық университетінде аналогтық компьютер жасап шығарылды. 1938 жыл - неміс инженері Конрад Цузе өзінің алғашқы есептеуіш машинасын жасап, оған Z1 деген ат берді (Оның соавторы ретінде Гельмут Шрейердің есімі де аталады). Бұл толықтай механикалық, бағдарламаланатын цифрлық машина еді. Бұл үлгі іс жүзінде қолданылмады. Оның қалпына келтірілген нұсқасы Берлиндегі неміс техникалық мұражайында сақталған. Осы жылы Цузе Z2 машинасын жасауға кірісіп кетті. 1941 жыл - Конрад Цузе Z3 машинасын жасады. Бұл машина қазіргі заманғы компьютердің барлық қасиеттерін ие болатын.

1942жыл - Айова штатының университетінде Джон Атанасов және оның аспиранты Клиффорд Берри АҚШ-тағы алғашқы электрондық цифрлық компьютерді жасап бастады. Бұл машина толықтай аяқталмағанымен, тарихшылардың айтуына қарағанда, американ ғалымы Джон Мочлидің екі жылдан кейін Эниак ЭЕМ-ін жасап шығаруыны көп әсерін тигізді. 1943 жылдың басында алғашқы американдық есептеуіш машина — Марк I жасалды. Бұл машина АҚШ әскери-әуе күштерінің күрделі баллистикалық есептерін шығаруға арналған еді.

Жедел жадыны қорғау және динамикалық бөлу іске асты. Көптеген жоғары деңгейлі, солардың ішінде символдық есептерге (SNOBOL. LISP. REFAL сияқтылар) және логикалық есептерге (Prolog. Miranda сияқтылар) бағытталған программалау тілдері қолданылды, символдық есептер мен логикалық есептер үлесі көбейді. Бұл компьютерлердің дамыған жасанды зердесі болады: олардың өзін - өзі оқытатын қабілеті және өздігінен кейбір мәселені түсініп, жобалап, оны шешу немесе жүзеге асыру үшін керекті программаны немесе құрылғыны құрастыра алатын мүмкіншілігі болады.

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

Бағдарламалық қамсыздандыруды сипаттау

Delphi бағдарламасын iске қосу үшiн бiз ең алдымен Delphi бағдарламасын орнатуымыз керек. Егер бағдарлама орнатылған болса, онда оны әдеттегiдей Iске қосу (Пуск) – Бағдарламалар (Программы) - Borland Delphi 7® Delphi 7 командалары арқылы iске қосамыз.

Бұл кезде Delphi 7бағдарламасы iске қосылады (сурет 1).

бағдарламалық қамсыздандыруды сипаттау - student2.ru

Сурет 1. Delphi 7 программасының ашылуы

Бұл бағдарлама iске қосқанда ең алдымен Delphi бағдарламасының негiзгi үш терезесi экранда көрiнедi. Бұл терезелердiң біріншiсi Delphi ортасының негiзгi терезесі болып саналады. Бұл терезеде стандарты батырмалар, аспаптар панелi бар және Delphi–дің барлық компоненттері орнатылған, ал екіншiсi Delphi ортасының негізгі пішін (Form1) деп аталады. Бұл пішінде барлық компоненттер орналастырылады, ал үшіншiсi Delphi ортасының объект инспектор терезесi (Object Inspector). Терезеде кез келген компонеттердің қасиеттері, шрифты, түсі, көлемі және компонеттерді бір-бірімен байланыстырады, тағы басқа қасиеттерін өзгертеді.

Жалпы, ортада программа құруға арналған төртінші, модуль терезесi де iске қосылады (Unit1.pas). Форма терезесiнiң астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрiнбейдi. Delphi-дiң негiзгi терезесiнiң құрамына мәзiр, аспаптар па­нелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген (сурет 2).

бағдарламалық қамсыздандыруды сипаттау - student2.ru

Сурет 2. Delphi-дің негiзгi терезесi

Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшiн алдымен пішінге компонент орнатуы, пішінді не пішінде орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi мүмкiн. Оның әр iс-әрекетi оқиға шақырады. Яғни, оқиға – бағдарламаның жұмыс iстеуi кезiнде объект жағдайының өзгеруi.

Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесi арқылы пішінде орнатылған Button1 компонентiн шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады (сурет 3).

бағдарламалық қамсыздандыруды сипаттау - student2.ru

Сурет 3. Форма оқиғалары

Әр объектiге байланысты оқиғалар жеткiлiктi Мысалы, пішінге байланысты оқиғалар саны – 35 . Олар қасиеттер терезесiнiң Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi (қосым­шасы) тiркестiрiлiп жазылған. Ол – атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн белгi.

Delphi-де программа (проект) екi бөлiмнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1. pas атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес iс-әрекеттердi орындайтын про­грамма мәтiнi (процедуралар) енгiзiледi. Программа мәтiнiн программалық код деп, терезенi программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп те атайды. Басында ескертiлгенiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару тәсiлдерi:

- Форманы жабу (жабу түймесiн шерту);

- Код терезесiнiң бiр шетi форма астында көрiнiп тұрса, оны шерту.

Терезе белсендiрулi түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлiнген класс және процедура атаула­рынан тұрады т.б. (сурет 4).

бағдарламалық қамсыздандыруды сипаттау - student2.ru

Сурет 4. Код терезесi (Unit1)

Наши рекомендации