Болгар бұрыштың биологиялық ерекшеліктері

Бұрышты дұрыс өсіру үшін оның өсу жағдайларына қажетті биологиялық ерекшеліктерін білу керек.

Болгар бұрыш қысқа күнгі (12 сағат) өсімдіктер тобына жатады. Өсімдікті басқа жерге ауыстырып отырғызу, оның дамуын 8-15 тәулікке қысқартады [9]. Өсімдіктің жақсы өсіп жетілуі үшін топырақ ылғалдылығы мен ауаның қолайлы жағдайы және бұрыштың жақсы қоректенуі қажет. Бұрыштың өте баяу өсуі гүл мүшелерінің пайда болғанына дейін байқалады (5-8 нағыз жапырақтар). Күрт өсуі гүл түйіндері пайда болғаннан бастап есімдіктің өсіп даму кезеңінің соңына дейін жалғасады. Бұл тамырға да тән. Өсіп дамудың барлық кезеңдерінде өсімдіктің жер беті бөлігі тамырга Карағанда белсенді өседі. Әсіресе, жеміс түзу кезеңінде бұл айқын байқалады. Сондықтан бұрыштың топырақ құнарлылығына және өсімдіктің қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне осы кезеңде жоғары талап қояды .

Тамырдың топыраққа тереңдеуі және олардың көлбеу бағытта өсуі ең алдымен топырақтың механикалық құрамына байланысты. Құмдақ топырақта бұрыштың тамыр жүйесі өсіп дамудың соңында 80 см тереңдікке жетеді және көлбеу багытта 1 м және одан да көп өседі. Тамырдың негізгі массасы топырақтың жыртылған қабатында орналасады. Қолайлы жағдайда тамырдың регенерациясы өсімдікті отырғызғаннан соң тез жүреді. Бақылау нұсқасымен салыстырғанда отырғызылған өсімдіктердің тамырының дамуы тежелгендігі жеміс түзгенге дейін байқалады. Бұрыш жылуға талабы жоғары өсімдікке жатады. Оның тұқымы 13°С-ден кем емес температурада өне бастайды. Бұл жағдайда өскіндер тек 18-20 тәуліктен кейін пайда болады, ал 15°С-ден жоғары температурада өскіндер 15-20 тәулікте пайда болады және тәтті бұрыш тұқымының қолайлы өнуінің тиімді температурасы 20-30°С болып табылады. Әсіресе өсімдіктер жылуға 50 тәулікке дейінгі жаста сезімтал. Өсімдіктің өскіндерінің пайда болғанынан жемістерінің биологиялық пісіп жетілу кезеңіне дейінгі белсенді температура жиынтығы 25-30°С-ді құрайды. Өсімдік әлсіз үсікте өліп қалады (-0,3°С), 35°С-ден жоғары температура оның өсіп дамуына кері әсер етеді.

Бұрыш өсімдігінің топырақ пен ауа ылғалдылығына талабы жоғары. Бұл оның тамыр жүйесінің әлсіздігімен байланысты. 1 тонна тауарлы өнімге 162-180 м3 су жұмсалады [11].

Бұрыш өсірілетін танапқа қажетті су шығыны өсімдіктің жасына байланысты өзгеріп отырады. Алғашқы өсіп-даму кезеңінде (жеміс түзгенге дейін) 4900-6400 м3 болатын жалпы су қажеттілігінің 8-10%-ы қажет. Ең жоғарғы су қажеттілігі жеміс түзілу және өнімнің арту кезеңдеріне сәйкес келеді. Жеңіл құмдақ топырақтарда ең жоғарғы ылғалдылық 70%-дан кем емес тыс, ал ауыр топырақтарда 80% тыс болу қажет. Саздақ топырақтарда ылғалдылық 70% тыс төмендегенде, ал ауыр топырақтарда 80% ТЫС төмендегенде суару қажет. Саздақ топырақтардың 0-30 см тереңдігінде, ал жеміс түзу кезеңінде 0-50 см тереңдігінде ылғалдылық 70% тыс болғанда суғаруға қажет.

А.Селедцова пайымдауы бойынша Қазақстанның оңтүстік шығысында өсірілетін бұрышты қалыпты сумен қамтамасыз ету үшін 9-10 рет суғару қажет. Оның ішінде 2-3 рет жеміс түзгенге дейін, 5-6 рет гүлдеу және жеміс түзу кезеңінде.

