Археологиялық зерттеу жұмыстары(қазба,барлау,өңдеу)т.б Ескерткіштерді қорғау. 4 страница

№1 ашық парақ - толық көлемді қазба жұмыстарын жүргізуге рұқсат.

№2 ашық парақ - шектеулі жер жұмыстарына рұқсат.

№3 ашық парақ – археологиялық барлау жұмыстарына рұқсат.

№4 ашық парақ – кезек күттірмейтін немесе авариялық жағдайдағы, бүліну қаупіндегі ескерткішті зерттеу үшін рұқсат.

Соңғы жылдары Білім және Ғылым министрліінің жеке зерттеушілерге берілетін лицензиялары арқылы рұқсат беріліп жүр.

Жұмыстар аяқталған кезде Археология институтына толық есеп беріледі.

Қазба жұмыстарына дайындық. Дайындық бірнеше сатылы:


  1. Теориялық білім алу. Ғылыми әдебиеттерді меңгеру.

  2. Археология кабинеттеріндегі, мұражайдағы экспонаттармен танысу.

  3. Зерттелетін кезең бойынша жарияланбаған зерттеулер, қолжазбалармен танысу.

  4. Қазба жұмыстарына қажет жабдықтарды дайындау.азба жұмыстарын жүргізудің жоспарын жасау.


Барлауға қарағанда дайындық жұмыстары едәуір ауқымды.

Ғылыми қызметкердің міндеттері. Әрбір жасақ немесе экспедиция құрамында арнайы дайындықтан өткен ғылыми қызметкер немесе бірнеше мамандар еңбек етеді. Қазба басшысы және ғылыми қызметкердің басты міндеттері:


  1. Қазба орындарын белгілеу.

  2. Қазушыларды орналастыру, еңбек тәртібі мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  3. Жұмыс кезеңдерін белгілеп отыру.

  4. Қазу, тазалау, табылған заттарды орап салу жұмыстарын қадағалау.

  5. Далалық құжатнаманы дұрыс жүргізу, күнделік, жоспар–сызбаларды сапалы жасау.


Негізгі жұмыс құжаты – дала күнделігі. Онда қазу кезеңдері сипатталады. Ескерткішті зерттеу кезінде түрлі жоспар-сызбалар, тілік сызбалары, табылған заттардың масштабтағы суреттері, ескерткіш деңгейлерінің өлшемдері, табылу орнының тіркемелері, басқа да өлшеулер, фото, видео материалдар жасалынады. Осының бәрі өз кезегінде, дәл уақытында тіркемеленуі тиіс.

Қазбаны белгілеу. Ескерткіштің болжаулы көлемі шөптен тазартылады, , тамыры терең өсімдіктер жұлқып алынбайды. Шөп күрекпен көлденең қиылады. Тазартылған жерде қазба көлемі дәлірек айқындалады. Қазылатын қорған болса, қазбаның орта тұсы анықталады. Орталық қазық үстіне буссоль немесе компас қойылады да, оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс бағыттары белгіленеді. Анықталған бағыттарға орталық қазықтан жіп тартылып, әр метрге қазықтар қағылады, бұрыш дәлдігі 90° сәйкес келуі керек. Дәлдік геометриялық әдіспен, Мысыр үшбұрышы теоремасымен тексеріледі (үшбұрыш катеттер квадраттарының қосындысы гипотенуза квадратына тең). Шаршылар торы жасалып, оның рет саны жоспарда көрсетілгені жөн.

Қиындыны,яғни прфильді қадағалап отыру үшін: солтүстік-оңтүстік, батыс- шығысбағыттарымен орталық жал (орысша - бровка) қалдырылады. Оның ені 50-60 см болуы мүмкін, кейін қырланып, ені сәл кемиді. Қазылатын қоныс болса, төртбұрышты қазба орындарда қиындылар қоныс қабырғалары арқылы тексеріледі. Қазба көлемі тым үлкен болса, белгілі қашықтықта қазбада алынбаған топырақ бағаналары қалдырылады. Қоныстарды қазғанда қазба көлемі едәуір үлкен, әдетте, 100-400 м2 келеді. Тым көлемді болса, қатпарлардың қиындыларын белгілеу қиынға соғады. Мәдени қабатты табу үшін қоныстарда шурф салынады, оның көлемі шаршыға ұқсас келуі керек. Ол бір бағытты траншеяға, ал траншеялар қазба алаңына ұласуы мүмкін. Қоныстағы шаршылар 2х2 м болып белгіленеді.

