Тақырыбы: Топырақтың физикалық қасиеттері 4 страница

Қорымды тор тәріздене тамырлар мен тамыршалар жаулап, литофит өсімдіктер оның көшуін оған тереңге кететін тамыры бар жерүсті өскінді субстратты жақсы ұстайтын түрлердің бекінуіне мүмкіндік бере отырып, ақырындатып немесе тоқтатып тастауы мүмкін («платиналық» өсімдіктер). Келесі жолда ұсақ топырақтар мен өсімдік қалдықтары жинала басталуы жүріп – топырақ түзу үрдісі басталады. Нәтижесінде осындай тоқтатылған қорымдарда сәнтал өсімдіктер топтары – болашақ биіктаулы шалғын өсімдіктерінің ошағы пайда болуы мүмкін.

Кездейсоқ литофиттер реттінде ескі тасты құрылымда, ескі қамалдарда, тасты бақшаларда өсетін өсімдіктердің түрлері болуы мүмкін. Тастар арасы қуыстарда ұсақ топырақтар (мелкозем) мен шаң жиналатын жерде шөптесін көпжылдық өсімдіктер мен кішігірім ағаш тектес өсімдіктерді кездестіруге болады.

Соңғы жылдары көптеген әдемі гүлдейтін литофиттер экологиясы «альпілік» стильді қолдану үшін гүл шаруашылығын (альпинарийлер) құру мен мәдени жолмен өсіруге жабайы литофиттерді енгізуге байланысты көп көңіл аударылып келеді.

Дебиеттер

1. Е.Жамалбеков, Р.Білдебаева. Топырақтану және топырақ геологиясы мен экологиясы. -Алматы, 2000.

2. Почвоведение. Под ред. проф. С.И.Кауричева. -Москва, 1998.

3. Цуриков Т. Почвоведение. М.: Высшая школа, 1992.

4. И.Г.Добровольский. География почв с основами почвоведения. МГУ, 1999.

5. Ерденов М.Т., Омарова З.М., Абдраимова Қ.Т. Топырақтану пәнінен практикум

6.Тазабекұлы Т., Тазабекова Е. Топырақтану түсіндірме сөздігі – Алматы: Рауан, 1193.

Лекция № 11

Тақырыбы:Шымтезектің түзілу ерекшелігі

Лекцияның мақсаты: Шымтезектің химиялық қасиеттері және түзілу ерекшелігі туралы білім беру.

Лекцияның жоспары:

1. Шымтезектің түзілуі.

2. Шымтезектің өсімдіктерге әсері

Қолданылатын әдістер: Сұрақ-жауап-талдау.

Лекция мәтіні:

Жоғары ылғалдылық пен ауа жетіспеушілік жағдайларда өсімдіктердің қалдықтарының толық ыдырамауы нәтижесінде түзілген топырақ субстратының бір ерекше түрі торфта өсетін өсімдіктер үшін экологиялық жағдайлар өзіндік ерекше ылғалды климатты аймақтарда, буланудан жауын шашын көп түсетін жерде, әсіресе рельеф пен грунт ерекшеліктерінің әсері тигеннен балшықтану үрдісі жүреді. Балшықтану себебі болатын ылғалдылық артықшылығы арнайы балшық өсімдіктерінің пайда болуына және топырақ үрдісінің ерекше бағыты - шымтезек түзілуіне әкеледі. Шымтезек - жартылай ыдыраған өсімдік қалдықтары қоспасын (ыдырау деңгейіне байланысты мөлшері әртүрлі болуы мүмкін) және аморфты масса - гумификация мен күл сияқты жемісі болып табылады.

Шартты түрде шымтезектің құрамында 50%-дан көп емес минералды заттар бар делінеді. Шымтезектің түзілуінде өсу жамылғысы балшықта болатын кез келген өсімдік қатысады (өлең, қамыс бұталар), бірақ қалыпты және сондық шымтезек түзуші - сфагналық мүк. Сфагналық шымтезекті батпақтар балшықты жерлерде кеңінен таралған және өсімдіктерге экологияға қатысты өзіндік субстрат ретінде табылады.