Дебиеттер

1. Негрука В.И., Бутенко Р.Г. Биотехнология сельскохозяйственных растений – М.: Агропромизад, 1997 г. – 301 стр.

2. Петров Д.Ф. Генетика с основами селекции. Изд.2-е, доп. Учеб. Пособие для ун-тов. М., Высш. Школе, 2006 г. -416 стр.

3. Горин А.П. Руководство к практическим занятиям по селекции и семеноводству полевых культур. – М.: Сельхозиздат, 2003 г. -575 стр.

4. Новоселова А.С., Константинова А.М., Кулешов Г.Ф. (и др). Селек-ция и семеноводство многолетних трав. М.: Колос, 1998 г. - 303 стр.

5. Бороевич С. Принципы и методы селекции растений. – М.: Колос, 2004 г. -344 стр.

6. Гужов Ю.Л. Генетика и селекция сельскому хозяйству. – М.: Просвещение,

1994 г.-240 стр.

7. Уильямс У. Генетические основы и селекция растений. – М.: Колос, 1968 г. – 448 стр.

8. Бриггс Ф и Ноулз П. – М.: Колос, 2002г. -399 стр.

Лекция № 29

Тақырыбы:Жеміс-жидектер

Лекцияның жоспары:

1.Жидекті дақылдар: бүлдірген, таңқурай, қарақат, крижовник.

2.Қысқаша ботаникалық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, ғылыми негіздегі агротехникасы.

Қолданылатын әдістер:Лекция-консультация,сұрақ-жауап-талдау.

Лекция мәтіні:Таңқурай - раушангүлділер тұқымдасының бір түрі. Биіктігі 1—3 м, сабағы тікенді, жапырағы қалың, атпа тамырлы, көп жылдық шала бұта. Жемісі сүйекті, түсі қызыл, сары. Жемісінің құрамында қант, пентон, органикалық қышқылдар, С, А, В витаминдері, хош иісті заттар бар. Жемісін жеуге және тосап, шырынсу, шырын, шарап, т.б. дайындауға пайдаланады.

Таңқурай – раушангүлдер тұқымдасына жататын, жартылай бұталы көпжылдық өсімдік. Таңқурайдың бұталары алғашында шөптесін болып, кейіннен бұтаққа айналады. Жапырағы күрделі пішінді, жиегі аратісті, үстіңгі беті қою жасыл, ішкі жағы ақ түсті. Гүлдері ақ немесе ашық қызғылт болады. Гүлі 5 күлтелі, аздаған гүлшоқтар болып жеке-жеке өседі. Гүлдеуі маусымнан күзге дейін жалғасады. Сондықтан пісу мерзіміне қарай, өнімін жинау бірнеше айға созылады. Жидегі өте нәзік, күлгін- қызғылт түсті. Дәмі тәтті, аздаған қышқылдығы бар. Таңқурай ұсақ сүйекшелерден құралған бірнеше дәндердің бірігуінен тұрады. Жабайы түрінде бұл дәндер бір-бірінен оңай ажыратылып алынады. Ал, екпе түрлерінде сүйекшелері бірігіп кеткен тәрізді болып көрінеді. Жалпы пісу кезеңі шілде, тамыз айлары. Нәзік хош иісті. Табиғатта таңқурай аралас ормандарда, қылқанжапырақты ағаштар арасында жақсы өседі. Өзен аңғарларында, бұталардың арасында, көлеңкелі, ылғалды жерлерде кездеседі.

Таңқурай құрамында адам ағзасы үшін пайдалы заттар өте көп, атап айтқанда: аскорбин қышқылы, глюкоза, органикалық қышқылдар, спирттер,кетондар, ақуыздар, пектиндер, азот қоспалары, илік заттар,С, А, В топ дәрумендері. Таңқурайдан жасалған қайнатпаны дене қызуын түсіруге, несеп жүргізуге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады. Гемоглобин мөлшерін арттыру, қан тоқтату, суық тигенде дене қызуын басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитке, жөтелге қарсы қолданады. Таңқурай жемісін табиғи қалпында немесе кептірілген күйінде қайнатып, сусын жасап, қыста тұмау кезінде пайдаланады. Әсіресе, тибет медицинасында таңқурайдың жапырағы, жемісі және сабағы қолданылады. Жапырақтарын бұқтырып шайдың орнына ішеді. Сонымен қатар таңқурайдан тосап, сусын, шырын, джем жасайды. Кондитерлік тағамдарға қосады.

