Linux — UNIX ұясына кіретін амалдық жүйе
Еркін бағдарламалық қамтама (ЕБҚ) біртіндеп күш жинауда. Егер бұрын ол тек тәжірибесі бар адамдармен қолданылып, кәдімгі пайдаланушылар үшін күнделікті қолдануға жарамаса, қазір осы жағдай өзгерген. ЕБҚ-ға өткен адамдар саны күннен-күнге өсіп келе жатыр, олардың арасында басқа операциялық жүйелер туралы естімеген адамдар да бар. Осы мақалалар сериясы осыған байланысты жазылған. Одан сіз бірнеше терминдерді, дистрибутивті қалай таңдау, таңдалған дистрибутивті қалай орнатып-баптауды, көмекті қайдан іздеу және не оқу керек туралы біле аласыз.
Терминология
GNU/Linux-ты «шұқып» көріп, одан соң оны күнделікті қолданамын дегендер тәжірибелері аз болғандықтан жиі терминологияда шатасады. Төменде ыңғайлатылған түрінде бірнешеуін түсіндіруге тырысамын. Көбірек білу үшін осы ұғымдар туралы Интернетте (Википедияда) оқып, танысуға болады.
Free Software – еркін бағдарламалық қамтама (ЕБҚ), оны еркін қолданып және таратуға рұқсат ететін еркін лицензиялардың біреуі аясында таратылады.
Open Source – бастапқы кодтары ашық бағдарламалық қамтама не ашық бағдарламалық қамтама. Маңызды ескерту: ашық – тегін дегені емес. Ашық пен еркін арасында айырмашылығы аз, тек керек кезінде оны ол туралы жеке айтамыз.
GNU/Linux – Linux ядросына негізделген операциялық жүйенсінің атауы. Көбінесе осы сөз тіркесінің бірінші бөлігі айтылмайды, тек Linux (Линукс) деп айтылады. GNU/Linux құрамасы – ядро, командалық өндеуіш және бағдарламалық қамтаманың жинағы.
Дистрибутив – бағдарламалық қамтаманың (операциялық жүйелер де) таратылу түрі, құрамында осы операциялық жүйенің орнатқышы мен минималды бағдарламалар жинағы болады. Linux дистрибутивтерінің мысалдары: Ubuntu, Debian, Slackware, openSUSE, Archlinux, т.б.
Консоль (командалық жол) – негізі, ол – операциялық жүйенің мәтіндік көрінісі, түрі. Мәтіндік командаларды енгізу-шығару құралы. GNU/Linux жүйелерінде командалық жол деп көбінесе Bash командалық өңдеуіші және оның графикалық кеңейтуі (Xterm, Gnome-terminal) аталады. «Терминал» ұғымына ұқсас болып келеді.
Root (суперпайдаланушы) – GNU/Linux жүйелерінде шектеусіз әкімшілік құқығы бар пайдаланушысы.
GUI (ағылш. «graphical user interface») – пайдаланушының графикалық интерфейсі. Яғни, терезелер, панельдер, батырмалар мен т.с.с.
Window Manager – терезелердің орналасуын мен олардың әрекеттерін басқарады. Мысалы, Compiz – графиалық эффектілерді ұсынады.
Desktop Environment – жұмыс үстелінің ортасы, негізгі үші түрі бар: KDE, GNOME, XFCE. Құрамында бағдарламалар жинағы болуы мүмкін. Мысалы, мәтіндік редактор ретінде Gnome ішінде gedit, ал KDE ішінде Kwrite болып келеді. Жай ғана бағдарламалар жинағы емес, өзара тығыз байланыстырылға болады, мысалы, медиаплейерде ойнап жатқа өлең атын жедел хабарламалармен алмасу бағдарламасы көрсете алады.
Десте – бағдарламалық қамтама файлы, құрамында бағдарламаның өзі, қосымша мәліметтер болады (лицензия мәтіні, мысалға). Десте атауы әдетте стандартты болады, бағдарлама аты, нұсқасы, архитектурасы көрсетіледі. Сонымен қатар, Linux әлемінде қолданатын дестелер түріне сәйкес дистрибутивтер екі үлкен топқа бөлінеді. Ең көп таралғандары deb және rpm дестелер түрлері. Алайда, кейбір дистрибутивтер өздік пішімдердегі дестелерді қолданады.
Дестелер менеджері – БҚ дестелерін басқаруға арналған бағдарлама. Бағдарлама дестелерін іздеу, орнату, өшіру, жаңарту мен т.с.с. әрекеттерді орындайды Мысалы: dpkg, rpm. Archlinux үшін дестелер менеджері – pacman.
Репозиторий – БҚ дестелері орналасатын жер. Ол интернеттегі серверде, жергілікті компьютерде, не компакт-дисктерде орналасуы мүмкін. Репозиторийден дестелер менеджері дестелер туралы ақпаратты оқып, оларды жүктеп ала алады.