Сфагналық шымтезекті батпақта экологиялық факторлар ырғақтары әртүрлілігімен ерекшеленеді. Олардың басты ерекшеліктеріне жергілікті жердің ауа райы ерекшелігі ғана емес, басты түрде сфагнум ерекшелігімен байланысты ылғалдылықтың көптігі жатады. Тірі жасушалармен бірге сфагнумда өлі гиалинді жасушалары бар, олар үлкен капилярлылығы бар болғандықтан үлкен ылғалдылықтың сыйымдылығымен ерекшеленеді. Сфагнумның әртүрлі түрлері құрғақ күйінде салмақ бірлігіне 13-20 су бөліктерін сіңіруге қабілетті (сонымен қатар ауадағы бу тәрізді ылғалды). Сфагнум бастары әсіресе ылғалға сыйымды олар өз салмағынан 50 есе көп ылғал сіңіре алады. Тірі сфагналық жамылғы сияқты су сақтау қабілеті өлі қалдықтарда да өте жоғары. Әдетте сфагнумның ең беті кеуіп кетеді, ал судың капилярлы көтерілуі өте баяу (минералды топырақтан гөрі 3-15 есе баяу). Шымтезек гидрофильді коллоидтарды сақтайтындықтан суды жақсы сақтайды. Сонымен қатар, торфяникте жанама топырақішілік ағыны нашар. Осының барлығы үнемі болатын асқан ылғалдылыққа жағдай жасайды, нәтижесінде ауаның жетіспеушілігі байқалады, ол тыныс алу мен өсімдік тамырының сіңіру қабілетін, микроағзалар белсенділігін нашарлатады. Аэробты бактериялар ең беткі қабатта жинақталған; төменгі қабаттарда анаэробты микроағзалар аздаған мөлшерін табуға болады. Торфяникте нитрифицильді бактерия деген аса маңызды тобы мүлдем кездеспейді.

Осы ерекшеліктердің барлығы органикалық қалдықтардың ыдырауын мүлдем тоқтатады, ол аяғына шейін жүріп толық емес ыдырау жемісінің жиналуына ықпал етеді. Олардың ішінде басты орынды гуминді қышқыл алады. Ол торфты қара түске бояп және балшықты суға қатысты қоңыр, таттанған болып келеді (бұрынғы Ленинград маңайындағы арықтар мен бұлақтар жанындағы балшықты массивтерга «қара бұлақ» атауы таралғаны тек емес). Олар шымтезектік субстраттар жоғары қышқылдылығын шарттайды (рН 4,0-4,5). Шымтезектің ыдырау нәтижесінде кейбір өсімдіктерге және микроағзаларға токсинді күкіртсутегі, метан - ол бұрыннан балшық газы және т.б. бөлінеді.

Өсімдік қалдықтарының баяу ыдырауы биологиялық айналымға өсімдіктердің қоректену элементтерінің қайтуы дегенді білдіреді. Бұл мағынада шымтезекті балшықтар – баланстанбаған жүйе, ол органикалық массаның жиналатын бөлігінің көбін қор ретінде сақтайды. Қоректену элементтерінің маңызды бөлігі (азот қосындысы) шымтезекте өсімдіктерге жетпейтін формада болады, сондықтан өсімдіктер әсіресе, жер асты суларымен байланыспаған жоғарғы балшықтарда минералды заттардың жетіспеушілігін сезеді.

Жоғарғы балшықтарда шымтезектің күлділігі – небәрі 2-4, кейбір балшықтар атмосфералық газ және тұнбадан түсетін минералды қорекпен қанағаттанады.

Өсімдіктер әлемінде шымтезектер жылу ырғағына үлкен ықпалын тигізеді. Шымтезектің аз жылу өткізгіштігі (сфагналық балшықта - сфагналық жамылғының жылуды изоляциялау әрекеті) тамыр тіршілік ету аймағында температураның төмен болуына әкеледі (минералды топырақтан гөрі 2-4 ºС). Осы себептен шымтезек биіктігі күндізгі уақыттарды қатты қызуы мүмкін (30-40 ºС дейін).

Өсімдіктердің шымтезекте өмір сүру факторы - торфенді субстратта үнемі көтеріліп отыруы. Сфагналық мүктердің жыл сайынғы сызықтық өсуі бірнеше миллиметр немесе сантиметрге жетеді. Мысалы, ТМД елдерінің еуропалық бөлігі (орманды зона) ол жылына 1 мм құрайды. Бұл көлем азғантай болғанымен шымтезек өсуі уақыттың ұзақ аралығында көлемінің ұлғаятыны сезіледі. Австрия мен Германия шымтезектерінде ғасырдың басында Рим императорлары бейнеленген тиындар (2000 жыл бұрынғы) 1,5 м тереңдіктен табылған. Өсімдіктер үшін шымтезектің үнемі өсіп отыруы біріншіден, тамыр жүйесінің тереңдей түсуі, оларды шымтезектің жоғарғы қабатынан азды-көпті аэрация арқылы алыстату деген сөз.

