Археологиялық зерттеу жұмыстары(қазба,барлау,өңдеу)т.б Ескерткіштерді қорғау. 1 страница
Мұражай фондтары
Мұражай фонды – мұражай меншігіндегі мұражай заттарының жиынтығы. Олар ғылыми-қосалқы материалдар фонды және мұражай заттарының фонды болып бөлінеді. Ал екіншісі негізгі және ауыстырмалы болады. Негізгі фонд – коллекциялық және дублетный деп бөлінеді. Мұражай зерттеушілер мұражай заттарын бір неше түрге бөледі: Заттық – адам қолымен жасалған, қажеттілік функциясы бар заттар; Қөркемөнерлік Жазбаша түрде қалған ескерткіштер; Кино; Сурет. ҚР мұражай қоры. Елдің барлық мұражайларында сақтаулы мемлкетке жататын мұражай заттарының жиынтығы және де мекемелерге ұйымдарға жататын мұражайлық маңызы бар заттар. Бүкіл халық игілігіне жататын және мемлекеттің есебі мен қорғауында болады. Мұражай затты тарихи және мәдени ескерткіш ретінде қарастырылады. Бұған қосымша басқа да ескерткіштермен бірге ҚР заңында 1992 ж. «Мәдени, тарихи мұраларды сақтау және қолдану». Ғылыми көмекші материалдар мәдени – тарихи ескерткішке жатпайды және заңмен қорғалмайды. ҚР –ның заңы бойынша «Мәдени – тарихи мұраларды сақтау және қолдану» мұражайдың іс - әрекетін жақсы жүру үшін, қордағы заттың барлығын бөліп тастау қажетті, жалпы ғылыми және жалпы мәдени ұштасатындарды және құқық жағдайы анықтау қордың ғылыми ұйымдастыру міндеттерінің бірі. Қордың ғылым ұйымдастыру басқада шешуші роль атқарады. Қордағы заттардың бір – бірімен туыстық қатысын анықтайды. Бір тарихи периодқа жату, оқиғаға, құбылысқа, деректеме түріне жатқызу. Заттардың байланысын қордың ғылыми ұйымдастыру жүргізген уақытта, құнды мәлімет (көлемі, сапасы), бір топ заттардың, бір заттың құнды бағасынан жоғары бола алады. Сол себептен заттар ғылыми принципі бойынша топтасады. Жалпы бір немесе бірнеше белгілері арқылы байланысты, тұтастай тарихи, ғылыми немесе көркемдік қызығушылық тудыратын мұражай заттарының жиынтығы (мысалы: суретшінің суреттері, шығыс қаруларының коллекциясы, т.б.) деп мұражай коллекциясы деп аталады.
Қорларды сақтау тәртібі. Мұражай заттар мен ғылыми көмекші материалдарды барынша табиғи тозуын баялату барынша мұқият беру керек. Бұл факторлар табиғи тозуға белсенді әрекет етеді. Бұлардың күші мен сипаттамасы материалдарға байланысты. Зат неден жасалады. Оның құрылысы сақталынуы мұражайға түсінуге шейін болады. Органикалық гороскопиялық материалдарды жасайтын заттар төмендегіше жоғары ылғалдығы қатты бүлінеді. Төменгі ылғалдықта бұл материалдар кеуіп жарылу пайда болады. Ал жоғары ылғалдықта тез. Жоғары және төменгі ылғалдың әртүрлі ағаштардан жасалған заттарға, металл, эмаль заттарына аса қауіпті. Бұл металдан атмосфералық бүлінуіне әкеп соғады. мысалы: тат басу, ауа мен темірдің қышқылына байланысты. Температура ылғалдық тәртібінің шекарасын мамандар ұдайы тексеру іздестіру үстінде. Толық дәл келетін мәліметтер әдебиеттерде әлі де жоқ. Әзірше мынадай шамалы ұсыныстар белгілі болып отырады.
