Археологиялық зерттеу жұмыстары(қазба,барлау,өңдеу)т.б Ескерткіштерді қорғау. 5 страница
2. Шу аудандық тарихи-өлкелік мұражай;
3. Жуалы Бауыржан Момышұлының мемориалдық мұражайы.
Облыстық мұражайдың негізгі қызмет түрлері:шолу экскурсияларын жүргізу, өзекті мәселелерге арналған кездесулер мен «дөңгелек үстелдер» өткізу, студенттер, оқушылар, қала және облыс қонақтарына арналған тақырыптық экскурсиялар, мектеп, ЖОО-да және қала мен облыс кәсіпорындарында өлкелік тақырыпта дәріс оқу, көшпелі және стационарлық көрмелер өткізуді ұйымдастыру. Экскурсиялар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Мектептегі мұражай түрлері және олардың қолданбалы маңызы. Мұражай — туған еліміздің асыл қазынасы. Ол оқушыларды, жалпы жұртшылықты өлкеміздің шежіресімен таныстыра отырып оны қастерлеуге тәрбиелейді. Халыққа мұражай мұрағаттар мен жәдігерлерді жинақталуымен танылады. Мұрағаттарды қорғау мен жинақтау аясында жас ұрпақты отан сүйгіштікке баулиды. Таным дүниесіне осылайша қарасақ, мұражай өткен мен болашақтың жалғастырушысы.
Мектеп мұражайының өзіндік ерекшелігі оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, олардың санасына адамгершілік, рухани байлық, еңбек, патриоттық,туған елін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, әдет ғұрпы мен салт дәстүрін құрмет тұтатын эстетикалық дағдыларды қалыптастыруына ықпал жасайды. Осы орайда ізденімпаз,терең білімді, барлық іс әрекеттерінде шығармашылық бағытты ұстанып жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән беремін. Тәрбие нәтижесінде «Отаншылдық» сезім, намыс оянып адамға туа біткен қасиетке айналары сөзсіз. Осы қасиетті бойына дарытқан адам баласы қай жерде жүрсе де, қандай лауазымды қызмет атқарса да кіндік қаны тамған жерді әрқашан есінде сақтайды. Осы орайда мен де өзімнің туған елге деген ыстық жүрегіммен өз ауылымның мектебінен халық тарихын таныстырып насихаттайтын мектеп мұражайы жөнінде сөз қозғауды өз міндетім деп санадым. Жақсы мұражай мектептегі дара тұлға, сол мектепте өзінің жағымды микроклиматын қалыптастырады. Басқа мұражайлардың қалыптасуы сияқты, мектеп мұражайының негізгі белгісі заттарды, материалдарды жинау, қажет болған жағдайда айырбастау. Мектеп мұражайын мағлұматтарға толтыру үшін , туған өлкені жан жақты оқып, зерттеуді алдыма мақсат етіп қойдым.
Ауыл тарихын зерттеу, зерделеу ісі күні бүгінге дейін қолға алынбаған болса, ендігі жерде тәуелсіздікке қол жеткізіп ауыл тарихын жарыққа шығарып, мақтанышпен халыққа таныту алдағы жоспарымызда тұрды. Бүгінгі менің мақаламның мазмұны осы жоспардың бастамасын іске асырғанын дәлелдейді Ауыл тарихына терең үңілу мені аса қатты қызықтырды. Ашылмай келген тың деректерді, мәліметтерді, ауызекі естеліктерді, мұрағат материалдарын жарыққа шығарғым келді. Бұл жұмысқа мектеп мұражайының жанынан құрылған «мұғалімдер тобы» мүшелері де көмектесті. Мектеп мұражайы жұмысының табысты болуы мұражайға жауапты адамның мұражай ісіне мамандануына, педогогикалық шеберлігіне байланысты. Бұл жерде оқытушы, ата-баба мұрасы тарихи құндылықтарды сақтауда қоғам алдында моральдық жауапкершілігімен ерекшеленеді және қызмет жасайды. Мектепте мұражай құру үшін материалдық-техникалық жағдайға ерекше көңіл бөлініп, бұл іске бүкіл педагогикалық ұжым атсалысқаны дұрыс. Өз туысы жөнінде тың деректер мен жақсы дүниелер жинау кімнің де болса басты мақсаты емес пе? Мұражайда сонымен қатар оқушылар арасында экскурсиялар –өткізіледі тек оқушылар емес қызыға қараған басқа мектеп ұстаздары мен қонақтарда тамашалап рахметтерін жеткізіп жатады, -өздерінің тілек лебіздерін де жеткізіп жатады.Жоспарланған тақырыптар бойынша жауапты мұғалімдермен жұмыс жүргізіледі. Лекциялар,ойын шаралары, кездесулер көпшілік жұмыстар жүргізіліп отырады. «Құжатсыз тарих болмайды,тарихсыз ел болмайды» дегендей ел тарихын білу, білдіру, дәріптеу аса маңызды жауапкершілікті талап етеді. Өмірбаяны өшпейтін із қалдырған, адал істері, ерлік қимылдары ел арасында аңызға айналып, ұрпақ мұрасын ойлаған, ауылдың қалыптасып жандануына үлес қосқан ұлы адамдардың тарихын білмеу мүмкін емес.Осының бәрін аса қастерлеп, оқушы жастардың қазіргі және кейінгі буынына үлгі етіп қалдырсақ бағасы қымбат бай тарих болатынына көзім жетеді.
