Зиянды нысандардың дамуына тигізетін әсері
Көктем Наурыз- айы салқын күндер созылынқы, ала бұлтты болды. Күн райының салқын болуы ауыл шаруашылық өсімдіктерінің шығуын бір шама кешуілдетті. Сонымен қатар ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерінің шығуы былтырғы жылмен салыстырғанда бірнеше күнге кештеу шықты. Наурыз айында аудан көлемінде ауа райының төменгі температурасы -80С, ал жоғарғы температурасы +130С құрады. Орташа тәуліктік температура +60С құрады. Ауаның ең жоғарғы температурасы наурызда +130С көтерілді. +50С асқан тиімділік температуралардың жиынтығы +170С, ал 100С асқан тиімділік температуралардың жиынтығы +00С құрады. Ауаның ылғалдылығы 41-81 пайыз. Оңтүстік-батыстан, шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан жел жылдамдығы 1-6м/с аралығында болды. 07-08-23-24күндері жауын жауды. Наурыз айындағы түскен жауын –шашын көлемі 6,0 мм көлемінде болды. Аудан көлемінде 09-10-11-28-29-30 күндері қар ұшқындады.
Сәуір айындада күн райы өсімдіктердің өсуімен дамуына қолайлы температура бола қойған жоқ. Бірінші он күндігінде салқын күндер жалғасты. Ал екінші он күндігінен бастап күн райы озінің көктем қалпына келді.Қазақта сәуір болмай тәуір болмайды демекші, Барлық жан жануарлар, өсімдіктер өзінің тіршілік қамына кірісті. Ауа-райының төменгі температурасы 0-70С, жоғарғы температурса +300С–ты көрсетті.Сәуір айының ауа-райы өте құбылмалы болды. Күн райы бірде қатты ысып, бірде қатты суып тұрды. Ауаның орташа температурасы +80С-ты құрады +50С асқан тиімділік температуралардың жиынтығы +1870С, ал +100С асқан тиімділік температуралардың жиынтығы +880С құрады Желдің жылдамдығы 1-6м/с аралығында болып, негізінен батыс, шығыс, бағытында қатты жел болды .Аудан көлемінде 06-17-25-26 күндері 14,5 мм. бойы толассыз жауын жауды. Ауаның ылғалдылығы 41-76 аралығында болды. Сәуір айындағы түскен жауын –шашын көлемі 14,5 мм көлемінде болды.
Мамыраудан көлемінде ауа-райының төменгі температурасы +120С, жоғарғы температурса +360С –ты көрсетті.Мамыр айының ауа-райы өте құбылмалы болды Күн райы бірде қатты ысып, бірде қатты суып тұрды. Ауаның орташа температурасы +230С-ты құрады. +50С асқан тиімділік температуралардың жиынтығы +5900С, ал +100С асқан тиімділік температуралардың жиынтығы +4150С құрадыЖелдің жылдамдығы 1-6м/с аралығында болып, негізінен оңтүстік батыс, шығыс, бағытында қатты жел болды. Ауаның ылғалдылығы 19-67 аралығында болды.Мамыр айында күн ыстық бола бастады. Бұндай ауа райы барлық дақылдар үшін де, зиянкестердің кейбір түрлері үшін де жағымдылық көрсетті. Жылда орын алатын көктемдегі күндізгі және түнгі ауа температураларының арасындағы біржарым - екі еселік ауытқушылық биыл да байқалды. Мамыр айында былтырғы жылмен салыстырғанды екі есе көп жауын түсті. Биылғы көктемнің ауа райы әдеттен тыс ылғалды болғандықтан өсімдік ауруларының қоздырғыштарына аса қолайлы болды. Арамшөптерге келсек, биылғы көктем арамшөптер үшін қалыпты болып табылып олардың көктемгі өнуі мен көктеуі жылдағы мезгілдерден ауытқыған жоқ. Ал ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері жоңышқа біз тұмсығымен азиялық шегірткенің шығуы қалыпты болды, атап айтсақ мамыр айының бірінші жартысынан бастап шығып маусым айының бірінші он күндігіне дейін созылды.
