Көп тараған процессорлардың модельдері
Ең алғашқы процессорды 15 ноябрь 1971 жылы Intel компаниясы жасап, оны Intel 4004 деп атаған. Ол IBM PC компьютерінен он жыл бұрын жасалған. Оның тактлік жиілігі 108 кГц, 2300 транзистордан құралған, 10 микрондық технологияда жасалған. Деректер шинасы 4 разрядты, 640 байттық жадта адрестеуге мүмкіндік берген. Ол бағдарламалық микрокалькуляторларда қолданылған. 1927 жылы Intel 8008 процессорын шығарды. Ол 200 кГц жиілікте жұмыс істеген, 3500 транзистордан құралып, деректер шинасы 8 разрядты, 16 Кбайттық адрестік жад болған. Ол терминалдарда қолданылған. Келесі процессор 8080 1974 жылы жасалып, 6000 транзистордан, 640 Кб адрестік жадтан құралған. Одан алғашқы Altair 8800 алғашқы дербес компьютері жасалынып СР/М операциялық жүйесі қолданылған. Оған арнап Мicrosoft BASIC интерпретаторын жасап шығарған. 80386 (386) – 32 разрядты процессоры, оны INTEL фирмасы 1985 жылы шығарған. Ол 8086, 8088, 80286 модельдеріне қарағанда өнімділігі жоғары. 1991 жылдан соң бұл процессорды жетілдірілген 486 және Pentium процессорлары ауыстырды. 386 процессорларының тактілік жиілігі 16–40 МГц.80486(486) процессоры 1989 жылы жасалып, оның 386–мен салыстырғанда бірдей тактідегі өнімділігі екі есе жоғары, ол ішкі архитектураны жетілдіру негізінде жасалды. 486 процессорының барлық түрінде кэш – жады орналастырылған, оның көлемі 8 және 16 КБ. Бұл процессорлар 4 түрге бөлінеді: SX – сопроцессорсыз, ДХ, ДХ2 (екі еселенген жиілікті) және ДХ4 – (үш еселенген жиілікті). Процессорлардың бұл түрлері 16- 120 МГц тактілік жиілікпен шығарылған. 486 процессорлары бір–бірінен тұтынатын электр тогының кернеуіне байланысты ажыратылады (3,3 н /е 5В). Pentium (80586) процессоры 64 разрядты шинасымен 1993 жылы INTEL фирмасында жасалды. Оның 486 – дан айырмашылығы деректерді өңдейтін екі секциясы (pipelines) бар, яғни ол екі команданы бір мезгілде орындай алады. Бұл жаңалық СУПЕРСКАЛЯРЛЫҚ технология деп аталады. Pentium процессорларының алғашқы 60 – 66 МГц, онан кейінгілері 75 – 200 МГц тактілік жиілікте шығарылды. Ал қазіргілері 233 – 500, 1000 МГц және одан жоғары.Am 5 х 86 – AMD (Advanced Micro Devices) фирмасы шығарған. Бұл 486 процессорының жетілдірілген түрі, ол 486 процессорының платасына орналастырылып 133 МГц жиілікте жұмыс істейді.Cyrix M1 (Cx6x86) суперкалярлық процессоры. Оны Cyrixфирмасы шығарған, 486 жүйелік платасына орнатуға болады, тактлік жиілігі 100 МГц, өнімділікті Pentium – 75процессорынасәйкес.AMD–K5(Am5k86)–Pentium процессорыныңконкуренті, NexGen фирмасының архитектурасы бойынша жасалған АМД фирмасынан сатып алынған, жиілігі 100 МГц, Pentium 133 процессорына сәйкес жұмыс істейді. Pentium Pro – процессордың 6 шығарылуының бірінші түрі. ерекшелігі келесі команданың не екендігін, қалай жұмыс істейтіндігі туралы алдын ала анықтай алатын арнайы орнатылған блогы бар. Оған қоса бұл процессорда16 Кб кэш – жадымен қатар, екінші сатыдағы 256 немесе 512 Кб кэш – жадысы бар, ол процессор жиілігінде жұмыс істейді.
Pentium Pro процессоры, 256 Кб кэш жады бар.Pentium ІІ - Intel архитектурасы Pentium Pro-ға сәйкес, кэш жадысының 1 сатысы 2 есе ұлғайтылған (32 Кб). Процессордың сыртқы формасы өзгертіліп, 2 сатыдағы кэш – жады жеке микросхемада жасалған, негізгі кристалл арнайы сызба тақшада орналастырылып, пластикалық қорапқа бекітілген. Оны КАРТРИДЖ деп атайды. Картридждің бір жағында аналық тақшаға жалғастыруға арналған ұяшық бар. Pentium ІІ процессоры 233, 266,300 МГц тактілік жиілікте жұмыс істейді. (L1-кэш деректер үшін).
