Тақырыбы: Топырақтың физикалық қасиеттері 2 страница
Жерасты (ыза) суы.Егер топырақта су көп болса, ол төмен қарай жерге сіңетінін айтып өткенбіз. Топырақ және аналық жыныс қабаттарынан өткен су белгілі бір тереңдікте су өткізбейтін қабатты (ауыр саз, немесе тас жынысы) кездестіреді, осы қабаттың үстінде жинала бастайды не ылди жаққа қарай ағады. Бұл құдықтарға, көлдерге, өзендерге келетін, ал жер бетіне жақын жатқан жағдайларда құрғақшылық кезінде өсімдіктерді сумен қамтамасыз ететін ыза суы. Егер жерасты суы топырақ бетіне жақын болса (1м және одан да жақындау) ол топырақты батпаққа айналдырады.
Топырақтың су көтергіштік қабілеті. Топырақтағы судың тек жоғарыдан төмен қарай ғана емес, жан-жағына және төменнен жоғары қарай да қозғала алатындығы анық. Су топырақ бөлшектерінің арасындағы өте ұсақ кеуектер арқылы көтеріледі.
Топырақтың жер астындағы суды сорып алу және көтеру, қылтүтіктер арқылы бір қабаттан екінші қабатқа және жан-жаққа өткізу қабілетінің өсімдіктер өмірі үшін өте үлкен маңызы бар. Топырақтың бұл қабілеті болмаса - ондағы судың көбі пайдасыз ағып кетер еді, ал өсімдіктер үшін, әсіресе құрғақшылық аймақтарда, судың қандай бағалы екендігі белгілі. Топырақтың беткі қабаттары ешқандай ылғал ала алмайтын құрғақшылық кезде өсімдіктер тек қылтүтікгер арқылы келетін сулармен өмір сүреді.
Судың көтерілуі және қылтүтіктерге тартылуы тек жерасты суының деңгейіне (шарасына) не ыза суға ғана байланысты емес, ол мұндай сулар жоқ кезінде де болуы мүмкін екендігін білгеннің маңызы зор. Қылтүтік суы суға қаныққан қабаттардан (горизонттардан) құрғақ қабаттарға қарай да жылжиды. Бұл жағдайларда суға толған ірі кеуектер топырақтың жіңішке түтіктеріне су жеткізіп тұратын су көзі қызметін атқарады.
Сөйтіп, топырақтың қылтүтіктер арқылы су көтеру қабілеті өсімдіктерге ылғалды жақсы және толығырақ пайдалануға мүмкіндік береді.
Топырақтың буландырғыштық қабілеті.Топырақтың сукөтеру қабілетінің топырақтың артық құрғап кетуіне де соқтырады. Бұл топырақтың беткі қабаты нашар қопсытылған, немесе тіпті қопсытылмаған жағдайларда болады. Мұндай үлескілерде топырақтың қылтүтіктері үзілместен, оның беткі қабатына дейін жетеді де, олар арқылы көтерілген су ауада буланып ұшып кетеді. Топырақты қопсытқан кезде біз қылтүтіктерді бұзамыз, сындырамыз. Төменнен көтерілген су қопсытылған қабатқа дейін келеді де, жоғары карай өте алмайды, сондықтан қопсытылған қабаттың астында жиналады.
Егістікті қабыршақ басқан жағдайда да топырақ өте құрғап кетеді. Бұл жаңбырдан кейін болады. Қабыршақта суды өте күшті соратын жіңішке қылтүтіктер көп болады. Егер топырақтың ылғалын сақтау керек болса, культиватор не тырма арқылы мұндай қабыршақты тез бұзу керек.
Демек, топырақтагы көптеген түтіктер, өзекшелер, кеуектер арқылы су кез келген бағытта жылжиды, топырақ бөлшектерінен түрлі тұздарды, соның ішінде өсімдіктерге қажетті тұздарды да, шайып отырады. Еріген тұзы бар су - өсімдіктер мен топырақтағы кейбір басқа тірі жәндіктер үшін қорек.
Топырақтың ауа ырғағы (режимі).Құрғақ топырақтың барлық қуыстары дерлік ауаға толы болады. Бұл ауаның бір бөлігін топырақ бөлшектерінің беткі қабаты күшпен ұстап тұрады. Ауаның бұл бөлігі өте аз қозғалады, сондықтан сіңірілген ауа деп аталады. Ірі кеуектерде орналасқан басқа ауа - бос ауа. Ол анағұрлым қозғалғыш келеді, топырақтан шығып кете алады, атмосфера ауасымен оңай алмасып тұрады.