XX ғ 20 -30 ж Тарихи өлкетану.Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамы.Өлкетану жұмысының түрлерімен зерттеу әдістері.ХХ ғ. 20-шы жылдары әкімшілік-саяси немесе шаруашылық белгісімен ерекшелетін шағын территорияны синтетикалық зерттеу әдісі ретінде қарады.1930-жылдары өлкетануды жергілікті халықты біріктірген, өлкені жан-жақты зерттеуге қызыққан қоғамдық қозғалыс ретінде анықтады. Оны тіпті ерекше ғылым деп атаушылар да болды.Қазіргі уақытта өлкетану түсінігі ол жергілікті тұрғындардың өз туған өлкесі деп есептейтін ел бөлігін, қала немесе басқа да елді мекенді жан-жақты зерттеу. Біз тілге тиек етер зерттеу 1920-30 ж.ж. Қазақстандағы тарихи өлкетану өркендеуі алғашқы өлкетану үйірмелерінің завоттар мен фабрикаларда колхоздар мен совхоздарда, кеңес мекемелері мен оқу орындарында, аудандар, қалалар мен облыстарда бөлімдері мен бюролары, орталықта өлкетану қоғамдарының құрылуының бастапқы қызғылықты қалыптастырудың маңызды кезеңі туралы сөз болмақ.Қазақстанды Зерттеу Қоғамы- Қазақ (қырғыз) өлкесін зерттеу қоғамы (1920–1925) – қоғамдық-ғылыми мекеме. 1920 жылы 5 қазанда ұйымдастырылған. Бастапқы кезде тарих-археология, этнография және жаратылыстану-география, кейін экономика, агрономия бөлімдері жұмыс істеді. Осы жылы Орыс географиялық қоғамы (ОГҚ) Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесі (1924 жылдан бөлім) мен ОГҚ-ның Алматыдағы Жетісу бөлімдері қалпына келтірілді. Бұдан кейін Қазақстан зерттеу қоғамы бөлімдері Оралда, Петропавлда, Көкшетауда ұйымдастырылды. 1921 жылы 7 ақпандағы Қазақ КСР-і ОАК-нің декреті бойынша Қазақстандағы барлық ғылыми қоғамдар Халық ағарту комиссариатының ғылыми бөліміне енгізілді. 1922 жылы жазда қоғам мүшелері комиссариаттың академиялық орталық алқасы мен Орталық өлкелік мұражай кеңесіне қосылды. Қазақстан зерттеу қоғамы облыстық және гуерниялық партия комитеттері жанындағы партия тарихы мекемелерімен бірігіп, қазақ халқының тарихын және этнографиясын зерттеді. 1921 жылы Архив бас басқармасы құрылып, тарихи құжаттарды жинастыру, өңдеу және ғылымға пайдалану ісін бастады. 20-ғасырдың 20-жылдары қоғам мүшелері КСРО ҒА мен Географиялық қоғамының археологиялық-этнографиялық экспедицияларына қатысты. 1921 жылы «Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамының еңбектері» атты жинақтың бірінші, 1922 жылы екінші басылымы жарық көрді. Ә.Жангелдин басқарған Қазақ КСР-і ОАК-нің «Қызыл керуеніне» (1922) қоғам мүшесі, этнограф А.А.Четыркин қатысып, көптеген қазақ әндерін, ертегі, жұмбақтарды, ұлттық ою-өрнек үлгілерінің суреттерін жинап, ұлттық киім мен тұрмыстық заттарды мұражайға тапсырды. Қоғам мүшелері 1923 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне, 1924 жылы қазақ халқы қолөнерінің бұйымдарын Парижде өткен Бүкіләлемдік этногр. көрмеге апарды. Қазақстан зерттеу қоғамы мектеп істерін ұйымдастыруға қатысты: қазақ тілінде оқулықтар жазды, әдістемелік құралдар әзірледі, археол. карта жасады. Қоғамның «Еңбектерінде» Орынбор өлкесіндегі, Оралдағы, Еділ бойындағы, Қазақстандағы қозғалыстар туралы мақалалар мен монографиялар, зерттеулер жарияланды. А.А.Диваев пен А.Л.Мелков, А.В.Затаевичжинастырған қазақ ауыз әдебиеті мен халықтық музыка үлгілері жарыққа шықты. ОГҚ-ның Семей бөлімшесінде М.О.Әуезов, Ж.Т.Шанин және өлке зерттеушілер, В.Н. және А.Н.Белослюдовтар Қазақстанды зерттеу ісіне өз үлестерін қосты. Қоғамның әр бөлімі өз «Жазбаларын» шығарып, РКФСР-дің Жер халық комиссариаты мен Қазақ КСР-і Жер халық комиссариатының экспедицияларына қатысып отырды, мектептер мен техникумдарда өлкетану үйірмелерін құрды. 