Зенді қоректену көзіне байланысты жіктеу.

Қоректену көзі және онымен байланысты аындардың жыл бойында өзгеруі өзеннің су режимін сипаттайтын және оның алаптық геогрфиялық сипаттарымен байланысын көрсететін негізгі белгілері болып табылады. Сондықтан гидрология ғылымында осы белгілерге негізделген жіктеу кеңінен қолданылады.

Қоректену көздеріне негізделген өзендердің бірінші жіктелуін 1884 жылы А. И. Войков ұсынды. Онда өзендердің қоректену көздері мен ағындардың жыл ішіндегі өзгеруін атмосфералық жауын шашымның сипатына, қар еруіне және булануға байланысты талдауға негізделген. Оған қар суымен қоректенетін жазықтық және тау өзендері, жылдың жылы кезінде жаңбыр суымен қоректенетін шөл аймақтарының құрғақ қалатын және полярлық аймақтық уақытша өзендеріне бөлінген 9 типін ұсынады. А. И. Войков ұсынған, соңғы кезде көптеген шет ел ғалымдарының еңбектерінде дамытылды.

Бірінші топқасу тасу кезеңі көктемгі қардың еруінен, жылда бір мезгілде қайталанып отыратын өзендер жатады. Көктемгі су тасу кезеңінің сипатына және жылдық басқа мезгілдегісу шығынының режиміне қарай бұл топтағы өзендер бес типке: қазақстандық, шығысевропалық, батыссібірлік, шығыссібірлік және алтайлық болып бөлшектенеді.

Екінші топқасу тасу кезеңі жылдың жылы мезгіліне тап келетін әрі жауын-шашынмен немесе биік таулардағы қарлардың еруімен айқындалатын өзендер жатқызылады. Бұл топ екі типке бөлінеді: қиыршығыстық және тянь-шаньдық.

Үшінші топқажылдың кез келеген мерзімінде, қысқа әрі жиі болып тұратын тасқындық режимдегі өзендер жатады. Бұл өзендерде тасқынаралық уақытта ағынды төмен деңгейде болады. Бұл топтағы өзендер үш типке бөлшектенеді: қаратеңіз маңы, қырым және солтүстік кавказ. Б. Д. Зайков жіктеуінің кемшілігі - өзендерді типке бөлу нобай бойынша, әрі ағындыларының генезисі әртүрлі өзендерді күштеп біріктіру дер едік.

Арнадағы процестер.

Өзен арнасымен жайылмасындағы ағын су әсерінен өтіп жататын морфологиялық өзгерістер арнадағы процесстерді сипаттайды. Кез келген табиғи құбылыстарға тән арнадағы процесстер де өзеннің су алабының табиғи жағдайлармен күрделі арақатынасты болады. Су алабының климаттық жағдайымен жер қыртысының құрамы сұйық ағынды мен қатты ағындының көлемін анықтайды. Екінші жағынан арнадағы жуып-шаю процессі арнаның жалпы ағыстың жылдамдығына тікелей әсер ететін алаптың еңістігіне және арнамен аңғардың топырақ құрамына тікелей тәуелді.

Арнадағы және жайылымдағы жуып-шаюларды (деформация) тасындылар тасымалынан бөлектеуге болмайды. Себебі тасымалдай процессі тасындыларды өзеннің әрбір үлескі ісінде тарату барысында жүзеге асатыны ал тасындыларды тасымалдау өзендегі морфологиялық өзгерістер – оның сыртқы нысаны деп түсінуіміз шарт.

Егер өзен үлескісінде тасындыларды тасымалдаудың қалыптасқан режимі болса, онда арнаны жуып-шаю процессі арнаның өтім қимасының ауданын үлкейтіп сонымен бірге ағыс жылдамдыының әлсіреуіне әкеліп соғады. Яғни ағыстың тасымалдау мүмкіндігі әлсірейді. Ақырында өзеннің бұл үлескісінде арнаны жуып-шаю процессінің мүлдем тоқтауына әкеліп соғады.

Орографиялық ирелеңдер - өзенге жергілікті кедергілер (гранит тау жынстар) кездескен жерлерде болады. Арна аңғардың бұрылыстарын қайталап отырады.

Эррозиялық ирекке өзеннің өзінің аллювиялдық шөгінділерінде қалыптасқан иректіктер жатады, олар тасындыларды ағыстың күшімен тез өзгеріске ұшырап отырады. Мүндай ирелендерге мияндырлар жатады.

Шашыранды арналарға бөлінген өзен үлескілері су арнасының жеңіл жуып-жайылатын топырақпен адаса ағуының нәтижесінде пайда болады. Көптеген салалармен аралдар су тасу кезеңінде өзгеріске ұшырайды, яғни жаңа салалардың қалыптасып, ескілерінің жойылуының бітіп отырады. Жайылмада көптеген өзектер мен көлшіктер қалады.

Табиғи ағын суларында өтетін арнадаы процесстер түрлі сипатталады. Н.Е.Кондратьев пен И.В.Попов арнадағы процесстерді типтендіруге қол жеткізді. Оның негізіне арнаның тасымалдау мүмкіндігімен тығыз байланысты арнаның иректілігі алынды.