металл үшін +18º, +20 º ылғалдық 50%
әйнек, эмаль, керамика +12º, +20º, - 50% -55%
Асыл жар, асыл тастар +15º, +180º, +50%, -55%
Ағаш үшін +15 º, +18º, -55%, -60%
металдарға +15 º, +18º, -55%, -65%
былғары, пергамент, тері +16 º, +18º, -50%, -60%
Сүйек, мүйіз, қабық +14 º, +15º, -55%, -60%
Қағаз үшін +17 º, +19º, -50%, -55%
Бейнелеу өнері +12 º, +18º, -60%, -70%
Қара-ақ түсті фото +12 º, -44%, -50%
Түрлі – түсті сурет +5 º, -40%, -50%
Металды комплексті сақтандыру тәртібі мынандай 18 º +1 º, ылғал 55% ±5% белгілі температура ылғалдылығын сақтауын тиімді тәсілі арнайы кондиционерлер қондырғы орнату, сол арқылы болмыс ылғалдылығын ауа жіберілді. Кондиционерлер жоқ бөлмелерде жылыту жүйесі арқылы болмыс ылғалдылығына ауа жіберілді. температура ылғалдылығы тәртібі консервация болған күннің өзінде ұдайы бақылауда болуы керек. оны гигрометр және приборлар гигрография және термографтардың көмегімен іске асырылады. Приборлардың көрсеткіштерін тәулігіне белгілі бір уақытда арнайы журналға жазылып отырады. ауаны ластаушылардан қорғау. Мұражай затын ескіртіп тозуға ауадағы бөгде қосындылар сероводород, хлор, түтін, күл, тозаң. ауаның ластану дәрежесі мұражайдың қай жерге орналасқанына байланысты. Ауаның ластану дәрежесінің ауданы таңдау арқылы анықталады. Биология тәртіп. Заттар биологиялық зиянкестерден бүлінуі мүмкін. Мұражай заттарын негізінен бүлдірушілер көгеру, күш түсу, ағаш кемірушілер, бөлме шыбындары, биологиялық зиянкестерді жою реставрация комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. Мұражай изолятор құрып оған бүлінген заттаң дизенсекциялық камераға кіреді.
Механикалық бүлінуден сақтау. Жарық тәртібі мұражай заттарына жарық беруді реттілігіне байланысты жарық беру мұражай затының қандай материалдан жасалғандығңына қарай орнатылады. Жарық электромагниттер жақын , қысқа толқынды ультра күлгін сәуле, ұзын толқындар инфрақызыл. Бұлар көзге көрінбейді. Жарық затты фотохимиялық өзгеріске ұшыратуы мүмкін. жарық бүлдіру дәрежесі оның ұзақ сәуле түсуінен болады. Жарықтың өлшеу бірлігі –люкс (лк) 3 топ, жағ, тозл, шығыс керамикалар, түссіз әйнек орташа , сүйектер былғарыдан, теріден ағаш, сурет, төмен фотографиялар, акварель, қағаз.
Жарық тәртібі. сақтаудың дұрыс тәртібін қамтамасыз ету мақсатында мұражай заттарына жарық сәулесінің жеткілікті болуына реттеу. Жарыққа төзімсіз заттарды тұрақты жарық көздерінен толық немесе жартылай оқшаулау және кейбір заттар тобын сақтауға қажет жарықтың белгілі мөлшерімен қамтамасыз етуді білдіреді.
Температура – ылғалдылық тәртібі –қорлар мен экспозицияларда мұражай заттарын дұрыс сақтауды қамтамасыз ету мақсатында мұражайдағы температура мен ылғалдылықты реттеу.
Мұражай қорларын есептеу. Қор жұмыстарының бағыты. мұражай қорларын заңдылық қорғаудың негізгі формасы болып табылады. Есептеу процесс кезінде мұражай заттарын зерттеу нәтижелері белгіленеді.
Сырттай немесе мұражайдың ішкі зерттеулері нәтижесінде пайда болған заттардың түрлері, ақпараттары арнаулы ішкі мұражай есеп сақтау және ғылыми құжатқа белгіленеді (ғылыми карталар, әртүрлі шығармашылық кітаптар жазу, ғылыми паспорт).
Мұражайдың қорын жабдықтау екі бағытта жүргізіледі.
1. типологиялық коллекция - әр заттың өмірге, адамға қатысын анықтайды.
2. тақырыптық колекция. Әртүрлі типтегі заттарды қоғамдық елеулі оқиғаға байланысты жинау. Өмірбаян, өнеркәсіп түрлі мәдени өмірдегі және сол сияқты. Жабдықтау процесін бірнеше кездесулерге бөлуге болады.