Мың жылдықтар бойы осы факторлардың бірлестігі батпақты жерде өмір сүретін өсімдіктердің қатаң таралуына әсер етеді. Батпақты дала флорасы бай емес және әртүрлі географиялық аймақтарда тұрақты болып келеді. Сфагналық шымтезекті батпақта кездесетін өсімдіктер - ол сфагналық мүктер, мәңгі жасыл ксероморфты бұталы-психрофиттер «қызамықтар» және «көкбұта тәрізді» типті, жаздық жасыл жапырақ түсіретін бұташалар (талдар, тапал қайың), ксерофильді шөптер (басты түрде қияқшөптер). Ағаштардан кездесетіндер қарағай (батпақты ерекше формалары), даур балқарағай, қайың. Осы өсімдіктердің барлығы батпақ флорасында қалыптаспай мигрант ретінде – басқа өсімдік фармацияларынан келгендер. Шынымен де, олардың көбі орманда, тундрада, биік таулы аймақтарда таралған.

Сфагналық батпақ өсімдіктерінің сырт пішіні, анатомиялық құрылысы және физиологиясы шымтезектің субстрат ретінде экологиялық ерекшелігінің анық көшірмесін көрсетеді.

Ылғалдылықтың артықшылығына байланысты және анаэробты жағдай шымтезек қалыңдығында батпақта өсетін өсімдіктердің тамыр жүйесі ең беткі қабаттарда таралған, кейде тірі сфагналық қабықта таралады. Қарағайда тамырларының жіңішке ұшы жоғары қарай (теріс геотропизм), ауа қорына қарай өседі. Көптеген түрлерде тамырлары мен ұзын тамыршалары жақсы жетілген «желдету системасы» (жер үсті бөліктерімен ұштасқан ауа қуысы) бар.

Шымтезектің тұрақты өсуі көптеген өсімдіктерде тамырларының көмілуіне сәйкес жоғары қалыптастыру қабілетін оятып, бұташаларының сабағында жанама тамырлары пайда болады. Ал тамыр сабақты астық тұқымдастарында жаңа тамырсабағы ескілерінен жоғары қалыптасады, шықшөптерде қыстайтын бүршігі мен жапырақ розеткасы жоғары орналасады. Шықшөптің сабағында орналасқан өлі розеткалар арасы арқылы шымтезектің өсу қарқынын анықтауға болады. Қарағай жаңа тамырлар түзуге қабілетсіз болғандықтан жиі көміліп қалады.

Сфагналық батпақтарда минералды қоректену нашарлығы осы шарттарда өсетін жәндік қоректі өсімдіктердің пайда болуымен байланысты (ТМД елдері мен Батыс Еуропа – шықшөп түрлері, Солтүстік Америка батпақтарында – шолпан шыбынжұты). Олар топырақсыз аулау аппараттары арқылы өздеріне азот және т.б. элементтердің қорымен қамтамасыз етеді. Көптеген батпақ бұташалары (тапал қайың, көкжидек, мүкжидек, саз қазанағы т.б.) микотрофты, яғни топырақ саңырауқұлақ – микориза түзушілерімен селбесу арқасында қосымша минералды заттар қорымен қамтылған. Жалпы батпақ флорасы жақсы байқалған олиготрофтармен белгілі (өсімдіктер ұлпаларында тұз мөлшері аз және кедей субстратта да сәтті жетіле алады).

Қышқылдылыққа қатысты шымтезекті батпақ өсімдіктері – анық байқалатын ацидофилдер. Тәжірибе бойынша, сфагнум ізбесті тұздардың аз ерітіндісімен суарсаңда нашарлауды сезінеді. Әдебиеттерде батпақ өсімдіктері кейде оксилофиттер деп аталады, бұл терминмен ацидофилділіктің ерекше түрін көрсете: анаэробиз және жоғары қышқылдылық пен қатты ылғалдануға шыдамдылығы болуы керек.

Батпақта өмір сүретіндердің су ырғағы туралы мәселе өте күрделі. Ылғадың көп болуы кезінде оларда ксероморфты ерекшеліктері анық жапырақ құрылысы көзге түседі, мысалы: түктену, балауызды (воскті) жабын (көкжидек, аққайран), қатты кутинденген қалың эпидермис (қызамық, мүкжидек), жапырақтың эрикоидты құрылысы (көкбұта, сужидек), жіңішке жапырақ (қияқшөп, ұлпабас). Осы ерекшеліктерді бұрын шымтезектің физиологиялық құрғақтығымен түсіндірген (шынымен, ылғалдылықтың физикалық көптігі топырақ ортасының төмен температурасы, анаэробатық, токсинді заттар көптігі, осы ерекшеліктер жалпы өсімдіктерге ылғалдың жетіспеушілігін көрсетеді).

