Жаттардың мәтінін таңдап алу және беру. 2-сағат. 4 страница

Жарияланатын құжат мәтінін беру кезінде ондағы қателерді түзетудің (былайша айтқанда, мәтінді эмендациялаудың) маңызы үлкен. Оның мәні – мәтінде қателер, кемшіліктер болған жағдайда пайдаланушының қолына түзетілген мәтінді ұсыну.

Мәтін қателерін түзету мәселесі археографияда ортақ болып табылады: кез келген мәтінге түзету жасауға егер ол жарияланымның дереккөзтанушылық мағынасына зиян келтірмейтін жағдайда ғана рұқсат етіледі. Бұл жерде проблема мынада: жариялаушы мәтінді жарамды қалыпқа келтіруде мүмкін болатын жұмыстардың шегін нақты ажырата алуы тиіс, басқаша айтқанда, қандай жағдайда нені түзетуге болады, ал не нәрсеге қандай жағдайда да түзету енгізуге болмайтынын нақты білуі тиіс.

Автордан кеткен қателікті және мәтінді көшірмелеу кезінде жіберілген қателерді, қалып қойған сөздерді, т.б. түзету тәсілдері құжаттың жазылу мерзімі мен басылым типіне байланысты. Орфографиялық қателер, қате жазулар (мысалы, кейбір әріптердің, сөздер мен сөйлемдердің екі рет жазылуы, т.б.) мәтінде түзетіледі. Ғылыми типтегі басылымдардағы мәтінге түсініктемеде қажет болған кезде қате жазылған сөздер келтіріледі. Кей жағдайларда мәтіндегі анық қателер, сауатсыз сөйлемдер, жазып отырған адамның бет-бейнесін білдіру үшін әдейі қалдырылады. Мысалы, «Восстание декабристов» (М.; Л., 1926) құжаттар жинағының Біріккен славяндар қоғамы мүшелерінің тексеру істері енгізілген 5-томын құрастырушылар осылай істеген. Қазіргі заманғы зерттеушінің жазғанындай, «Славяндардың» кейбіреулерінің орысша сауатты жаза білмегендігі құрастырушыларды еш қынжылтпаған. Тексеру комиссиясының қойған сұрақтарына олардың өз қолдарымен жазған жауаптарын жариялаған кезде олар мәтіндегі бірде-бір тыныс белгісіне тиіспеген, сауатсыз жазылған сөздер мен сөйлемдерге түзету енгізбеген».

Мысал үшін А. И. Тютчевтің археографтар ешқандай өзгеріс жасауды қажет деп таппаған, өзінде озық ойлардың пайда болуы туралы баяндауынан үзінді келтіре кетелік: «Валнадумчиская Мысле в Карениласъ атъ внушений другихъ. Кагда взашолъ вопщества». ХХ ғ. басындағы белорус мәтіндерінде қазіргі заманғы грамматика көзқарасы тұрғысынан анық қателердің сақталуы сол кезеңдегі белорус тілінің жетілмегендігін көрсетеді.

Ғылыми типтегі басылымдарда ерте кезеңдегі құжаттарды жариялау кезінде, мәтіндегі мағыналық мәні жоқ қателер мәтінде сақталады, ал түзетіліп жазылған сөздер болса, олар мәтінге түсініктемеде көрсетіледі:

Баркулаб жылнамасынан

Того ж року 83*, праве о светом Петре, албо на самый день Петра и Павла святаго, у Головчине робили – пруд сыпалы.

* Відацъ, павінна быцъ 1585 [т.к. запись выше датирована 1585 г. – М. Ш.].

(Помнікі старажытнай беларускай пісьменнасці. Мн., 1975. С. 118)

Осы мысалға қатысты мынаны атап өткіміз келеді. Осы аса қызғылықты аймақтық сипаттағы жылнамалық ескерткішті соңғы жариялаушылар (Беларускія летапісы і хронікі / Уклад. Ул. Арлоу, навук. рэд. В. Чамярыцкі. Мн., 1997 ж. кітабында.) бұған дейінгі жарияланымға ( «Помніках старажытнай беларускай пісьменнасці») сілтеме жасай отырып, неге екені белгісіз, А. Ф. Коршунов жасаған осы мәтінге түсініктемені қалдырып кеткен. Бұл жерде біз былай деп оқимыз: «Того ж року 85, праве о светом Петре».