1. мұражайды қызықтыратын тарихи факторды анықтау.
2. жабдықтау шақтарында – мұражай зерттеу үшін обьектілерді анықтау.
3. мұражайға қажетті заттарды екшелеу.
4. мұражайлық маңызы бар заттарды экспертиза тексеріп, бөлу.
5. оны мұражай затына айналдыру үшін алу.
Қорларды жабдықтау көздері кездейсоқ табылған заттардан бастап, жоспарлы зерттеу бағыттарын мұражай іздестірілуі.Кездейсоқ табылғандар тұрғындардың заттар өткізуі. Мұнда бұқаралық ақпарат құралдары мұражай қызметін тұрғын халыққа дәріптеп қызықтырушы материалдардың мұражай қорына өткізу тұр. Қорларды жабдықтарды жоспарлау жабдықтардың ғылыми комуникациясымен болған және нақтылы мұражай қорлары тірі жүйе. Ол ұдайы өсіп өзгеріп, құжат жұмысы бітпейтін процесс оның жетістігі мына жағдайларға байланысты. Мұражай заттың консервация және рестоврация деңгейін белгілеу арқылы мұражай заттары мұражай қорларында ұзақ мерзімді сақталады. мұражай заттарына жататындар, заттай бейнелеу, жазбаша деректемелер, кино және фото деректемелер жатады. Раставрация табиғи тозуы, бүлдіргені немесе әдейі өзгерту нәтижесінде пайда болған қателерді жою арқылы затты немесе орнатуды қалпына келтіру. консервация табиғи тозу процесіне бөгеу болатын белгілі сақтау тәртібін құру әрі бүлдіруші процестері белсенді жолы мен оларды ары нығайта түсу бар қилы мұражай заттың сақтау, қорларды сақтау. Сақтаушы сақталатын температура, ылғалдылық, жарық, биологиялық тәртіп ұстай отырып затарды консервациялау іске асырылады. Консервация бұндай түрін тек арнай дайындықтан өткен реставраторға өтеді. Реставрация алғ. кейпіне консервация және реставрация жұмысы өте жауапты қате қойылған диагноз қате әдістер тұр. Заттың бүлінуге әкеп соғады.
Қазақстанда өлкетанудың қалыптасу кезеңдері. XIX ғ орыс зерттеушілерінің өлкетануға қосқан үлесі.Орталық Қазақстанның өте құнды археологиялық ескерткіштеріне ертеден-ақ саяхатшыларының назарын аударған болатын. Олар туралы өз еңбектерінде шығыс тарихшылары (араб, иран) Х-ХҮІ ғасырларды жазып кетті. Олар Ибн Фадлан, Әл-Бируни, Мұхаммед Хайдар және т.б. болды. Орталық Қазақстанның бай археологиялық ескерткіштері туралы Тобольскіден Түркістанға дейін Солтүстік және Орталық Қазақстан далалары арқылы барған Петр біріншінің Тәукеге жіберген елшілері Ф.Скибин мен М.Гринин айтады. Осы даланың оба қазыналары туралы алғаш рет қоғам қайраткері Крижинович хабарлайды. Осы өңірдің ескерткіштеріне Г.Миллер де баса назар аударды. Оны әсіресе сол кезде толық сақталып тұрған ертедегі балқыту пештері, тас құрылыстар қызықтырды. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап бұл жерлерге көптеген зернттеушілер келеді. Осы аймақта екінші академиялық экспедицияның мүшелері, оның ішінде И.П.Фальк, Х.Барденес, И.Г.Георги, П.С.Паллас, П.И.Рычков және басқалар болды. Қазақстанды археологиялық зерттеулер жұмысын 1768-1774 жылдар екінші академиялық экспедициясын жалғасытырды. Қазақстанның географиясын зерттеуде Н.П.Рычковтың үлесі зор. Орталық Қазақстанның археологиялсы туралы деректерге байланысты оның «Топография Оренбургская» атты еңбегінде аталып өтеді. 1771 жылы Торғай және Есіл өзендері бойында жасаған саяхат күнделігінде, Ұлытау және Атбасар аудандарының ескерткіштеріне сипаттама береді. Қараторғай өзені бойындағы үлкен қорғандар оны таң қалдырады. Ол былай деп жазады: «Ежелгі қарапайым халықтың молалары жай жермен көміліп, 15 құлашқа дейінгі биіктікке көтерілген, ал ол үлкен моланы 135 кіші қорған қоршап жатыр». Орталық Қазақстанға алғашқылардың бірі болып, 1815 жылы тау-кен инженері Б.