Археология үшін басты бағыт – солтүстік. Жоспарларда ол үшкір бағдаршамен беріледі.
Қазу және тазалау әдістері. Ескерткіштер біртіндеп көлденең қатпарлар бойынша қазылады. Қатпарды қию үшін- тік күрек, топырақты алу үшін – қалақ күрек қолданылады. Қатты топырақты ою үшін - сүңгі (лом) қолданылуы мүмкін.

Топырақ жіңішке, сәл қиғаштау қиылады, алынған топырақ үгіледі, тексеруден өтеді. Қазушының бірі топырақты қиюмен, екіншісі- алумен, үшіншісі- тазалаумен шұғылданады. Мәдени қабаттағы топырақ аса мұқият тексеріледі. Әрбір тазаланған қатпардың жоспары салынады. Мәдени қабатты бірден тұтас алуға болмайды. Қазу кезінде табылған заттар толық тазаланғанша орнында қалуы тиіс. Қазу кезінде құрылыстар бүлінбеуі керек. Тереңдегенде қабырғалар құлап кетпеу үшін тіреулер қою қажет. Ең маңыздысы – бұзбау, тек жоспары салынған соң қажетінше тереңдеу. Сөйтіп, құрылыс қатпарлары тексеріледі. Қазба баспаналаларды ашу үшін ғана емес, олардың арасындағы жерлерді тексеруге де ұйымдастырылады. Кейбір жағдайларда қоныстың стратиграфиясы құрылыстар арқылы анықталады.

Қазақстандағы қорымдардың көбі – қорғандар, ал қорғандар тізбек түрінде кездеседі. Қола ғасырының қорғандары көбінесе орталық құрылыс төңірегіне топтала орналасады. Аралас конструкциямен салынған қорғандар жер қорғандарына қарағанда көп. Тасты және қиыршық тасты, малта тасты үйінділерден тұрғызылғандары да кездеседі.

Қорғандар, әдетте, секторлар бойынша қазылады, бұл әдіс жер қорғандарын зерттеу үшін аса тиімді. Қорғандардың көлемі үлкен болса, шеңберлеп қазу әдісі қолданылуы мүмкін. Мұндайда қазу шеткі шеңберден басталады. Төрт сектормен қазып шығу әдісі көптеген жағдайда ескерткіш ерекшеліктерін жақсы анықтауға мүкіндік береді.

Мәдени қабат – адамның тұрмыс-тіршілігінің белгілері сақталған жер қыртысы. Археологияда мәдени қабатты зерттеу үлкен орын алады. Мәдени қабатта байырғы адамдардың заттары, сүйек, құрылыс қалдықтары және өзге де археологиялық белгілер сақталған.Жер бетіндегі топырақ, өсімдік ерекшеліктері және табиғи-климаттық жағдай оның қалыптасуына әсер етеді. Мәселен, жер ылғалды немесе сортаң келсе заттардың сақталуы қиындайды. Шөлейт және қуаң аймақта, тастақ жерлерде мәдени қабат қалыптаспауы мүмкін. Аса ылғалды аймақтарда заттар тез ыдырап, олардың ұзақ сақталуына жағдай қолайсыз келеді. Егіншілік және отырықшы тірліктегі тайпалар мекендеген жерлерде мәдени қабат табылуы неғұрлым ықтимал. Себебі, олар бір жерде ұзақ уақыт өмірлерін өткізген. Тұрғындардың тығыздығы, өзен алқаптарындағы табиғаттың қолайлылығы мәдени қабаттың қатпарлануына тиісті жағдай туғызады. Мәдени қатпарлардың қалыңдығы өсе түседі. Мысалы, Шығыс Европадағы орыс қалаларының орнында мәдени қабаттың қуаттылығы немесе қалыңдығы 7-8 метрге дейін жетеді. Орталық Азияның кейбір оазистерінде өткен тұрақты өмір 15-20 метрлік мәдени қабатты құрайды. Сол сияқты, ерте тастың кейбір үңгірлерінде қуатты мәдени қабат табылуы мүмкін. Көшпелілер мәдениеттерінде жылжымалы шаруашылықтың кең тарауына байланысты, мәдени қабатты табу қиын.