Жаңа және қазіргі заманғы дәуірлер құжаттарының басылымдарында қате жазулар мәтінге түсініктемеде көрсетіледі, ал қажет болған түзетулер мәтінге қазіргі заманғы жазу ережесіне сай енгізіледі.

Мағыналық мәні бар мәтін қателіктері (сөздің мағынасын өзгертіп жіберген бұрмаланған сөздер, қате жазылулар) құжат мәтінінде сақталады. Дұрыс жазылуы мәтінге түсініктемеде келтіріледі:

27 желтоқсанда* ашылған РК(б)П VІ Солтүстік-Батыс облыстық конференциясы

*Құжатта дәйексіздікке жол берілген. Конференция 30–31 желтоқсанда өткен.

(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. Т. 1. С. 495)

...наметив практические мероприятия по устранению имеющихся недостатков, по улучшению* библиотек в подлинные очаги социалистической культуры...

* Так в документы, видимо, имелось в виду – превращению.

(Библиотечное дело в БССР. Документы и материалы. 1941 – 1958. Мн., 1984. С. 72)

Мәтіндегі сандық деректердегі кемшіліктер алынып тасталмайды. Түзетілген сандар дереккөздерімен бірге мәтінге түсініктемеде көрсетіледі. Егер деректерді басқа дереккөздер арқылы тексеру мүмкін болмаса, мәтінге түсініктемеде: «Құжатта осылай делінген» деген сөз қосылады.

Республикадағы барлық кітапханалар 1956 жылы 1112 мың оқырмандарға қызмет көрсетіпті, оларға 17,5 мың дана* кітаптар, оның ішінде ауылдық жердегі кітапханаларда 427 мың оқырмандарға қызмет көрсетіліп, 4,4 млн кітап берілген.

* Құжатта осылай делінген, шамасы, 17,5 млн болар.

(Библиотечное дело в БССР. Документы и материалы. 1941 – 1958. С. 195)

Құжатта қалып қойған және мағынасы бойынша қалпына келтірілген сөздер тік жақшаға алынады. Мәтінде түсіп қалған сөздер, фамилиялар, даталар, т.б. мағынасы бойынша қалпына келтіруге болмайтын деректер қосымша дереккөздер бойынша белгіленіп, мәтінге қосымшада дереккөзі көрсетіліп, ол да тік жақшаға алынады. Автор әдейі қалдырып кеткен сөздер мәтінде тік жақша ішнде беріліп, мәтінге қосымшада ескертіліп өтеді.

Немецкие карательные войска крупными силами предприняли окружение [Налибокской] пущи...

(Всенародное партизанское движение в Белоруссии в годы Великой Отечественной войны. Т. 2. Кн. 2. Мн., 1978. С. 107)

Біз әзірге үнсіз отырмыз...* өйткені жергілікті коммунист топтар жұмыс жасауға қабілетсіз.

*Құжатта бұл сөз оқылмады.

(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. Т. 2. С. 216)

Мәтіннің жөндеуге келмейтін кемшіліктеріне (бұрмаланған сөздер, стилистикалық дұрыс құрылмаған сөйлемдер) мәтінде жұлдызша белгі қойылып, мәтінге түсініктемеде: «Құжатта осылай», «Қолжазбада осылай» деген сөздермен ескерту жасалады.

Нашим доказательствам и суд не верит, как нам матанные* его проступки невозможно иметь свидетелей из соседних деревень...

*Құжатта осылай.

(Белоруссия в эпоху капитализма. Т. 1 С. 190)

Спецификалық кәсіби тіркестер (дипломатиялық, әскери, техникалық құжаттардағы) түзетілмейді және мәтінге түсініктемеде ескерту берілмейді. Бұл туралы алғысөздің археографиялық бөлігінде атап өтіледі:

Бүркемелеуші отрядтың батыс бөліміне майданның Идрица (төтенше) – Великие Луки – Базар (екеуі де кіреді) – Ранцево (төтенше) және Украина шекарасымен арадағы шепте германдықтар жаулық әрекеттерін қайта бастай қалғандай болса, даяр тұруға бұйрық берілді...