Таспа тізбекті тип –арнадағы процесстер өзен арнасындағы құм, ұсақ малта тастардың жиналуымен байланысты алынған. Тізбектер арнаның бүкіл енін алып жатады және су режимінің барлық кезендерінде мөлшері мен жылжу жылдамдығы болмаса толқынның сақтап қалады. Арнаның кеңістікте деформацияға ұшырауы бұл типте әдетте кездеспейді. Таспа тізбектердің жылжу жылдамдығы кейде жылына 200 ... 300 метрге жетеді.

Бірбүйірлік тип –көбірек таралан арналық процесс. Бұл типте де өзен арнасы жайылымсыз болып келеді және арнада иректік заңдылығы болмайды. Бірбүйірлік типте тізбектердің жоталары арнаны кесіп өтіп, арнаның ұзынына бойы есімен бұрыш құра қиылса да, ол бұрыштардң белгілері тізбектен тізбекке бір заңдылықпен ауысып отырады. Барлық тізбектер жүйесі ағыс бағытында сырғи жылжып отырады. Алға ұмтыла орналасқан тізбектің биік бөліктері оң және сол жағалауда заңдылық кезекпен орналасады.

Шектелеген меандрәлсіз көрінісі бар қолтықтардың сұлбасын өзгертпей сырғи жылжуын айтамыз. Бұл процесс өзен арналарының кеңістікте қозғалысқа түсуі арнаға беткейлерімен шектелген жағдайда кездеседі. Мысалы, Солтүстік Двина өзеннің төменгі ағысында, Ока өзеннің орта ағысында, Енисей өзенінде.

Еркін меандр –еңістіктің шегінің кемділігінен және шектуші жағдайлардың болмауы өзен арнасының иректігі ұлғайады да меандр шегінде жетеді. Еркін меандр үшін өзенде кең жайылма болуы шарт. Мұндай процесстер көптеген өзендер үшін қатардағы жағдай, (Десна, Ертіс, Тобыл және т.б.).

Бітпеген меандр - өзендегі судың деңгейінің аса үлкен құбылмалылығы жағдайында және салыстырмалы түрде алғанда тасындылардың шығыны аз жағдайда жайылмада әлсіз жұқа шөгінді пайда болады, жайылманың деңгейі біртіндеп әлсіз өседі және тасқын сумен күшті жабылып отырады. Суға толан жайылмада айтарлықтай күшті жергілікті ағыстар пайда болады және туралаушы салалар қалыптасады. Алғашқыда бұл арналар тек су тасқынында ғана жұмыс істесе, бірақ біртіндеп өсе келі төменгі деңгейдегі ағындының өзіне тартып алады. Жаңадан пайда болған арна шабан, бірақта тұрақты дамуда болады, себебі үлкен еңістікке ие. Уақыт өткен сайын жаңа арна өзеннің үлкен ағындысының бөлігін тартып алады да, ескі арнаға біртіндеп өшеді. Басты арнаға айналған жаңа арнада меандр процессі басталады, жаңа жайылмы массивтары пайда болады. Жаңа салалар өзектер қалыптасады, бәрі қайта басталады. Бітпеген меандр екі саланың пайда болуымен сипатталады, жаңасы дамыса, ескісі өлексеге айналады. Арналардың толық алмасуы ондаған жылдарға созылады.

Көпарналы жайылма.Егер жаңа пайда болған арна негізгі арнаға жойылмай тұрып дамып үлгерсе және тураланған арнаны қалыптастырып үлгерсе – бітпеген меандр жоғарыда көрсетілегн сипатынан күрделірек формаға өтер еді. Бұл жағдайда кең әрі көп арналы көптеген салалармен шиырланған жайылма пайда болады. Көп арналардың ішінен негізгі арнаны табу өте қиын. Көп арналы жайылмалар ірі өзендердің төменгі ағыстарында атырауларды кездестіреді.

Әдебиет: 1,4

Дәріс №5. Көлдер. Жалпы түсініктер, көл қазаншұңқыр-ларының пайда болуы, типтері. Көлдердің су теңдестігі. Бөгендер.

Көл- су алмасуда баяу жүретін құрлықтағы су, немесе құрлықтағы тұйық су қоймасы. Оның дүние жүзілік мұхит пен байланысы жоқ. Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,7 млн км шаршы шақырымды алып жатыр. Бұл құрлықтың 1,8 пайызы болып табылады.

Көлдер ағынды және тұйық көлдер болып бөлінеді.

Көлдердің жер бетінде және де құрлықта таралуы біркелкі болып келеді. Жалпы құрлықтағы көлдердің территорияда орналасуы мысалы түрде, солтүстіктегі Европа, Канада, солтүстіктегі АҚШ-қа ылғалды аймақтарға мінезделеді.

Ең негізгі үлкен көлемді алып жатқан көлдердің территориясы 100 км шаршы шақырымға тама, көп орналасқан жері ол Африка материгінде және Азия, солтүстік Америка.

Жер шарындағы көлдердің территориясы жағынан ең үлкені болып тұзды Каспий теңізін айтуға болады. Соны мен қатар Байкал көлі жүниежүзінің ең терең көлдердің бірі болып саналады.

