Азақ әліпбиінің тарихи кезеңдері

Кіріспе

Технологиялардың қарқынды даму процессіне байланысты қазіргі замандағы адамдар өмірін смартфондарсыз, планшеттерсіз көзге елестету мүмкін емес. Мәселен Android операциялық жүйесі Honda, General Motors, Audi мен Hyundai-дың көліктеріне орнатылады. Ақпаратты Google компаниясына сілтеме жасай отырып Nikkei іскер басылымы таратты. Компания жүйені көліктерге өзі орнатып отырады. Оның көмегімен көлік жүргізушілері электронды поштасын тексеріп, карталарды жүктеп, дауыс арқылы көлікті басқара алатын болады. Қазір Google компаниясы көлікті жүргізген кезде ұялы телефонды пайдалануға болатын жүйені жасақтап жатқандығы белгілі болып отыр. Сондай-ақ,с телефон арқылы көліктің компьютеріне ақпарат жіберіп, алмасу қызметі жасақталып жатыр. Оның барлығын дауыс хабарламалары арқылы жасап отыруға болады. Хит әндерді көліктің компьютеріне жүктеу мүмкіндігі де қарастырылған. Биылдан шыққан көліктерде әндер жүктеулі болады. Android операциялық жүйесі 2008 жылы шығып, қазір 80 пайыз ұялы телефондарға орнатылған болып отыр. Оның басқа жүйелерден негізгі артықшылығы компьютерге еркін қосылу мүмкіндіні. Тіпті, жас бүлдіршіндеріміздің өздері еш қиындықсыз кез-келген құрылғыларды тез меңгеруге бейім. Сондықтан Android операциялық жүйесіне арналған «балаларға арналған сөйлейтін әліпби» қосымшасы балалардың смартфондар, планшеттер алдында өткізетін уақытын тиімді пайдаланудың бірден бір әдісі.

Смартфондар мен планшеттерден басқа Android операциялық жүйесі басқа да құрылғыларға орнатыла бастады. 2009 жылдың соңына таман ең алғашқы рет Android операциялық жүйесінде жұмыс жасайтын фоторамка сатылымға шықты. 2011 жылдың шілде айында Blue Sky компаниясы Android операциялық жүйесімен басқарылатын интеллектуалды i’m Watch қол сағатының шыққанын құлақтандырды. 2012 жылдың тамыз Nikon компаниясы әлемде ең алғаш болып Android операциялық жүйесінде жұмыс жасайтын фотокамераны халыққа ұсынды. «Google Nexus» топтамасында да смартфондар мен планшеттер ғана емес, сонымен қатар Android операциялық жүйесінде жұмыс жасайтынNexus Qмедиаплеерін айтсақ болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты.Android операциялық жүйесіне арналған «балаларға арналған сөйлейтін әліпби» қосымшасы интерфейсі арнайы үйретуді талап етпейтін өте қарапайым түрде құрылған. Сол себепті бүлдіршіндеріміз әліппені ата-анасының және басқа да үлкендердің қатысуынсыз, өз бетімен үйренулеріне болады.

Қосымша жаңалықтары.Қосымша құрылымы өзіне тән ерекшеліктерге ие. Қосымша түрлі функцияларды қамтитын бағдарламалық кешеннен тұрады. Яғни, Андроид ОЖ-не арналған электрондық әліппе қосымшасының жаңалығы – бір қосымша құрамында бірнеше қосымшаға тән қасиеттер жинақталған. Қосымшаны іске қосып, қолдану кезінде жас қолданушылар беттер арасында еркін орын ауыстыра алады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі.Android операциялық жүйесіне арналған «балаларға арналған сөйлейтін әліпби» мектепке дейінгі бүлдіршіндерге заманауи технологияларды қолдана отырып қазақ әліппесін оңай меңгеруге, қосымша құрамындағы логикалық ойндардың көмегімен логикалық қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Android операциялық жүйесіне арналған «балаларға арналған сөйлейтін әліпби»қосымшасында смартфон экранына жанасу арқылы сурет салу және жеті нотадан тұратын мұзыкалық аспап терезелері қарастырылған. Яғни, Android операциялық жүйесіне арналған «балаларға арналған сөйлейтін әліпби»қосымшасы тек әліппені үйретіп қоймай, бүлдіршіннің суретшілік және музыкалық қабілеттерін арттыруға септігін тигізеді.