Топырақ дымқылданған сайын оның ауасы ығыстырылып, сыртқа шыға береді, ауаның және басқа газдардың бір бөлігі топырақ суында ериді. Суда әсіресе аммиак жақсы ериді: 1л су бірнеше жүз литр аммиакты еріте алады. Суда басқа газдар да, көмір қышқыл газы, оттегі және азот ериді, бірақ олар аммиактан анағұрлым нашар ериді.
Мәдени өсімдіктердің көбінің жақсы өсуі үшін топырақта су да, ауа да болуы керек. Мұндай жағдайларда су уақ және орташа кеуектерде болады да, ал ірі кеуектерде ауа орналасады.
Ауадан топырақта оттегі көп жұмсалады. Жоғарыда көрсетілгендей, оттегі өсімдік тамырларының, топырақта мекендейтін жануарлардың тыныс алуына жұмсалады, топырақтағы түрлі заттармен, мысалы темірмен қосылады, ол негізінде түрлі бактериялардың тыныс алуына, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарының шіруіне және кейбір минералды заттардың тотығуына жұмсалады. Тірі жәндіктерге жұмсалған оттегінің орнына топырақтағы ауада олардың тыныс алуы және өлі органикалық қалдықтардың шіруі кезінде бөлінетін көмір қышқыл газы көбейе бастайды. Топырақ ауасынан көмір қышқыл газы топырақ ертіндісіне де қосылады.
Топырақтағы ауа қозғалыссыз қалмайды. Күндіз күн сәулелерінен топырақ қызған кезде, ондағы ауа да қызады. Оның көлемі кеңіп, бір бөлігі сыртқа шығады. Түнде топырақ, оның ішіндегі ауа салқындайды. Топырақтың ауасы сирейді. Осы бос кеңістікке сырттан жаңа ауа келеді. Бірнеше тәуліктің ішінде топырақтағы барлық ауа құрамы жаңарып та үлгіреді.
Топырақтағы ауаның алмасуы басқа себептерден де болады. Ауа жел соққанда сыртқа шығады, топыраққа өткен су ығыстырып шығарады, бұл екі жағдайда да топырақтан ығыстырылған ауаның орнына атмосфералық жаңа ауа келеді. Атмосфералық қысымның өзгеруінен де топырақ ауасы қозғалады. Қысымның күшеюі топырақ бетіндегі ауаның бір бөлігінің топыраққа енуіне соқтырады. Ал, атмосфера қысымы азайса, керісінше топырақ ауасының бір бөлігі сыртқа шығады. Ақырында, топырақтағы ауа алмасуы желсіз, жаңбырсыз және атмосфералық қысымның бірқалыпты кезінде де тоқтамауы мүмкін. Көмір қышқыл газы мен су буларына бай топырақ ауасы біртіндеп сыртқа шығады да, атмосфералық құрғақ және оттегіне бай ауа топырақ кеуектеріне енеді (бұл үрдіс газдар диффузиясы деп аталады).
Топырақ ауасының жаңаруына түрлі климаттық және топырақ аймақтарында түрлі себептер түрліше әсер етеді. Мысалы, шөлдерде температураның күн мен түнде қауырт құбылуы және топырақ ауасын үрлейтін жел күшті әсер етеді. Жауын-шашыны мол аймақта, мысалы тайгада, ауа алмасуына топыраққа судың сіңуі күшті әсер етеді, т.с.с.
Топырақ ауасы атмосфера ауасынан үнемі дымқылдау болғандықтан бұл екеуінің алмасуы топырақтың құрғауына себеп болады. Демек, топырақ өзіндегі суды тек бетінен буландыру ғана емес, сонымен бірге өзінің ішкі қабаттары мен кеуектері арқылы да жоғалтады. Судың мұндай булануы топырақ ішіндегі булану деп аталады. Топырақ ішіндегі булану жел оңай енетін топырақтарда зиянды мөлшерге дейін жетеді. Тоң кесекті, жарықшақты және ыссы, желді күндері жыртылған жерлер өте тез құрғайды. Сондықтан, шөлейт аудандарда топырақтағы ылғалды жоғалтып алмау үшін, ауа райы жоғарыдағыдай болып тұрған кезде оны терең жыртуға болмайды. Ал егер жыртылып тасталған болса, оны мейлінше жақсылап тырмалап, тегістеп тастайды (сүйретпе не тырманың желкесі арқылы).