Көлдің типі және пайда болу кезеңі. Көлдерді өлшеміне қаратай, тұрақтылығына қаратай, су балансының структурасына, термикалық режиміне қаратай, судың минералдануына және т.б. жағдайларда типтеуге болады.

Көлдің өлшеміне қаратай өте үлкен аумақты алып жатқан территориясы яғни, 1000 км шаршы шақырым, үлкен территориядағы көлемі 101 ден 1000 км шаршы шақырым, орташа территориядағы 10- 100 км шаршы шақырым, және де кіші территориядағы ауқымды көлемін қамтуын 10 км шаршы шақырым.

Тұрақтылығына қарай 2 түрге бөлуге болады. Яғни, тұрақты және уақытша. Қазаншұңқырға айналуы тек тектоникалық, вулкандық, меториттық, мұздықтық, карстық, термокарстық, суффозиялық, өзен- мұхиттық және органикалық болып бөлінеді. Бұл атауларға қысқаша тоқталып өтсек, яғни,

Тектоникалық көлдер- жер қыртысының опырынды ойыстарында зілзала және басқа да тектоникалық құбылыстар кезінде пайда болады. Әдетте, бұл көлдер терең, созылыңқы және ауданы үлкен болып келеді. Бұл топқа Каспий, Арал, Ладога, Онеж, Байкал, Ыстық көл, Севан, Виктория, Эри және т.б. да көлдер жатады.

Вулқандық көлдер- өшкен вулкандардың өңешігіне су толуы арқылы қалыптасқан, сондықтан да сұлбасы дөңгелек, воронка тәрізді болып келеді. Камчаткада, Курил аралдарында және Армян тауларында кездеседі.

Метеоритті жағдайда көбінесе метеориттің түсуінен деп атаймыз. Мәселен, Эстониядағы каали көлін айтуға болады.

Мұздықтық жағдайда бірнеше түрге бөлінеді. Яғни, бұл бөліну сонау көне жағдайларда қалыптасқан.

Карстық көлдер- әк тас тау жыныстары таралған аумақтарда қалыптасады, себебі әк тастар суда тез ериді. Бұл көлдердің қазаншұңқырлары кішігірім, сұлбасы дөңгелек, кейде терең болып келеді. Көптеген карстық көлдер Солтүстік Даугава алабында, Еділ- Онега су айрығында, Башқұрт республикаларында территорияларында көп кездеседі.

Мәңгі тоң таралған аудандарында термокарстық көлдер кездеседі. Олар мәңгі тоң қабатының немесе көмілген мұздың еруінен пайда болған щұңқыр, ойыстарда қалыптасады. Мұндай көлдер Якут- Саха елінде көп.

Карстық жағдайда бұл аймақтарда долимиттық және гипстық, химиялық ыдырау процестері жүреді. Және де жүру кезінде 2 жолмен жүреді, яғни. Жер үсті суымен немесе жер асты суымен. Бұндай көлдер көбінесе Уралда және Кавказда көп кездеседі.

Термокарстық жағдайда көбінесе көп жылдар бойы қаптаған грунтты аймақты жерлерде тараған. Ол аймақтарға кішігірім Тундра мен Тайгадағы көлдерді айтуға болады.

Органикалық көлдер- қазаншұңқырлар батпақты болоталарда кездесіп қалыптасқан. Көлдердің пайда болуы қазан шұңқырға келіп құйылған судың мөлшері жер үсті және жер асты жолымен одан шығатын су шығынынан сіңу және булану көп болған жағдайда жүзеге асады.

Көл қазаншұңқырларының қалыптасу сипатына қарай бөгелген немесе тоғандалған, қазаншұңқырлы және аралас сипатты көлдер болып бөлінеді.

Бөгенді көлдер- өзен аңғарларын тау көшкіндері, сырғымалары, мұздықтар, шөгінділер басып қалған жағдайда пайда болады. Мысалы, Памирдегі Ескендір көлі мен Сарез көлдері, Кавказдағы Рица көлі. Бұл көлдер өзен аңғарларының сұлбасын толық қайталаумен сипатталады. Бұл топқа табиғи бөгелген көлдерден өзге жасанды көлдер- Рыбинск, Цимлян, Бұқтырма бөгендері жатады.

Қазаншұңқырлы көлдердің- пайда болуының себептері көп. Бұл топқа мореналық, тектоникалық, вулқандық, дифляциялық немесе эолдық және карстық көлдер жатады.

Мореналық көлдер- мұздықтардың эрозиялық жұмысының әсерінен, әсіресе төрттік дәуірде пайда болған. Мұздықтардың шегінісі еруі кезінде көп мөлшерде тау жыныстарын саз балшық, малта тас, құм және қойтастар тасымалдаған және морена түрінде шөгінділер қалдырып отырған. Мореналық көлдер мұздық шөгінділердің біркелкі болмауы себепті пайда болған ойыстарда қалыптасқан. Олар әр түрлі сұлбада кездеседі мысалы, дөңгелек, созылыңқы, сопақ тәрізді. Қазаншұңқырлы көлдер әсіресе ежелгі мұздық дәуір дамыған жерлерде көп тараған.

Аралас текті көлдер- жер бетінде көптегенфакторлардың әсерінен пайда болып отырады. Мысалы, көптеген тектоникалық қазаншұңқырлар кезінде мұздықтардың әсерінен айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Ладога, Онега, және Теле көлдерінің тегі аралас.