Дебиеттер

1. Е.Жамалбеков, Р.Білдебаева. Топырақтану және топырақ геологиясы мен экологиясы. -Алматы, 2000.

2. Почвоведение. Под ред. проф. С.И.Кауричева. -Москва, 1998.

3. Цуриков Т. Почвоведение. М.: Высшая школа, 1992.

4. И.Г.Добровольский. География почв с основами почвоведения. МГУ, 1999.

5. Ерденов М.Т., Омарова З.М., Абдраимова Қ.Т. Топырақтану пәнінен практикум

6.Тазабекұлы Т., Тазабекова Е. Топырақтану түсіндірме сөздігі – Алматы: Рауан, 1193.

Лекция №12

Тақырыбы: Топырақтың табиғи зоналылығы. Топырақтардың жер бетінде таралу заңдылықтары, оның қоршаған ортаның экологиялық факторларымен байланысы

Лекция жоспары:

1.Табиғи-экологиялық жағдайлар және олардың топырақтардың түзілуіне әсері.

2.Топырақтардың географиялық таралу заңдылықтары.

3.Әр түрлі топырақ типтерінің генезисі.

4.Интразональды топырақтар және олардың ерекшеліктері.

Лекция мақсаты:Топырақтың жер бетінде таралу заңдылықтарын, олардың қоршаған ортадағы экология-лық факторларымен байланысын талқылау. Топырақтың көлденең, тік белдеулі зоналы-лығына сипаттама беру.

Қолданылатын әдістер:Лекция-консультация,сұрақ-жауап-талдау.

Лекция мәтіні:

Топырақтардың географиялық таралу заңдылықтары.

Топырақтардың географиялық таралу заңдылықтары Жер бетіндегі табиғи жағдай-лардың таралуымен анықталады. Топырақ географиясының негізгі заңдылықтары: гори-зонтальді зоналылық, вертикальды топырақ зоналылығы, топырақтардың фациалылығы, аналогиялық топографиялық қатарлардың заңдылықтары.

Топырақ зоналылығының горизонтальды және вертикальды заңдылықтары 1899 ж. «Табиғи зоналардың ілімі» атты еңбегінде В.В.Докучаев ұсынған.

Горизонтальді зоналық заңдылық бойынша топырақтарды негізгі типтерінің тара-луы континенттерге сәйкес жергілікті жердің климаты-ның, өсімдік жамылғысының т.б. топырақ түзуші жағдайлардың ендіктің өзгеруіне байланысты топырақ жамылғысының біртіндеп ауысыуымен түсіндіріледі. Осылай, Солтүстік жартышарда негізгі ендік бес топырақ-биоклиматтық белдеулерді бөледі, олар климаттық термиялық көрсеткіштермен ерекшеленеді:

1.полярлы

2.бореалды

3.суббореалды

4.субтропикалық

5.тропикалық

Әр белдеу шекарасында топырақ-географиялық аймақтар бөлінеді. Мысалы, суб-бореалды белдеуде – орманды-далалы (сұр орманды, күлденген, сілтісізденген, типтік қаратопырақтар), дала (кәдімгі және оңтүстік қаратопырақтар), құрғақ-дала (күңгірт-каштанды және каштанды топырақтар), жартылай дала (ашық каштанды және қоңыр жартылай дала топырақтары), шөл-дала (сұр, тақыр тәрізді топырақтар).

Горизонтальды зоналық заңдылықты жер бетінің және топырақ-өсімдік жүйесін-дегі элементтердің биологиялық айналымының жүруіне байланысты байқалуы қиындай-ды. Топырақ жамылғысының сипатына рельеф (жер бедері) өте күшті әсер етеді.

Вертикальді зоналық заңдылық таулы жүйелер бойынша таудың етегінен, оның шыңына қарай биіктеген сайын климаттың, өсімдік жамылғысыының және т.б. топырақ түзуші құбылыстардың өзгеруіне байланысты топырақ типтерінің бірізділікпен ауысуы болып табылады. В.В.Докучаев вертикальды зоналық заңдылықтарын құрамына байла-нысты горизонтальды зоналыққа ұқсас деп есептеген. Мысалы, тау биіктеген сайын жазықтағы сияқты меридиональ бағытта топырақ зоналықтарының өзгеруі бірдей жүреді деген.

