ГАЖ технологиясын пайдаланушылар
ГАЖ-ды пайдалану салалары
Геоақпараттық жүйелердің мүмкіндіктер әр түрлі қызмет салаларында және алуан түрлі есептерді (міндеттемелерді) шешу үшін қолдануы мүмкін. ГАЖ-ды пайдалану кейбір мысалдары:
Геодезия жне картография:
▪ далада түсірілген суреттер мәліметтерінің негізінде топографиялықжоспарларды құру;
▪ геодезиялықөлшеу мәліметтерін алғаш ретенгізу;
▪ жердің сандық моделін өңдеу және құру;
▪ векторлау жолымен әр түрлі бағыттағы карталардықұру;
▪ карталарды жаңарту;
▪ оперативті картаға түсіру;
▪ карталарды редакциялау, жинақтау және басып шығару;
▪ тақырыптық карталар мен атластарды жинау және т.б.
Апараттық жер жүйелері:
▪ жерге орналастыру, жердің генпланы мен үш өлшемді моделін құру;
▪ инженерлік геология;
▪ рельефті ұйымдастыру және т.б.
Апараттық жер жүйелері:
▪ жерге орналастыру, жердің бас жоспары мен үш өлшемді моделін құру;
▪ инженерлік геология;
▪ рельефті ұйымдастыру және т.б.
Халықты тұрмыс-тіршілігін бақылау:
▪ денсаулық сақтау (халықтың ауру деңгейін, жастық-жыныстыққұрылымын денсаулық денсаулық көрсеткіштерін қадағалау және т.б.)
▪ әлеуметтік қызмет көрсету;
▪ жұмыспен қамтамасыз ету және т.б.;
▪ білім беру (мектеп мекемелері желісін оңтайлау, аймақтағы
талапкерлердің жоғарғы оқу орындарына (ЖОО) түсуін,ЖОО мониторингін, мамандар тапшылығын талдау және т.б.)
Әкімшілік- аумақтыбасқару:
▪ аумақтық және салалық жоспарлау;
▪ қаланың жоспарлануы мен объектілерді жобалау;
▪ инженерлік коммуникацияның, жер, қала құрылысының, ағаш отырғызу кадастрларын енгізу;
▪ техногенді-экологиялық сипаты төтенше жағдайларға болжам жасау;
▪ көлік ағындары менқалалық көлік маршруттарын басқару;
▪ экономикалық мониторинг желісін құру;
▪ қаланың инженерлі- геологиялық аудандастырылуы.
Телекоммуникациялар:
▪ желі күйінің мониторингі;
▪ транкті және ұялы байланыс, дәстүрлі желілер;
▪ телекоммуникациялықжелілерді қарқынды жоспарлау;
▪ антенналардың, ретранслятордың және т.б. тиімді орналасуын таңдау;
▪ кабельдерді төсеу маршруттарын (бағыттарын)анықтау
▪ оперативті диспетчерлік басқару.
Инженерлік коммуникациялар мен желілер:
▪ сумен қамтамасыз ету және канализация желілеріндегі тұтынушыларға баға беру;
▪ инженерлік коммуникация жүйелері үшін апаттыжағдайларын, салдарын модельдеу;
▪ инженерлік ғимараттард жобалау (жол құрылысы, құрылыс алаңдарын
даярлау гидрогеология мен гидравлика бойынша есептеулер және т.б.);
▪ сыртқы коммуникация профильдерін жобалау;
▪ инженерлік желілер күйінің могиторингі және апатты жағдайларды болдырмау.
Көлік (транспорт):
▪ автомобиль, темір жол және авиатранспорт инфроқұрылымы мен оныңдамуын басқару;
▪ жылжымалы құралдардың паркін басқару және логистика;
▪ қозғалысты басқару, маршруттарды тиімді ету және жүк ағындарын талдау.
Мұнай-газ кешені:
▪ геологиялық барлау және далалық ізденіс жұмыстары;
▪ мұнай мен газ құбырларының технологиялық жұмыс істеу режімдерініңмониторингі;
▪ магистральды құбырларды жобалау;
▪ апатты жағдайлардың салдарын талдау және модельдеу.