Ауаның еркін алмасуы барлық топырақта бірдей бола бермейді. Мысалы, құм топырақтардың бөлшектерінің арасындағы кеуектері ірі болады. Бұл топырақтардың терең қабаттарына ауа оңай өте алады. Өсімдік тамырлары мұнда еркін тыныс алады. Су болған жағдайларда өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары мұндай топырақтарда тез шіриді. Структурасыз, саз, тым ылғал топырақтарда мұндай болмайды. Мұнда топырақ бөлшектерінің аралықтары өте жіңішке және оларда көбінесе су толып тұрады. Мұндай топырақтарға ауа өте аз мөлшерде, қиыншылықпен өте алады. Топырақ баяу кұрғайды. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары нашар шіриді. Топырақтағы түрлі заттар, мысалы темір оттегімен қосыла алмайды, қайта өзінің құрамындағы бұрынғы оттегін де жоғалтады. Оттегін жоғалтқандықтан темір өсімдіктер үшін у болады.
Селитра құрайтын бактериялар мұндай топырақтарда өмір сүре алмайды. Онда селитраны бүзғыш басқа бактериялар өседі. Яғни, топырақ «дұрыс өмір сүрмейді», «тұншыққандай» болады. Мұндай топырақ біртіндеп батпаққа айналады. Топырақты дұрыс өмірге келтіру үшін оны құрғату керек, жоғарғы қабатын қопсытып, оған ізбес, көң, қи қосу керек, минералды тыңайтқыштар шашу керек.
Топырақтағы жылу. Топырақтардың дамуы мен өсімдіктердің өмірі үшін жылу керек. Топырақ жылуды күннен, күн сәулелерінен, не ауа мен жауын-шашыннан алады. Топырақтың жоғарғы қабатынан жердің ішкі қызған қабаттарынан да, сонымен бірге тірі жәндіктердің тыныс алуынан, өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының шіруінен, топырақтың құрамындағы кейбір заттардың өзара қосылысқа түсуінен, су буларының қоюланып сұйық суға айналуынан, судың қатуынан біраз жылу алып отырады.
Күн сәулесінің жылылығынан әртүрлі топырақ әртүрлі жылынады. Ашық түсті, ылғал топырақтарға қарағанда қара, қарашірікке бай, әсіресе құрғақ топырақтар анағұрлым тез жылынады. Ылғал топырақтар әсіресе баяу жылынады. Бұл ондағы суды жылытуға, буландыруға көп жылу жұмсалатындықтан болады. Құм топырақтар саз топырақтардан құрғақтау, сондықтан тезірек жылынады.
Топырақтың жылынуы үшін оның түсі, қарашірік пен судың мөлшерінен басқа, оның қандай жерде орналасқандығының да үлкен маңызы бар: оңтүстік баурайда жатқан топырақтар басқаларға қарағанда анағұрлым жақсы жылынады, шығыс және батыс баурайдағысы азырақ, нашарлау жылынады, ал солтүстік баурайдағысы - бәрінен нашар жылынады.
Топырақ алған жылу оның бөлшектері, су және ауа арқылы төменгі қабаттарға тарайды. Топырақтың қатты бөлшектері мен су жылуды жақсы өткізеді. Ал, ауа жылуды өте нашар өткізеді.
Топырақтағы өсімдіктер мен басқа тірі жәндіктердің дамуы үшін жылы топырақ қолайлы келеді.
Қысқы күндері, топырақты қар басып, ондағы су қатқан уақыттарда және жылылық толқындарының орнына суық толқындар жүре бастаған кезде топырақтағы өмір едәуір дәрежеде бәсеңдейді. Топырақтағы барлық тірі жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді, қайнаған жаңа өмір тек келесі көктемде ғана басталады.