Топырақтардың фациалдық заңдылығы бойынша ерекше топырақ типтерінің қалыптасуына алып келетін топырақ жамылғысының әркелкілігін білдіретін жергілікті провинциалдық (фациалдық) климат ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Бұл заңдылықты И.П.Герасимов, Л.И.Просолов ұсынған.

Топырақ зоналарының әртүрлі бөліктерін топырақ-географиялық аудандастырыл-ған кезде топырақ спектрі ерекшеленеді де, оны топырақ-биклиматтық облыс деп атайды. Зона ішіндегі фациялақ заңдылық бойынша биоклиматтық ерекшеліктерімен спатталатын топырақ бөліктерін топырақ провинциялары деп атайды.

Жер үйлестіру бағытында топыраққа жүргізілген зерттеулердің дамуының нәтиже-сінде аналогиялық топографиялық қатарлардың заңдылығы даму бастамасын алды. 1972 ж. В.М.Фридландтың жұмыстарының нәтижесінде топырақ жамылғысының құрылымы туралы ілімге бастама берілді де, ол топырақ географиясының ерекше бір бағыты болып есептелді.

Топырақ-географиялық аудандастыру кезінде қолданылатын негізі бірліктер:

Барлық территориялар үшін:

Топырақ-биоклиматтық белдеу

Топырақ-биоклиматтық облыс

Жазық территориялар үшін:

Топырақ зонасы немес зонашасы

Топырақ провинциясы

Топырақ округі

Топырақ ауданы

Таулы территоиялар үшін:

Таулы топырақ зонасы

Таулы топырақ провиницясы

Таулы топырақ округі

Таулы топырақ ауданы.

Топырақ биоклиматтық белдеу – топырақтардың көлбеулі зоналар мен биіктік белдеулердің радиациялық және жылу жағдайларының біртектестігі.

Топырақ биоклиматтық облыс – топырақ зоналарының тек радиациялық және жылу жағдайлары ғана емес, сонымен қатар ылғалдану және құрғақтану жағдайларының біртектестігі.

Топырақ зонасы – зоналық топырақ типінің және соған қатарласа кездесетін зона-аралық топырақтар ареалдары.

Топырақ провинциясы– топырақ зонасының кейбір топырақ және оның түзілу ерекшеліктеріне байланысты (ылғалдану, құрғақтану немесе температуралық өзгерістер) – зонаның бір бөлігі.

Топырақ округі – топырақ провинциясының жер бедері мен топырақ түзуші жы-нысқа байланысты топырақ жамылғысының біркелкі құрылымда кездесетін топырақ про-винциясының бір бөлігі.

Топырақ ауданы – топырақ округінің жергілікті жағдайларға, тіпті кейде әкім-шілік бөлінісіне қарай бөлінетін ең кіші бөлігі.

Сонымен, бұрынғы Одақ көлемінде келтірілген топырақ-географиялық аудан-дастыру өлшемдері бойынша 5 топырақ-биоклиматтық белдеу, 13 топырақ-биоклиматтық облыстар, 26 топырақ зоналары мен зонаша-лары, 108 топырақ провинциялары бөлінген.

3.Әр түрлі топырақ типтерінің генезисі.

Күлденген топырақтардың генезисі. Күлденген топырақтардың аты орыстың халық сөзі «күлді» деген сөзден шыққан, оны ғылыми әдебиетке В.В.Докучаев енгізген. Бұл топырақтардың шығу тегі жайлы әр түрлі гипотезалар мен теориялар болған. В.В.Докучаев, П.А.Костычев, Н.М.Сибирцев бұл топырақтар шірінді қышқылдарының әсерінен орман өсімдігінің қатысуымен қалыптасқан деп есептеген. Одан әрі қарай күлденген топырақтардың табиғаты туралы көзқарастардың дамуына К.К.Гедройцтың коллоидты-химиялық теориясы, В.Р.Вильямстың биологиялық теориясы ықпал ектен.

Эксперимент мәліметтерінің негізінде күлдену құбылысы келесі түрде дамитыны дәлелденген: таза түрде күлдену құбылысы қылқанды тайгалы ормандарда, шөптесін өсімдіктерге өте кедей территорияларда (немесе мүлдем жоқ) жүреді. Ағаш тектес және мүкті-қыналы тайгалы өсімдіктердің өлген бөліктері топырақ бетінде орман жамылғысы ретінде жинақталады. Бұл қалдықтарда кальций, натрий аз болады да, қиын ыдырайтын қосылыстар – лигнин, смола, илік заттар көп болады.