Көлдердің дамуы келесі кезеңдерден тұрады,

1. жастық кезеңі- қазаңшұңғырдың алғашқы бедері өзгеріссіз сақталады.

2. есею кезеңі- көлдің айналасында жағалық қайраң пайда болады, ал өзен құйғандарында атыраулар қалыптасады, бірақ қазаншұңқырлардың табанының кейбір кедір- бұдырлықтары сақталады, су өсімдіктері дамиды.

3. ескіру кезеңі- көл атырау беткейлерімен және жағалық қайран шөгінділерімен қоршалып жатады, көлдің барлық бөлігінде аллювиалдық шөгінділер таралады, тереңдігі азаяды.

4. жойылу кезеңі- бұл кезеңде көлдің саяздығы соншалықты, оның орталық табаны жағалық қайраңмен дөңгейлес жатады және оған тікелей өтеді. Су өсімдіктері су асты жағдайынан су бетілік батпақтық жағдайға көшеді, яғни көл батпаққа айналады.

Су теңдестігі мен деңгейлік режимі.Көлдер басқа мұхиттар да, өзендер мен теңіздер сияқылды су массасының теңдестігі үлкен көлемде болады. Сол ағыстар бойында су ағынының көлемінде ұзақ уақыт қалыптасқан физикалық, химиялық және биологиялық құрамына тән.

Су қоймаларындағы негізгі су массасының көрсеткіші яғни, бір су массасын екіншісінен айырмашылығын табу үшін оған қатысты оның тығыздығын, температурасын, электр өткіздігішін, мөлдірлігі, судың тазалығыш қасиетінің мөлдірлігін және т.б. физикалық көрсеткішін, судың минирализациялануын, құрамында басқа бөлек иондарының болуы, суда газ құрамының болуы және т.б. химиялық көрсеткіші мен биологиялық құрамына фиотоның болуы.

Бұл аталғандардың барлығында су қоймаларындағы құрамының су массасы мен мінездемелерінің бөлінуі- көл және су қоймалары үшін оның температурасы, мөлдірлігі мен электр өткізгіштігі, индикатордағы судың минираодануы, соны мен қатар құрамында кислородтық бөлінуі мен бар болуы.

Су қоймасының су массалық теңдестігінің негізі- оның гинетикалық құрамының бірегейленуі. Генезисі бойынша су массасының теңдестігі 2 типке бөлінеді, яғнибірінші және негізгілері.

Су қоймалар гидрологиясы. Су қойма – бұл суды жинақтауға оны қолдануға және ағыннын реттеуге арнылған қолдан жасалған су айдыны.

Су қоймаларды ежелден адамдарға және ауыл шаруашылығына арнап жасала бастаған. Жер бетіндегі алғашқы суқойма Садд эль – Кафарада ежелгі Египеттте б.э.д. 2950 – 2750 жыл бұрын салынды. XX ғасырда бөгендер барлық жерлерде салына бастады. Қазіргі уақыта олардың саны 30 мыңнан аса: жылына 300 – 500 жаңа суқойма іске қосылады. Барлық су қоймалардың ауданы шамамен 400 мың км², ал жалғасқан көлдермен – 600 мың км². Ал олардың жалпы көлемі 6 мың км³. Әлемнің көптеген өзендері Волга, Днепр, Ангара, Миссури, Колорадо, Парана су қойманың каскадына айналған.

Бөгендерді қолдану бағыты және олардың жер шарында орналасуы.Шамамен әлемдегі барлық бөгендердің 95% көлемі 0,1 км² аса ірі суқоймаларында таралған. Қазіргі уақыта осындай суқоймалар шамамен 2500. Көбісі Солтүстік Америкада (шамамен 900, немесе 36%), Азияда (26%), Европада (21%). ТМД – да 240 немесе 10%. Аса ірі су қоймалар 1 таблицада көрсетілген.

Су қойма құрылысы – техногендік әсерден су ресурстарын кеңістікте әсіресе уақыта біркелкі табиғи таралмауының мысалы болады.

Су қоймалар адамның әр түрлі әлеуметтік – экономикалық мәселелерін шешеді. Ауыз сумен қамтамасыз етеді немесе су зардабынан сақтайды. Су қойма суын суғаруға, орналасу қоныстарына, өнеркәсіпке, өзен арнасының санитарлық шаюына, судың таяз мезгілінде кеме қатынасына қолданады. Бөген көмегімен гидро энергетикаға су ағынын реттейді. Сонымен бірге су айдыны балық шаруашылығына, су транспортына, рекряциялық мақсатқа, су транспортына қолданылады.

Су қойманың гидрологиялық режимін адам реттейді. Сонымен қоса бөгендер су айналымына қатысады, табиғи фактор әсерінде болады да заңдылыққа бағынады.

Бөген типтеріБөгендер – қолат сипатына, оның сумен толу әдісіне, географиялық орнына, өзен бассейінінің орнына, ағынды реттеу сипатына қарай бөлінеді.

Әдебиет: 2,3,4

Дәріс №6. Батпақтардың пайда болуы және типтері. Батпақтың құрғауы.