Герман келді. Оның экспедициясы Үй қорғанынан Арғанатты тауына дейінгі, Қараторғай өзенінің жоғарғы ағасымен жүріп өтті. Қараторғай өзені, Арғанаты тауының, солтүстік Ұлытау етектеріндегі тарихи ескерткіштерге арнайы мақала жазған А.Генс басқарған экспедиция болды. Ол «остатки зданий и целых поселениях, о развалинах замков, крепостей служивших убежищем для владельцев», - деп жазып, ортағасырлық қалалардың бір бейнесін көз алдымызға әкеледі. Ал осы ғасырдың екінші жартысында археологиялық нақты мәліметтерді Н.М.Ядринцев, Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, Н.М.Коншин сияқты зертеушілер жүргізді. В.В.Радлов Орталық Қазақстандағы археологиялық зерттеуде арнайы ғылыми тәсіл қолданды және сараптау бойынша кезеңдерге бөлуде нақты жұмыс жасады. Орта ғасырлық ескерткіштер тас үйінділер және орта ғасырлық құрылымдар жайлы мәліметтерді В.Никитиннің еңбектерінен кездестіреміз.Ежелгі кезде қазақ жері жайлы ең құнды географиялық мәліметтерді көрші араб және азиаттық халықтар алған. Европалықтар Орта Азия мен Қазақстанды зерттеушілер ретінде, тек XIII ғасырдан бастап пайда болады. Бұл кезең Қазақстан географиясы, өлкенің табиғаты жайлы алғашқы мәліметтерінің жиналуына, үлкен әсер етті. Кемшілігі – бұл жерде тек оңтүстік-батыс, және оңтүстік бөліктері – Каспий, Арал теңіздері, Ілі, Талас, Шу, Сырдарья өзендері жайлы мәлеметтер ғана көрсетілген. Қазақстан халқының мәдени өмірінде ежелгі және ортағасырлық қолжазба кітаптарының үлкен әсері болған, солар арқылы ортағасырлық мектептер мен медреселерде оқушылардың сауытын ашқан. Мүсылман мектептерінде аль-Фарабидің, Ұлықбектің, Баласағұнидың, Ясауидің қолжазба шығармалары,трактаттары таралған. Ортаазиялық қолжазбаларының ерекшелігі – көп алфивитті және көп тілді болған, сондықтан оларды зерттеу қиынға түскен. Уақыты бойынша кейініректері, араб алфавиті мен жазылған. Ондай қолжазбалардың алғашқысын XI ғ. жазылған Юсуф Баласағунидің «Құтадгу билік» еңбегін атауға болады. Көптеген қолжазбалардың арасында қазақ халқының тарихына тікелей қатысты, ежелгі қолжазбаларда бар. Сондай ескерткіштерге «Огуз-Наме», Қорқыт ата жайлы әңгімелер мен аңыздар, Алпамыс поэмасы, Манас эпосы т.б., және ойшыл, ақын Ясауидің, тюрколог Махмут Қашғаридің еңбектері де жатады. Орыс-қазақ байланыстарының орнатылған кезіндегі Қазақстанның географиялық тануы (XVI ғ. - XIX ғ.). Осы кезеңде қазақ жерлерінің табиғи жағдайларын сипаттайтын көлемді материалдар жиналды. Бұған орыс-қазақ байланыстары себепші болды. Географиялық саяхаттардың мәліметтері арқасында, дүниежүзілік ғылым Орынбор өлкесі, Арал-Капий бассейні, Ілі Алатау жайлы көлемді және анық географиялық мәлеметтерге ие болды. XVI ғ. аяғында- XVII ғ. басында, алғашында Мәскеуде, кейін Қасымов қаласында өмір сүрген, қазақ Қадырғали Хошум Жалаири «Джами ат-таварих» («Сборник летописей») кітабын шығарады – қазақ халқы және оның жері туралы құжат. Кітап Борис Годуновтың сұрауы бойынша жазылған. Қолжазба Қазан университетінде сақталған, тек 1854 жылы профессор И.Н. Березинмен жарыққа шығарылған. 