Орын алмастырулар шифрлары
Орын алмастырулар шифрларын пайдалану кезінде мәтіннің белгілі бір бөлігі анықталған ереже бойынша ауыстырылып қойылады. Орын алмастырулар шифрлары ең қарапайым, ең ежелгі шифрлар болып табылады.
Скитала» орны алмастыру шифры
Біздің эрамызға дейінгі V ғасырда Спарта басқарушылары жақсы ойластырылған әскери байланыс жүйесімен жұмыс жасаған және өз хабарламаларын ең алғашқы криптографиялық құрылғы «скитала» көмегімен шифрлаған.
Шифрлау келесі әдіспен жүргізіледі. Цилиндрлік түрдегі серіппеге пергаменттер орап, оған мәтін жазған. Сонан соң серіппеден пергаментті жазылған мәтінмен бірге шешкен. Пергамент бетінде жазулар шашырай орналасады.
Мысалы: «НАСТУПАЙТЕ» сөзін серіппе шеңбері бойымен жазсақ
«НУТАПЕСАТЙ» шифрмәтінін алуға болады. Шифрмәтінді қайта ашу үшін шифрлау ережесін және серіппе диалектрін білу қажет.
Шифрлаушы кестелер
Қайта өрлеу дәуірі басталғаннан бастап криптография да қайта дами бастады. Сол заманғы орын алмастыру шифрлары ретінде шифрлаушы кестелер пайдаланылған.
Шифрлаушы кестелерде кілт ретінде :
1) кесте өлшемі ;
2) орын алмастыруды беретін сөз;
3) кесте құрылымы ерекшеліктері пайдаланылады.
Ең көп тараған түрі - кесте өлшемі кілт болатын қарапайым орын алмастыру. Мысалы: «СЕГОДНЯ В ПОЛНОЧЬ В РЕСТОРАНЕ ЧАЙКА» хабарламасын баған бойынша жазамыз.
С | Н | Л | В | О | Ч |
Е | Я | Н | Р | Р | А |
Г | В | О | Е | А | Й |
О | П | Ч | С | Н | К |
Д | О | Ь | Т | Е | А |
Кесте 6 бағаннан, 5 жолдан тұрады. Шифрмәтін алу үшін жазуларды жол бойымен 5 әріптен бөлейік.
«СНЛВО ЧЕЯНР РАГВО ЕАЙОП ЧСНКД ОЬТЕА» хабарламасы алынады.
Хабарламаны жіберуші мен алушы алдын-ала жалпы кілт ретінде кесте өлшемін пайдалануды келісіп алуы тиіс. Алынған шифрмәтінді қайта ашу үшін кері қарай амалдар орындалады.
Келесі орын алмастыру кілт бойынша бірлік орын алмастыру деп аталады. Бұл әдістің айырмашылығы кесте бағандары кілттік сөзге не сандар жиынына байланысты орын ауыстырылады. Мысалы: «ПЕЛИКАН» кілттік сөзін алып, «ТЕРМИНАТОР ПРИБЫВАЕТ СЕДЬМОГО В ПОЛЬНОЧЬ» мәтінін шифрлайық.
Осы сөздің алфавит бойынша орналасуын қарастырайық.
А-1 Л-5
Е-2 Н-6
И-3 П-7
К-4
Алғашқы кесте Шифрланған кесте
П | Е | Л | И | К | А | Н |
Т | Н | П | В | Е | Г | Л |
Е | А | Р | А | Д | О | Н |
Р | Т | И | Е | Ь | В | О |
М | О | Б | Т | М | П | Ч |
И | Р | Ы | С | О | О | Ь |
A | Е | И | К | Л | Н | П |
Г | Н | В | Е | П | Л | Т |
О | А | А | Д | Р | Н | Е |
В | Т | Е | Ь | И | О | Р |
П | О | Т | М | Б | Ч | М |
О | Р | С | О | Ы | Ь | И |
Демек, сандарды өсу реті бойынша орналастырдық. Алынған кестедегі әріптерді жол бойымен 5-ден топтап келесі шифрмәтінді аламыз: