Топырақ жамылғысы адамның тіршілігінің негізгі шарты
Биосферада педосфераға ең жауапты рөл жүктеледі. Топырақта жүретін күрделі микробиологиялық, физико-химиялық және химиялық процестер ғаламдық қоршаған орта жәй күйін сипаттайтын көптеген көрсеткіштерін бақылайды: атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері, химиялық элементтердің биологиялық айналымы және олардың сулы миграциясы.
Адам тіршіліндегі топырақтың маңыздылығына баға беру өте қиын, себебі қоректену өнімдерін алуда топырақ ең негізгі көз болып саналады. Бұл жағдай әсіресе ғаламдық демографиялық ситуацияларға/мән жәй/ және көптеген региондарда төнген ашаршылық жағдайларында байланысты маңызды. Адамзаттың саны қоректену өнімдер өндірісіне қарағанда үздіксіз артуда. Өсу жайындағы мәліметтерге қарағанда XXI ғ. басында Жер шарында халың саны шамамен 7 млрд, мүмкін одан да жоғары болуы мүмкін. Топырақтың қасиеттерін зерттеу, оны тиімді пайдалану және дұрыс пайдалау адамзаттың ең негізгі проблемасы. Бұл проблема бірнеше жылға созылған ауыл шаруашылығын кризисінен кейін, үлкен көлемді жер қорына, оның ішінде құнарлы топырақтар барына қарамай, әсіресе өзекті біздің елде. Топырақтың құнарлығы табиғи және жасанды өсімдіктердің оңтайлы өсіп-өнуін қамтамасыз ету қабілетінен тұрады. Табиғи топырақтардың құнарлығы олардың қалыптасу кезінде топырақ түзілу факторларының әсеріне байланысты болады және табиғи өсімдіктердің өнімділімен бағаланады. Жыртылатын жерлер топырақтарының құнарлығы ауыл шаруашылық өсімдіктер өнімімен өлшенеді және көп жағдайда ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу деңгейімен анықталады. Олар: сол топырақтың теріс қасиеттерін нейтралдау, оңтайлы ауа және су режимін жасау, минералдық, органикалық және бактериалды тыңайтқыштарды пайдалану, ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру дәрежесі. Сонымен қатар өнімділік еңбек өнімділімен тығыз байланысты, олай болса топырақ құнарлығы қоғамдық өндірірістің ең бір маңызды құралы.
Тың жерлердің, өңделмеген жерлердің құнарлығы табиғи өсімдіктердің өнімділігмен анықталады. Алқаптың бірлігіне деген жылдық өсім ретіндегі өнімділік әлемнің әртүрлі ландшафтарында 10 нан 300 ц/га дейін және одан жоғары құрғақ фитомассадай. Өңделетін жерлердің құнарлығы жасанды өсімдіктердің фитомассасымен бағаланады. Шынына келгенде құнарсыз топырақтар жоқ деуге болады, себебі құнарлылық топырақтың негізгі қасиеті. Кез келген топырақтар оларда жақсы өсіп-өнетін өсімдіктерге қараты құнарлы. Мысалы, құнарсыз сор топырақтарда, басқа жағдайларда өспейтін, сораңдар /солянка/ жақсыф өсіп-өнеді. Боз немесе құба топырақтар мақтаға өте құнарлы, ал картопке құнарсыз облып саналады; шымды күлгін топырақтар картопке құнарлы, ал бидайға және т.б. құнарсыз болып саналады.
Өсімдіктердің жақсы өніп-өсуіне топырақтарда келесі шарттар қойылады: 1) өсімдіктердің қоректік элементтердің қолайлы формаларымен қамтамасыз етілуі; 2) өсімдіктердің қолайлы су формаларымен қамтамасыз етілуі; 3) өсімдіктердің өніп-өсуіне қажетті ауамен қамтамасыз етілуі; 4) оңтайлы су-ауалық режимін, қажетті мөлшерде қоректік заттар мен ылғалды соратын тамырлардың жақсы дамуын қамтамасыз ететін топырақ массасының оңтайлы құрылымы болуы керек; 5) топырақта өсімдіктерге залалды қосылыстардың болмауы.
