Дәрістің тақырыптық жоспары

Силлабус

Пән : «Коммуналдық гигиена»

Пән коды - KG 4202

Мамандық: 5В110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Оқу сағатының көлемі (кредиттің) – 135 сағат/ 3 кредит

Оқытылатын курс пен семестр: ІV- курс, 7 - семестр

Жыл.

Силлабус «Гигиена – 2» кафедрасы мәжілісінде қаралды.

Хаттама № _____ « ______» ________ 2016 ж.

Кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент м.а ________________ С.У. Ескерова

2. Бағдарлама:

Кіріспе

Коммуналды гигиенасы - адамның тіршілік ортасын жақсарту, халықтың аурушаңдығының алдын алу және төмендету шараларын құрастыру, коммуналды гигиена саласындағы гигиеналық нормативтерді және санитарлық заңдарды тұжырымдау мақсатымен, елді мекендер жағдайында қоршаған ортаның табиғи және антропогендік факторлардың адамның денсаулығына тигізетін әсерін зерттейтін негізгі профилактикалық пәндердің бірі болып табылады.

Коммуналды гигиенасы «Қоғамдық денсаулықты сақтау» мамандығы бойынша бакалаврдың білуі тиісті, профилактикалық медицина ғылымы салаларының бірі болып саналады.

2.2 Пәннің мақсаты: коммуналдық гигиена бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізетін қоғамдық денсаулық сақтау маманын дайындау.

2.3 Оқытудың міндеттері:

• коммуналды гигиена нысандарына ескертпелі және ағымды санитарлық қадағалауды жүргізуді үйрету;

• елді мекендер аумағында атмосфера ауасын, топырақты және су қоймаларын ластаушы негізгі көздерге санитарлық қадағалауды ұйымдастыруда санитарлық-гигиеналық әдістерді қолдануға үйрету;

• сумен қамтамасыз ету көздеріне, ауыз судың сапасын жақсарту әдістеріне және су құбыры кұрылымдарының орналастырылуына санитарлық-гигиеналық баға беру жөнінде білім беру;

• елді мекендердің канализация жүйелері мен түрлеріне, тұрмыстық-шаруашылық және өнеркәсіптік іркінді суларды тазалау кондырғыларының жұмысының тиімділігіне санитарлық-гигиеналық баға беруге үйрету;

• елді мекендердің атмосферасына шығарылатын шығарыстырды тазалау бойынша әртүрлі кәсіпорындардың газдан-шаңнан тазалау қондырғыларының жұмысының тиімділігіне санитарлық-гигиеналық бағаберу, шектеліп-рұқсат етілген шығарысты (ШРЕШ) анықтауды үйрету;

• қоршаған орта факторларының (атмосфера ауасының, судың) халықтың денсаулығына тигізетін әсерін зерделеу туралы білім беру;

• елді мекендердің аумағын қатты қоқыстардан және сұйық ластардан тазалауына және оларды зиянсыздандыру әдістеріне санитарлық қадағалау;

• тұрғын және қоғамдык ғимараттардың,әртүрлі

коммуналдық-тұрғын нысандарының,спорт құрылымдарыныңжарықтануына,жылытуына және ауа алмасуына санитарлық қадағалау жүргізуге үйрету;

• сумен қамтамасыз ету, канализация, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың, коммуналдық-тұрғын нысандарының, спорттық құрылымдарының, қалалық және ауылдык мекендерді жоспарлау және салу бойынша жобалық құжаттарын санитарлық-гигиеналық сараптау жөнінде білім беру;

• су коймаларын, елді мекендердің атмосфера ауасын, топырақты және жабық бөлмелердің ауасын санитарлык қорғау бойынша санитарлық-гигиеналық шараларды құрастыру және жүзеге асыруға үйрету.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

