Тақырыбы: Топырақтың физикалық қасиеттері 5 страница
1.Биологиялық құбылыстар белсенді жүретін жылы және ылғалды ұзақ емес көктем мерзімімен (мезотермді)
2.Биологиялық қабілеттілігі мүлдем тоқтаған ыстық, құрғақ мерзімді жаз мезгілі.
Сұр топырақтар түзілуде қысқа мерзімді биогенділікке байланысты құрамында гумустың өте аздығымен сипатталады.
4. Интразоналық топырақтар әрбір зоналарда түзіліп, солардың ара-сында таңдақ-таңдақ болып кездеседі. Зонаралық топырақтар ішінде негізінен төмендегідей топырақ типтері кездеседі: 1.Сорланған топы-рақтар. 2.Сортаң топырақтар. 3.Шақаттар (солодтар).
Сорланған топырақтар деп құрамында суға тез ерігіш тұздардың біршама мол кездесетін топы-рақ түрлерін айтады. Ал суда тез ерігіш тұздар топырақтың беткі қабатынан бастап мол болып кездессе, олар сор топырақтар (солончаки) болып саналады. Тұздардың мөлшерден көп кездесуі ондағы өсімдіктерге зиянды әсер ететіндіктенбұл топырақ-та өсімдіктер дүйниесі жоқтың қасы. Мұнда тек тұздың молдығына бейімделген соршөптер – галофиттер өседі де, сор көбейіп кетсе жалаңаш сорға айналады.
Сортаң топырақтар деп топырақтың коллоидты сіңіру кешені негізінен натрий катионына қаныққан топырақтарды айтамыз.
Топыраққа сіңірілген натрий катионы сілтілі ракция береді, ылғал тисе ісініп, батпаққа айналады, ал құрғақ жағдайда қатып-семіп, ба-ғаналы құрылым түзеді. Сондықтан олардың физикалық қасиеттері ыңғайсыз, осы себептен олар құнарсыз. Топырақтың сіңіру кешенімен көп жыл бойы айналысқан К.К.Гедройцтың тұжырымдары бойынша сортаң топырақты жерлерде бір кездері сор топырақтар болғандығын, кейінірек табиғи жағдайлардың өзгеруімен бұл аймақтарды ылғал кө-бейіп, топырақ бетінің құрамындағы натрий тұздары шайылып, топырақ астына кеткендігін айтады.
Шақаттар – зонааралық топырақтардың бір түрі, негізінен суббо-реалды белдеудің құрғақтау аймақтарында орын алады. ТМД елдері мен Қазақстан, Батыс Сібір жазығы мен Солтүстік Қазақстан облыстарының орманды-далалы зонасы мен шалғынды дала зоналарының ойпаңды, ағынсыз жерлерінің қайыңды-көктеректі және шалғынды шөптер өсетін бөліктерін алып жатыр.
К.К.Гердойц шақаттардың пайда болуы сортаң топырақтардың жер бедерінің ойпат жерлеріндегі әрі қарай шайылып, өзгерістерге ұшы-рауымен байланыстырады. Ойпат жерлерде ылғал молырақ жиналып, сортаң топырақтардағы ылғалды төмен өткізбеу қасиетіне байланысты топырақ бетінде ылғал жиналып көп уақыт сақталады. Натрийге қанық-қан органикалық коллоидтар мен балшықты минералдар коллоидтары сілтілі ортада еріп, то-пырақтың төменгі қабатына жылжиды.
Топырақтың жоғары қабатына сілтіге, қышқылға ерімейтін кварц жиналып, оның түсі ағарып, күлгін тартады. Осы процесс кезінде сіңі-рілген натрий ионы орнына сутегі келеді де, натрий топырақтың төмен-гі қабатына жиналады. Бұл құбылыстар жыл сайын қайталана беретін-діктен бұрынғы сортаң қабат түгел бұзылып, оның орнына шайылған күлгінделінген (солодты) қышқыл қабат түзіледі. Ол қабатта органика-лық және минералды коллоидтар аз болады, ал оның есесіне қалдықты кврц және аморфты кремний балшығы көп қабаты бар топырақтарды шақатталған топырақтар дейді.
Бақылау сұрақтары:
1.И.И.Плюсниннің тұжырымы бойынша топырақ құраушы факторлар қалай жіктеледі?
2.Әр топырақтың қалыптасуына қандай жағдайлар керек?
3.Топырақ түзілуіне биологиялық факторлардың әсері?
4.Топырақ түзілуіне өсімдіктердің әсері қандай?
5.Фитоценоз дегеніміз не?
6.Топырақ түзілуіне жануарлардың әсері қандай?
8.Топырақтың құнарлығына өсімдіктер, жануарлар қалай әсер етеді?
9.Топырақтың түзілуіне климат қалай әсер етеді?
10.Климаттық факторлар қандай түрлерге бөлінеді?
11.Климаттың қандай элементтері топырақтың түзілуіне әсер етеді?
12.Топырақтың абсолютті және салыстырмалы жасы дегеніміз не?
13.Адамның өндірістік әрекеттері топырақтың түзілуіне қалай әсерін тигізеді?
14.Топырақты түзу құюылысы қандай топтарға бөлінеді?
15.А.А.Роде бойынша топырақ құбылыстарының классификациясы.
16.Микро-, макро- және мезоқұбылыстар дегеніміз не?
Дебиеттер
1.Омарова З.М., Абдраимова Қ. Топырақ экологиясы. Дәрістер жинағы. Кентау, 2007.
2.Т.Т.Тазабеков және басқалар. Топырақ және қоршаған орта. Алматы, 2001.
3.Е.Ә.Исаханов, Т.С.Мұсаев. Топырақ механикасы, Алматы, 1994.
4.А.Н.Дурасов, Т.Т.Тазабеков. Почвы Казахстана. Алма-Ата. Изд-во “Кайнар”. 2000.
5.В.Н.Степанов, А.Н.Киселев. Агрономия негіздері. “Колос”, 1982.
6.Әділов Ж.М. Тұрақты даму және айналадағы орта. -Алматы: Ғылым, 1998.
Лекция №13