Геологияның негізгі зерттеу әдiстерi қандай және олар қалай аталады?
Геологияның зерттейтін тақырыбы мен нысандары қандай?
Геология – Жер туралы ғылым (грекше ге – Жер, логос – iлiм). Бұл қысқа анықтаманың мәнi өте үлкен, мазмұнды және жан-жақты. геология қазiргi кезде жаратылыстанудың ең маңызды бағыты саналады және ғылымдар циклi (жиынтығы) болып табылады. Бұл циклдiң әр бөлiмi геология салалары арасында өзiндiк ғылыми пән ретінде де танылады.
Геологияның зерттейтiн тақырыбы – Жер планетасы мен геологиялық процестер. Жер – өте күрделi материалдық дене, оның үлкен тарихы, қазiргiсi мен болашағы бар. Аспан денесi ретiнде ол ғарыш бөлшегi әрі Күн жүйесiнiң планетасы болып табылады. Оған ғарыш заңдары мен құбылыстары да қатысты. Мәселен, олар әлемдiк тартылыс күші, күн радиациясы және басқа құбылыстар түрiнде көпшiлiк жағдайда климатты анықтайды, тіршiлiкке ықпал етедi және Жердегi әр түрлi процестерге тiкелей қатысты. Сонымен қатар Жерде тек қана өзiне қатысты, белгiлi бiр уақыт ағымында өзiне ғана тән, басқа планеталарда белгiсiз құбылыстар орын алып, оның жеке дара екендiгiн бiлдiредi.
Геологияның тiкелей зерттейтiн нысандары – минералдар, таужыныстар, пайдалы қазбалар, қазба органикалық қалдықтар, геологиялық процестер.
Геологиялық цикліне қандай пандер кіреді және олар қалай аталады ?
Геологияның салалары арасында ғылыми пәндер жер қыртысының заттық құрамын, оның құрылысын, геологиялық процестер мен олардың тарихи реттiлiгiн зерттейтiн, сондай-ақ қолданбалы ғылымдар түрiне бөлiнедi
Жер қыртысының заттық құрамын зерттеу | Динамикалық геология | Жердiң тарихы мен органикалық тiршiлiгiн зерттеу | Қолданбалы геология |
Геохимия | Геотектоника | Палеонтология | Пайдалы қазбалар туралы iлiм |
Кристаллография | Геодинамика | Стратиграфия | Гидрогеология |
Минералогия | Құрылымдық геология | Тарихи геология | Инженерлiк геология |
Петрография | Вулканология | Палеогеография | Мұнай кенiштiк геология |
Петрология | Сейсмология | Аймақтық геология | Кен өнеркәсiптiкгеология |
Литология | Геоморфология | Планеталық геология | Экологиялық геология |
Геологияның негізгі зерттеу әдiстерi қандай және олар қалай аталады?
Жер дамуының айрықша ерекшелiгiне көптеген геологиялық процестердiң өте ұзақтығы мен кең ауқымдылығы жатады. Кейбiр геологиялық процестердi тiкелей бақылау және лабораториялық жағдайларда оларды қайталау мүмкiн емес. Бұл процестер туралы тек қана олардың нәтижелерi, мысалы, әртүрлi таужыныстар мен пайдалы қазбалар, жер бетi бедерiнiң түрлi пiшiндерiнiң жаралуы, т.б. бiлiнуi бойынша ғана бiле аламыз. Геология XVII–XVIII ғғ. шөгiндi жиналу процесiнiң жалпы заңдылықтары анықталғаннан кейiн сәттi дами бастады. Ал XVIII–XIX ғғ. тоғысында әзiрленген шөгiндi таужыныстардың салыстырмалы жасын олардың құрамында сақталған организмдер қалдығын зерттеу негiзiнде анықтау әдiстемесi де бұған оң ықпал жасады. Бұл организмдердi зерттеу Жер дамуының әр заманына тек осы заманға сай органикалық әлемнiң – Жерде осы кезде тiршiлiк еткен жануарлар мен өсiмдiктердiң белгiлi бiр түрлерi ғана сәйкес келетiнiн көрсеттi. Осылай таужыныстардың салыстырмалы жасын олардың құрамындағы қазба организм (фауна мен флора) қалдықтары бойынша анықтауға негiзделген палеонтологиялық әдiс пайда болды. Осыдан кейiн, радиобелсендi ыдырау ашылған соң, таужыныстың дәл абсолют жасын анықтаудың радиологиялық әдiстерi әзiрлендi. Геологияның негiзгi әдiсi – геологиялық түсiру (карталау), ол белгiлi бiр аумақтың геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбаларын жан-жақты зерттеуге қажет геологиялық жұмыстардың жиынтығы болып табылады. Соңғы жылдары Жердi өте жоғары биiктiктерден байқауға және оны Күн жүйесiнiң басқа планеталарымен салыстыруға мүмкiндiк беретiн “ғарыштық әдiстер” материалын пайдалану барған сайын артуда. Эксперименттiк әдiстер әртүрлi геологиялық процестердi (магматизм, метаморфизм, тектоникалық процестер, т.б.) модельдеуге және әртүрлi жасанды минералдар мен таужыныстарды алуға бағытталған. Геологияда математикалық әдiстер мен ЭЕМ (компьютер) қолдану – перспективалы сала. Бұл саланың дамуы геологиялық ақпараттың жеделдiгiн, анықтығын және құндылығын арттырудың жалпы үрдісіне сай келедi. Д.Эджер жазғандай: “... қазiр көптеген геологтардың негiзгi жарағы балға емес, қымбат приборлар мен есептеуiш машиналар болып табылады