Стратиграфиялық зерттеудің маңызы.Стратиграфия– латын сөзі, stratum-қабат, grapho- жазу, яғни археологиялық ескерткіштердің орнында пайда болған қыртыстарды зерттеу әдісі. Адамзат тарихының өте ерте дәуірлерін сипаттаған кезде геологиялық стратиграфия қолданылады. Атап айтсақ, мұзданудың және мұзаралықтарының геология ғылымы қалыптастырған атаулары бар. Адамзат тарихына сәйкес келетіндері ертетас дәуіріне жатады. Кейінгі археологиялық дәуірлер де стратиграфиялық әдістің қолдануымен зерттеледі. Қоныстардағы қазба қабырғалары кең, көлемді келсе, шаршылардың түйіскен нүктелерінде жер бақандары қалдырылады. Қазба тереңдегенде олар аласартылады, уақытында қиындысы графикалық әдіспен салынып отыруы тиіс. Қорғандарды қазғанда солтүстік - оңттүстік, шығыс - батыс бағыттарымен қазылмаған жал (орысша - бровка) қалдырылады. Қазба терең болмаса, жал бұзылмаған күйінде сақталады. Алдыңғы қиындылары қағаз бетіне түскенде, тереңдегенде аласартылуы мүмкін. Қиынды сызбасы –профилі сапалы жасалғанда ескерткіштен алынатын тарихи мағлұмат толыға түседі, уақытты дәл анықтауға септігін тигізеді.Стратиграфиялық әдіс көне қоныстарды зерттеген кезде қолданылады. Стратиграфиялық тізбек немесе қатарлар арқылы жоғарғы және төменгі қабаттардың уақытнамасы анықталады. Стратиграфиялық әдіс қорғандық ескерткіштерді де зерттеуде маңызды қызмет атқарады. Ескерткіштердің салыну уақытын, құрылыстың қалыптасуын, құрылымын анықтайды.

Этнологиялық зерттеу әдістері.Этнология (грек. ethos – тайпа, халық және logos – ғылым, ілім, сөз) – қоғамдық ғылымдардың тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнология қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және отбасылық қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты ғыл. негізде зерттейді (қ. Тарихи этнография). Өткен өмір мағлұматтарын соңғы деректермен салыстыра зерттеп, этнолог халық тұрмысы мен мәдениетінің тарихи даму үрдісін анықтайды. Халық өмірінің өткен кезеңдерінің ең көне дәуірі палеоэтнология деп аталады. Мыс., халықтардың шығу тегін зерттеуде Этнология үнемі археол. деректерге сүйенсе, археология өзінің зерттеу жұмыстарында археол. ескерткіштердің қандай этн. топтарға жататындығын анықтау барысында әр дайым этнол. деректерді кеңінен пайдаланады.Мәдениет және өнер тарихын, халықтың көркем-өнері мен ауыз әдебиетін зерттеу және халықтың дәстүрлі шаруашылығы мен кәсібін зерттеу Этнологияны толықтыра түседі. Халықтардың тілдеріндегі жақындықты зерттеу лингвистика мен Этнология мүдделерін жақындата түседі. Халықтар мен табиғи ортаның әсерін, қоныстану үлгілерін және этн. картографияны зерттеу ісі Этнологияны географиямен және дүние жүзі халықтарының санын есептеуге арналған демография пәнімен байланыстырады. Сондай-ақ халықтардың шығу тегін және алғашқы қауымдық құрылыс тарихын зерттеуде антропология ғылымы Этнологиямен ұштасып, этн. антропология саласын қалыптастырды. Этнология жоғарыда көрсетілген ғылым салаларымен тығыз байланыса отырып, ғылым үшін де, күнделікті тәжірибе үшін де аса маңызды көптеген сауалдарды шешеді. Мыс., жеке елдер мен бүкіл дүние жүзі халықтарының этн. құрамын және халықтың шығу тегі мен этн. тарихын, артта қалған халықтарда сақталған көне дәстүрлер қалдықтарының негізінде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық өмір мен мәдениеттің қандай болғандығына ғыл. талдау жасайды. Этнология термині шетелдік тарихнамада кеңінен қолданылғанымен, кеңестік тарихнамада мүлдем пайдаланылмады. Себебі, мұнда Этнологияға бірегейлік сипат берілмей, оны этнография деп атады да, бұл ғылымды тарих ғылымдарының бір саласы ретінде ғана қарастырып келді. КСРО ыдырай бастаған кезде ғана Этнология термині этнографияны ығыстырып шығарды. Сөйтіп, оның халықты танып білудегі рөлі нақтыланды. Этнология атауы этнос терминіне байланысты қалыптасқан. Антик. заманда эллиндіктер “этнос“ терминін грек емес халықтарға қолданған болатын. Э. термині 19 ғ-ға дейін кеңінен қолданыла қойған жоқ. Тек кей жағдайлардағы этногр. үрдістер мен құбылыстарды баяндау кезінде ғана қолданысқа еніп отырды. Антропол. ғылымдардың жалпы классификациясын жасап, оның ішінде Этнология ны бөліп, 1830 ж. алғаш рет көрсеткен француз ғалымы Жан Жак Ампер еді. Далалық этнографиялық зерттеулер жүргізілетін тәжірибелер барысында материал жинақтаудың екі негізгі тәсілі қолданылады: тұрақты және маусымдық.

