Оңтүстік батыс азия

Оңтүстіктен Алдыңғы Азия тау қыратына Евразияның қалған бөліктеріне қарағанда өзінің панда болуы мен табиғи жағдайының бүкіл комплексі жөнінен көршілес Африкаға неғұрлым жақын Евразия континентінің бір бөлігі ұштасып жатады. Ол — көбіне Оңтүстік-Батыс Азия болып аталатын — Аравия мен Месопотамия түбектері.

Материктің бұл бөлігі қалған Евразияга неоген дәуірінде ғана шеткеріректе Альпті-Гималай қатпарлы белдеуінің көтерілген тау ғимараттарын жасаған Месопотамия иінінің толуы нәтижесінде бөлшектенеді.

Генетикалық жағынан Оңтүстік Батыс Азия африкалық платформаның бір бөлігі болып табылады, бұл одан Қызыл теңіз опырығының пайда болуына байланысты неогендік-төрттік дәуір кезінде біржола бөлінген.

Пайда болу жалпылығы, тропиктік белдеуде орналасқандық, палеоклиматтық жағдаплардың ұқсастығы және қазіргі климат, органикалық дүниенің бірлігі Аравияны Сахараның нақты жалғасы етеді.

Онтүстік-Батыс Азияны Үнді мұхитының солтүстік-батыс бөлігінің жас теңіздері үш жағынан шайып жатады. Олар — опырылған жерде пайда болған Қызыл теңіз, Аден мен Оман шығанақтары, тау етегіндегі иінді суға толтырған Персия бұғазы және нағыз мұхиттық тектоникалық ойыстағы — Аравия теңізі. Судың беткі қабатының тым жылитын кезі мамыр айынан тамыз айына дейін: Аравия теңізінде +29, +30°С, Қызыл теңізде +32°С-ге дейін, Персия шығанағында +35°С-ге дейін. Бұл Дүние жүзілік мұхит бетінде байқалған ен жоғары температура.

Оңтүстік-Батыс Азия тропиктік шөлдер мен шөлейтті ландшафтар басым келетін аридтік территориялардан тұрады да Дүние жүзілік мұхиттың ең жылы және тұзды суларымен шайылып жатады.

Орталық Азия

Алтай мен Гималайдың арасында жатқан Азияның аса зор бөлігінің табиғат жағдайынын, ерекшелігін кезінде Гумбольдт атап көрсеткен еді. Ол биік жоталармен қоршалып, мұхиттардан алыс жатқан және шелді ландшафтардың үстем болуымен ерскшеленетін территория ретінде, Орталық Азия ұғымын да енгізді.

Бұл территорияны зерттеуге орыс және совет ғалымдары айрықша үлес қосты. Олар Орталық Азияны Н. М. Пржевальскийден бері комплексті қарастырып келеді. Бұл зерттеулер қазіргі уақытта да жалғастырылуда.

Осы кезге дейін Орталық Азияның шекаралары туралы мәселе бойынша бірыңғай пікір жоқ. Орталық Азияны аса ірі зерттеушілердің бірі В. А.Обручев Орталық Азияны Куньлуннан Солтүстікке қарай жатқан шөлді тау үстірті деп атады, демек оған ол Тибет тау қыратын қосқан жоқ. Кейбір зерттеушілер Тибетті Орталық Азияның бір бөлігіне санайды, бірақ Тибет тау қыратын дұрысында Орталық Азияға қарсы қоя отырып, оның өзгешелігін атап көрсетеді.

Орталық Азияның солтүстік және батыс шекаралару да түрліше көрсетіліп жүр. Э. М. Мурзаев Орталық Азияға СССР шекарасынан оңтүстікке және шығысқа қарай жатқан таулы үстірттер мен жоталарды қосады. Б. М. Сішицын Орталық Азияға Азияның шетке суы ағып шықпайтын ішкі аудандарының бәрін жатқызады, сонымен бірге оның ішіне Орта Азияның кейбір аудандарын да (мәселен, Шығыс Памирді) қосады, бірақ одан Солтүстік Мұзды мұхит лен Тынық мұхит бассейндеріне жататын Монголияның солтүстігін шығарып тастайды.

Орталық Азия табиғатының, оның географиялық орны мен ландшафтарының қалыптасу тарихына сәйкес барынша тұтастығымен сипатталады. Бұл территорияны мезозойдың орта шенінен бері теңіз басқан жоқ, сондықтан Жердің құрлықтағы ең ежелгі учаскесінің бірі болып табылады. Оның жер беті жақпарлы, торлы кәрезді болып келеді, мұндай құрылыс тектоникалық процестердің әлденеше рет қайталануының нәтижесінде жасалған. Бұл территория рельефінің жалпы белгілері неотектоника ролінің үлкен болуымен, денудация процестерінің нашар дамуымен, құрылымдық формаларының айқын көрінуімен және тегістелу беттерінің кеңінен таралуымен анықталады. Мұхиттардан қашық жатуы және биік жоталармен жан-жағынан қоршалуы климатының континенттік және аридтік болуына, беткі ағынның қалай болса солай ретсіз болып, шөл, шөлейт және дала ландшафтарының дамуына әсер етеді.

