Студенттердің өзіндік жұмыстарына әдістемелік нұсқау
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) – студенттің нақты білімін және тәжірибелік іскерлігін жетілдіруге арналған ұдайы ізденушілігі.
СӨЖ үшін берілетін тапсырмалар Дәріс тақырыбынан ауытқымау керек. Тапсырманың орындалуын тексеру оқытушының аудиториядан тыс уақытында іске асуы керек және СӨЖ-ді тапсыру ауызша түрінде өткізіледі. Егер СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін компьютерлік класс немесе зертхана керек болса, онда студенттер үшін арнайы уақыт бөлінуі керек.
Жалпы мақсаттары. Тапсырмаларды орындау, программалық құралдары мен программалау теориясының әдістерін, бастапқы мәліметтерді лабораториялық жұмыстарға дайындау, оларды өткізу нәтижелерді таңдау, орындалған жұмыс нәтижелерін рәсімдеу бойынша теориялық білімнің бекітілуі және тәжірибелік біліктіліктің қалыптасуы.
Студенттердің жұмыстарын ұйымдастырудың жалпы мақсаты оларды өздігінен білім алуға, танымдық іс-әрекетін дамыта білуге, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, ғылыми ізденіске үйрету. Тек өз еңбегімен алған білім ғана едәуір терең және берік болып қалыптасады, есте ұзақ сақталады және білім алуға құштарлығын арттырады.
Студенттерді өзіндік жұмыстарға үйрету үшін оларды, оқулықтармен, қосымша әдебиеттермен, анықтамалық құралдармен, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге, олардан алынған қажетті материалды конспектілей білуге, теориялық білімді тәжірибеге өздігінен қолдана білуге, яғни тапсырмаларды, жаттығуларды орындай білуге, рефераттар жазуға, курстық және дипломдық жұмыстар орындауға, баяндамалар дайындауға т.б. жұмыстарға баулу.
Өзіндік жұмыстардың көлемі оқу бағдарламасындағы білімдер жүйесі бойынша анықталады. Дәрістерді толығымен қамту мүмкіндігі аз, бірақ меңгеруге жеңіл оқу материалдары, теориялық материалды пысықтауға арналған тапсырмалар рефераттар, баяндамалар дайындау, курстық және дипломдық жұмыстарға қажетті материалдар табу, оларды таңдай білу т.с.с. бірқатар жұмыстар өзіндік жұмыстардың негіздерін құрайды.
СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№ | Тапсырмалардың мазмұны | Сағат саны | Тапсыру мезгілі (апта) | Бақылау түрі |
СӨЖ 1 Тапсырма 1. Windows NT/2000 операциялық жүйесі. Тапсырма 2. Windows 95/98/NT/2000 операциялық жүйелерін орнату және баптау | 4 апта | .wmv форматта | ||
СӨЖ 2. Тапсырма 1. Window XР операциялық жүйесін орнату және баптау Тапсырма 2. Acronics программасымен жұмыс | 7 апта | .wmv форматта | ||
СӨЖ 3. Тапсырма 1. LUNIX операциялық жүйесімен танысу және баптау. Тапсырма 2. UNIX және LUNIX операциялық жүйелерінің салыстырмалы ерекшеліктері | 11 апта | .wmv форматта | ||
СӨЖ 4. Тапсырма 1. Macintosh операциялық жүйесін орнату және баптау Тапсырма 2 Перифериялық құрылғылармен ОЖ байланыс орнату түрлері | 14 апта | .wmv форматта | ||
Барлығы: |
Глоссарий