І. Тұрақты тәсілмен этнографиялық зерттеу әдістерін жүргізу өз алдына сол зерттелетін аймақтағы этникалық топтың ішінде, неғұрлым ұзақ уақыт тіршілік етуге бейімделу. Мол мәліметтер, материалдар жинақтау болып табылады.

ІІ. Маусымдық тәсілдің ерекшелігі жоспар бойынша көбінесе қысқа уақыт ішінде маңызды мәселелерді қарастырып, далалық материалдарды жедел жинақтауға мүмкіндік береді.

Маусымдық экспедицияда этностың өмірі жайлы материалдарды жинақтау екі тәсілмен жүргізілуі мүмкін: маршрутты және шоғырланған.

Маршрутты зерттеу жүргізу экспедицияның қозғалысын «желілік» маршруттағы тәсілмен жүріп отыру немесе әр тоқтаған аялдамада екі-үш күн болып материалдар жинақтаумен жүргізіледі. Ал шоғырланған тәсіл, зерттеу барысында басты базалық пунктіні (белгілі бір елді мекен) негізгі зерттеу объектісіне алып, ал қалған көршілес ауылдарды сол жиналған материалдарды бекітіп, салыстырып алуға жеңіл-желпі қарастырылады.

Далалық этнографиялық тәжірибе қажетті материалдарды жинақтап, ғылыми-білімді молайту үшін келесідей тәсілдерді қолданады.

  1. Байқау әдісі – халық тіршілігінің әр жақты қырларын көрсететін нақты материалдарды жинақтауға мүмкіндік береді. Оның ішінде өмір сүру жағдайы, жергілікті халықтың мінез-құлық ерекшеліктері, тұрмысы осының бәрі іскер этнограф үшін таптырмас материал болып табылады. Әрбір этнографтың далалық жазбаларда немесе басқа да құжаттарда ескерілмеген барлық байқаған дүниелері оның күнделігінде қамтылуы қажет.
  2. Сұрақ-жауап әдісі – этнографтың тандап алынған ақпарат берушімен немесе жергілікті жердің тұрғыны беретін ақпаратты пайдалану арқылы жүргізілетін далалық зерттеудің маңызды тәсілі.
  3. Эксперимент әдісі – сол жергілікті жердегі отбасының немесе қоғамның әлеуметтік ортасымен бірге мейрамдарда, әртүрлі оқиғалардың ішінде бірге болу. Бұл тәсіл салт-дәстүрлердің қандай ерекшеліктері, қалай жүргізілетіні, кімдер қатысатыны жөніңде көп мәліметті көзбен көруге мүмкіндік береді. Ал қажетті жағдайда жергілікті халықтан белгілі бір салт-дәстүрдің немесе қажетті оқиғаның қалай орындалатынын сұрап, өз көзінмен көруге болады, бірақ бұның жүргізілуі сақна түрінде емес табиғи (шын болып жатқандай) жүргізілуі қажет.