Топырақ құрылымы. Топырақтың ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өсіп дамуы үшін үлкен маңызы бар барлық қасиеттері структуралы топырақта ғана толық көрінеді. Структуралы топырақта су да, ауа да жеткілікті болады. Мұндай топырақтарда су құрткесектердің ішінде және олардың түйіскен аралықтарында, ал ауа аралықтарындағы ірі кеуектерде, құрткесектердің бетінде, аздап оның ішінде - ірі өзекшелер мен кеуектерде орналасады. Структуралы топырақтың жылылық қасиеттері де жақсы болады. Онда өсімдіктер үшін пайдалы микроағзалар жақсы өседі. Мұндай топырақтың минералды бөлімі оңай үгілетін болғандықтан, өсімдіктерге қажетті қоректік заттар оңай бөлініп шығады. Мұндағы құрткесектердің бетінде өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары толық шіриді, ал құрткесектердің ішкі, ауа нашар өтетін бөлімі жоғары сапалы бейтарап («тәтті») қарашірік жинағының «зертханасы» ретінде болады. Сондықтан структуралы топырақта ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өнімі үнемі дерлік жоғары болады.
Бірақ барлық топырақ жаратылысынан жақсы структуралы бола бермейді. Жыртылған егістік жер структуралы болуы үшін көбінесе табандылықпен жұмыс істеуге тура келеді. Қандай топырақта болмасын структура құру үшін оның қарашірігін көбейту және оны кальцийге қанықтыру керек. Кальцийге қанықтыру үшін қышқыл топырақтарда ізбес, ал сілтілі (мысалы, сортаңдарда) топырақтарда гипс қолданады.
Топырақты көңмен тыңайтып тұру керек, ауыспалы егістерге біржылдық және көп жылдық астық тұқымдас, бұршақ тұқымдас шөптер танабын енгізу, құм топырақтарға люпин және сераделла егу керек. Бұршақ тұқымдас шөптер топырақты кальций мен азотқа, ал барлық - бұршақ және астық тұқымдас шөптер, егер олардың өнімі жақсы болса, топырақты қарашірікке байытады, өйткені олардың тамыр жүйесі сұлы, қарабидай, бидай және басқа егістік, бақша өсімдіктерінің тамыр жүйесінен бірнеше есе көп болады. Онымен бірге, тамыр жүйесі нашар астық және бақша дақылдарына қарағанда, тамыр жүйесі жақсы дамыған шөптер өзінің торланған қалың тамырлары арқылы топырақты түйіршіктер мен құрткесекшелерге бөледі. Ауыспалы егістерге шөп танаптарын барлық жерде бірдей бір үлгі бойынша енгізуге болмайды. Бақылау жүргізе отырып, ауыспалы егістердің шөптер қоспасына жаңа дақылдарды батыл енгізу керек. Мысалы, қара топырақсыз аймақта жоңышқа, атқонақпен бірге райграс, қойкөде және жима тарғақ, құрғақ далаларда беде және еркекшөппен бірге түйе жоңышқа, ноқат, судан шөбі; дымқыл субтропиктерде – бөрібұршақ (люпин), атбұршақ сияқты өсімдіктер өседі.
Бақылау сұрақтары:
1. Жерді ылғалмен қамтамасыз ету коэффицентінің шамасына қарай топырақтың су тәртібінің қандай түрлері болады?
2.Топырақты агрофизикалық және физика-химиялық қасиеттеріне қандай қандай қасиеттері жатады?
3.Топырақтың жалпы физикалық қасиеттері.
4.Топырақтың физика-механикалық және технологиялық қасиеттері
5.Топырақтың сіңіру қабілеті неше түрге бөлінеді?
Дебиеттер
1. Е.Жамалбеков, Р.Білдебаева. Топырақтану және топырақ геологиясы мен экологиясы. -Алматы, 2000.
2. Почвоведение. Под ред. проф. С.И.Кауричева. -Москва, 1998.
3. Цуриков Т. Почвоведение. М.: Высшая школа, 1992.
4. И.Г.Добровольский. География почв с основами почвоведения. МГУ, 1999.
5. Ерденов М.Т., Омарова З.М., Абдраимова Қ.Т. Топырақтану пәнінен практикум
6.Тазабекұлы Т., Тазабекова Е. Топырақтану түсіндірме сөздігі – Алматы: Рауан, 1193.
Лекция № 9, 10
Тақырыбы:Топырақ – тіршілік ортасы
Мақсаты: Студенттерге топырақтың негізгі химиялық қасиеттері, топырақтың өсімдік тіршілігіндегі алатын орны және топырақ тұздылығының өсімдіктерге әсері туралы білім беру.