Дублин дескрипторлар ОҚМФА-да әзірленген мамандық құзыреттілігі   Пәнді оқытудың нәтижесі   (ЖББМС)Құзреттілік бойынша оқу нәтижесі.
А Зерттеліп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік   Коммуналдық гигиенаның мақсаты мен міндеттерін, олардың кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін ерекшеліктерін біледі. Р1
Тұрғындар денсаулығына әсер ететін негізгі нысандар мен факторларды біледі: ауа сапасын, су және сумен жабдықталуын, топырақты микроклиматты.   Р1
Коммуналды бөлімнің құжаттарын біледі. Жобаны сараптауды жүргізу кезеңдерін біледі. Гигиеналық құралдарын және жұмыс істеу қағидаларын біледі. Р3
Қоршаған орта мен жабық ғимараттың көрсеткіштерінің гигиеналық нормативке сәйкестігін бағалау және анықтау әдістерін біледі. Р3
Денсаулық сақтаудағы маркетинг әдістемесін біледі. Р14
Денсаулық сақтаудағы менеджмент әдістемесін біледі. Р16
Тұрғындардың денсаулық көрсеткіші мен қоршаған орта факторларының өзара байланысын біледі. Р17
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Топырақ және су, атмосфералық ауаның негізгі ластану көздеріне ағымды және ескертпелі санитариялық эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру ережесін біледі. Р27  
Санитариялық эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктерін түсінеді. Р13
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Санитариялық заңнамалардың базасы болатын негізгі нормативтік құқықтық актілердің тізімін және әдістемелік құжаттарды біледі. Р6
Қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына әсер ететін, коммуналдық нысандарға қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптарды біледі. Р20
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Коммуналдық гигиена бойынша ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуді біледі. Р9
Коммуналдық гигиена саласында ғылыми зерттеулер бойынша мәліметтер базасы мен соңғы ғылыми жетістіктерді оқиды. Р21
Коммуналдық гигиена бойынша ғылыми зерттеулердің әдістемесін, этикалық қағидаларын біледі. Р21
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Мәліметтер базасында ақпараттарды іздеу әдісін, IТ -технологиясын біледі. Р2
Қажетті ақпаратты сақтау, алу жағдайы мен тәсілдерін біледі. Р2
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі Орыс және мемлекеттік тілдерде мәліметті еркін түсіндіре алады. Р3
В Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік     Коммуналдық нысандарын зерттеу әдістемесін меңгерген. Р9
Коммуналдық нысандарды санитариялық –эпидемиологиялық зерттеу жүргізеді және тексеру актісін рәсімдейді. Р18
Қоғамдық және тұрғын ғимараттардың микроклимат көрсеткіштерін, топырақ пен ауа, судың сапасын және олардың инфекциялық аурулардың таралуындағы рөлін анықтайды. Р17
Спорттық құрылымдардың, коммуналды нысандарды, ғимараттың жылуын және желдетілуін, жарықтандырылуын бағалауды жүргізу. Р17
Тұрғындар арасында су факторлары арқылы берілетін жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды жою мен төмендету бойынша алдын алу шараларын іске асырады. Р27
Әртүрлі жобаларға сараптау жұргізеді және гигиеналық қорытынды береді. Р9
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Коммуналдық гигиена мәселелері бойынша тұрғындардың әр түрлі топтарына санитарлық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру жобасын құрастырады. Р27
Коммуналдық гигиена нысандарына ағымды, ескертпелі санитариялық -эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастырудың және жүргізудің жоспарын құрастырады. Р24