(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. Т. 1. С. 60)

Құжаттың бүлінуінен оқылмаған, сондай-ақ түсініксіз мәтіндер жұлдызшамен белгіленеді. Ал мәтінге түсініктемеде көп нүкте қойылу себебі, оның шамамен көлемі және мүмкіндігінше жобасы келтіріледі:

Мен...*** білуімше, олар ештеңеге қол жеткізе алмады, тіпті қинау да еш нәтиже бермеген сияқты...

*** Екі сөз оқылмады.

(В непокоренном Минске. Мн., 1987. С. 82)

Ефросинья Ме ... вская*, урожденная Икскюль.

* Мәтін бүлінген.

(Инвентари магнатских владений Белоруссии ХУІІ–ХУІІІ вв. Владение Сморгонь. Мн., 1977. С. 115)

Географиялық атаулар, аты-жөн, фамилиялардың әртүрлі транскрипциялары ғылыми және ғылыми-көпшілік типтегі басылымдарда мәтінде сақталып, мәтінге түсініктемеде ескерту жасалады: Вильно–Вильня–Вильнюс; Грек – Греково; Иосиф – Язеп–Восип–Осип.

Құжат мәтініндегі ашық және жасырын келтірілген үзінділер дереккөздермен салыстырылып тексеріледі. Егер үзінді қате келтірілген болса, ол мәтінде сол күйі беріледі де, оның дұрыс оқылуы мәтінге түсініктемеде келтіріледі. Үзінділердің салыстырылғаны жайлы факті алғысөздің археографиялық бөлігінде айтылып өтеді.

Жұмыс барысында археограф басылым тілінен басқа тілде жазылған мәтіндерге тап болуы мүмкін. Басқа тілдегі мәтіндерді жариялаудың бірнеше, оның ішінде әртүрлі басылымдарда – белорус (орыс) және шетел тілінде параллель жариялау тәсілдері бар, мысалы:

1863 год на Меншчыне. Мн., 1927;

Rok 1863 na Menszczuznie. Мн., 1927.

Түпнұсқа және аударма тіліндегі құжаттар бір басылымда жариялануы мүмкін, мысалы, «Белорусский архив древних грамот» басылымында (М., 1824) Стефан Баторийдің 1578 ж. 28 қаңтарда Могилев қаласына магдебург құқығы мен гербін беру жайлы грамотасы латын тілінде, ал ХVІІ ғ. тізімдегі аудармасы – көне белорус тілінде жарияланған.

Құжаттар түпнұсқа тілінде, аудармасыз жариялануы мүмкін. Бұл, мысалы, «Беларускій архів»-тің 3-томының екінші бөліміне (Мн., 1930) тән, ондағы құжаттар тек қана поляк тілінде жарияланған.

Кейде шетел тіліндегі құжаттардың тек аудармасы беріледі.

Шет тілдердегі құжаттар мәтіндері сол тілдің қазіргі орфографиялық нормаларына сай беріледі. Үлкен және кіші әріптердің қолданылуы да құжат жазылған тілдің ережелеріне сәйкес анықталады.

Шет тілдердегі мәтін аудармаларын жариялаған кезде ең алдымен қазіргі түпнұсқаға сай аудармасының бар-жоғын анықтап алу керек. Бар болса, ең алдымен сол жариялануы тиіс. Мұндай аударма тарихи дереккөзге жатады, оны редакциялауға болмайды.

Шет тілдегі мәтіннің аудармасы түпнұсқаға тән барлық мазмұн ерекшеліктерін және түпнұсқа стилін бере алуы тиіс. Егерде шет тілдің барлық мағыналық реңктерін беру мүмкін болмаса, мәтінге түсініктемеде ол сөзді, сөйлемді түпнұсқа тілінде тұтас келтірген жөн. Лауазымдар, сословиелер, салықтар, заң терминдерін білдіретін, т.б. атаулар қалыптасқан терминдердің көмегімен немесе жарияланатын құжат мағынасына неғұрлым жақындатыла беріледі.

Тек қана осы елге және осы уақытқа тән мекеме, лауазымдар, сословиелік топтар, ақша бірліктері, т.б. атаулары құжат аударылып отырған тілдің транскрипциясымен беріледі:

jalowszczuzna – (польск.) – яловщина;

zlotu – (польск.) – злотый;

gmina – (польск.) – гмина;

defensiwa – (польск.) –дефензива.

Мұндай терминдердің түсініктері не мәтінге түсініктемеде немесе терминологиялық сөздікте беріледі.