19 ғ. 30-шы жылдарына дейін Қазақстанның табиғат жағдайы туралы жиналған көлемді материалды – Орыс География Қоғамын құрушылардың бірі, А.И. Левшин жинақтауға тырысты. 1832 жылы ол өзінің «Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Осы бірегей әрі іргелі еңбегі үшін ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа лайықты ие болды. Автор өз зерттеуінде қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы және географиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтіреді. Географиялық орнын қарастыратын, Туранның табиғи шекарасын және «қырғыз даласының» ландшафттық сипаттамасын беруге ұмтылатын географиялық бөлімі үлкен қызуғышылық тудырады. Туранды ол: Алтай, Ертіс, Тобол, Ұйыл, Орал, Каспий, Арал, қытай шекарасы радиусында жатқан үлкен кеңістік деп түсінеді. Осы кеңістікті, негізіне климаттық ерекшеліктері мен топырақ сипаттамасын алып, автор 7 алапқа (зонаға) бөледі. Кітапта «қырғыз казактарына және Түркістанға жататын жерлер картасы» берілген. А.И. Левшиннің кітабы Қазақстанның географиялық зерттеулерінің 19 ғ. 30-шы жылдарына сәйкес жалпы денгейді көрсетіп, үлкен мағынаға ие болды. Сонымен қатар, Левшиннің кітабы букіл Қазақстан жайлы географиялық мәліметтерінің толық еместігін де көрсетті. 1845 жылы Орыс географиялық қоғамы (ОГҚ) құрылды, құрылғанына екі жыл болмай олар Орта Азия мен Қазақстан территориясының географиялық зерттеуіне аса көңіл аударды. Жүйеге келтіру және Орынбор мен Петербург архивтерінде сақталған Қазақстан және Орта Азия географиясы және халқының тарихы туралы бай материалдарды өңдеу барысында, сол кездегі, әйгілі орыс географтары, Я.В.Ханыков пен М.И.Иванин 1847-1861 жылдары қазақ халқы туралы көптеген материалдарды жарыққа шығарды . Я.В.Ханыков – дарынды географ, картограф 15 жыл аралығында Қазақстан жерін зерттеумен айналысқан. 1839 жылы оның «Орынбор өлкесіне географиялық шолу» атты бірінші жұмысы жарық көрді, бұл еңбегінде географиялық орны, статистикалық, географиялық және этнографиялық мәліметтер келтірілген. 1841 жылы «Ішкі Қырғыздар ордасының күйі жайлы очерк» - батыс Қазақстан бойынша саяхаты туралы жол очеркі жарық көрді. 40-50 жылдары ол картографиялық және баспа жұмыстарымен айналысып «Арал теңізі мен Хива хандығы, оның айналасы», (1851 ж.), «Қырғыз жерінің Ішкі және Кіші ордасының картасы» (1845), «Орта Азияның солтүстік-батыс бөлігінің картасы, қосымшасымен» атты карталарды құрастырды. М.И. Иванин – Орыс Географиялық Қоғамының мүшесі (1801-1874) Орынбор өлкесінде 1835-1855 жылдары жергілікті офицер корпусында, Ішкі Бөкей ордасының Уақытша кеңесінің кеңесшісі және басқарушысы болып қызмет етті. 1846 жылы ол Манғыстау түбегінің көп бөлігін зерттеп мұнай, глаубер тұзы, құрылысқа жарамды әктастың бары туралы айтты. Жұмысына түбектің картасын тіркеді. Оны кіші жүз қазақтарының рухани мәдениеті қызықтырды – қонақжайлылығы, ұлттық дәстүрлері, медициналық білімдері, діні. Қазақстанда өлкетанудың пайда болуы мен дамуы. Қазақстандағы өлкетанулық зерттеулердің тарихы ұзақ та қызықты. Қазақстанда өлкетану қозғалысының тарихы 3 кезеңге бөлінеді: Революцияға дейінгі кезең. Бұл Ресейдің шет жақтарында ұйірмелер, қоғамдар және мұражайлардың пайда болу кезеңі. Жергілікті тарихты зерттеумен алдыңғы қатардағы орыс ғалымдары, саяхатшылары (И.К. Кириллов, А.И.Тевкелев, П.С. Паллас, И.П. Фальк, П.И. Рычков, А.И.Левшин, П.П.Семенов-Тяньшанский, Н.