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының қызметі туралы және тұрғындардың санитариялық- эпидемиологиялық жағдайын жақсарту, денсаулық сақтау туралы ҚР заңнамалы құжаттарын қолданады және түсіндіріп береді. Р19
Коммуналдық гигиена нысандарында санитариялық -эпидемиологиялық ережелер мен талаптарын қолдана біледі. Р19
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Кәсіби міндеттерді шешу үшін, коммуналды гигиена бойынша ғылыми ақпараттарды жинай және талдай алады. Р26
Коммуналдық гигиена бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізе алады. Р21
    Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Ақпараттық базаларды қажетті мәліметтер алу үшін қолданады. Р10
Ақпараттық технологияны пайдалана отырып, алған мәліметтерді өңдейді және талдайды. Р26
Word, Internet Explorer, Power Point, Excell бағдарламаларды оқулықты және ғылыми ақпараттарды безендіре алады. Р26
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі Командада жұмыс жасай алады, көшбасшылыққа ұмтылуды көрсетеді. Р8
Қоғамда жеке тұлға ретінде коммуникативтік дағдыларды нығайтады. Р4, Р8
Кәсіби қызметті дамыту үшін ағылшын тілінде Elementry арнайы терминдерді қолданады. Р3, Р11
С Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік   Оқу білімінің нәтижелерінің қорытындысын бағалайды, бақыланған факторларды қарым-қатынастардың себептерін түсіндіреді. Р11
Тұрғындардың денсаулығын сақтау және жақсарту үшін нысандарды тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жоюды ұсыныс ретінде тұжырымдайды. Р27
Аймақ ерекшеліктерін ескере отырып, коммуналдық гигиена бөлімдерінің мәселелерін шешуде дәйектерді қалыптастырады және оларды қолданады. Р27
Жабық ғимараттардың ауасын және топырақты, атмосфералық ауаны, су нысандарын санитарлық қорғауда ұсынылған ұсыныстарды негіздейді. Р27
Коммуналды гигиена саласында мәселені шешуде статистикалық мәліметтерді талдайды.   Р21
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Коммуналдық гигиена нысандарын зертханалы зерттеу нәтижелері бойынша дәйектерді құрастырады және олардың тұрғындар арасында жүргізілетін санитарлық-ағарту жұмыстарында қолданады. Р27
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Санэпидқадағалау қызметін реттейтін нормативті және заңнамалы құжаттар жүйесіне бағыттайды. Р19
Коммуналдық гигиена мәселелерін шешу үшін негізгі нормативті құжаттарды пайдаланады. Р19
  «Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Коммуналдық гигиена бойынша ғылыми зерттеулер шешімін негіздейді. Р21
Коммуналдық гигиена аймағындағы ғылыми жетістіктерді бақылап отырады және дәйектейді. Р21
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Мәселені шешу дәйектерді қалыптастыру барысында әр түрлі компьютер көздерінен мәліметтерді іздейді және жинақтайды. Р26
  «Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі Сауатты аргумент жүргізу және ұжым, жеке пікірін нақты дәлелдей алады. Р8
Командада жұмыс істей алу қабілетін көрсетеді. Көшбасшылық және ұйымдастыру қабілетін көрсете біледі. Р8
Зерттеліп жатқан мәселелердің шешу жолын өздігінен ұсына алады. Р8
D Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік   Коммуналдық гигиена нысанына соңғы ғылыми жетістіктерді енгізеді және түсіндіреді. Р3, Р8
Нақты бір коммуналдық гигиена нысанында сапа көрсеткіштерін жинақтауды жүзеге асыруды және тұрғындарға әртүрлі пайда болған аурулар туралы түсіндіреді. Р17, Р26
Алдын- алу іс шарасының нәтижесі бойынша мәлімет жинауды жүзеге асырады олардың көрсеткіштерін түсіндіреді. Р26