Шымды-күлденген топырақтардың генезисі. «Шымды топырақтар» деген терминді ғылыми әдебиетке В.В.Докучаев енгізген, ал шымды топырақтардың түзілуі туралы теорияны В.Р.Вильямс, И.В.Тюрин жасаған.

Шөптесін өсімдіктердің әсерінен жүретін, жақсы дамыған гумусты горизонтты топырақтардың қалыптасуына алып келетін құбылыс шымды деп аталады. Оның ерекшелігі – гумустың, қоректік заттардың жинақталуы, топырақтың беткі горизонтында суға төзімді құрылымның түзілуі болып табылады.

Шымды топырақтардың келесі жалпы белгілері мен қасиеттері бар: түйірлі-түйір-шікті құрылыммен сипатталатын жақсы білінетін гумусты горизонт, күлденуі мүлдем немесе әлсіз байқалады (3-4%-тен 12-15% және жоғары), сіңіру сыйымдылығы жоғары, әлсіз қышқылды, нейтралды және әлсәз қышқылды реакциялы, азоттың және күлді элементтердің жоғары қоры.

Батпақты топырақтардың генезисі. Батпақты топырақтардың қалыптасуы мен дамуы артық ылғалдылықпен тығыз байланысты. Батпақты топырақтар торфтың түзілуі және глейдің пайда болуы дейтін екі құбылыстың әсерінен қалыптасады.

Торфтың түзілуі – шектен тыс көп ылғалдану жағдайында гумификация және минарлизацияның баяу жүруінің нәтижесінде топырақтың бетінде жартылай ыдырған өсімдік қалдықтарының жиналуы.

Глейдің пайда болуы және глейлену - бұл терминдерді ғылыми терминологияға Г.Н.Высоцкий сұр түсті жасыл оттенкісі бар саздақ немесе балшықты тығыз жыныс-тардан, оларды ұзақ мерзімді ылғалдану жағдайында қалыптасқан деп есептеді. Одан әрі қарай Г.Н.Высоцкийдің зерттеу жұмыстары дәлелдегендей, глейлену – органикалық заты бар және анаэробты микроағзалардың қатысуымен шектен тыс ылғалданған кзеде жүретін күрделі биохимиялық тотықсыздану құбылысы болып табылады.

Қаратопырақтардың генезисі. Қаратопырақтар далалы және әр түрлі шөптесін-далалы өсімдіктерді тіршілік тері нәтижесінде қалыптасады. Қаратопырақтардың профи-лінде берік күңгірт түсті гумусты немесе гумусты-аккумулятивті (35-150 см) қабат, оның құрамында 250-700 т/га қарашіріктің мөлшері бар.

Қаратопырақтардың түзілуінің негізгі құбылысы – берік гумусты-аккумулятивті горизонттың дамуын, өсімдіктердің қоректенуіне қажет элементтердің жинақталуын, профильдің құрылымының жақсаруына алып келетін гумусты-аккумулятивті құбылыстың қалыптасуымен түсіндіріледі.

Өсімдіктердің түсуі қаратопырақты далалардың күлді элементтердің және азоттың жыл сайынғы максимум келіп түсуінің нәтижесінде қарато-пырақтарда 600-1400 кг/га құ-райды. Ал бұл көрсеткіш қылқанды ормандарда 40-300 кг/га, құрғақ дадалар мен шөл да-лаларда (каштанды топырақтар) – 200-250 кг/га құрап, айырмашылық бар екенін көрсе-теді.

Осылай қаратопырақтардың түзілуі кезінде заттардың биологиялық айналымының ерекшелігі – топыраққа жыл сайын келіп түсетін азот және күлді элементтердің көп мөлшері болып есептеледі.

Сұр топырақтардың генезисі. Сұр топырақтар үшін келесі негізгі белгілер мен қасиеттер сипатты болып келеді: профиль генетикалық горизонттарға бөлінуі әлсіз байқа-лады, гумустылығы төмен, саңылаулары көп және құрылысы борпылдақ, профилінің карбонаттылығы жоғары, карбонат мөлшері көп сілтілі реакция. Гидротеримялық тәртіпке байланысты сұр топырақтардың табиғи түзілуі келесі екі кезеңмен ерекшеленеді:

Наши рекомендации