Бастапқы код – бағдарламаның «шикі» түрі, яғни, бағдарламалау тілінде жазылған код файлдары мен қосымша құрама (суреттер, құжаттама, т.с.с.). Бағдарлама осы түрінде пайдасыз, қолдану үшін оны «жинау» керек, бұл үрдіс компиляция деп аталады.
Скрипт– командалық өңдеуіш орындайтын командалар жазылған файл. Мысалы, командалар тізімін қайта-қайта тере бермеу үшін оны скриптке жинауға болады.
Тақырып №12: ЕС ЭЕМ диалогты мониторлар. ДэЕм үшін PCTOOLS мониторлар.
Мақсаты: ЕС ЭЕМ диалогты мониторлардың түрлерімен танысу. ДэЕм үшін PCTOOLS мониторларын білу.
Қысқаша мазмұны:Функцияның негізгі топтары. Арнайы командалар. PCTOOLS іске қосу. Файлдық функциялар. Дискілік функциялар.
Монитор ДэЕм – ң міндетті түрде қажет құралы, компьютердің жедел жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін қажет. Экран түстеріне қарай мониторлар монохромды және түрлі-түсті, ал информация түрлеріне байланысты мәтіндік (тек символдық информация) және графикалық (символдық және графикалық информация) болып екіге бөлінеді.
Тақырып №13 : Macintosh операциялық жүйесі
Дәріс жоспары:
Командалық жолдың параметрлері. Жалпы түсініктер және амалдары. Панелдер. Сол жақтағы және оң жақтағы панельдің менюі. Кейбір жүйелік программаларды жөндестіру. Файлдардың менюіо. Командалардың менюі. Басқада инструментальді мүмкіндіктері.
Apple Inc. (ˌæp(ə)lˌɪŋk, (қаз.)Әппл) — дербес және планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, телефондар мен бағдарламалар өндіруші американдық корпорация. Дербес компьютерлер жасау саласында пионер компания. [2]. Бас пәтері — Калифорния штатындағы Купертино қаласында.
Компанияның ең танымал өнімдері компьютердің Macintosh желісі, iPod, iPhone және iPad. 2011 жылдың тамыз айында Apple компаниясы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша ең қымбат компания болып танылған. 1976 жылы 1 сәуірде Калифорнияның Купертино қаласында негізі қаланған, 1977 жылдың 3 қаңтарында корпорация ретінде тіркелген. 30 жыл бойы компанияның атауы Apple Computer, Inc. болған, 2007 жылы 9 қаңтарда "Computer" сөзі алынып тасталады.
Тарихы
Корпорацияның негізін Стив Джобс, Стив Возняков және Рональд Уейн салған. Возняков өзі құрастырып шыққан компьютер алғаш рет көпшілікке Homebrew Computer Club-ында көрсетілген. Бұл Apple I дербес компьютері болатын. Бұған дейін 1974 жылы «Альтаир 8800» компьютерлері шыққан еді, алайда олар жеке компьютер ретінде техникалық жағынан біліктілігі жоқ болған. 1976-1977 жылдары бірнеше фирмалар алғашқы жеке қолданыстағы компьютерлерді шығара бастаған, 1977 жылдары Commodore және Tandy Radio Shack компанияларының компьтерлері мыңдап сатылған, дегенмен де 1970 жылдардың аяғында 1980 жылдардың басында Apple II компьютерлері әлем бойынша миллиондаған данасымен таралады.
1980 жылдары Apple тарихында Apple IIІ жобасына шығарылуына қатысты сәтсіз болады. 2001 жылы Возняк жол апатына ұшырап уақытша жұмысын ысырып қояды. Осы кездегі Apple IIІ-тің сатылымына қатысты шыққан қиыншылықтар үшін Джобсқа 40 қызметкерін жұмыстан босатуға тура келеді. Баспасөздерде компанияның жақын арада жабылуы жайлы сөзздер қозғалады. Тұғырықтан шығу үшін 1983 жылы Джобс Джона Скалли компания президенті қызметіне шақырады. Алайда Джобс пен Скаллидің қарым-қатынастары жақсы болмайды.
1984 жылы Apple фирмасы өзінің алғашқы жаға 32-разрядты Macintosh компьютерін ұсынады. Ары қарай компания осы компьютердің серияларын шығарумен айналысады. Macintosh компьютерлері фирмалық операциялық жүйемен жабдықталған Motorola процессорлары негізінде шығарылған. 1985 жылы АҚШ-тың президенті Рональд Рейган техникалық үдерістің дамуына үлес қосқаны үшін Джобс пен Везнякты медалдармен марапаттайды.
Логотипі
Apple-дің ең бірінші логотипін Р.Уейн шығарған. Бұл Исаак Ньютонның алма ағашының астында отырған бейнесі болған. Кейін Роб Джанофф бір жағы тістелген, кемпірқосақ түстес алманың суретін ұсынып, ол 1976 жылдан 1998 жылға дейін қолданылған. Кейін алманың түсі қараға өзгертіледі. Бұл логотип 1998 жылдан бері қолданылып келеді.