1926 жылы КСРО ҒА Одақтық және автономиялық республикалардың табиғи қорын зерттеу жөніндегі айрықша комитеті және КСРО ғылым академиясының қазақстандық экспедиция құрылып, статистика-экономика, антропологиялық-этнография, медицина-санитарлық, мал шаруашылығы, топырақтану-ботаника, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеулермен айналысты. Бұл экспедицияға КСРО ғылым академиясының академик А.Е.Ферсман жетекшілік етті. 1932 жылы 8 наурызда республикадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды жақсартып, үйлестіру үшін КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы құрылды.
Өлкетану – белгілі бір жердің, қаланың, елді мекеннің бір бөлігін оқып білу. Мұндай жұмыспен жергілікті тұрғындар айналысады, себебі бұл аймақ оқушылар мен мамандар үшін (тарихшылар, биологтар, геологтар, архитекторлар, этнографтар, экологтар) туған өлке болып саналады.
- табиғи-географиялық өлкетану (жергілікті жердің климаты, жер бедері, топырағы, өзен-көлдері, пайдалы қазбалары, экологиясы, экологиялық проблемалары)
- әлеуметтік-географиялық өлкетану (халықтың тығыздығы, елді мекендердің орналасу сипаты, ұлттық қолөнер түрлері, басқа елді мекендерден, аймақтардан алшақтығы, байланыс құралдары);
- әлеуметтік-демографиялық (ұлттық құрамы, жастық-жыныстық құрамы, көші-қон үдерісі, халықтың ұдайы өсуінің сипаты);
- әлеуметтік-экономикалық (халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек ресурсы, кәсіби-мамандық құрамы, экономикалық даму келешегі);
- аймақтың экономикалық салаларының (ауылшаруашылық, құрылыс, тау-кен, химиялық т.б.), шығаратын өнімдері;
- әкімшілік-саяси (өлкенің шекарасы мен аумағы, инфрақұрылымының түрлері, басқару органдарының қызметі және жұмысты ұйымдастыруы);
- өлкетану жұмыстарының ерекшелігі топонимика (гректің «топос» – орын, жер, «онома» – атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз), ономастика (гректің onomastike – ат беру өнері, тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы) сияқты ғылымдардың, білімдердің өзгешеліктерімен анықталады. Демек, топонимдер тарихи, географиялық және лингвистикалық мәннен хабар беріп тұрады деген сөз. Мұның өзі белгілі бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өрісі хақында, тіптен сезім сұлулығына дейін тамаша хабардар болып, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді;
- өлкетану жұмыстары оқушылардың алған теориялық білімдерін практикада қолдануға нақты мүмкіндік беріп, туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарға баулуға бағытталған өзіндік ерекшелігі бар оқу-тәрбие процесіне айналады.
Өлкетану жұмысының түрлері:
- саяхат;
- экскурсия;
- бақылау жүргізу;
- тәжірибелер жасау;
- мамандық иелерімен кездесулер -тағы басқа практикалық іс-әрекеттерді оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, құндылық көзқарастарын қалыптастыруға, білуге деген қызығушылықтарын арттыруға бағыттау.
Өлкетану жұмыстарының формалары және әдістері: өлкетану оқулыры, үйірмелер, конференциялар, жас туристер станциясы, жас табиғатшылар, жас техникте, тақырыптық экскурсиялар, жылжымалы көрмелер, өлкетанушылар қоғамы т.б.Тарихи өлкетану курсының арналуы және оның мазмұны: студенттер жер-жерлерден тарих және мәдениет ескерткіштерін табуды үйреніп, оларды қорғауды ұйымдастырып, стилін, жасалған уақыты мен көркемдік ерекшеліктерін білу, тұрғын жай немесе басқа да құрылыстардың шығармашылық бастаманы тану, күнделікті ескі-құсқы заттар арасынан өнер шығармалары заттарын таба білу.