Батпақтар гидрологиясы.Географиялық әдебиеттерде батпақ термині кең немесе тар мағынада айтылады. Кең мағынада батпақтың шамадан тыс ылғалданған жерге органикалық текті заттардың жиналуынан пайда болған. Тар мағынада батпақ бұл шымтезектің шамадан тыс ылғалданудан 30 см кем емес қалыңдықта шым тезекпен жабылған арнайы өсімдікті жер. Бұны шым тезек десе. 30 см аз қалыңдығы бар шым тезекті жерлер батпақ деп аталады.

Бірақ кең мағынада батпақ терминіне тек шым тезекті батпақтар ғана емес, оған батпақтанған ормандар, жайылымдар, тундра учаскелері және т.б. батпақталған жерлер жатады. Кең мағынада қолдануға екі себеп: суық жақтарда шымдану баяу жүрсе, өсімдік жамылғысы жұтаң болады да, ал ыстық климатта оның интенсивтілігі байқалады. Екіншіден кең ауқымды қамтыған тропиктік аудандардағы және теңіз маңындағы батпақтарда (шымдануы шамалы) батпақтарға жатады. Бұлардың барлығын шамадан тыс батпақтану біріктіреді.

Батпақтың пайда болуы және оның жер шарында таралуы.Батпақ құрлықтың батпақтануынан (батпақтанудың басты түрі) және су айдындарының өсу (батпақтануынан) табиғат зоналарына тән. Ол ыңғайлы геморфологиялық шартта жердің шамадан тыс ылғалданып, судың ағынсыз тұруынан органикалық заттар жинақталып батпақтардың пайда болуына жағдай жасайды.

Құрлықтағы батпақтанудың екі түрін айтуға болады: территорияны су басуы және оның судың астында қалуы. Территорияны су басу екі себептен болады: біріншіден жауын – шашының буланудан шамадан тыс болғанда, осылай тропикалық ормандар және тундра батпақтанады. Кейде аса батпақтанудан емес екі су айрық арасындағы жазықта немесе теңіз, көл, өзен жағасы рельефінің төмен, тегіс болуынан пайда болады. Территорияны су басуы, грунт суының көтерілуінен, қолдан жасалған су қойма, шамадан тыс суғарудан пайда болады.

Су айдындарының өсуі немесе бөгендердің батпақтануы негізінен қоңыржай және жылы климатта пайда болады. Ол негізінен жағалаудан басталады. Су айдыны түбіне сары лай бөлшектері жиналып, су организмдері шөгіп (планктон, бентос) жайлап, органикалық лайға - сапропельге айналады. Су айдыны таяздалып, жоғары өсімдіктер пайда болып, су ішілік, кейін жапырағы су бетіне жайылып жататын құмыра гүл, одан соң қамыс, рогоз, ши өсіп, шым тезек түзілуіне әкеледі. Судан кіші – гірім су бөлшектері қалады. Жайлап су қойма батпаққа айналады.

Жер бетінде батпақтар барлық жерде, әр түрлі климат зоналарында таралған. Жер шарындағы шымды батпақтардың жалпы ауданы 2,7 млн км² немесе құрлықтың 2%. Оларда судың 11,5 мың км³ немесе гидросферадағы тұщы судың 0,03% жинақталған. Барлық типті батпақтардың көлемі Е. Я. Каца бойынша 3,5 млн км². Оңтүстік Америка мен Евразия аса ірі батпақтанған.

Батпақ типтері.Е.Я.Кацуге сүйене отырып барлық батпақтарды үлкен екі ірі топқа бөлеміз: батпақтанған жерлер (жақсы көрінетін батпақтар, қабаты көрінбейді) және шымды батпақтар.

Батпақталған жерлерге көптеген батпақ түрлерін жатқызамыз: арктикалық тундыраның шөпті батпақтары, трасникті дала батпақтары, шөл мен шөлейттің тұзды батпақтары (соланчак), батпақталған тропиктік ормандар, тұщы сулы маусымды ылғалданатын шөпті батпақтар, теңіз маңы батпақтары, тұзды мангірлі батпақтар.

Геморфологиялық, гидрологиялық, геоботаникалық белгілері бойынша шымды батпақтар тундырада, орманды және орманды дала зонасында жақсы зерттелген. Өз кезегінде үшке бөлінеді: төменгі, аралық, жоғарғы.

Төменгі батпақтардың негізі беті майысқан не тегіс болып келеді. Төмен желерде өзен жағлауларында және көлдерде. Кейінгі кездерде мұндай батпақтар су қойма басқан жерлерде пайда болуда.

Су ойпаттық батпақтардың басты гидрологиялық ерекшелігі. Су айдынының немесе су ағынының жақын болуы. Грунт суының жақын жатуы минералды, биогенді заттарды тасуда беттік және грунттық су ағыны қоректенуі басым болады.

Ойпаттық батпақтардың сипаты белгісі минералды заттарды мол қажет ететін евтрофты өсімдіктер болып табылады.

Жоғарылық батпақтар қалың шым қабатымен және ісінген бетімен ерекшеленеді. Ерекшелігі жоғарылық батпақтар гидрологиялық режимінде атмосфералық жауын – шашынмен қоректену және минералдық биогендік заттардың аздығымен ерекшеленеді. Бұндай батпақтарға минералдық затты аз қажет ететін олиготрофты өсімдіктер тән. Бұлар қарағай, вереск, пушица, сфагналық мүктер. Жоғарылық батпақтар суайрықтарда және т.б. жерлерде, төмендік батпақтарда эволюция нәтижесінде пайда болады.