Солтүстік ендіктің негізінен қоңыржай және салқын климатты зоналарында өсетін бүталар. Алғашқы ағаш тәрізді формалары субтропикада өседі. Оңтүстік ендікте туыстың өкілдері Жаңа Зелаңдияға дейін жетеді. Жемісі сүйекті жидектердің жиынтығынан тұрады. Кәдімгі таңқурай (малина обыкновенная) бүрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінде, Кавказда, Сібірде және Солтүстік Американың жалпақ жапырақты Сонымен бірге таңқурайдың бұл түрі ағашы кесілген және өрт шалған жерлерде, тау шатқалдарындағы өзендердің бойыңда өсетін бұталардың арасыңда кездеседі. Мөдени жағдайда көптеген сорттары өсіріледі. Қожақат таңқурайы (ежевика) табиғатта кең таралған, кейде мәдени жағдайда да өсіріледі. Қой бүлдірген (костяника) бүрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінің және сібірдің қылқанжапырақты ормандарында кең тараған өсімдік. Аласа таңқурай (морошка приземистая) және арктика таңқурайы (Кагеисш) өмірлік формасы жағынан редукцияға көп ұшыраған түрлер. Субарктикалық райондарда өседі.

Кұлпынай.. Оның 50-дей түрі бар. Ұзынсағақты жапырақтарынан розетка түзілетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Тостағаншасынының астында, тостағанша асты жапырақшалары болады. Аналығы ойыс, етженді больш келген гүлтабаньша орналасады. Жемісі сүйекті жидектердің жиынтығынан тұрады. Орман құлпынайы (земляника лесная) және жасыл бүлдірген (клубника немесе полуница) екі үйлі өсімдіктер, олар бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінде, Сібірде, Орта Азияда, бұталардың арасьщда және шалғьшдарда, сонымен бірге Кавказдың жарық ормандарьщда да өседі. Ананас құлпьшайы тек мәдени жағдайда ғана белгілі, оны құлпынайдың виргинская және чилийская деп аталынатьш түрлерін будандастыру арқылы алған деп шамалайды. Ол мәдени жағдайда өсірілетін, жемісі үлкен болып келетін сортқа біріктірілген. Тұқымдастармағының шөптесін өкілдерінің ішіңде тек дәрілік шелна (кровохлебка аптечная деп аталынатын бір ғана түрдің мал азығы ретіңде үлкен маңызы бар. Оны медицинада және ветеринарияда дәрі ретінде емге қолданады. Бұл ылғалды шалғыңдарда өсетін өсімдік. Гүлі қоңыр-қызыл түсті, шоқпарбас болып келетін гүлшоғырына жиналған. Кейде мәдени жағдайда өсіреді.

Қарақат (Rіbes)– тасжарғандар тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанда Алматы, Оңтүстік Қазақстаноблыстарында өсірілетін 11 түрі бар. Биіктігі 60 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Бұтағы тікенекті, жапырағы жалпақ, 3 – 5 қалақшасы болады. Гүлі ұсақ, екі үйлі, көбінесе қос жынысты кейде дара жынысты. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемісі піседі. Жемісі – жидек. Жеміс шоғында 2 – 18 түйір жеміс болады. Жеміс құрамында 12 – 20% құрғақ зат, 78 – 83% су, 5 – 10% қант, 2 – 4% түрлі қышқылдар, витаминдер (В1, С, Р), сондай-ақ пектин, илік заттар, минералды тұздар бар. Қара қарақатты халық медицинасында кеңінен қолданады. Жидегі тәбет ашады, тер шығаратын және несеп жүргізетін қасиеті бар. Жидегі организмде витамин жетіспеген жағдайда, қан азайғанда және жүдеген кезде пайдалы. Қызыл және жабайы қарақат тек жемісін жинау үшін емес, будандастыру арқылы жаңа сорттар шығару үшін де пайдаланылады. Жидек ретінде қара, қызыл және ақ қарақат көп өсіріледі. Негізгі зиянкестері: бүршік кенесі, өрмекші кенесі, жылтыр көбелектер; ауруы: ақұнтақ кеселі.