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Коммуналдық гигиена бойынша өзекті мәселелер жөнінде ақпараттық бюллетеньді және стендтің шығуын дайындайды және ұйымдастырады. Р27
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Адамның адамға деген қарым-қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық нормативті ҚР Конститутциясының негізгі ережелеріне сүйенеді. Р19
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Коммуналдық гигиенаның таңдалған тақырыбы бойынша ғылыми мақалаларды студнттер,оқытушылар және әріптестерімен бірлесе отырып, шығарады. Р22
Әр түрлі көздерден алынған статистикалық деректерді талдайды. Р26
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Статистикалық есептер, интернет базасынан, оқулықтан және ғылыми әдебиеттерден мәлімет жинау арқылы жүзеге асырылады.   Р26
  «Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі Коммуналды гигиена мәселелері бойынша өзінің жеке пікірін баяндама, есеп, презентация түрінде безендіріп, тәжірибелік сабаққа, студенттер үйірмесінің отырысында, студенттердің ғылыми конференциясында және т.б. жерлерде ұсынуға қабілетті. Р26, Р27
E Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік   Зертханалық талдауды қорытындысы бойынша ауаның, топырақтың, әртүрлі су көздерінен алынған ауыз судың және микроклиматтық көрсеткіштеріне гигиеналық баға беріп, баяндама дайындап, баяндайды. Р26, Р27
Тұрғындарды санитариялық оқытуға және дезинфекциялық бақылау бойынша нысан құруға, сонымен қатар коммуналды нысандарына санитарлық талаптарды сақтауды бақылау бойынша қызметпен қамтамасыз етуге қатысады. Р27
Коммуналды нысандарға санитариялық-эпидемиологиялық тексерулерді жақсартуы бойынша гигиеналық ұсыныстар мен тексеру алгоритмін құрастырады. Р27
Елді мекендерді жобалау және орналастыру бойынша мәліметтерді жинап, түсіндіріп береді. Р26, Р27
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Гигиенаға бағытталған коммуналды нысандары бар жеке кәсіпкерлерге жұмыс барысын түсіндіре алады. Р27
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Санитариялық -эпидемиологиялық қызметті реттейтін жаңа және қолданыстағы құқықтық құжаттарды баяндайды. Р17, Р27
Тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында ұйымдасқан топтарға негізгі санитариялық ережелерді хабарлайды. Р27
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесін әріптестеріне және оқытушыларға, студенттерге мәлімдейді. Р27
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі «Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі Әр түрлі мәлімет тасушыларды пайдалана алады. Р10
Компьютерден мәліметтерді ала алады және шығарады.   Р2
  Студенттерге / оқытушыларға / емтихан қабылдаушыларға гигиеналық білімі мен оқу тәжірибелерін жүргізу және жоспаралуға, анықталған фактілер мен құбылыстардың, олардың себепті-салдарлы арақатынастарын түсіндіріп беруге қабілетті. Р23, Р26
    Тұрғындар, студенттер, балалар мен жасөспірімдер арасында ақпараттық мәселелерді насихаттау үшін мәліметтер іздеу мен өңдеуді жүргізе алады. Р26, Р27
Мәліметтермен және өз білімімен жұмыс істей алатын қабілетін әріптестері мен студенттерге бере алады. Р26, Р27
Зерттелетін аймақ ақпараттарын синтездеу, талдау, жеке көзқарастағы пікірлерді талқылауды, көпшілікке шығарумен дағдыланған. Р27
Коммуналдық гигиенадан алынған білімдерін компьютерлік техника және желілік технология арқылы тарата алады. Р2
  Білім алуды өз бетінше жалғастыра алу қабілеті   Эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау  