Жоғарылық батпақтар екі подтипке: ормандық, сфагналық мүкті және қарағайлы ағаштармен қапталған орман және қатарлы мочежиналы, ұзын қатарлы шым төбелер, сфагналық мүкпен және шөптесінді өсімдікпен қапталған.

Аралық орманды аралық батпақтар – беті тегіс кейде ісінген болып (қоңыржай минералды қоректік) мезотрофты өсімдікті батпақтар. Көбінесе қайың (кейде қарағай), осоки, сфагналы мүк өседі.

Әр бір үш типті шымды батпақтарға өзіне тән өсімдік түрлері (биоценоз), өзіндік геморфологиялық ерекшелігі өзіндік батпақтардың микроландшафтысын құрайды.

Құрылымы, Морфологиясы және шымды батпақтардың гидрологиясы.Жоғарылық шымды қалыптасқан батпақтар көп қабаты құрылымды болады. Біртіндеп шымға жиналу және жоғарылы батпақтардың дамуы. Әр бір қабат арнайы шымды құрамды болады. Себебі батпақтың әр бір даму фазасында әр түрлі өсімдік құрамдылығын көрсетеді.

Батпақтағы барлық шым массасын – шымды қабат деп атайды. Шымды қабаттың жату тереңдігіне қарай: инерті және әсерлі қабат грунт суы деңгейімен шамалас. (сур)

Инертті қабат минералды түпте жатқандықтан шым қабатының негізі осында. Инерті қабат суды аз ауыстыратын және тұрақты суымен ерекшеленеді. Сонымен бірге суды аз өткізеін қабат. Оттегілердің саңылауларда болмауы аэробты бактериялармен микроорганизмдердің жоқтығы тән. Инерті қабаттың қалыңдығы нөлден батпақ шекарасынан шымды ауданың максималды тереңдігіне дейін жетеді (кейде 18 – 20 см дейін).

Әсерлі қабат инерті қабаттың бетінде болып ылғал айналымына, көршілес батпақпен, атмосферамен әсерде болады. Ауаның болуы шымды порларға оттегі жеткізіп анаэробты ағзалардың дамуына жағдай жасап шым түзуге жәрдемдеседі. Әсерлі қабаттың төменгі бөлігі батпақтың грунт суының көпжылдық орташа минералды деңгейімен шамамен бірдей болады.

Әсерлі қабаттың қалыңдығы – 40 – тан (батпақтың мүкті-шөпті бөлігі) 80 – 95см- ге дейін (орманның төмендік батпақтары). Инерті қабаттағы шымды қабат су құрамы грунт суының деңгейінен төмен. Негізіне аса көп- 91 ден 97% дейін.

Батпақтың беті айтылғандай майысқан, тегіс және дөңес болады. Батпақ рельефінің сипатты элементтеріне: тура- қатарлы, төмпешіктер, дөңестер; кері- ойдымдар, екі дөң арасындағы ойпаңдар жатады.

Шымды батпақтардың дамуы. Шымды батпақтардың дамуы – шымның жиналу мен (өсу өсімдіктердің өліп шіруі нәтижесінде) шымды қабаттағы су режимінің өзгеруі заңды өзара байланысты процесс. Су режимі батпақтың алғашқы қалыптасуының шартын ғана жасамай (құрлықтың батпақтануынан әлде су қойманың өсуі) және оның одан кейінгі даму фазасына әсер етеді. Шымның жиналуы су режимінің өзгеруіне әкеледі, ал ол қз кезегінде өсімдік түрлерінің өмір сүру шартын өзгертеді. Бұл өз ара әсерлес процестер шымды батпақ дамуын туғызады. Шым жайлап жиналып, шым қабаты қалыңдап беттік батпақтануды күшейтеді. Батпақтың кеңейіп, ауданының үлкеюі автотрофты өсімдік жамылғысынан мезотрофты өсімдіктер жамылысына, содан кейін олиготрофты өсімдіктерге ауысады. Шымды батпақтардың пайда болуы, батпақтану ошағынан басталады. Ол су қойма, терең емес депрессия, жай ағынды арналар, су қойма жанындағы су басқан ойпаңдар, темір жол және шоссе бойындағы ойпаңдар т. б. болып табылады.

Грунт және беттік су ағынының бағыты депресия центіріне бағытталған, бұл тұрма су қалыптастырып евтровты өсімдікті ойпаңдық батпақтар түзеді.

Өтпелі екінші фазадан өтіп батпақ өзінің жоғарғы даму фазасына өтеді. Батпақ түзу кезіндегі шым қабаты грунт суы деңгейіне елеулі әсер етеді. Бұл ылғалданған топырақ ауданын және батпақ түзілу зонасының кеңеюіне әкеледі.

Батпақта шымның жиналуы біркелкі емес. Төмендік даму фазасындағы батпақтан өсімдік қалдықтары ең аз жиналып ең көп шым жинайтын бөлігі төменгі бөлігі немесе ойпаңның центірі.

