Тапсырма: Ұзақтық пен өзгерістердің себептерін ұсыныңыз.

Сабақ тақырыбы: Тарих және география сабақтарында сын тұрғысынан ойлауға үйрету

3а-жаттығу: Жинақтау және қолдану (тарих)

Бұл жаттығу даму мен себептердің тарихи үдерісі туралы сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған саяхаттар мен көлік туралы деректерден алынған ақпараттар мен білімнің қосындысы болып табылады. Енді жұппен немесе үшеуден жұмыс істей отырып, оқушылар суреттер мен ауызша айғақтарда жетіспейтін «олқылықтарды толықтыру» үшін кітаптар мен ғаламтордың көмегімен зерттеу жүргізуді жалғастырады. Бұл жаттығуды біліктілікті арттыру курсында тренерлермен қатар, сынып жағдайында балалардың әрекетін бақылап және жазып отыратын мұғалімдер де пайдалана алады.

Мақсаты:

Саяхаттар мен көлік куәгерлерінің айғақтары арқылы, сол сияқты уақыт ағымындағы өзгерістер туралы сын тұрғысынан ойлау негізінде (болашақ туралы ойлауды қоса алғанда) білімдерін кеңейту. Бұл 3б-жаттығумен тығыз байланысты және екі жаттығуды да тренерлер мен мұғалімдер үшін қатарынан немесе тізбектеп, ал балалар үшін жеке және біртіндеп өткізуге болады.

Дайындық:

Саяхаттар мен көлік туралы қосымша дереккөздер ғаламтордан, сондай-ақ кітаптар, анықтамалар мен энциклопедиялардан жиналады. Қосымша негізгі дереккөздер ғаламтор көмегімен немесе жергілікті мұрағатта автомобильдер, мотоциклдер мен пойыздардың, халықаралық сапарлардың көне жарнамасы түрінде сақталған материалдардан немесе ескі газет мақалаларынан жиналуы мүмкін.

1-тапсырма: Кесте құру (болашақты есепке ала отырып)

Үлкен параққа әрбір шағын топ тапқан оқиғалары мен көлік саласының даму хронологиясын білдіретін көлік қозғалысы мен саяхаттар кестесін бейнеленейді. Бұл зерделенген суреттерді салу, сондай-ақ кез келген жеке куәлердің сөздерінен құрылуы мүмкін.

Кесте кез келген уақыт аралығын, бірнеше жүздеген жылдар, соңғы ғасыр, өткен елу жыл немесе тіпті жуық мерзімді (тек бір ұрпақтың тәжірибесін) білдіруі мүмкін. Ол сондай-ақ, алдағы 50 жыл ішінде болуы ықтимал өзгерістер мен жаңалықтар туралы ойлап, келешекті қозғауы да мүмкін.

Ол дәл уақытты көрсетуі міндетті емес, алайда ғасырды, ондаған жылдарды көрсетуі немесе тұтас буынның оқиғаларын қозғауы мүмкін (қазіргі буын, біздің ата-аналарымыз, сондай-ақ олардың ата-бабалары). Бірақ, бұл кесте бірізділікке қосымша, аралықты (мотоциклді, пойызды немесе автомобильді ойлап шығару сияқты негізгі оқиғалар арасындағы уақыт кеңістігі - салыстырмалы түрде), сондай-ақ әрекет ету мерзімін (көліктің қандай да бір түрі, мәселен, паровоздар мен пароходтар жаңартылмай тұрған кезде пайдаланылған уақыт кезеңі) көрсете алатындай көлемді бере білуі тиіс.

Тапсырма: Қолданыс мерзімін, өзгерген сәттерін, басты оқиғалар мен өнертабыстарды айқындаңыз.

Түрлі топтың кестесінде көрсетілген ақпаратқа қарап, бүкіл сыныппен немесе үлкен топпен бірігіп, көлік пен саяхаттың қандай аспектілері ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз қалып отырғанын талқылаңыз.

Көлік құралдарының өзгеруі мен адамдардың саяхаттау әдеттеріне ықпал ететін басты оқиғалар қатарына нелерді жатқызуға болады?

тапсырма: Ұзақтық пен өзгерістердің себептерін ұсыныңыз.

Неліктен? –сұрақтар

1-тапсырмада берілген сұрақтарға қиял-ғажайып сұрақтар қосыңыз. Бұл «Егер...не болады?» деген сияқты «болжамдық» сұрақтар немесе болашақта саяхаттар мен көліктің қалай дамитыны туралы сұрақтар болуы мүмкін. Бұндай сұрақтар балалардың елестету көмегімен себептер мен салдарлар туралы түсінігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары: Мысалы: Нені көре аламыз? Проблеманы шешетін сұрақтар: Мәселен: Мына көлік түрін кім және қандай мақсатта пайдаланар еді? Қиял-ғажайып сұрақтар (өткен шақ пен болашақ туралы) Мәселен: Егер ауада саяхат жасау ойлап шығарылса, сіздің кім болғыңыз келеді? Менің өмірімде немесе алдағы 100 жыл ішінде не өзгерер еді?
Талдау сұрақтары: Мысалы: Фотосурет қашан түсірілді немесе сурет қашан салынды және неліктен? Айрықша сұрақтар: Мысалы: Мына фотосуреттің типі қандай?

Наши рекомендации