PentiumІІ процессоры SEC картриджінде орналасқан.Xeon процессоры
Pentium MMX Pentium процессорының жетілдірілген түрі болып табылады. ММХ технологиясында өнімді жұмыс атқарады, ол SMID әдісімен мультимедиалық қосымшылар жиынтығын жылдам орындайды. Pentium ММХ 57 жаңа нұсқауларды қабылдай алады және төрт 64 разрядты деректер түрі бар. Деректер Кэші мен бірінші дәрежелі КЭШ кодының әр қайсысы 16 Кб дейін (2 есе) арттырылған. КЭШ-тің бөлінуі жадты жылдам пайдалануға, нұсқауларды және деректерді жылдам табуға мүмкіндік береді. КЭШ коды мен КЭШ деректері бір мезгілде қолданылады. ММХ процессорының негізгі сипаттамалары:
· - деректер шинасы 64 разрядты;
· - деректердің тұтастығына бақылау жасау;
· - микропроцессор үзілістерінің ішкі контроллерлерінің болуы;
· - өнімділік пен сәйкестікке бақылау жасау;
· - қуат шамасын SL –технологиясы көмегімен басқару;
· - екі нұсқауда бір тактіде орындау мүмкіндігін беретін суперскалярлық архитектура;
Pentium MMX процессоры
Cyrix M2 (C x 6 x 8 6 Mx.) – M1 процессорының жетілдірілген түрі, Pentium ІІ - ге сәйкестірілген. Оның М1 – мен салыстырғанда кэш – жадысының көлемі 4 есе арттырылған. М2 процессоры 233 МГц жиілікте жұмыс істейді.
АМД – К6 процессоры М2 – ге сәйкес, 1 сатыдағы кэш – жадысы 64.Кб, жиілігі – 233 МГц
AMD-K6-2 процессорының блок-схемасы |
Pentium және оның аналогтары Cyrixжәне АМД процессорларында 1997 жылдан бастап жаңа ММХ (Multi Media extentions) технологиясында жасалған процессорлар мультимедиямен жұмыс істейтін командаларды орындауға мүмкіндік береді, нәтижесінде компьютерлердің өнімділігі артады. ММХ бейнекөріністерді орындауды 40 – 50 %, бағдарламаның орындалуын (дыбысты) 250 % жылдамдатады. Celeron процессорлары.
Pentium III процессоры - ММХ технологиясында жасалған.өнімділігі жоғары, жетілдірілген үстелге қойылатын компьютерлерге арналып шығарылған. Ондағы орнатылған SIMD-кеңейтуі 70 түрлі жаңа команданы орындауға, үш өлшемді графикалық бейнелермен жұмыс істеуге, видео, аудио және дыбысты ажыратуға мүмкіндік береді. Ол 0,25 микрондық технологияда жасалған 9,5 млн транзистордан тұрады.
Intel Pentium III процессоры Процессорлардың түрлеріне қарай орнатылатын ұяшықтарының кестесі:
ТҰРАҚТЫ ЕСКЕ САҚТАУ ЖАДЫ (ПЗУ) Тұрақты еске сақтау қондырғысы компьютердің ақпараттық құрылымының ерекшеліктері туралы ақпараттарды және ақпаратты ендіру/ шығарудың базалық жүйесін еске сақтайтын микросхемалардан тұрады. (BIOS-BASIC INPUT / Output system
BIOS компьютер іске қосыла салысымен төмендегі операцияларды іске асырады:
1) Компьютерде орналастырылған қондырғылардың параметрлерін анықтау.
1. 2) Операциялық жүйе файлдарының іске қосылуы туралы нұсқау алу.
2. 3) Процессор мен компьютердің басқа құрылғылары арасындағы байланыс түрін анықтау.
BIOS операцияларын Award6, AM16, Phoenix, Technologies фирмалары IBM сериясымен сәйкестендіріп жасайды. Ақпараттарды ендіру/шығарудың базалық жүйесі (ROM BIOS) - IBM компьютерлерін қолдануды ППЗУ (EROM) тұрақты сақталатын бағдарламамен қамтамасыз ету бөлігі болып табылады. Қазіргі ИЕЖ-інде BIOS тұрақты есте сақтау қондырғысында (ПУЗ) сақталмайды, одан да жетілдірілген электрондық құрылғы EPROM- Flash rom bios – немесе Flash (флэш)–те сақталады. Бұл құралдағы информацияны жүйелік тақшада ультракүлгін жарық көзінің көмегімен программаторсыз-ақ өшіруге немесе қайта бағдарламалауға болады. Бұл құрал кеңейту шинасында ROM–ды қайта бағдарламалау үшін орнатылады. Жаңа бағдарламаны қою үшін фирмалық дискетті қолдануға болады.