Қосымша құрамы.Қосымша бес беттен тұрады. Бірінші бет – негізгі меню. Негізгі менюде әліппені уйрену, сурет салу парағы, ойын ойнау және әуен ойнау беттеріне сілтейтін батырмаларды көруге болады. Екінші бет – әліппені үйрену беті. Негізгі беттегі “әліппені үйрену” батырмасын басу арқылы әліппені үйрену бетіне көшеміз. Бұл бетте қазақ әліпбиінің қырық екі әріпі кесте түрінде орналасқан. Әр әріпті басу арқылы басылған әріптің атауынан және сол әріпке байланысты создерден тұратын аудиожазбаны ести аламыз. Үшінші бет – сурет салу парағы. Бұл бетте бүлдіршін экранға саусақпен жанасу арқылы сурет сала алады. Төртінші бет – ойын ойнау беті. Бұл бетте бүлдіршіннің еске сақтау қабылеттін арттыруға арналған ойын құрастырылған. Бесінші бет – әуен ойнау. Әуен ойнау бетінде жеті нотадан тұратын батырмалы музыкалақ аспап орналасқан. Бүлдіршін бұл бетте өзіне керек аспапты таңдап әуен ойнай алады.

Құрал-жабдықтар құрамы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы.Дипломдық жұмыс кiрiспеден, төрт бөлiмнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

Кiрiспеде тақырыптың өзектiлiгi анықталып, оның зерттелу дәрежесi сипатталады.

Қазақ әліпбиі бөлімінде Қазақстан Республикасында жазу жүйесінің пайда болуы туралы тарихи деректер, қазақ әліпбиінің даму кезеңдері және қазіргі таңдағы күйі қарастырылған.

Андроид операциялық жүйесі бөлімінде андроид операциялық жүйесінің пайда болу тарихы, даму кезеңдері, жұмыс істеу принципі және т.б туралы ақпараттар қамтылған.

Қосымшаның құрылу ортасы. Android операциялық жүйесіне арналған «балаларға арналған сөйлейтін әліпби» қосымшасы Java бағдарламалау тілінде, Eclipse бағдарлама құру ортасын қолдана отырып құрастырылған. Eclipse бағдарлама құру ортасына Android SDK Manager және Android Virtual Devices кірістірілген. Android SDK Manager андроид платформасыны бағдарлама құру мүмкіндігін береді. Android Virtual Devices – андроид операциялық жүйесіне арналған қосымшаларды компьютерде орнатып, іске асыруға арналған виртуалды эмулятор болып табылады.

Қосымшаны құру ортасы бөлімінде қосымшаны құруға қажетті құрал-жабдықтар жиыны, қосымшаны құру әдістері, қосымшаның интерфейсінің құрылуы, қосымша құруға қолданылған әдістер мен қосымша алгоритмі жайлы негігі ақпараттар қамтылған.

Азақ әліпбиі

Қазақ әліпбиі — қазақша жазу әліпбиі, бұл үшін келесі жүйелер пайдаланылады:

Қазақстан Республикасында — кирил жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстан бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады. Қытай Халық Республикасында — араб жазуы негізінде, ресми түрде Шынжаң Ұйғыр автономиялық районындағы Іле Қазақ автономиялық облысында. Тағы да Ауғанстан, Иран және Пәкістан елдеріндегі қазақ диаспорасы да пайдаланады. Түрік Республикасында — қазақ диаспорасы ресми емес түрде латын жазуы негізіндегі түрік әліпбиін пайдаланады. Сонымен бірге Алмания, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады [20].