Лекцияның жоспары:
1.Топырақтың негізгі химиялық қасиеттерінің экологиялық маңызы
2. Топырақ тұздылығының өсімдіктерге әсері
Қолданылатын әдістер: Сұрақ-жауап-талдау.
Лекция мәтіні:Біздің планетамыздың топырағының шамамен 25% тұздыланған болып келеді. Топырақ ерітіндісінде болатын тұздылықтың артықшылығы өсімдіктерге токсинді болады. Әсіресе тез ерігіш тұздар зиянды, олар цитоплазмаға оңайлықпен енеді: NaCl, MgCl, CaCl2; ақырын еритін тұздар: CaSO4, MgSO4, CaSO3 аз токсинді. Көптеген тәжірибелерде көрсетілгедей өсімдіктерге сульфаттарға қарағанда хлоридті тұздылық қатты әсер етеді. Сульфатты тұздылықтың аз токсинділігі, Cl¯ ионына қарағанда SO4¯ ионының аз көлемде болсын өсімдіктердің минералды дұрыс қоректенуіне қажет болып, артып кеткен кезде ғана зиянды болады.
Тұздылықтың асқан концентрациясы осматикалық әрекет ретінде болып, өсімдіктердің қалыпты сумен қоректенуінің бұзылуына әкеліп, улануға әкелетін токсинді әсер етеді. Көбінесе, улану азот айналымының лезде бұзылуы нәтижесінде және ақуыз ыдырауынан түзілетіндердің жиналуынан пайда болады. Қатты тұздылық ақуыздың ыдырауын ақырындатып, өсу үрдісін басады. Топырақтың тұзды болуы топырақ микроағзаларының өлуіне (сонымен қатар, жоғары сатыдағы өсімдіктердің тіршілігінде пайдалы топтарға) әсер етеді. Ыстық және құрғақ климатта жер асты сулары болатын жерлердің басым болуынан үлкен аймақтарда (дала және жартылай дала территориялары, шөл аймақтарда) тұздылану жиі кездеседі. Бұл жерлерде тұздылану басым болып жер асты суларының тұздары ғана емес сонымен қатар минрералды тұздар аз мөлшерде болатын атмосфералық жауын-шашын болып табылады. Бұл жерлерде тұздалану суландырудың дұрыс жүргізілмегенінен де болады.
Ылғалды климатта топырақ үнемі шайылатындықтан тұздар жиналмайды және олардың топырақ тұнбасындағы құрамы жүздік немесе мыңдық пайыз бөлігінен аспайды. Теңіз және жер асты суларының қатты тұздылығымен болатын үнемі ылғалдылық кездесетін топырақтан басқалары (ол Балтық, Белое Солтүстік теңізі) жағалаулары тағы бір тұздардың кездесуі – теңіз тұздарының желмен теңіз жағалауы жартастарында жиналуы (импульверизация), көпшілік жағдайда жағалау өсімдіктерінің орташа құрамы мен орналасуына әсер етеді.
Әр түрлі типті тұзды топырақтың ішінен негізгісі - тұзды және сулы реттелуі бірдей емес болып келетін сор (солончак) және сортаңдар (солонцы).
Сор – жоғары деңгейіне дейін тұзды сулармен үнемі және қатты ылғалданған топырақтар («сулы» солончактар, тұзды батпақ) мысалы, өзендердің ащы-тұзды айналысы. Жазда солончактар беті кеуіп, тұз қабыршығымен жамылады да топырақ ерітіндісінде концентрациясы бірнеше ондық пайызға жетеді. Натрий иондары ерітіндіде ғана кездесіп қоймай топырақтың сіңіру комплексінің коллоидтарын да қанықтырады.
Сортаңдар - беті тұздаланбаған, беткі қабаты сілтілі, құрамсыз. Төменгі горизонттары Na¯ тығызданған және қаныққан, кепкен кезде жолақтар мен түзулерге таралған болады. Су ырғағы лезде өзгерулермен сипатталады (көктемде су өткізбеушілік әсерінен ылғалдылық беткейде тұрақтануы жиі байқалады, ал жазда- қатты құрғақшылық). Топырақ түрлерінің аралық қатарында солончакты, солонецты топырақ. Жиі олар арасында кішірек жерлерде, солончакты-солонецты комлексін құрайды (Каспий маңы, Қазақстан т.б.).