EPROM жад микросхемасы Флэш-жадтың қасиеттері: ақпаратты табу уақыты – 60-80 нс, бір ақпараттық блокты өшіру уақыты (512б=6 НКб) = 5мс-1,4с, әрбір блокта тәуелсіз ақпаратты жазу - өшіру циклы 100000. Флэш-жад массивін жылдам көбейтуге болады, ол 32 Мбит жадпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Флэш микрожүйесі жүйелік тақшадағы 2,7; 3,3 және 5В кернеуде жұмыс істей алады. ЕEPROM және флэш микросхемаларын Intel, Texas, instruments, АМД фирмалары шығады. Ақпараттық есептеу техникаларының (ИВС) конфигурациялау жады аналық тақшадағы 6,3В аккумуляторда сақталады. Ол компьютер тоқ көзіне қосылғанда зарядталып тұрады. Бұл микросхема CMOS RAM деп аталады, оның жады CMOS кристалдың базасында жасалған. Схеманың толық атауы RIC CMOS RAM, онда нақты уақытты қою сағаты сақталады. Бұл микросхема МС 146,818 – аналық тақшадағы контроллерлердің құрамына кіреді. RIC CMOS RAM–дағы бағдарламаның мазмұнын оқу үшін BIOS-тан Setup бағдарламасын қолданады. CMOS RAM микросхемасы істен шыққан болса, немесе аккумулятор разрядталып қалған жағдайда Setup бағдарламасы автоматты түрде CMOS BIOS таблицасындағы BIOS Setup default ralues мәнін қабылдайды. Setup бағдарламасына жүйені дұрыс қосқан кезде немесе қате кеткен кезде кіруге болады SETUP бағдарламасына кіру кестесі. BIOS пернелер ескерту. PHOENIX Ctrl-Alt-Del F2 қате болғанда ZENITH Ctrl-Alt-INS -AWARD Ctrl-Alt-ESС компьютер қосылған. BIOS маркасын компьютерді іске қосқан кезде экранда көруге болады: AMI BIOS (с) 1992 American Megatrende. BIOS компьютер құрылымын тексерген соң операциялық жүйені жадқа жүктеп, жұмысты басқаруды соған береді. Флэш-жад бұл тұрақты қайта бағдарламалауға болатын жад. Оны (ППЗУ) ультракүлгін сәуле немесе электрондық тәсілмен өшіруге болады. Бұл қатаң өнім деп аталады да ИЕЖ үшін BIOS болып есептеледі.
ПЕРНЕТАҚТА
Ақпарат пен басқару командаларын ендіретін негізгі құрылғыларға пернетақта мен “тышқан” тәріздес тетік, сканер және тағы басқа да құрылғылар жатады 101 және 102 пернелі пернетақтасы 1986 жылы IBM ХТ және АТ компьютерлері үшін шығарылды. Бұл типтегі пернетақталар компьютерге 5 контактілі DIN ұяшығы, ал жаңа түрлерінде 6 контактілі mini –DIN ұяшығы арқылы қосылады. 101 – пернелі пернетақтаны шартты түрде мынандай блоктарға бөлуге болады
- баспа символдары ; - қосымша цифрлы пернелер тобы, есептеулер жүргізуге арналған- курсор мен экранды басқару пернелері- функциональдік пернелер.
Курсорды басқару пернелері жеке топ құрайды. Пернетақтаның кеңейтілген екі тілді түрінде 102 перне орналасқан және американдық орналасу түрінен ерекшелігі бар. Қазіргі пернетақтаның ерекшелігі, ондағы жеке пернелердің басу бетін шығарып алып, оның ішкі бөлігін жөндеуге мүмкіндік береді“Тышқан” тәріздес тетік.1964 жылы Дуглас Энгельбарт “тышқан” тәріздес тетікті (mouse манипульяторы) ойлап тауып оны дисплейде XY координатасын көрсетуші деп атайды. Оны 1973 жылы Xerox компаниясы Alto компьютерінде қолданды. 1981 жылы Хеrох Star 8010 компьютерін жасап онда “тышқан” тәріздес тетікті пайдаланды. Windows және OS/2 операциялық жүйелерінің пайда болуы “тышқан” тәріздес тетіктің әрбір компьютерге қажетті екендігінен туындады. “Тышқан” тәріздес тетік құрылғысын ірі жасаушы компаниялар: Microsoft және Logitech. Сырт көрністері әртүрлі болғанымен барлық “тышқан” тәріздес тетіктің құрылымдары бірдей- Қорап, үстел бетімен қозғалыс жасайды- “Тышқан” тәріздес тетікті қозғалысқа келтіретін шарик/ролик немесе оптикалық датчик; - Бұйрықтар беруге арналған 2 не 3 батырма- Жүйеге қосуға мүмкіндік беретін интерфейсҚалыпты жағдайда кабель мен ұяшық қолданылады, радиожиілікті немесе инфрақызыл сәулені қабылдап таратушы түрлері де болады.