Жарияланатын шетелдік мәтіндерде сондай-ақ құжат тілінен өзгеше сөздер мен сөйлемдер кездесуі мүмкін. Бұл жағдайда мұндай сөздер түпнұсқа тілінде, ал оның аудармасы қай тілде екендігі көрсетіліп, мәтінге түсініктемеде беріледі.

Шет тіліндегі мәтінде қысқартылып жазылған мекемелер, ұйымдар, партиялар, т.б. атаулары аударма тілінде де қысқартылып беріледі, бірақ таратылып жазылмайды:

NPS – НРС*

________________

*НРС (Niepodlegla partia socialistuczna) – Независимая социалистическая партия.

(Борьба трудящихся Западной Белоруссии... Т. 1. С. 370)

Мерзімдік басылымдар (газеттер, журналдар), фирмалар, сауда өкілдіктері, банктер, бұйым маркалары, кемелер, т.б. атаулары басылым дайындалып жатқан тіл транскрипциясымен беріледі:

«Aswa» – «Асва» (польск.)

«Folkszeitung» – «Фольксцайтунг» (нем.)

(Борьба трудящихся Западной Белоруссии... Т. 1. С. 287, 395)

Шет тілінен аударылғанда адамның аты-жөні мен фамилиясы транскрипциясында шетелдік айталуына барынша жақындатып беріледі:

Jerzy – Юрий

Zygmunt – Сигизмунд (с польск.)

Sigmunt – Зигмунд (с нем.)

Айтылуы ұқсас есімдер фонетикалық жағынан транскрипцияның көмегімен берілуі тиіс:

Bazyli – Базилий; Wasyl – Василий.

Географиялық атаулар аудармада құжат жасалған кездегі ресми географиялық карталардың терминологиясына және карта тіліне сәйкес беріледі. Мәтінде көне атауларды жаңасымен ауыстыруға жол беруге болмайды. Егер бір географиялық атау шет тіліндегі бірнеше басылымдарда әртүрлі жазылып жүргені кездессе, онда жарияланып отырған шет тіліндегі басылымда оны бірегейлемей, сол күйінше қалдыру керек. Егерде мұндай әртүрліліктер бір мәтіннің ішінде кездесетін болса, оларды бірегейлеу мәселесі құжаттың шығу тегіне байланысты шешіледі: авторлық құжаттарда әртүрліліктерді сақтау керек, көшірмешінің көшірмесі болса, жазғыштың қателесуі мүмкіндігін ескеріп, оларды бір ізге түсіруге болады. Мұндай жағдайда мәтінге түсініктемеде немесе алғысөзде бұл туралы ескертіледі.

Құжаттардың мәтіні мен мазмұнын қысқартып беру

Дереккөзтануда құжаттың түпнұсқалығы мен оның мазмұнының анықтығы қалай бөлінетін болса, археографияда да құжат мәтінін қысқартып беру мен оның мазмұнын қысқартып беруді анық айыра білу қажет. Біріншісін мәтінді үзінділер арқылы беру, мәтіннің қайталанатын бөліктерін шартты белгілермен ауыстыру деп түсінеміз. Екіншісі: мәтін мазмұнын тізімдер, аңдатпалар, кестелер түрінде баяндауды білдіреді. Сөйтіп, бірінші жағдайда нақты бар мәтін қысқартылған түрде берілсе, екінші жағдай, дөрекі түрде айтқанда, осы мәтіннің мазмұнын өз сөзімізбен айтып беруді білдіреді.

Мәтінді үзінділер арқылы беру әдетте ғылыми-көпшілік және оқулық типіндегі басылымдарда, сондай-ақ журналдар, газеттер, әлі де шығып келе жатқан басылымдарда тақырыптық топтама ретінде жариялауға рұқсат етіледі. Құжаттан үзінділер жариялау мына жағдайларда қолданылады: құжат мазмұны жарияланым тақырыбына тек жартылай ғана қатысты болғанда (тақырыптық басылымдар үшін); құжаттың бір бөлігі басқа құжатты қайталайтын болғанда; құжаттың бір бөлігі тақырыбы бойынша ғылыми мүддеге сай келмесе; егер құжатта тақырып қажет еткеннен гөрі неғұрлым кең географиялық оқиғалар суреттелетін болса; құжаттың нашар сақталғандығынан, т.б.

