Тапсырма: сөйлемдерді толықтыр
Сабақ берілген сыныптар:6б
Күні:8.11
Сабақтың тақырыбы:Жердің құрлысы,негізгі ұғымдар.Тау жыныстары және минералдың жіктелуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға жердің сыртқы және ішкі құрылысы туралы жалпы түсінік бере отырып, жер қабықтары туралы негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды меңгерту;
Дамытушылығы:Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілігі:Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кескін карта, жарты шарлар картасы
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру.а)оқушылармен амандасу
ә)оқу құралдарын тексеру
Жаңа сабақтың мазмұны:Жер — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі.Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады.Оның табиғи серігі – Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады.Жер осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66°33´22˝, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4,1 с. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жердің жасы шамамен 4,5 млрд. жыл деп есептеледі.Жер Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жердің массасы 5,975•1021 т, орташа тығыздығы 5,517 г/см³, көлемі 1,083 млрд. км³, ауданы 510,2 млн. км², сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан 4,5 млрд. жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған.Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан.Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген.
Жер туралы қысқаша мәліметтер
· Күннен қашықтығы — 150 млн км.
· Орбитадағы айналу жылдамдығы — 29,8 км/с.
· Орташа тығыздығы — 5,5 • 103 кг/м3.
· Күнді айналу ұзақтығы — 365 тәул. 6 caғ.
· Табиғи серігі — Ай.
· Массасы — 6 • 1024 т.
· Радиусының орташа ұзындығы — 6371 км.
· Экваторының ұзындығы — 40075,7 км.
· Меридианының ұзындығы — 40008,5 км.
· Жер бетінің жалпы ауданы — 510 млн км2.
Сергіту сәті арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын, Жер өзегі атанған
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын. Ең орталық бөлігі
Жаханның жерін, суын, жәндіктерін, Бұл не?(ядро)
Іші кең бәрін салса толмайтұғын.(жер)
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасақ егерде,
Барша тіршілік қурайды.
Бұл не?(су)
Географиялық диктант
1 . Ауа Жер шарын ең сыртынан қоршап тұрады.
2. Ғарыштан қараған адам жер бетінің көбін құрлық алып жатқанын көреді.
3. Су жер бетінің 2/3-і үлесін алып жатыр.
4. Ауаның 78%-н азот құрайды.
5. Биосфера оқшау қабық құрайды.
6. Жер қыртысы мен мантияның жоғарғы қабаты литосфера деп аталады.
7. Гидросфера тіршілік ортасы болып табылады.
8. Жердің ішкі құрылысы: гидросфера, мантия, ядродан тұрады
Жаңа сабақты бекіту:
1.Жерге күн сәулелері қалай таралған?
2.Жер шарының жылу белдеулері?
3.Көктемгі күн теңелуі?
4.Күзгі күн теңелуі?
5.Қысқы күн тоқырауы?
Оқушыларды бағалау
7.Үйге тапсырма беру. Жердің құрлысы,негізгі ұғымдар.Тау жыныстары және минералдың жіктелуі.
Сабақ берілген сыныптар:6б
Күні:15.11
Сабақтың тақырыбы:Литосфералық плиталар (тақталар) туралы ұғым.Жер қыртысының қозғалысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Литосфералық плиталар теориясы, сейсмикалық белдеулер және Жер бедері туралы оқушыларға түсінік беру. Оқушылардың тіл байлықтарын сөздік қорларын байыту.
Дамытушылығы:Дамытуға оқытуға негізделген шығармашылық қиялын, жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі:Ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету, білімді, ақылды, ізденімпаз етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кескін карта, жарты шарлар картасы
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру.а)оқушылармен амандасу
ә)оқу құралдарын тексеру
Жаңа сабақтың мазмұны:
Қазіргі кезде жер қыртысының құрылысы мен қалыптасу кезеңдері литосфералық тақталар теориясы тұрғысында түсіндіріледі. Бұл ілім ХХ ғасырдың басында неміс ғалымы Альфред Вегенер ұсынған болжамға негізделеді.Литосфералық плиталар теориясы бойынша, жер қыртысы және мантияның жоғарғы бөлігі жекелеген плиталардан тұрады. Қазіргі кезде 7 ірі платформа мен ондаған кіші плиталар бар.