2.5 Реквизитке дейінгі: жалпы патология негіздері, микробиология, вирусология және иммунология, жалпы гигиена, қоршаған орта және халық денсаулығы, жұқпалы аурулар.

2.6 Реквизиттен кейінгі: эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау.

2.7.Тақырыптық жоспар:тақырып, әр сабақтың өткізілу түрі мен ұзақтылығы (дәріс, тәжірибелік, өзіндік жұмыс)

Дәрістің тақырыптық жоспары

Тақырыбы Өткізілу түрі Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)
Коммуналды гигиенасы пәні. Қазақстан Республикасында мемлекеттік санитарлық қадағалау. Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің құрылымы мен функциялары. . шолу    
Елді мекендерді сумен қамтамасыздандыру. Су жұқпалы және жұқпалы емес текті аурушаңдықтың факторы ретінде. Ауыз суды тазалау мен залалсыздандыру әдістерін гигиеналық бағалау. шолу
Топырақтың гигиеналық маңызы. Топырақты қорғаудың қазіргі мәселелері. мәселелік
Елді мекендерді санитарлық тазалауды ұйымдастырудың және жүргізудің негіздері. Қатты және сұйық қоқыстарды зиянсыздандырудың негізгі әдістері.   Қатені түзету дәрісі
Атмосфера ауасын ластаушы көздер. Атмосфера ластануының халықтың денсаулығына және өмір сүруінің санитарлық жағдайына әсері, қауіпті факторлар.   мәселелік
Атмосфера ауасындағы химиялық заттарды нормалаудың негізгі ұстанымдары. Атмосфера ауасын санитарлық қорғау бойынша шаралар жүйесі.   Қатені түзету дәрісі
Тұрғын үйлердің микроклиматын нормалаудың ғылыми негіздері Тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың жылытуын, вентиляциясын және табиғи және жасанды жарықтануын нормалаудың гигиеналық негіздері. Инсоляцияның гигиеналық маңызы.   мәселелік
Емдеу-профилактикалық, амбулаториялық-емханалық және шипажай-сауықтыру мекемелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерінің гигиенасы. мәселелік
Аудандық жоспарлаудың гигиеналық негіздері Қалақұраушы факторлар. Қаланың селитебті аумағын ұйымдастыру. Тұрғын аудандар және ықшам аудандар.   шолу
Қаланың шу мәселесі. Тұрғындардың денсаулығына шудың әсері.   мәселелік
  Жалпы сағат:
2.7.2 Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары
р/с Тақырыбы Өткізілу түрі Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)
Қазақстан Республикасында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің жүйесі, оның кұрылымы және функциялары. Коммуналды гигиена бөлімінің құжаттары. Тестік бақылау  
  Жер асты және жер беткі су көздерінен орталықтандырылған сумен қамтамасыздандыру. Ауыз судың сынамаларын алу әдістемесі, зерттеулерді жүргізу және олардың нәтижелерін толтыру тәртібі. Коагуляциялау, тұндыру және сүзу.       TBL (team based learning)    
Елді мекендерді сумен қамтамасыздандыру жобаларын санитарлық сараптау әдістемесі. Шахты құдықтарының құрылымы.Шахты құдықтарын дезинфекциялау және ондағы суды залалсыздандыру. . Жұппен жұмыс,ситуациялық есептерді шешу  
Елді мекендердің аумағын таза ұстаудың санитарлық ережелері. Қатты қоқыстарды жинауына, сақтауына және елді мекеннен шығаруына санитарлық қадағалау әдістемесі.   SGL,(small group learning), тестік бақылау
Атмосфераның ластануының халықтың денсаулық жағдайына әсерін зерделеу әдістемесі.Атмосфера ауасының ластануына бақылауды ұйымдастыру әдістемесі: стационарлык, маршруттық және жылжымалы бекеттер.     Пресс-конференция
  Өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарын ұйымдастыруын гигиеналық бағалау. Тұрғын үйдің гигиеналық және эпидемиологиялық маңызы. Тұрғын үйлерді салу учаскесіне қойылатын талаптар. TBL (team based learning)    
Тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың табиғи және жасанды жарықтануы.Тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың жылыту жүйелері және вентиляциясы. Гигиеналық талаптары. Нормалау.   Пресс-конференция
Жууханалар. Құрылымы, пайдалануына қойылатын талаптар. Жұппен жұмыс
Емдеу-профилактикалық мекемелерін жоспарлаудың және санитариялық-техникалық жабдықтаудың гигиеналық негіздері.   Пікірталас