Қарақат (қой қарақат, аю қарақат деп екі түрге бөлінеді) барлық жерде кездеседі деуге болады. Қолдан өсірілетін қарақат сорттары осы жабайы қарақаттай шығарылған. Республикада — Жалпы сырт қыратында, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінің бойында, Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Қарқаралы, Жоңғар Алатаулары мен Мұғаджар төңірегінде өседі. Көбінесе орманды дала, өзен-көл жағалаулары мен тау беткейлерінде, ылғалды жерлердің көбінде тамыр жайып, жемістене береді. Қарақаттың биіктігі 100—150 см, бұтақтары тік. Өркендері көктемде бозғылт, күзде қоңыр түске енеді. Жапырақтарының ені 10—12 см, оның үстіңгі беті жылтыр да, астыңғы беті түкті келеді. Гүл шотыры шашақты, бір шоғырла 5—10 гүлден. Күлте жапырағы қызғылт. Жидек пішіні шар тәріздес, түсі қара, хош иісті. Қарақат әр түрлі витаминдерге бай. Оны кейде витаминдердің табиғи және комплексті қоспасы деп те атайды. Жидегінің құрамында 7—11% қант (4% органикалық қышқыл), 0,68—1,02% пектиндік заттар, кальций тұзы, темір, фосфор бар. С витамині—300—400 мг %, Р витамині —500, А провитамині —0,7, В витамині—0,06 мг % Қарақат құрамындағы С витаминінің мөлшері бүлдіргеннен 5, таңқурай, қарлыған (тұшала) және цитрустік дақылдардан (мандарин, лимон, апельсин) — 7—8, алма мен ал мұрттан —10—12, шие мен еректен —20—40, жүзімнен —100 есе көп. Қарақатты өңдегеннің өзінде оның құрамындағы С витамині сол күйінде (80—90%) сақталады деуге болады. Мысалы, қайнатпа мен компот даярлағанда С витамині 42 — 100%, жартылай мұздатылғанда 40—70% сақталады. Ұрығында 16,5 процентке дейін май болады. Оны жас күйінде кептіріп те, консервілеп те тамаққа пайдалынады. Жидегінен қайнатпа, қақ (пастила), конфет, мармелад, кисель, ликер және салқын су сындар даярланып, шырын алынады. Бүршігі мен жапырағы кондитер және витамин өндірістерінде кеңінен қолданылады. Қарақат халық медицинасында кеңінен қолданылған.

Қара қарақат Шығыс және Орталық Қазақстанның орманды дала және таулы аудандарындағы едәуір танымал бұта. Батыста ол Орал өзенінің бассейніне дейін тараған, ал оңтүстік-шығыстаЖоңғар Алатауына дейін тараған. Алдыңғы түр сияқты, ылғалды жерді жақсы көреді, өзен жағалауында, сазды жерлердің жиегінде, ылғалды ормандарда өседі. Бұл түрдің бұтақтары түзу, биіктігі 1,5 метрге дейін, жас бұтақтар алғашқыда бозарып тұрады, жаздың аяғында қоңыр түске ауысады. Жапырағы саусақ салалы, ұзын. Қара қарақатқа тән бір ерекшелік жапырағы мен жас бұтақтарының төменгі жағында болатын сары бездің болуы, өсімдікке хош иіс береді. Гүлдері күлгіндеу немесе жасылдау, сирек шашақты, әр шашағында бестен шоғырланған. Қарақат мамыр, маусым айларында гүлдейді, шыбынның көмегімен тозаңданады. Қолайсыз жағдайларда да өзі тозаңданады, бұл жиі болып тұрады (бір гүлдің ішінде). Жемісі хош иісті, қара немесе қошқыл. Көптеген ұсақ тұқымды жидек шілде тамыз айларында пісіп жетіледі. Түқымын құстар таратады. Қара қарақат көпшілікке жабайы күйінде де мәдени түрде де белгілі. Жалпы алғанда Қазақстанның барлық ай-мағында өсіріледі. Бірақ жабайы қарақат жоғары бағаланады. Себебі қантты витаминге бай тағам ретінде және емдік мақсатта, көкөністерді консервілеуде жапырағы хош иіс беруге кеңінен қолданады.