Құқық қорғау органдары және демеу беру ведомстволары:
▪ жылдам әсер ету қызметі, қорғаныс көштері, полиция, өрт қызметі;
▪ құтқару операциялары мен қорғану шараларын жоспарлау;
▪ төтенше жағдайларды модельдеу;
▪ әскери операцияларды стратегиялық мен тақырыптық жоспарлау;
▪ жылдам әрекет ету, басқа демеу беру ведомстволарының навигациясы.
Экология:
▪ экологиялық жағдайлар мен қауіпті табиғат құбылыстарын бағалау және мониторингі, ортаға техногенді әсерлерді және олардың салдарын бағалау;
▪ экологиялық экспертиза;
▪ экологиялық апаттарды модельдеу және олардың салдарын талдау;
Орман шаруашылығы:
▪ орман шаруашылығын стратегиялы басқару;
▪ ағаш дайындауды басқару, орманға деген тәсілдерді жоспарлау және жолдарды жобалау;
▪ орман кадастрларын енгізу.
Ауыл шаруашылығы:
▪ ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердіңөңделуін жоспарлау;
▪ жер иелерін және егістік жерлерді есепке алу;
▪ ауыл шаруашылықөнімдері мен минералды тыңайтқыштардыңтасымалдауын оңтайлау.
Бақылау сұрақтары:
1. ГеоақпараттықжүйеніңҚР дамуы?
2. ГАЖ ерекшеліктері және қолданылу ортасы қандай?
3. ГАЖ-ды пайдалану мақсаттары.
4. ГАЖ артықшылықтары.
5. ГАЖқңқұраушы бөліктері.
6. ГАЖ жүзеге асыратын операциялар.
7. ГАЖ-ды қандай қызмет аймағында пайдаланады?
ДӘРІС – 3
Дәрістің тақырыбы: ГАЖ-НІҢ ДАМУ ТАРИХЫ. ГАЖ-НІАППАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Дәрістің мақсаты: Географиялық ақпараттық жүйелердің даму тарихын оқып үйрену және қазақстан териториясындағыдамуы.
Түйінді сөздер: мәліметтер, бағдарлама т.б.
Дәрісте қаралатын сұрақтар:
1. ГАЖ-функциялары
2. ArсGIS-бағдарламасы
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Рысбеков Қ.Б., Солтабаева С.Т. Геоақпараттық жүйе негіздері. Алматы, 2009 ж.
2. Что такое ArсGIS 9. М.: Data+, 2004 г.
3. Редактирование данных в ArcGIS. Лекции и упражнении. М Data+, 2009 г.
4. Варламов А,А., Гальченко С.А. Географические и земельные информационные системы .Том 6, М.: «Колос», 2005.
5. Цветков В.Я. Геоинформационные системы и технологии. М.:Финансы и статистика, 1998.
ГАЖ-функциялары
Енгізу жүйесі— бұл мәліметтердің алынуына жауап беруші бағдарламалы блок; оның керек көздері бейнелерді растрлы суреттер түрінде шығаратын сканер, карталардың сандандырылуыжүзеге асырылатын дигитайзер, электрондық теодолит және басқа геодезиялыққұралдар сияқты әр түрлі электрондыққұралдар болыптабылуы мүмкін.
1-сурет. ГАЖ қызметтері
Ақпарат клавиатурадан қолмен немесе басқа компьютерлік жүйеден енгізуге болады. Оның көздері арнайы жұмыс бекеттерінде өңделіп шығарылатын аэрофотоқжәне ғарыштықтүсірімдер болуы мүмкін.
2-сурет. Мәліметтерді енгізу
Мәліметтерге сұраныс пен талдау — геоақпараттық жүйелер картада орналасқан объектілердіңқасиеттері жөніндегі сұраныстарды орындайды, мағлұматтарды алу немесе құбылыстарды болжауүшін көптеген параметрлерді салыстыра отырып күрделі талдау процестерінавтоматтандырады.
3-сурет. Мәліметтерді сақтау
4-сурет.Мәліметтерге сұраулар жүргізудің түрлері
5-сурет. Мәліметтерге талдаулар жасау
6-сурет. Мәліметтерді шығару түрлері
Геоақпараттықжүйелердің шығару жүйесі жұмыс нәтижелерін пайдаланушыға қолайлы түрде беруге арналған. Мысалы, плоттердіңкөмегімен өте сапалы қарақақ және түрлі-түсті бейнелер іс жүзінде даяр картаны алуға болады.
7-сурет. Мәліметтерді шығару түрлері