Өсімдіктер негізгі қоректік элементер ретінде топырақтан азот, фосфор, калий, кальций, магний, темір, күкіртті сорады. Сонымен бірге өсімдіктерге маңыздысы олардың қолайлы формалары ғана.
Топырақтағы азоттың көп бөлшегі органикалық қосылыстардың құрамында, сондықтан олар жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге, оның ішінде жасанды өсімдіктерге қолайлы емес. Тек микробиологиялық процестерден кейін пайда болатын аммонийлы және нитратты қосылыстар өсімдіктерге қолайлы. Фосфордың органикалық қосылыстары және құрамында фосфор бар минералдардың көбі өсімдіктерге қолайлыз.
Химиялық элементтердің қолайлы түрлері жалпы мөлшеріне қарағанда бірсыпыра төмен, сондықтан жасанды өсімдіктердің жақсы өсіп-өнуі үшін минаралдық тыңайтқыштарды енгізу керек. Тыңайтқыштарды міндетті түрде енгізу топырақтан жылда өніммен шығындалатын химиялық элементтерді қайтарумен де байланысты. Сондықтан тыңайтқыштарды пайдалану ауыл шаруашылық дақылдарының өнімдерін және топырақтың құнарлығын арттырудың ең маңызды шарасы болып саналады. Тыңайтқышты пайдалана отыра адам заттардың биологиялық айналымына белсенді әсер етеді және оны өз мақсатында реттеуге мүмкіндік алады.
Топырақ құнарлығының екі түрі бар: табиғи және тиімді. Табиғи құнарлылық – бұл тың жерлерінің құнарлығы, ал тиімді – бұл адамның топыраққа еттен әрекетінен пайда болған құнарлылық. Сонымен қатар табиғи құнарлылық топырақтың табиғи қасиеттерімен сипатталады, ал тиімдісі табиғи құнарлылықтың жасанды өсімдіктің өнімімен байқалады. Ол өнім тыңайтқыштарды пайдалану, топырақты тиімді өңдеу арқасында және басқада шаралармен пайдалагғанда артады. Осылай жасанды тиімді құнарлылық құрылады.
Ғылымның және егіншілік технологиясының дамуымен жасанды құнарлылық арта бастайды. Сонымен тиімді құнарлылық адам қоғамының, оның өндіріс күштері мен қатынастарының дамуына байланысты. Осы себептен тарихы дәуір бойы топырақ құнарлыңғы және егіншіліктің өнімділігі артқан болатын.
Топырақтың органикалық заты оның құнарлығын көп дәрежеде анықтайды, үйткені оның құрамында өсімдіктерге қажетті барлық қоректік элементтер оңтайлы қатынаста бар. Сонымен қатар олар ыдырау кезінде өсімдіктерді күлдік элементтермен қамтамасыз ету көзі болып саналады, әсіресе азотпен.
Органикалық заттың қатысуымен топырақтың құралымы қалыптасады, оның арқасында топырақ ең жақсы су, ауа және жылу режимімен қамтамасыз етіледі. Гумустық қышқылдар топырақтың минералдық бөлігімен әрекеттескенде қоректік элеметтердің көптеген мөлшері босанып шығады. Гумус қышқылдары биологиялық бұзылуда, немесе үгілуде, топырақ қимасының қалыптасуында, топырақтың құрылымен құрауда қатысады. Сонымен қатар олар қоректік элементтерді ұзақ ұстайды, тамырлардың өсуін сүйемелейді, микроорганизмдердің дамуын қамтамасыз етеді және заттардың биологиялық айналымы интенсивтілігін арттырады.
Топырақтан қажетті қоректік заттарды және ылғалды талап ететін өсімдіктер гумустық заттары мол және әртүрлі микроорганизмдерге бай топырақтарда жақсы өніп-өседі. Сондықтан топырақтарда органикалық заттарды реттеу топырақ құнарлығын мен өсімдіктер өнімін арттырудың ең маңызды шарты болып саналады.