А. Северцов, И.В.Мушкетов, В.В. Радлов, Л.Мейер, М.Красовский, А.И.Добросмыслов, В.В. Вельяминов-Зернов, В.В.Бартольд, П.П.Румянцев, В.Даль, С.У. Ремезов); саяси жер аударылушылар, поляк жер аударылушылар, декабристер, народоволецтер айналысты. 1917 жылдан бастап 20-шы ғасырдың ортасына дейін өлкетанудың пайда болуы, қалыптасуы және даму кезеңі. Бұл кезеңде өлкетану жаңа қоғамдық ғылыми-мәдени қозғалыс ретінде болды. 20-шы ғасырдың ортасынан 30-шы жылдардың ортасына дейін көпшілік өлкетанулық қозғалыстың қалыптасуы. Осы кезеңде Қазақстанда тарихи өлкетанудың негізі қаланды. Революцияға дейінгі кезең. Қазақстан жерінде ұйымдастырылған өлкетанулық зерттеу, Орыс География Қоғамының бөлімімен, ғылым Академиясымен, Орыс Археология қоғамының Шығыс бөлімімен, жаратылыстану, антропология және этнография сүйюшілер Қоғамымен XIX ғасырдың аяғында басталады. Қазақстан территориясын орыс ғалымдарымен қарқынды зерттеуі, 60 жылдардың аяғында, жергілікті ғылыми қоғамдардың бөлімдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызды. 1867 жылы бірінші болып Орыс География Қоғамының Орынбор бөлімі құрылды, ол Қазақстанның батыс және солтүстік бөліктерін ғылыми зерттеуін қолға алды. 1870 жылы Ташкентте Жаратылыстану, Антропология және Этнография сүйюшілер қоғамы, 1877 жылы Омбыда - Орыс География Қоғамының Батыс-Сібір бөлімі құрылды. Орта Азияны толығырақ зерттеу мақсатымен 1897 жылдың ақпанында Орыс География Қоғамының Түркістан бөлімі ашылды. 1902 жылы Қазақстан территориясында Орыс География Қоғамының Орынбор, Батыс-Сібір, Түркістан бөлімдерімен бірге Семей бөлімшесі жұмыс істеді. XX ғ. басында Геология комитеті мен Қоныс аудару басқармасы дала зерттеу жұмыстарына кірісті. XIX ғ. аяғында Қазақстанның облыс орталықтарында статистикалық комитеттер құрылады, олар өлкенің экономикасын, географиясын және тарихын зерттеуде айтарлықтай үлесін қосты. Орыс ғалымдары, әкімшілік мекемелердің чиновниктері мен офицерлері осы қоғамдарды ұйымдастырып, солардың жұмысына белсенді қатысты. Әйгілі өлкетанушылар Ш. Уалиханов, Н. М. Потанин, Н. М. Ядринцев, И. Алтынсарин. Н. Бекчурин, Г. С. Карелин, Н.Н және В. Н. Белослюдовтар ОГҚ мүшелері болды. 19 ғ. екінші жартысында Қазақстанның территориясын географиялық зерттеуі нәтижелі жетістіктермен белгілінді. Таулы және жазық аудандардың, көлдер мен теңіздердің карталар мен атластары құрастырылды. Физикалық-географиялық зерттеулер жүйелі және кешенді жолға қойылды. Осы кезеңде Балқаш, Арал, Каспий теңіздері, Тянь-Шань таулары зерттелді. Саяхатшы ғалымдар көңілдерін Тянь-Шань мәселелеріне бөлді. П. П. Семенов, Ч. Уалиханов, И. А. Северцов, И. В. Мушкетовтардың зерттеулері бойынша Тянь-Шаньнің орографиялық және геологиялық құрылысының ғылыми дәлелденген схемасы жасалды. 1887 жылдың желтоқсанында Орынборлық ғылыми мұрағаттық комиссия құрылды. Комиссияның мақсаты – генерал-губернатордың канцеляриясында жатқан мұрағаттық құжаттарды реттеу және ғылыми зерттеуге дайындау. Мұрағаттық комиссияның әрекетінің күрделі бағыты, Орынборда мұражай ашу болды. Бірақ Орынборда мұражай ашу ойын губерндік статистикалық комитет іске асырды, 1888 ж. ол қалада тарихи-археологиялық мұражай ашу жайлы қаулыс қабылдады. Орынбор ғылыми мұрағатық комиссияның ең белсенді мүшесі И. Катанье болды. Ол өзінің ғылыми әрекетін екі