Этнология ғылыми пән ретігде халықтардың (этностардың) пайда болуын, этностың ерекше нышандарын – тілін, материалдық және рухани мәдениетін, әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, діни сенімдерін, әлем халықтарының өзіне тән отбасы мен неке тұру рәсімдерін, тұрғын-ұй жайларын, ұлттық киімдерін т.б. зерттейді. Ежелгі гректің «этнос» деген сөздің 10 шақты мағынасы болды: тайпа, топ, адамдар тобы, адамдар класы, табын, ру тәрізді. Соңғы уақытта Л.Н.Гумилевтің этностар – биологиялық бірліктер, популяциялар немесе небір мутация салдарынан пайда болатын жүйелер деген пікірі көпшілікке белгілі болды.ЭТНОС дегеніміз – белгілі аумаққта тарихи қалыптасқан, тілінде, мәдениетінде, психикасында, сана-сезімінде тұрақты ерекшеліктері бар адамдар жиынтығы. Ең алдымен мынаған назар аударамыз: кез келген этнос (тайпа, жұрт, халық, ұлт) өзінің атын біледі. Атсыз, атаусыз этнос жоқ және болған емес. Бұл атау ғылым тілінде этноним (халықтар атауының жиынтығы) термині арқылы белгіленеді. Этнология тарихқа, философияға, лингвистикаға, археологияға ж.б.ғылымдарға сүйене отырып, осылардың бәрін қамти білуге үйретеді. Этнология ғылымы батыс дүниетанымының Х1Х ғасырдағы тарихынан бастау алады. Осы ғасырдың 1-жартысында теология – дін туралы ғылымның ықпалына байланысты «Табиғаттың мүлде өзгермейтіндігі» жөнінде көзқарас басым болатын

Өлкетану мұражайы құрлымы.Мұражай – жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен рөл атқарады. Әсіресе, ұлттық, мәдени, азаматтық, әскери, еңбек жетістіктерін, әдет-ғұрып, салтдәстүрдің ерекшеліктерін оқып-үйренуге оның көмегі зор. Мұражай ісі - ғылымның, білім беру ісінің маңызды бір саласы. Осы уақытқа дейін Қазақстандағы мұражайлар көбінесе тарихи бағытта жұмыс істеп келді. Кеңес дәуірі кезеңінде жалпы тарихи, тарихи-революциялық, әскери-тарихи, этнографиялық, өлкетану мұражайы болып бөлінді де, олар жалпы мұражайлардың 63%-ын құрады. Қазір Қазақстанда тарихи, өлкетану бағытындағы мұражайлар басым. Оларға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінуде. Себебі, ондағы ғылыми жинақтау, ғылыми қор, экспозиция, көрме, үгіт-насихат бағыттары жұмыс істеп, жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысында маңызды рөл атқаруда. Мұражайлар өзінің қызметі мен бағытына қарай бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи мұражайлар (жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық, этнографиялық, нумизматикалық, т.б.), көркемөнер мұражайлары (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка, кино, т.б. мұражайлар), жаратылыстанумұражайлары (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палеонтологиялық, т.б), техникалық мұражайлар (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), кешенді мұражайлар (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т.б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетану мұражайлары), мемориалдық мұражайлар (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған мұражайлар).