Плиталардың жылжуы нәтижесінде жер қыртысында терең жарылыстар пайда болады.Жер қыртысындағы неғұрлым терең жарылыстарды Рифт деп атайды.
Рифттер көбіне мұхиттық плиталардың шеткі бөліктеріне сәйкескеледі (картадан қараңдар ).Мұндай аймақтар құрлықтарда да кездеседі (Мысалы Шығыс фрикадағы жарылыс).Жарылыстар бойымен көтерілген ыстық магма есебінен жер қыртысы қалыңдайды. Мұхиттық плиталардың күшті майысқан жерлерінде терең шұңғымалар, ал материктік плиталардың шеткі бөлігінде аралдар доғасы қалыптасады.
Жер бедері ішкі және сыртқы күштердің қатар әсер етуі нәтижесінде өзгеріп отырады.
Ішкі күштер әсерінен болатын қозғалыстардың екі түрі белгілі: тік қозғалу(жанартаулық құбылыстар, күшті жер сілкінулер, қатпарлану, жарылыстардың пайда болуы және т.б) және өздеріңе белгілі литосфералық плиталардың ғасырлық тербелмелі қозғалыстары. Бұл қозғалыстар жер бедерінің ең ірі пішіндерін-материктерді және мұхит қазаншұңқырларын қалыптастырады. Олар жер бедерінің ғаламшарлық ауқымдағы аса ірі пішіндеріне жатады. Құрлық пен мұхит табанындағы жазықтар мен тау жүйелері жер бедерінің екінші қатардағы пішіндерін құрайды.
Литосфералық тақталар -Жер литосферасының мейілінше ауқымды бөліктері. Литосфералық тақталар тектоникасы, немесе жаңа жаһандык тектоника деп аталатын геотектоникалық тұжырымдамаға сәйкес, жердің литосфералық қабаты он бес шамалы ірі-ірі дербес литосфералық тақталарға дараланған; бұл тақталардың әрқайсысы астеносфера бетімен көлбеу бағытта ұдайы жылжып отырады (континенттер ығуы, мұхит түбінің спредингі).Әрбір литосфералық тақта мүхиттық орталық жоталардың нақ орта тұсына сәйкес келетін мұхиттық рифтер түрінде көрініс беретін созылу аймағынан Беньофф-Заварицкий-Вадати белдемі деп аталатын сығымдалу белдеміне қарай жылжиды.Аталған белдем екі қозғалмалы тақтаның бір-бірімен соқтығысу аймағы болып табылады, бұл соқтығысу жұқа мұхиттық литосфераның біршама қалың континенттік литосфера астына қарай сұғынуы (субдукция) немесе екі континенттің соқтығысуы (коллизия) нәтижесінде туындайды.Литосфералық тақталардың созылу не бір-бірінен ажырау шекаралары "дивергенттік шекаралар" деп аталса, олардың соқтығысу аймақтары "конвергенттік шекара" деп аталады.Литосфералық тақталар тектоникасы тұжырымдамасына сәйкес, Жер шарындағы тектоникалык белсенділік (жерсілкінулер, жанартаулар әрекеті, жылу ағымдарының жоғары мөлшері, цунамитолқындары және т.б.) тек қана осы литосфера шекараларына шоғырланған (бұл өңірлер. Жекелеген Л.т-лардың көлбеу бағытта жылжу жылдамдығы орта есеппен жылына 1—2 см-ден 10—12 см-ге дейін жететіндігі анықталға
Тапсырма: сөйлемдерді толықтыр
1.Жердің жасы шамамен........................................ жыл. деп есептелінеді.
2.Ішкі күштердің жиынтығы.......................................... деп аталады.
3. Сыртқы күштердің жиынтығы....................................деп аталады.
4. Эндогендік процестерге мысал келтір......................................................................................
5. Экзогендік процестерге мысал келтір..............................................................................
Жаңа сабақты бекіту:
1.Жерге күн сәулелері қалай таралған?
2.Жер шарының жылу белдеулері?
3. Литосфералық тақталардың ығысуы, жылжу шекарасы;