бағытта өткізді: қазба жұмыстарын жүргізді және қазақ даласының ежелгі мәдениет ескерткіштерінің тізімін жасаумен айналысты. Әсіресе оның қазақ даласының археологиясы бойынша мәліметтерді жүйелеу жұмысы табысты болды. Көп жылдық зерттеу жұмысының нәтижесінде Қазақстанның барлық облыстарының ескерткіштері сипатталған еңбегі болды. Орта Азиядағы жалғыз тарихи-ғылыми мекеме – Туркістандық археологияны сүйюші ұйірмесі Қазақстанның оңтүстік бөлігін археология жағынан нәтижелі зерттеді, ол 1895 жылы желтоқсан айында ашылды. Қазақ ғалымдарының, ағартушылардың туған өлкені зерттеудегі рөлі. Орта Азия мен Қазақстанды зерттеуші ретінде Ш. Уалихановтың ғылыми еңбегі дүниежүзілік ғылыммен танылған. Еңбектері орыс, ағылшын, неміс және француз тілдерінде басылып шыққан. Ол тарих, география және этнографияға арналған бірқатар құнды еңбектерді жазып үлгерген. Абай Құнанбаев – ұлы ақын, жазушы, қоғамдық қайраткер, қазақтың жазба әдеби тілінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және европа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Ыбрай Алтынсарин - қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. "Қазақ хрестоматиясы" атты оқулық, "Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы" атты дидактикалық оқу құралын жазды. Ыбырай сондай-ақ Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды. Ол жаңа үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар арасындағы Торғай облысының төрт уезінде ( Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) уездік жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебін, 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастырды. Өлкетанудың пайда болу, қалыптасу және даму кезеңі. Совет өкіметі орнағаннан кейін барлық сәулет ескерткіштері, кітапханалар, мұрағаттар ұлттандырылды. Осы кезден бастап Қазақстанда өлкетанулық қозғалыс кең көлемде жүргізіле бастады. 1920 жылы «Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамы» құрылды. Құрылтайшылық жиналасы 1920 жылдың 15 қазанында өтті, қоғамның төрағасы болып, қазақ халқының тарихы туралы алғашқы жұмыстардың авторы А.П. Чулошников тағайындалды. Сол, Республикада мемлекеттік ғылыми мекемелер болмаған кезде, Қазақстанды зерттеу Қоғамының қатарында зиялы қауымның басым бөлігі біріккен болатын. Қоғамда С.Д. Асфендияров, А.Диваев, А.Л.Мелков, С.Сейфуллин, Т.Рыскулов, Калмыков, М. Ауэзовтер қызмет атқарды. Осы жылдары жалпыресейлік өлкетану жұмысының ғылыми-методикалық орталығы пайда болды – өлкетанудың Орталық бюросы (ӨОБ), ғылым Академиясы жанынан. Ол 1921 жылы бірінші Бүкілресейлік өлкетану конференциясында құрылды. ӨОБ мүшелері болып сол уақыттың әйгілі ғалымдары Д.Н.Анучин, Н.Я. Марр, А.Е.Ферсман, П.Г.Смидовичтер болды. Советтік өлкетанудың ұйымдастырушыларының бірінші қатарында педагогтар А.П. Пинкевич и С.Т. Шацкийлер де болды. ӨОБ-ның облыстарда бөлімшелері болды, өлкетанулық журналдармен, жинақтары шығарылып тұрды. 1923 жылдан бастап «Краеведение» журналы шыға бастады, ал 1925 ж. – «Известия ЦБК». 1930 ж. олар «Советское краеведение» журналы болып бірікті (1936 ж. дейін шығып тұрды). 1937 ж. ӨОБ жойылды. Оның ресми жабылуы 1932 жылы Ғылым Академияның қазақстандық базасының пайда болуымен байланысты. Өлкетану зерттеулер орталығының ролін одан ары География қоғамының өлкетану комиссиясы өз қол астына алды