Аэрологиялық станция үшін орын таңдауға түсініктеме беріңіз
Аэрология пәнінің мақсатын айтыңыз
Аэрология – Жердің әсері болмайтын, еркін атмосферада жүретін физикалық құбылыстар мен процесстерді зерттейтін атмосфера физикасының бөлімі. Аэрологияда келесі процесстер мен құбылыстар қарастырылады: жоғары биіктіктерге дейінгі Жер атмосферасының құрамы мен құрылысы, бұлттар мен жауын – шашындардың құрылуы және олардың дамуын қадағалау әдістері, еркін атмосферадағы сәулелік жылу алмасу, әр түрлі биіктіктердегі жылғалы ағыстар, сонымен қатар атмосферадағы турбуленттік қозғалыстар, ауа массаларының өзара әрекеттесуі және т.б. Аэрологиялық бақылаулар, ең алдымен, ауа райын болжау әдістерін жетілдіруге, әсіресе биіктік реактивті және турбореактивті ұшақтар авиациясын дамыту үшін жағдайлар жасайды. Бұлттардың микроқұрылымы жайлы, конденсация процесстері жайлы, бұлт тамшыларының өлшемі мен олардың бұлттылық қабаттарындағы концентрациясы жайлы, температурасы 0°С – тан төмен бұлттардағы мұз бөлшектерінің өлшемі мен пішіні жайлы көптеген мәліметтер алынды. Ерекше назар жоғарғы биіктіктерге дейінгі атмосфераның жалпы циркуляциясын зерттеуге бөлінген. Тропосферада және төменгі стратосферада жылғалы ағыстар ашылды. Атмосфераның жоғарғы қабаттарын зерттеу жұмыстары кеңінен дамыды. Ауа құрамы жайлы, температуралық режим жайлы, жылғалы ағыстардың жоғары биіктіктерге дейін таралуы мен тропосферада, стратосферада және мезосферада жүретін құбылыстар арасындағы байланыстар жайлы жаңа мәліметтер жиналды. Аэрология, сонымен қатар еркін атмосфераны зерттеу үшін құралдар мен әдістерді дайындаумен айналысады. Аэрология аэромеханика мен термодинамиканың жалпы заңдарына негізделеді. Аэромеханика мен термодинамиканың жалпы заңдарында қолданылатын зерттеу әдістерін, атмосфера күйін метеорологиялық бақылауларды және метеорологиялық болжамдарды қолданады. Аэрология өзінше бір ғылым болып авияция дамыған кезде ғана кезде ғана атап айтқанда 60-70 жыл бұрын шықты.
Аэрологияда қолданылатын әдістерді түсіндіріңіз
Аэрологиялық бақылау және өлшеу әдістері шағылу объектісі және пайдаланылатын құралдар бойынша бөлінеді. Жүйелік аэрологиялық бақылау желдің жылдамдығын, бағытын, қысымның таралуын, биіктікте температура мен ылғалдылықтың таралуын анықтау үшін аэрологиялық станция жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұдан басқа ғылыми мақсатта сәулелік жылу алмасуды, озонның таралуын, электромагниттік потенциалды, радиотолқындардың сыну көрсеткіштерін, космостық радиотолқынды және т.б. анықтауға болады. Атмосферадағы барлық процестерді зерттеуге қолданылатын әдістерді 2 топқа бөліп қарастыруға болады. 1) тікелей. 2) жанама. Тікелей әдістерге ауадан жеңіл және ауыр ұшатын құрылымдар қолданылады. Бұл әдіске ұшақ–шар желдік бақылаулары, температуралы–желдік зондылау, атмосфераны ұшақтық, аэростаттық, зымырандық зондылау жатқызылады. Мұнда өлшеу үшін арнайы құралдар пайдаланылады. Ал жанама әдістерге атмосфераның параметрлеріне тікелей өлшеу жүргізбейтін бақылауларды жатқызамыз. Бұл параметрлер атмосфераның сәулеленуі мен кейбір денелермен байланысы б/ша анықталады. Барлық жанама әдістер – активті және пассивті деп бөлінеді. Активтіге –атмосфера мен өлшенетін параметр арасындағы байланыс үшін қандай да бір сәулелік басқару көзі қолданылатын әдістер жатқызылады. Активті жанама әдіс – атмосфеарны радиотолқындардың, дыбыс толқындарының таралуы , лазерлік сәулелену арқылы зерттеуге мүмкіндік береді. Соңғы кезде бұл әдіс кеңінен қолданылады. Пассивті әдіс – атмосфера н/се басқа объектілердің параметрлері олардың өздігінен сәулеленуі арқылы зерттелетін әдіс. Оған – ЖЖС–тен атмосфераны вертикальды зондылау, Жерден зондылау, т.б.жатады. Мұндай ақпараттар қазір гидродинамикалық болжауда , ғылыми мақсатта, шаруашылықтың кейбір салаларында кең қолданылады.
Аэрологиялық станция үшін орын таңдауға түсініктеме беріңіз
АС-ның аумағы келесі талаптарға сай келуі керек. Таңдалған орын табиғи жағдайлардың сипаттамасы б/ша капиталды құрылыс үшін қолайлы болуы керек. бөлінген алаңның өлшемі 200*200 м2 кем болмау керек. Аумақта радиолокаторды орнатататын орын болу керек. Ол - 3°-тан үлкен болмайтын антеннадан көрінетін көкжиектің – жабылу бұрышын (өлі бұрыш) қамтамасыз етеді. Көкжиектің жабылатын үлкенг бұрыштардың жеке секторларындағы күшті желдердің қайталануына б/ты болады. Радиолокациялық станцияның орналасқан радиорелейлік сызықтар ж/е басқа да радиотехникалық құрылғыларға б/ты кедергілер аулақ болуы керек. АС-тан кемінде 500 м қашықтықта өнеркәсіптік кедергілер ошағы болмау керек ( күшті электрлік құрылғылар, электрлік байланыстардыңм жоғары вольтты сызықтары, трамвай мен троллейбустың контактты сызықтары ж/е т.б.). Елді мекенге жақын бекетті мүмкіндігінше, желдің басым бағытында шар жіберілгеннен кейін пункттен жоқ боп кететіндей етіп орналастыру керек. Таңдалған орын күші 500кВт-тан кем емес болатындай подъезд жолын, су құбырларын, телефон байланысын, абонент телеграфын ж/е электрлік құрылғылардың 3 фазалық сызықтарын қамтамасыз ету керек. АС ауданында жоғары жиілікті радиолокатор орналасатындықтан, оны таңдауда сан.эпидемиялық қызмет өкілдері қатысу керек. Бекет аумағы өнеркәсіп орындарының жобалаудың санитарлық нормаларының талаптарына сай болуы керек. Таңдалған телім актпен рәсімделеді.