Бұл батпақтың тегістеліп өтпелі фазаның дамуына бастама болады. Бұл фазада аудан бойынша шымның жиналуы біркелкі және оның центіріндегі беткі ауданы өзіне - өзі параллель көтеріледі. Соның нәтижесінде батпақ шеттерінде ойпаңдалып центірі көтеріледі. Батпақтың грунт суымен қоректенуі азайып немесе тіптен жойылады. Өсімдіктердің көбіне атмосфералық жауын – шашынмен қоректенуі, батпақтың ортасында мезотрофты өсімдіктің орнына олиготрофты өсімдік түріне ауысады. Органикалық қалдықтардың шөгуі азайып, шым түзілу процесі өседі.

Әдебиет: 4,5

Дәріс № 7. Мұздықтар, қар сызығы туралы түсінік. Мұздық-тардың пайда болу жағдайлары.

Мұздықтар және көп жылдық тоң мұздықтардың пайда болуы, түрлері, гидрологиялық ерекшелігі, қар сызығы.

Мұздық - атмосфералық жауын шашыннан пайда болған мұз жиынтығы, тау беткейінен немесе тау анғарынан былай сырғыйтын мұз массалары. Таудан жиналатын қардан түзіледі де біртіндеп тығыздалып фирнге айналады, сөйтіп көгілдір түсті тұтас мөлдір мұз түзеді. Мұздықтың жылжу жылдамдығы түрліше жылына 10-100мм мұздық сырғыған кезде тауды бұзып, өзімен бірге үлкен жартастарды ала кетеді. Ең үлкен мұздық Памирде, Тань-Шань да бар.

Мұздық бұл фирна және мұз массасы. Көп жылдық жиналулар жолымен және қатты атмосфералық жауын-шашын өз бағытымен қозғалулар. Мұздықтар жер шарында басты екі топқа бөлінеді. Қар жамылғысы және таулы мұздықтар. Мұздықтар жамылғысына құрлықтар немесе үлкен аралдар Антрактикалық мұзды жатқызуға болады және де Гренландиялық арктикалық аралдар, Жаңа жер т.б. жатқызуға болады. Мұздықтар жамылғысы таулы мұздықтарға қарағанда әлде қайда кішірек келеді. Мұздықтар жамылғысы өзі ішінара бөлінеді мұздықтар куполасы, мұздықтар щиті.

Қайраң мұздары - материктің қайраңды алып жатқан мұз жамылғысы болып табылады. Қайраң мұздық Антрактида жағалауында басым. Онан бөлінген кесектері мұз тау (айсберг) деп аталады.

Ең төменгі бөлігі полярлы аудандарда Антрактикада теңіз деңгейінен субтропикалық 6550м. Біршама жоғарғы температурасы бар аймақтарда атмосфералық жауын-шашынның жетіспеушілігімен ауаның құрғақ болуымен сипаталады. Оңтүстік жарты шарда климаттың бір шама тенсіздік жауын-шашын мол климаттық қардың сызығы солтүстік жарты шардан қарағанда төмен орналасқан (сурет. 1).

Жалпы таулы мұздықтар ауқымды және биік таулы масивтерінен таралған мысалы Гималайда, Памир, Тянь- Шаньда, Кавказда, Альпіде, және т.б. Ең үлкен таулы мұздық- Аляскадағы Беринг мұздығы, ұзындығы 170 км.

Сурет 1. Қар сызығы мен мұздану облыстары көрсетілген.

Қар сызығының орташа орналасу жағдайы климаттық қар сызығы деп аталады. Жылдың орташа қар түсуінің көп болуы, оның еруінен булануы көп қыста түскен қардың барлығы жазда толығымен еріп кетеді. Жоғарғы климаттың қар сызығы қалыпты қар балансы бақыланады. Төменгі қалыпсыз қар балансы дәл сол сызығы көлдік қар балансы деп аталады.Мұздықтар жылдың жылы жартысында түскен жылудың қарды ерітуге шамасы келмейтін аймақтарда қалыптасады. Климаттық жағдайладың әр түрлігіне байланысты қар шегінің биіктігі кең көлемде өзгеріп отырады.лиматтың қар сызығы климаттық шарттармен анықталады.

Қар көшкінін немесе қар сызығын қар массасы деп аталады және таудың үстіңгі қабатында қардың жиналулары. Қар көшкіні таулы және полярлы аудандарда 15˚ жоғар, ал жылдамдығы 0,5м және оданда көп болады. Қар көшкіні әртүрл жағдайда болады яғни қатты желдерде және қардың бірінш және екінші күндері түсунде ескі қар жамылғысы мен жана қар жойылады. Осылай құрғақ қар көшкіні пайда болады. Қар көшкіні өте қаупті тіпті адам өліміне дейін алып келеді.

Мұздықтардың негізгі пайда болуы жағдайы қардың балансы түсуіне байланысты және де қатты атмосфералық жауын-шашынның қабатасуына байланысты болады.

Жоғарғы климаттың қар сызығы барлық Антрактиданы қамтиды. Анд және Кордильер тауларының шындарын кейбір жерлерін қамтиды. Мұздың жүйесі орналасқан олар сондай-ақ Франс-Иосиф жерінде де 50-100м биіктікте сонымен қатар Шпицберген аралында 450м, Кавказ тауында 2400-3800м биіктікте және Гималай тауында 4900-6000м биіктікті қамтиды.