Қара қарақат – қарлығандар тұқымдасына жататын көпжылдық бұталы өсімдік. Биіктігі 1-2 метр. Қазақстанда,Еуропаның барлық аймақтарында, Ресейде, Сібірде, Қытайда және Монғолияда өседі. Күн сәулесі жақсы түсетін жерлерді ұнатады. Көлеңкелі жерде өссе, гүлдеуі сирек болып, жемісі аз және ұсақ болады. Жапырағы 3-5 см, жиектері аратісті, беті тегіс, 5 қалақты, қою жасыл түсті. Гүлдерінің ұзындығы 7-9 мм, диаметрі 4-6 мм, түсі күлгін-қызыл, қоңырау тәріздес, гүлсағағында қатарласып өседі. Жемісінің пішіні домалақ, диаметрі 1см, шар тәріздес, қара және қою жасыл түстілері де болады.

Қара қарақаттың құрамында 85% су, 1% ақуыз, 8% көмірсулар, 3% өзек, органикалық қышқылдар, К, Е, В, В2, РР, С, А дәрумендері, каротин, калий, кальций, магний, фосфор және темір микроэлементтері бар. Сонымен қатар глюкоза мен фруктозаға бай. Қарақаттың жапырағында, бүршігінде, жидегінде аскорбин қышқылы өте мол. Диабетпен ауыратын адамдарға қара қарақаттың жаңа шыққан жапырақтарынан салат жасап немесе бұқтырып шай ішкен пайдалы. Қара қарақаттан жасалған қайнатпа суық тигенде дене қызуын басуға, бронхитті, жөтелді емдеуде пайдасы мол. Сонымен қатар адам ағзасын ауыр металдардан, токсиндер мен шлактардан тазартады. Қара қарақат жемісін табиғи қалпында жеген пайдалы. Кептірілген қара қарақаттан қайнатпа жасап, қыста тұмау кезінде ішеді. Медицинада жапырағы, жемісі және сабағы қолданылады. Сонымен қатар қара қарақаттан тосап, сусын, шырын алады. Кондитерлік өнімдер жасағанда пайдаланады. Көкөністер мен саңырауқұлақтарды тұздағанда жағымды иіс пен дәм беру үшін қара қарақаттың жапырақтарын қосады.

Шығыс және Орталық Қазақстанның орманды дала және таулы аудандарындағы едәуір танымал бұта. Батыста ол Орал өзенінің бассейіне дейін тараған, ал Оңтүстік-Шығыста Жоңғар Алатауына дейін тараған. Алдыңғы түр сияқты, ылғалды жерді жақсы көреді, Өзен жағалауында, сазды жерлердің жиегінде, ылғалды ормандарда өседі. Бұл түрдің бұтақтары түзу, биіктігі 1,5 метрге дейін, жас бұтақтар алғашқыда бозарып тұрады, жаздың аяғында қоңыр түске ауысады. Жапырағы саусақ салалы, ұзын. Қарақатқа тән бір ерекшелігі жапырағы мен жас бұтақтарының төменгі жағында болатын сары (железок) сызықтың болуы, өсімдікке хош иіс береді. Гүлдері күлгіндеу немесе жасылдау, сирек шашақты, әр шашағында бестен шоғырланған. Қарақат мамыр, маусым айларында гүлдейді, шыбынның көмегімен тозаңданады. Қолайсыз жағдайларда да өзі тозаңданады, бұл жиі болып тұрады (бір гүлдің ішінде). Жемісі хош иісті, қара немесе қошқыл. Көптеген ұсақ тұқымды жидек шілде, тамыз айларында пісіп жетіледі.Тұқымын құстар таратады. Қара қарақат көпшілікке жабайы күйінде де, мәдени түрде де белгілі. Жалпы алғанда Қазақстанның барлық аймағында өсіріледі. Бірақ жабайы қарақат жоғары бағаланады. Себебі қантты витаминге бай тағам ретінде және емдік мақсатта көкөністерді консервілерде жапырағы қош иіс беруге кеңінен қолданады.

Дебиеттер

1. Е.Жамалбеков, Р.Білдебаева. Топырақтану және топырақ геологиясы мен экологиясы. -Алматы, 2000.

2. Почвоведение. Под ред. проф. С.И.Кауричева. -Москва, 1998.

3. Цуриков Т. Почвоведение. М.: Высшая школа, 1992.

4. И.Г.Добровольский. География почв с основами почвоведения. МГУ, 1999.

5. Ерденов М.Т., Омарова З.М., Абдраимова Қ.Т. Топырақтану пәнінен практикум

6.Тазабекұлы Т., Тазабекова Е. Топырақтану түсіндірме сөздігі – Алматы: Рауан, 1193. – 448 бет.

Лекция №30

Наши рекомендации