Спорт құрылымдарын жоспарлау, көркейту және жабдықтау ерекшеліктері. Дөңгелек үстел
Елді мекеннің және тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың шулы тәртібін гигиеналық бағалау. Электромагниттік өріс көздеріне санитарлық қадағалау әдістемесі. Электромагниттік өрістердің деңгейін және шуды нормалау.   SGL(small group learning)
Қалаларды жоспарлауда және салуда табиғи-климаттық факторларды гигиеналық тұрғыдан бағалау. Ықшам ауданның аумағының және тұрғын үйлердің инсоляциясын гигиеналық тұрғыдан бағалау. Инсоляцияны нормалау.Ауылдық елді-мекенде қоғамдық орталықтарды салу ерекшеліктері және санитарлық-гигиеналық принциптері. Тестік бақылау,ситуациялық есептерді шешу
  Барлығы:
2.7.3 Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
Тақырыбы Өткізілу түрі Сағат саны Аптасы
7-семестр
Санитариялық-гигиеналық зертхана жұмысын ұйымдастыру. Коммуналды гигиенасы нысандарын тексеру актілерін, хаттамаларын және қорытындыларын және басқа кұжаттарын толтыру тәртібі. Презентация дайындау , тест сұрақтарын және ситуациялық есептерді құрастыру, алдын-алу іс-шараларының өңдеуі,баяндама,жоба, G-Global коммуникативтік алаңында оқытуышымен бірге пікір қалдыру.  
Ауыз судың химиялық тұрғыдан зиянсыздығын сипаттаушы көрсеткіштер. Ауыз судың радиациялық тұрғыдан зиянсыздығын сипаттаушы көрсеткіштер.          
Су факторының халықтың денсаулық жағдайына әсерін зерделеу. Ауыз суда түрлі микроэлементтер болуының адамның денсаулық жағдайы үшін маңызы. Нанотехнологияларды пайдаланып ауыз суды тазартудың қазіргі заманғы әдістері            
Табиғи сулардағы пестицидтер мен минералды тыңайтқыштар: олардың әсерін бақылау мен бағалау. Елді мекендерді канализациялау жобаларын санитарлық сараптау сатылары. Берілген құжаттардың жеткіліктілігн анықтау.          
Қатты қалдықтарды залалсыздандырудың жаңа әдістері.Бактериологиялық және гельминтологиялық зерттеу үшін,химиялық анализге топырақтан сынама алу ережесі.            
Топырақтың санитарлық жағдайына радиоактивті қалдықтардың әсері.Топырақты зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша топырақтың тазалығын бағалау.        
Қоршаған ортаның ластануымен байланысты халықтың денсаулық жағдайын бағалау әдістері мен критерийлері. Қазақстанның қалаларындағы атмосфераның ластану деңгейіне динамикалық бақылау.          
Аралық бақылау Тестік бақылау,ауызша сұрау,ситуациялық есептерді шешу    
Тұрғын үйлерде және қоғамдық ғимараттарда қолданатын қазіргі жасанды жарықтандыру кұралдарының артықшылықтары және кемшіліктері. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың желдету жүйесінің жобасына санитарлық сараптама. Қазіргі кұрылыстарда полимерлік материалдардың қолданылуы. Полимерлерге гигиеналық бақылау және баға беру.   Презентация, тест сұрақтарын және ситуациялық есептерді құрастыру, алдын-алу іс-шараларының өңдеуі,баяндама,жоба, G-Global коммуникативтік алаңында оқытуышымен бірге пікір қалдыру. Нысанға бару, акт толтыру              
Дәріхананың құрылымына, мазмұнына, орналасуына қойылатын талаптар.            
тетар кинотеатр,кітапхана жобалау ерекшеліетері мен талаптары.Елді-мекенді тазалаудың бас сызбасының жобасына санитарлық сараптама.зираттарға және мал өлекселерін көметін орындарға қойылатын гигиеналық талаптар.            
Монша. құрылымына, мазмұнына, орналасуына қойылатын талаптар.        
Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардағы және ықшам ауданның аумағандағы инфрадыбыстың деңгейінің қазіргі нормативтерінің гигиеналық маңызы. Презентация, тест сұрақтарын және ситуациялық есептерді құрастыру, алдын-алу іс-шараларының өңдеуі,баяндама,жоба, G-Global коммуникативтік алаңында оқытуышымен бірге пікір қалдыру.          
  Елді мекендерді көркейтудегі жасыл желектердің рөлі. Ірі қалаларда жалпы қалалық маңызы бар нысандарды орналастыру ерекшеліктері.          
  Аралық бақылау. Тестік бақылау,ауызша сұрау,ситуациялық есептерді шешу            
  Барлығы:
                     