Территориясының ежелгі болуы, аридтігінің біршама ұзаққа созылуы, қоңыржай және субтропиктік белдеулердегі орны Орталық Азияның топырағының өсімдіктері мен жануарларының қалылтасуы үшін өзгеше жағдай жасайды. Ол жер бетіндегі тұз қабыршағының және қоңыр топырақ пен сұр қоңыр топырақтың таралуының аса ірі аймағы болып саналады. Өсімдіктері мен жануарларына аридтік жағдайға, температураның кілт ауытқуына, судың күшті минералдануына ұзақ уақыт бейімделу тән.

Орталық Азияның табиғат жағдайларының Азияның басқа бөліктеріне қарағанда айқын көрінетін тым бірегейлігіне қарамастан оны физикалық-географиялық облыстарға бөлуге негіз болатын елеулі айырмашылықтары да бар. Олардың біріншісі—Сибирьмен шектесіп жатқан Солтүстік Монголия—табиғат ерекшеліктері жағынан Орталық Азияға қандай жақын болса, Солтүстік Азияға да сондай жақын. Ол өтпелі сипатта. Оңтүстік Монғолия меп Солтүстік Қытайдың таулы үстірттеріне, сондай-ақ Солтүстік-Батыс Қытайдың таулары мен қазан шұңқырларына пағыз Орталық Азиялық табиғат белгілері тән болады.

Биік Азия

Орталық Азияның шелді тау үстірттерінен оңтүстікке қарай, бұл жерлердің және Ганг пен Үнді ойпаттарының арасында жер шарындағы ең биік көтеріңкі тау жүйесі жатыр, оның өрташа биіктігі 5000 метрден астам. Оған батыста Памир, Гиндукуш және Қарақорым тау түйінінен бастап, шығыста Тибет тау қыратының шығыс шетіне дейінгі тау жоғалары мен тау қыраттары енеді. Оған бүкіл Тибет таулы қыраты, Куньлунь және Наньшань жатыр.

Әр түрлі жастағы қатпарлы құрылыстардан тұратын Биік Азия неогеннің аяғы мен антропогенде күмпиіп көтерілген, көтерілу біздің уақытымызда да тоқталған жоқ және биіктігі мен таралу ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі көтеріңкі жерлерді қалыптастырған.

Биік Азияның болуы оның алабында биік тау ландшафтары мен биіктік белдеуліктіктің әр түрлі типінің кеңінен таралуына ғана жағдай жасамайды, сондай-ақ Азияның басқа бөліктерінің табиғат жағдайларын қалыптастыруға да үлкен ықпал етеді. Атмосферның жалпы циркуляциясының жүйесіне енетін ауа ағындарының қозғалыс жолына дүние жүзіндегі ең үлкен орографиялық тосқауыл түзе отырып, Биік Азия Азия максимумының күшейе түсуіне жағдай жасайды, Үнді және Тынық мұхиттарынан мате-риктің ішіне қарай ауа ағыстарының енуіне кедергі жасайды, батыс тасымалының таралуына ықпал етеді.

Биік Азияда Азияның ең ірі өзендерінің барлығы басталады және оның ықпалы өзендердің нақ сағаларына дейін сезіліп отырады.

Шығыс Азия

Шығыс Азия — бұл Евразияның солтүстігінде Советтік Қиыр Шыгыстан басталып, Оңтүстік Қытаймен аяқталатын Тынық мұхитқа қараған бөлігі. Шығыс Азияға сондай-ақ Сахалин, Куриль, Жапон, Тайвань, Хайнань аралдары жатады.

Шығыс Азияда құрылымдық-геоморфологиялық тұтастық жоқ.Оның материктік бөлігі ежелгі құрлық болып табылады, құрлық алабындағы орташа биіктіктегі қатпарлы-жақпарлы таулар аккумуляциялық жазықтармен үйлесіп отырады. Аралдар мен оларды жиектеп жатқан теңіздер сойемика мен вулканизм күшті дамыған Тынық мұхиттық геосинклинальдық белдеуге жатады.

Шығыс Азия климатының қалыптасуының негізгі заңдылығы муссондық циркуляцпя болып табылады, Шығыс Азия қоңыржай және субтропиктік белдеулерде жатыр, ал оңтүстігінде тіпті тропиктік белдеуге де кіріп кетеді және оның алабындағы температуралық жағдайлар солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай өзгереді, бірақ муссондық климаттың негізгі ерекшелігі бүкіл өн бойында сақталып қалады.

Шығыс Азия табиғатының аса маңызды элементі — Тынық мұхиттың материк пен Шығыс Азиялық аралдар тізбегінің арасында жатқан шеткі теңіздері. Бұл теңіздердің терең сулы қазан шұңқырлары Тынық мұхиттың арал доғалдары және науаларымен қоса Тынық мұхиттық тектоникалық белдеуге жатады және неоген мен антропогеннің шекарасында недәуір шөккен.

Наши рекомендации