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1931 жылы ашылған. Әуел бастан ол қалалық мұражай мәртебесіне ие болды, ал кейін, 40-жылдардың соңында мұражайға облыстық тарихи-өлкетану мәртебесі берілді. Жылдар бойы мұражай коллекциясы түрлі дереккөздерден толығып отырды. Негізінен, қазақстандық ғалымдардың археологиялық экспедицияларының экспонаттары болды, сондай-ақ қор қалалық қоғамдастықтың белсенді қатысуы арқасында толықты. Мұражайдың ең қымбат экспонаттары археология, нумизматика, этнография бұйымдары, құжаттар мен фотосуреттер. Археологиялық бұйымдардың ғылыми сипаттамасы мен даталауын ол кезде жас ғалым М.Е. Массон жүргізді. Белгілі қазақстандық археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Г.И. Пацевич мұражайды ұйымдастыру және қызмет ету жұмысына белсенді ат салысты. Облыстық мұражайда үш ғылыми бөлім бар: қор бөлімі, тарих, археология және этнография бөлімі, қазіргі заман қоғамының тарих бөлімі.1980 жылдан бастап мұражай бөлімі ретінде алаңы 303 ш.м. көрме залы қызмет етеді. 1978 жылы мұражайға қаланың дәл орталығы Достық алаңынан үш қабатты ғимарат бөлінді. 13 экспозициялық залда алғашқы табылған палеонтологиялық заттардан бастап бүгінгі күнге дейін тарихтың негізгі кезеңдері хронологиялық реттілікпен көрсетілген.Мұражай Тектұрмас, Бай-Төбе қорғаны, Яны қорғаны сияқты ежелгі қалалар мен мәдениет ескерткіштеріне қазба жұмыстарын жүргізген экспедиция жұмыстарына белсенді түрде қатысты. Мұражай қызметкері А.П. Попов бастаған археологиялық экспедиция ІX-XІІ ғасырлардағы ежелгі Тараз моншасына қазба жұмыстарын жүргізді. Археологтардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде экспонаттар саны едәуір көбейді.Қазіргі кезде мұражай қоры 35000 сақтау бірлігінен тұрады. 2002 жылы Тараз қаласының 2000-жылдық мерейтойына орай мұражай толығымен жаңғыртылды, жаңадан 3 павильон ашылды: «Ежелгі түрік жазбалары және ежелгі түрік тас мүсіндер мұражайы», «Тараз-2000» қаласы тарихының мұражайы», «Л.В. Брюммердің көркемөнер мұражайы». Қазіргі заманғы мұражай кешенінің жалпы экспозициялық алаңы 2000-ға жуық ш. метрді құрайды.Мұражай экспозициясы бөлімдерге бөлінген. Табиғат бөлімінде бай палеонтологиялық коллекция сақталған: теңіз жануарларының қатып қалған сүйектері, ірі жануарлардың қатып қалған сүйектері, қатып қалған ағаштар және т.б., сондай-ақ облыс флорасы мен фаунасы өкілдерінің үлкен коллекциясы қойылған. Археология бөлімінде профессор Х.А. Алпысбаевтың ғылыми экспедициясы Қаратау тауларында тапқан тастан жасалған еңбек құралдарының коллекциясы; адам сүйектері; қола орақ; сақ кезеңінде табылған заттар: құрбан шалынатын жерлердегі мүсіндер, жебе және найзалардың ұштары, жауынгердің қола дулығасы көрсетілген. Айта кететіні, ТМД аумағында осындай дулығаның үшеуі ғана, оның біреуі Жамбыл облысы аймағында табылған.

Тараз кезеңі мұражайы экспозициясында құйылмаған және құйылған қыш бұйымдарының коллекциясы: үлкен және кіші формадағы түрлі сауыттар, ас үй аспаптары, су құбырлары, шамшырақтар, сфероконустар, дастархандар, жерлеуге арналған сауыттар – оссурийлер, қоладан жасалған бұйымдар: хош иіс шығаратын аспаптар, осы аспаптарға арналған тіреуіштер және т.б. көрсетілген.

Мұражайдың мақтанышы «Ежелгі түрік жазбалары және ежелгі түрік тас мүсіндер мұражайы» болып табылады. Ол қызықты құрылымға ие – мүсіннің өзі тұрған қорғанды бейнелейтін жартылай шеңбер түріндегі имарат. Бұл мұражайда тас мүсіндер өздерінің табиғи орналасқан жерлеріне максималды түрде жақын көрсетілген, олар тіріліп, ежелгі тайпалар мен халықтардың тарихы жайлы айтатындай. Мұражай кешенінің үшінші жаңа павильоны – көркемөнер. Ол қуғын-сүргінге ұшырап соғыстың басында Қазақстанға жер аударылған бірегей суретші Л.В.Брюммердің шығармашылығына арналған.

Мұражайдың облыс аудандарында үш филиалы бар:

1. Сарысу аудандық тарихи-өлкелік мұражай;

Наши рекомендации