Тұзды топырақтарда жоғары тұздылыққа бейімделген өсімдіктер тіршілік етеді – галофиттер. Олар спецификалық түрлермен ерекшеленеді. Осылайша толық галофитті тұқымдастар кездеседі (алаботалылар, свинчактылар, иттабандылар, жыңғылдылар). Галофиттер флорасы аридті зоналарда әртүрлі және бай болады. Галофиттерден басқа тұзды емес жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер – гликофит деп аталады.
Морфофизиологиялық ерекшеліктеріне және тұздылануға адаптациясына байланысты бірнеше галофит топтарын бөлуге болады. (Генгель П.А.)
1) Эугалофиттер (солянки). Бұл басым көпшілігі солончак пен тұздалған комплексті сор жерлерде өсетіндер. Мысалы: Европалық бұзаубас, бүршікті сарсазан, Salsola, Petrosimonia, Suaeda, Obione туыс түрлері т.б. Осы өсімдіктердің сырт пішіндері сәйкес келеді. Кейбіреулерінде суккулент ерекшеліктері байқалады: жапырақтар редукциясы, ассимиляциялық ұлпа болатын - 2 қабатты бағаналы (полисадты) паренхима, ортасында шырынды ылғалды сақтайтын ұлпамен толтырыла орналасқан мүшелі етжемді сабақтары. Басқаларында (obione, suacta) жапырақтары әдетте пластикалық, бірақ «голоморфты» пішінді құрылым: қатты тығызданған және суккулентті жапырақты пластинка салыстырмалы үлкен жасушалы болады.
Топырақ тұздылығында осы белгілердің байланысы, өткен ғасырда да хлорлы тұздар мен күкірт қышқыл ерітінділердегі анатомды-морфологиялық тездете өзгерістерінің тәжірибелерінде көрсетілген әлде де кейінгі жұмыстарда (мәдени өсімдіктерге де) көрсетілгендей тұздардың артықтығынан жапырақ пластинкасының жуандауы устицалар көбеюінен: жапырақ суккуленттене бастап, ал жапырақ пластинкасының көлемі кішірейеді. Бұндай жағдайлар тұздыланудың әр түрінде байқалады.
Цитоплазманың тұздылыққа жоғары тұрақтылығына байланысты эугалофиттер тұздардың көп мөлшерде сіңіріп және жинауға қабілетті (күлінің массасының 45-50%). Қазіргі көзқарастар бойынша тұздар тек цитоплазмада ғана емес, тұздар жиналатын орын ретінде алынатын жасушарардың «инертті» құрамында жиналады. Топырақ қаншалықты тұзды болса, тұз жинаушы өсімдіктер соғұрлым құрамында тұз көп болады. Өсімдік бойындағы иондар құрамы әдетте топырақ құрамындағы тұзға сәйкес, бірақ таңдамалы түрде жинаудың белгілері - дәнді дақылдар мен қияқөлеңдер натрийдан гөрі калийді көп жинақтайды, алаботалылар – NaCl, органикалық анион (бастысы оксолат) крестгүлділер – Na мен SO4. Бұзаубас өсімдігі ұлпаларда тіпті жапырақта тұз мөлшері аз болса да, тұзды көп мөлшерде жинақтайды. Жалпылама өсіп шығуда кейбір галофиттер – тұз жинаушылар бұрын сода мен поташ алуда қоры ретінде табылған. (Бұл олардың латынша аталуына әсер етті: salsola kali, s.soda. kalidium туысы). Орта Азияда сексеуіл түбінде қабыршықты цементтелген тұздарының түзілуі жақсы мәлім. Ал Австриялық жартылай далаларында atriplex туыс түрлері топырақты тұзды қылады. Галофиттер өсінділері астында топырақтың сілтіленуі жүреді.
Криногалофиттер (тұз шығарушылар). Бұл өсімдіктер тұзда ерітінді ретінде арнайы жапырақтарындағы бездері арқылы артық тұзды сыртқа шығаруға қабілетті. Бұларға жыңғылдылар, иттабандылар, кермектердің көпшілігі жатады. (ботаниктер жақсы біледі, кеппе шөп (гербарий) жинауда жыңғылды тұзды жамылғысы бар болғандықтан қағазда сорғалаушы жапырағын кептіру қиынға түседі). Тұздың құрғақ ұнтағы жел көмегімен жапырақтан ұшып кетеді, жерге түседі немесе жауын арқылы шайылады. Жапырақ құрылысына қарай көптеген криногалофиттер мезофиттерге жақын келеді.