ГЕОДЕЗИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ. Геодезия және картография » кафедрасы
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІ
Геодезия және картография » кафедрасы
Есептік графикалық
жұмыстар.
Қабылдаған: Чултуков Алтай Советханұлы
Орындаған: Өтемұратова Ару
ГК-11 тобының студенті
Астана – 2016 ж
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
№1. Есептік- графикалық жұмыс........................................................................................................................4
1.1.Тұйық теодолиттік жүрістің нүкте координаталарын табу...........................................................................................................................4
1.2. Координата шаршыларын салу және теодолит жүрісінің нүктелерін белгілеу.....................................................................................................................7
1.3. Теодолит жүріс нүктесін орта белгілеуді есептеу......................................................................................................................9
1.4. Тахеометрлік суретке түсіріс журналын өңдеу......................................................................................................................10
1.5. Тахеометрлік сурет нүктесін анықтау және топопланды салу........................................................................................................................13
№2. Есептік- графикалық жұмыс......................................................................................................................16
2.1. Геометриялық нивелирлеу журналын өңдеу жұмысы...................................................................................................................15
2.2. Профильді салу..........................................................................................................................20
2.3.Трассаның жоспарлық профилін құру..........................................................................................................................21
№3. Есептік- графикалық жұмыс......................................................................................................................26
3.1. Учаске планын сызу.........................................................................................................................27
3.2. Горизонталь жазықтықты жобалау...................................................................................................................27
3.3. Еңкіш жазықтықты жобалау...................................................................................................................28
3.4. Горизонталь және еңкіш жазықтықтардағы жұмыс мөлшерін есептеу................................................................................................................... 28
Қорытынды.............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер..............................................................................................................34
Кіріспе
Геодезия пәні Жер ғылымымен айналысады. «Геодезия» сөзі грек тілінен аударғанда «жер бөлу» деген мағына береді.
Геодезия ғылымы, яғни геодезия пәні Жердің сыртқы түрінің, жергілікті аудандардың кедір – бұдырлы, үстіртті – ойпатты берілуіне сәйкес, әр түрлі денелердің орналастырылуын анықтай отырып, өндіріс талаптарына қатысты көптеген геодезиялық өлшеу, сол аудандарды картада немесе жоспарда бейнелеу жұмыстарын жүргізуде өте маңызды орын алады.
Сонда, осы аталып отырған бағыттарға сәйкес, геодезия пәні, алуан түрлі ғылыми саларына байланысты:
· Жоғарғы геодезия:
· Инженерлік геодезия;
· Космостық геодезия;
· Картогафия;
· Аэрогеодезия;
· Топография
Болып бөлініп, әрқайсысы жеке – жеке қарастырылып, оқытылады.
Мысалы, инженерлік геодезияны алатын болсақ, геодезияның бұл бөлімінде: жер қойнауы қазба – байлықтарын іздеудегі геодезиялық жұмыстар, құрылыс салу жобалары тұжырымдалып, талапқа сай әдістер ұсынылып отырылады.
Геодезия пәні, тек өзіне тән жұмыстармен ғана айналыспай, математика, физика, астрономия, геология және басқа да ғылымдармен өте тығыз байланыста болады.
ГЕОДЕЗИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Геодезия — жер туралы ерте ежелгі ғылымдардың бірі. Адамзаттың бағзы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды елшеудегі ашқан заңдылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде дуниеге келуіне негіз болды. Грек тілінен аударғанда «геодезия» сезі «жерді
бөлу» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі заманғы геодезияның жерді бөлу мағынасы шенберінен әлдеқашан шыққаны түсінікті.
Геодезия—жердің немесе оның жекелеген бөліктерінің пішіні мен көлемін, жерді карталар мен пландарға түсіру, және адамның инженерлік қызметтің әр түрлі міндеттерін атқару мақсатында жер бетін елшеу әдістерін зерттейтін ғылым.
Адамзат қоғамының дамуына және ғылым мен техниканың есуіне байланысты, геодезия бірсыпыра дербес ғылыми және ғылыми-техникалық пәндерге бөлінеді:
1. Жоғарғы геодезия — жердің және планеталардың фигура-
лары мен келемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негізгі ті-
рек жүйелерін қүру женіндегі міндеттерді шешеді. Жоғарғы
геодезия міндеттерін шешу әдістерін егжей-тегжейлі зерттеу
үстінде одан жеке пәндер болып геодезиялық астрономия, гео-
дезиялық гравиметрия және ғарыш геодезиясы белінеді.
Геодезиялық астрономия — геодезиялық тірек жүйелері үшін аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталык бастапқы мәліметтерді анықтап беру мәселелерімен айналысады.
Геодезияық гравиметрия — жер бетінің жекелеген нүкте-лерінің ауырлық күшін арнайы аспаптармен елшеу арқылы жер-дің фигурасын зерттеумен шұғылданады.
Ғарыш геодезиясы— Жердің жасанды серіктерінің көмегі-мен жербеті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерт-тейді.
2. Геодезия немесе топография жер бетінің біршама шағын учаскелерін түсірумен байлаиысты мәселелерді зерттейді.
3. Картография жер бетінің едәуір территорияларынын кес-кіндерін әр түрлі мақсаттағы карталар түрінде жасау әдістерімен процестерін, оларды жасау және көбейту технологиясын зерттейді.
4. Аэрофототопография жердің карталары мен пландарын фотосуреттер және әуеден тусірген фотосуреттер бойынша жа-саудың әдістерін талдаумен айналысады.
5. Теңіз геодезиясы мұхиттар мен теңіздер тубінін табиғи корларын барлау мен картаға түсіруге байланысты арнайы өл-шеу әдістерін талдал жасайды.
6. Қолданбалы геодезия іздеулер, кұрылыстар мен инженер-лік ғимараттарды салу және пайдалану, жабдықтарды мон-таждау, сонымен катар еліміздің табиғат байлықтарын пайда-лану кезінде атқарылатын геодезиялық жұмыстардыц әдістерін зерттеумен айналысады. Қолдаибалы геодезия өзінің жұмыс барысында геодезия әдістерін кең пайдаланады, ал кейбір жағ-дайларда оиы өз тәсілдері мен кұралдары арқылы шешеді.
Геодезия мен топография пәнінін нстізгі ғылыми-техникалық міндеттеріне мына төмендегідей жумыстар жатады:
а) жер бетіндегі жекелеген нүктелердің орындарын тандап
алынған координаталар жүйесінде анықтау;
б) әр түрлі инженерлік ғимараттарды жобалау және салу
кезінде сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірісіиде, жер
бетінің және қойнауының табиғат байлықтарын пайдалануда
қажет болатын түрі, сипаты, дәлдігі жағынан алуан түрлі өлшеулерді жер бетінде немесе жер астында атқару;
г) еліміздің қорғаиыс қажеттілігін геодезиялық мәліметтермен қамтамасыз ету.