Маусым-ауа-райының төменгі температурасы +190С, жоғарғы температурса +480С –ты көрсетті.Маусым айының ауа-райы өте құбылмалы, ыстық болды. Күн райы бірде қатты ысып түн салқын болып, күндіз ыстық болды. Ауаның орташа температурасы +300С-ты құрады Маусым айының үшінші онкүндігінде күн қатты ыстық болып ауа температурасы +480С-ты көрсетті. +50С асқан тиімділік температуралардың жиынтығы +7840С, ал +100С асқан тиімділік температуралардың жиынтығы +6260С құрады Желдің жылдамдығы 1-11 м/с аралығында болып, негізінен батыс, шығыс, бағытында қатты жел болды .Аудан көлемінде 8 күні өткінші жауын болды. Ауаның ылғалдылығы 19-42 аралығында болды. Маусымдағы қатты ыстықтар бидайдың пісуін жеделдетіп жібергені аңғарылды. Және кеш егілген кортоп дақылдарының шығуына әсер етті, керісінше ерте егілген картопқа қолайсыздық туғызды. Кейбір көкөніс түрлеріне де жағымсыз болды. Түн салқын, күндізгі ауа-температурасы ыстық болу, шықтың көп түсуі бақша дақылдарының ақ ұнтақ ауруларының дамуымен таралуына қолайлы болды. Маусым айындағы түскен жауын –шашын көлемі 5мм көлемінде болды
Шілде айы аудан көлемінде ыстық ауа райы тіркелді. Жауын-шашынсыз болды. Кей күндері +48*С ыстықтыққа дейін көтерілді. Бұл ыстық ауыл шаруашылық өсімдіктерінің картоп,бақша дақылдарына көп зиянын тигізді. Өсімдіктердің қурап кетуге алып соқтырды. Тамыз айында былытғы жылмен салыстырғанда быршаыстық болы. екпе ағаштарының күнгей беттерінің жапырақтарын қуратып жіберді. Шілде айының ең жоғарғы температурасы+48+27*С құраса, ең төменгі тепература +17+30*С болды.Солтүстік, оң түстік шығыс,батыстан 1-9 м/с жел соқты. Ауаның ылғалдығы 15-39% құрады.
Тамыз айы ыстық желді, аз мөлшердегі жауын шашын түсті, жалпы ыстық ауа райы тіркелді. Тамыз айында ыстық күндер көп болды. Былтырғы жылмен салыстырғанда жауын шашын аз болды, бірақ ыстық болды, атап айтсақ 2014 жылдың +5*С дан жоғары жылы +2912*С болса, ал +10*С жоғары +2202*С биылғыдан біршама төмен. Кей күндерде +44* дейін көтеріліп, ыстық жел соғуда. айында ең жоғарғы температура +44+29*С құраса, ең төменгі температура +17+26* С болды. Оңтүстік және Солтүстік шығыс, батыстан 1-6 м/сек жел соқты. Ауаның ылғалдығы- 15-40% болды. Шілде тамыз айларында небәрі 2мм шамасында жауын жауды.
Қыркүек айы аудан көлемінде жылы ыстық желді күндер көп тіркелді. бірінші он күндігінде ыстық ауа райы +27+35*С тіркелді. екіші он күндігінде кішкене салқын түсті. Таң ертемен кешкі ауқыттарды салқын болып түскі ауқыттарда мизам шуақ түсіп жылы болды. Үшінші он күндігінде күн райы салқындап далалы аймақтардағы қамыстың жапырақтары сарғыш тарты. +12+22*С аралығында. Солтүстік, Солтүстік батыс, шығыстан, оңтүстіктен 2-7м/с жел соқты.