2.8 Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

Дәрістер: шолу, мәселелік, қатені түзету дәрісі

Тәжірибелік сабақтар: тестік сұрақтарды және ситуациялық есептерді шешу, SGL, TBL, пікірталас, пресс-конференция, жұппен жұмыс, құжаттармен танысу, зертханалық құралдармен жұмыс жасау

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ): ОСӨЖ жалпы оқу кестесінде көрсетілмейтін, жеке кесте түрінде берілетін, оқытушымен контактіде орындалатын, студенттің аудиториядан тыс жұмысы болып табылады. ОСӨЖ барысында оқу бағдарламасының күрделі сұрақтары бойынша, үй тапсырмасын, жобаларды, тәжірибелік сабақтарды орындау, семестрлік жұмыстарды қадағалау, есеп жасау және тағы басқа СӨЖ тапсырмаларының түрлерінде туындайтын сұрақтары, аралық бақылау.

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):Баяндамалар, жобалар және есеп жасау, презентация дайындау, тест тапсырмаларын және жағдайлық есептерді құрастыру, санитариялық-гигиеналық шараларды құрастыру, нысандарды тексеру және акт жазу.

2.9 Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:

Бақылаудың келесі түрлері қолданылады: ағымдық, аралық және қорытынды.

Ағымдық бақылау: тестілеу, жағдайлық есептерді шешу, орындалған тапсырманың нәтижесін тексеру және т.с.с, шағын топтармен жұмыс кезінде өзін - өзі және топтық бағалау.

Аралық бақылау: коллоквиум. Аралық бақылау семестрдің 8 және 15 апталарында тестілеу, ауызша сұрау,жазбаша бақылау, жағдайлық есептер шығару тәжірибелік дағдыларды бағалау түрінде тапсырылады.

Қорытынды бақылау: тестілеу(КТБО).

Қосымша материалдармен, құралмен және жабдықпен қамтамасыз етілуі:

Құрал және жабдықтар: компьютерлер, интербелсенді тақталар.

Қосымша материал: көрнекі материал; оқу бейнефильмдер; тақырыптық тарату материалдары, әртүрлі коммуналдық нысандардың жобалары, тақырыптық стенділер, интернетке қосылу.

2.10 Ұсынылатын әдебиет:негізгі және қосымша

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Шабдарбаева М.С., Омаров С.Қ., Коммуналдық гигиенасы. Окулық. Алматы: ЖШС «Эверо» -2011, 264 б. І бөлім.

2. Шабдарбаева М.С., Омаров С.Қ., Коммуналдық гигиенасы. Окулық. Алматы: ЖШС «Эверо» -2011, 264 б. ІІ бөлім.

3. Неменко Б.А., Д.Б.Бекказинова, Г. А.Арынова, Г.Б.Елғондина Коммуналды гигиенадан практикалық сабаққа арналған оқулық.

4. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы.

Электронды ресурстар:

1.Мазаев В.Т. Коммуналды гигиена. В 2 ч. [Электронды ресурс]: учебник для вузов – 2-е изд., испр. и. доп. – электрон. Текстовые дан. (35,7 МБ). –М.: Издательская группа «ГЭОТАР - Медиа», 2009-304 с.эл.опт. диск (СD ROM). 2.Ескерова С.У., Су және сумен қамтамасыз ету гигиенасы [Электронды ресурс]: оқу құралы– электрон. Текстовые данные (856 МБ). – Шымкент: ОҚММА, 2009.

Орыс тілінде

Негізгі:

1.Коммунальная гигиена /Под редакцией Мазаева В.Т. В 2 ч. – М.:ГЭОТАР-Медиа, 2007 - 4.1.-304 с.; Ч. 2. - 336 с.

2. Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиене: Учебник – Алматы, 2008. – 430с.

Қосымша:

1 .Общая гигиена /под ред. А.М. Большакова, В.Г. Маймулова.- М., 2006.-736

2. Севастьянов В.Н. Проблема радонобезопастности в Казахстане: монография. – Алматы: КазгосИНТИ, 2004

Мазаева В.Т., Ильницкий А.П., Шлепнина Т.Г. Руководство по гигиене воды и питьевого водоснабжения. – М. – 2008. – 250с.

3.Больничное дело в Казахстане: состояние, проблемы и подходы к новой модели / А.А. Аканов, В.Н. Девятко, В.И. Ахметов и др. – Астана, Б. – 2006.- 166с.

4.Руководство к лабораторным занятиям по общей гигиене. – М., 2009.-736с.

Наши рекомендации