Теодолиттерді нивелирлеу және бағдарлауға сипаттама беріңіз

Теодолитті нивелирлеуді горизонтальдау деп те атайды. Жұмыстың мақсаты: дүрбінің оптикалық осінің горизонтальді жағдайында азимуттың барлық мәнінде вертикальды шеңбер бойынша есеп алуды қамтамасыздандыру. Бұл жағдайда теодолиттің вертикальды осі тік бойынша сәйкес келеді. Нивелирлеу 2 этапта іске асады: бірінші - көз арқылы, одан кейін теодолит деңгейлерінің көмегімен нақты түрде. Теодолитке үш аяқты тағанды орналастыру кезінде мүмкіндігінше оның теодолит бекітілетін жоғарғы беттігі горизонтальды болуын қадағалау керек. Мұның өзі өрескел қате түрінде нивелирлеуге жол беруі мүмкін. Теодолитті тірекке бұранда (винт) арқылы бектеміз. Ары қарай, теодолиттің үш бұрандасын жан – жаққа бұрау арқылы оны орта жағдайға келтіреміз.Дәл нивелирлеу құрылысы қарапайым. Егер теодолитте бір шеңбер деңгей болса, оны екі бұранда аралығында орналастырып, сол екі бұранданы теңдік ішіндегі бос ауа көпіршікті берілген линияға шыққанша бір уақытта қарама-қарсы бағытта бұраймыз. Одан кейін, үшінші бұранданы бұрау арқылы шеңбер деңгейдің центріне келтіреміз. Одан әрі теодолитті вертикальды осі бойынша 1800 шамасында айналдырамыз және бос ауалы көпіршіктің теңдік центрінде қалуына көз жеткіземіз. Осымен нивелирлеу аяқталды. Егер теодолитте бір цилиндрі деңгей болса, онда теңдікті екі бұранда ортасына келтіреміз, оларды бұрау арқылы бос ауалы көпіршікті деңгей ортасына келтіреміз. Одан соң, теодолитті 900 айналдырамыз, одан әрі қарай үшінші бұранданы бұрау арқылы бос ауа көпіршікті деңгей ортасына келтіреміз. Және теодолитті бірнеше бұрышқа айналдырып, көпіршіктің деңгей ортасында қалуына көз жеткіземіз. Егер теодолитте екі цилиндрі деңгей болса, онда оны нивелирлеуді шеңбер тәрізді деңгейді нивелирлеумен сәйкес жүргіземіз. Мұнда теңдіктің бірін сызыққа параллель етіп орналастырамыз және екі бұранданы бұрау арқылы бос ауалы көпіршікті деңгей ортасына келтіреміз. Одан кейін теодолитті бұрамай тұрып, үшінші бұранданы бұрау арқылы екінші деңгейдің көпіршігін ортасына келтіреміз. Енді теодолитті вертикальды осі бойынша белгілі бір бұрышпен айналдырып, көпіршіктің деңгейдің ортасында қалуына көз жеткіземіз. Кемеде бақылау жүргізу үшін кемелік теодолиттер қолданылады. Оның қаңылтыр тіреуішіне үлкен жүк ілінген ол үш аяқты таған астында тік бойынша орналастырылады. Теодолит барлық бағытта да қозғала алады. Жүктің тербелуі ауырлық күші арқылы жердің центріне бағытталады. Нәтижесінде, кеме беті арқылы үш аяқты таған қозғалады, ал теодолит пен жүк қозғалыссыз қалады. Осы жағдайда теодолит ешқандай тербеліске қарамастан нивелирленген болып саналады. Жердің әр бағытында теодолитті бағдарлау дәл азимутты анықтау үшін қажет. Ол теодолитті нивелирлеген соң іске асырылады. Азимут – сағат тілі бойынша бақылау нүктесі мен географиялық меридианның солтүстік бағыты арасындағы бұрыш. Сондықтан, біз теодолитті солтүстік бағытқа бағыттаймыз. Және теодолиттің дүрбісі солтүстікке қарап тұрғанда, азимут мәні әрқашан 00 немесе 3600 болу керек. Теодолитті бағдарлаудың 3 негізгі амалы бар: 1) магниттік стрелка бойынша; 2) мира бойынша; 3) полярлық жұлдыз бойынша;

1) Магниттік стрелка бойынша бағдарлауда солтүстікке бағытталған буссоль бойынша анықталады. Буссоль теодолит комплектінің құрамына кіреді Егер буссоль корпусқа қондырылған болса, онда оптикалық жүйесі бар теодолиттерді бағыттау бұрышпен есептелінеді. Горизонтальды шеңберде өз белгісімен нақты орыны үшін магниттік иілу шамасы орналастырылады. Одан кейін горизонтальды шеңберді қысып ұстап тұрушы бұранда босатылады, буссоль бағдары жіберіледі. Және теодолит вертикальды осі бойынша магнитті стрелка соңы буссольдің арнайы индексімен сәйкес келгенше айналады. Бұдан кейін горизонтальды шеңбердің мәні магниттік иілу мәніне тең екеніне көз жеткізу керек. Және қысып тұрғыш бұранданы қысамыз. Сонымен қатар, буссоль стрелкасын қысамыз. Осымен бағдарлау аяқталды.

2) Мира бойынша бағдарлау. Мира - бұл аз бұрышты мәнімен, айтарлықтай қашықтықтағы, бірақ көкжиекте жақсы ерекшеленетін, өзіндік сәйкестігі жоқ зат, оның бұрыштық координаттары жақсы белгілі (ең алдымен - азимут). Мира үшін завод мұржасындағы жай тартқыш немесе телевизиялық мачтаның жоғарғы жағы қызмет етеді. Мира бойынша бағдарлау аэрологиялық станцияның стационарлы жағдайында ғана жүзеге асырылады. Мираны таңдап, оның ең алдымен координаттарын анықтаймыз. Сол анықталған координаттар көп жыл қолданылады. оның орын бұрышын білу оның орналасқан жерін білу үшін өте қажетті. Мира бойынша бағдарлау өте қарапайым. Горизонтальды шеңбер бойынша азимут мәнін, ал вертикальды шеңбер бойынша орын бұрышының мәнін анықтаймыз. Қысып тұрған бұранданы босатып, азимут бойынша микрометрлік бұранданы қолданбай, мираға қаратамыз. Оны айқасқан сызықтарға келтіріп, қысқыш бұранданы бектеміз. Мира бойынша бағдарлау осымен аяқталды.

3) Полярлық жұлдыз бойынша бағдарлау. Полярық жұлдыз толықтай солтүстік полюсте орналасқан. Оның бұл бағыттан ауытқуы 10 аспайды. Бағдарлаудың бұл түрі мира бойынша бағдарлаумен сәйкес келеді. Горизонтальды шеңбер бойынша азимут мәнін 00 келтіреміз және қысқыш бұранданы босатамыз. Горизонтальды шеңбердің микрометрлік бұрандасын қолданбай, теодолитті Полярлы жұлдызға келтіреміз. Азимут мәнінің 00 екеніне сеніп, қысқыш бұранданы бекітеміз. Осымен бағдарлау аяқталады. Поляр жұлдызы бойынша бағдарлау сирек қолданылады. Бұл әдіс станцияның әлемдік координаттарын анықтауда қолданылады. Бұл жағдайда теодолитті бағыттау кемінде үш рет жасалады. Осы жағдайда қателіктерді азайтуға мүмкіндік береді.

Наши рекомендации