Мұздықтардың климаттық жағдайлары жер бедеріне байланысты бір-бірінен ерекшелене түседі. Мысалы: аңғар мұздықтары, күрделі мұздықтар т.б.

Аңғар мұздықтар қасиеттеріне қарай басқа мұздықтар түрлеріне қарағанда әлде қайда жақсы зерттелген.

Аңғарлық мұздық жоғарғы бөлігі қатты жауын-шашын жиналатын алып қызметін атқаратын, ал қатты жауын-шашын жиналатын аймақтан төмен орналасқан бөлігі мұз ағатын канал немесе мұздықтың тау аңғардың көп бөлігін алып жатыр. Мұз ағысынан тұратын мұздықты қарапайым мұздық деп, ал бірнеше салалардан тұратын болса оны күрделі мұздық деп атаймыз.

Мұздықтың температурасы еру нүктесіне неғұрлым жақын болса соғұрлым әсер ету қысымы жоғары болады сонымен қатар мұз майсқақ болып келеді. Сыртқы күштердің әсер етуіне қарай мұздың формасын бұзбай тұтастығын сақтап қалу қаблетін ақпа деп атаймыз.

Мұздықтардың гидрологиялық ерекшелігі. Еріген су мұзды тауларда өзендердің қоректенудің бір көзі болып табылады. Мұздықтардың қоректенуі жалпы ағынды өзендердің көбі мұздықтардан бастау алады.

Өзендер қоректенуіне мұздықтар қатысады. Өзеннің арнасынан шығуы қардың еруіне сонымен қатар мұздықтардың қатысуымен тау шындарының мұздардың сынып түсуіне байланысты. Су деңгейінің көтерілуі баяу жүреді, оның негізгі себебі су бассейіннің жай еруімен және де алып жатқан аумақтың кіші болуымен байланысты. Мұздықтармен қоректену біртіндеп ұлғая түсуде. Қар сызығының екі түрі болады бірі маусымдық қар сызығы екіншісі орографиялық қар сызығы.

Әрбір мұздықты екі облысқа бөлуге болады. Үстінгісі яғни қар жиналады. Фирна немесе мұз деп атаймыз. Ал төменгісі мұз бірінші облыста жылжиды және ериді. Бұл облыстарды облыстық сәйкесінше қоректенуі және облыстық абляциясы деп атайды.

Мұздықтар үш әртүрлі принцпта бақыланады. Судың қатуы фирна қалындығындай мұздықтардың сол бөліктерінің қатуы жолымен сипатталады.

Мұздықтардың қозғалысы және режимі. Мұздықтың ауытқуы олардың келуі мен кетуі абляция мұздығының қоректену шартымен байланысты. Мұздықтың келуі әдетте суық және ылғалды кезенде бақыланады. Ал кетуі жылы және құрғақ кезенде бақыланады. Мұздықтардың ауытқуы қазіргі геологиялық кезеңмен белгіленеді. Мұздықтардың келуі мен кетуі қоректену мен еру мұздығы өзгертілген. Күшті мұздықтар таяу мұздықтарға қарағанда жылдам қозғалады. Жылдам қозғалатын мұздықтар жай қозғалатын мұздықтарға қарағанда жылдамырақ қозғалады.

Жазда күндіз келетін мұздықтар фазасы, түнде қыста кететін мұздықтар фазасына қарағанда жылдам қозғалады.

Мұздықтардың қозғалу жылдамдығын үш үлкен топқа бөліп қарастырамыз. Бірінші топтағы бір жыл көлемінде қозғалу жылдамдығы аз өзгереді. (жылына 100-150м) Бұлар көбінесе таулы мұздықтар. Екінші топтағы мұздықтар ылғыйда үлкен жылдамдықта қозғалады. Бұлар кейбір мұздықтар Антрактида және Гренландияны жатқызуға болады. Ал үшінші топтағы мұздық қозғалу жылдамдығы ескерілмейді бірақ кейбір кезенде өзінің жылдамдығын күрт өзгертеді.

Мұздықтардың қозғалысы күрделі және толығымен анықталмаған. Мұздық пен аңғар беткейлерінің өзара үйкелісуі нәтижесінде мұздардың қозғалыс жылдамдықтары мұздықтардың ортасынан шеттеріне қарай біртіндеп кемиді. Қозғалыс жылдамдығы мұздықтардың беткі қабатынан табанына қарай кеми түседі. Яғни аңғарлардың таралуы мұздықтардың қозғалыс жылдамдығын күшейте түсуде, аңғардың кеңеюі керсінше жылдамдықты тоқтатады. Мұздықтардың қозғалыс жылдамдықтары әрдайым құбылып отырады.

Мұздықтар 15,5 млн. км² немесе 10% барлық аңғарды алып жатыр. Жердегі барлық мұздардың ауқымы кейнгі зерттеулерде 24млн. км³-ке жетеді. Егерде бұл мұз ерсе да теніздің денгейі 60м-ге көтерілетн еді. 1 кестеде мұзданудың жер шарында таралуы көрсетілген.

Наши рекомендации