Мәтінді үзінділер арқылы жариялау себептері алғысөздің археографиялық бөлігінде немесе мәтінге түсініктемеде: «бұдан әрі басылым тақырыбына қатысы жоқ мәтінді қалдырып кеттік», «№... құжатта қайталанатын мәтінді қалдырып кеттік», т.б. деген сөздер арқылы түсіндіріледі.

Мәтіннің қайталанатын бөлігін шартты белгілермен ауыстыру мәтіннің қайталанатын бөліктері кездесетін көп құжаттарды жариялаған кезде қолданылуы мүмкін. Бірінші рет құжат толық беріледі. Одан кейін әрбір қайталанатын бөлікке реттік нөмір немесе әріптік белгі беріледі. Құжаттарды жариялағанда мәтіннің сай келмейтін бөліктері толық беріледі, ал алынып тасталған бөлігінің орнына тік жақшаның ішіне мәтінге сай белгісі мен көп нүкте беріледі: [1]..., [а]... және т.б. Мәтінді қысқартып беру принципі алғысөзде немесе мәтінге түсініктемеде негізделеді.

Ерекшеленетін бөлімдері, тараулары, параграфтары бар күрделі құжаттар үшін (хаттамалар, стенограммалар, баяндамалар, т.б.) бөліп жариялауды қолдануға болады.

Мазмұны бір мәселені жан-жақты қарастыратын құжатты бөліп жариялауға болмайды (мысалы, тек жақсы жағынан немесе тек теріс жағынан ақпарат беретін мәтін бөліктерін). Фактіні белгілеуші немесе қаулы қабылдағанда бөлінгісіз шешімдері бар қаулыны жариялау мүмкін бола қояр ма екен.

Жарияланып отырғанның үзінді екені тақырыбында «алынған» (из) деген сөзбен белгіленеді. Алынып тасталған бөлігінің орнына тік жақша ішінде белгі беріледі. Мәтінге түсініктемеде алынып тасталған бөлімнің мазмұны және алыну себебі баяндалады.

Егер бір құжаттан бірнеше үзінділер алынған болса, алынып тасталған әрбір бөліктің мазмұны бір жиынтық мәтінге түсініктемеде баяндалуы мүмкін. Мұндай жағдайда сілтеме белгі бірінші көп нүктеге ғана қойылады:

...* Радун ауданындағы Оссов селолық кітапханасы жақсы жұмыс істейді... Селолық көркемөнерпаздардың облыстық байқауында Оссов селолық кітапханасының ұжымы грамота мен сыйлыққа ие болды...

__________________

*Облыстық мәдени-ағарту мекемесінің жұмысы жайлы мәтін алынып тасталды.

Кестеден үзінділер жарияланған жағдайда, алынып тасталған бөлігіне белгі қойылмайды. Олардың мазмұны мәтінге түсініктемеде айтылып өтеді. Сілтеме белгісі тақырыпқа қойылады.

№ 40–45

БССР Министрлер Кеңесі жанындағы мәдени-ағарту мекемесі бойынша Комитетінің 1946–1950-жылдардағы республика кітапханалары торының дамуы туралы статистикалық мәліметтерінен*

______________

*Басылым тақырыбына қатысы жоқ статистикалық мәліметтер алынып тасталды.

Бақылау сұрақтары:

1. Мәтінін деректер кешенің таңдау әдістерін анықтау.

2. Редакция. Тізім. Нұсқа. Құжат мәтінін арақатынастарын ашып көрсету.

3. Басылымға дайындайтын мәтінді беру тәсілдерін (түсіру тәсілдері) анықтаңыз?

3. Баспаның дипломатиялық тәсілдерінің мәнін ашып көрсету.

4. Мәтінді сынау түсінігіне анықтама беру.

5. Деректі қысқартылған түрде жариялау әдісіне баға беріңіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Валк С.Н. Советская археография. Москва.,1948. 243с.

2. Добрушкин Е.М. Основы археографии, Москва., 1992. І раздел. С. 7-26.

3. Козлов В.П. Русская археография конца ХVІІІ-первой четверти ХІХ века //

Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора историчес-

ких наук. С. 3-48.

5. Эпштейн Д.М. История археографии в дореволюционной России.

Москва., 1977.

6. Королев Г.И. Археография. Москва., 1996. 256с.

ДӘРІС - 19-20

Наши рекомендации