азақ әліпбиінің тарихи кезеңдері

Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келгені мәлім. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолданып келеді. Кирил жазуы негізінде Қазақ кирил әліпбиі — көбінесе Қазақстан мен Моңғолияда пайданаланылатын әліпби. Бұл Сәрсен Аманжолов ұсынған әліпби 1940 қабылданған, 42 әріп енген: 33 орыс әліпбиінің әрпі және 9 өзіндік қазақша әріп Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ (1947 ж. дейін бұрын осы әріп орнына Ӯӯ пайдаланылған), Ү, Һ, І. Ертеде қазақ әріптері орыс әліпбиі әріптерінің сонында қойылған, сосын дыбысы жақын орыс әріптерінің артына жылжытылған. Келесі әріптер: В, Ё (1957), ф, Х, Һ, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, қазақтың төл сөздерінде пайдаланылмайды. Бұл әріптер: Ё, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, тек кеңестік дәуірінде орыс тілінен, немесе орыс тілі арқылы енген сөздерде орыс емле нұсқауларымен пайдаланылған (1990 жж. бері ресми және жеке жария ақпараттарда, әдеби шығармаларда пайдалануы азая түсуде, сиректеніп кетті). Х әрпі қазақ фонетикасында Қ түрінде айтылады. Һ әрпі тек сиреген араб-парсы кіріс сөздерінде кездеседі, және де Х немесе Қ сияқты айтылады. Е сөздің нағыз басында [ʲe] дифтонгоиды боп сөйленеді. Э әрпі әрдайым Е боп айтылады. О сөздің нағыз басында [ʷo] дифтонгоиды болып айтыла алады. У әрпі буын жасамайтын дыбысты белгілейді, және де ҰУ, ҮУ, ЫУ, ІУ псевдодифтонгтерді алмастыру үшін пайдаланылады. Келесі әріптер алдыңғы және артқы ретті дыбысты жұпты белгілейді (әдетте жіңішке мен жуан деп аталады): Е — А, Ө — О, Ү — Ұ, І — Ы. Араб-парсы кірме сөздерінде Ә — А қарама-қарсы қоюы көрінеді [20].

Аріптерді белгілеу

Жақында өткен заманда қазақ мәтінін теру көбінесе қиыншылыққа ұшырайтын еді. Оның себебі, амал жүйелерінде мен мәтінтергіштерде Юникод арқауы жоқтықтан, қалыпты түрде қазақша 8 бит белгішелеу парақ болмағаннан және қалыпты компьютер қаріптері жетіспеушліктен де. Осыған орай қазақ кирил әліпбиін компьютерлерде белгішелеу үшін 20-дан аса әртүрлі нұсқалары[1] ұсынылған. Кезінде Қазақстанда DOS үшін ҚР МҚ 920-91 мемлекеттік қалпы қабылданған болатын. Бұл қалып CP866 8 бит кирил (славян) белгішелеу парақтың негізінде жетілдірілген. Енді бірталай көп кідіріп Windows жүйесіне арнап ҚР МҚ 1048—2002 қалпы бекітілген. Осы қалыптың қолдануы өте шектеулі болды, себебі ол Юникод басқа ескірген 8 бит белгішелеуді ығыстырып шығаруы қызған кезі болды. Сонымен, тек кейбір мемлекетттік және өкіметке жақын ұйымдар, соның ішінде «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі де, соңғы кезге дейін қолданған. Ағымда барлық жерде де UTF-8 белгішелеу қолданылады. Пернетақта жаймасы Қазақ пернетақта жаймасы (Ё әрпі әдетте орыс жаймасына көшіп теріледі). Қазақ пернетақта жаймасы орыс теруіш жаймасы негізінде дамытылған және де РСТ ҚКСР 903-90 қалпында бекітілген. Осы жайма Юникодпен қуатталған: Windows (NT тұқымдасындағы 2000, XP, Server 2003, Vista одан жоғары нұсқалары да) және Linux амал жүйелерімен жеткізіледі. Қазақтың өзіндік әріптері пернетақтаның жоғарғы тізбегіндегі сан аясы орнында орналасады. Ал, сан және басқа нышандар (/, *, –, +) енгізу үшін көмекші сан пернетақтасы пайдаланылады. Осы себебінен қалыпты жаймада әріп емес нышандарға, және Ё әрпіне де, тиісті орны табылмаған.
Араб жазуы негізінде Араб әліпбиінде — 29 әріп және бір белгіше бар (ٴ) — «жоғарғы һәмзә», бүкіл сөздегі жіңішке дауысты дыбысты белгілеу үшін, сөздің басына қосылады (тек жіңішке дауыстыларымен әрдайым үйлесетін Г және К әріптерінен тыс). Жазу әдісі парсы мәнерінде негізделінген. Жазу бағыты оңнан солға. Қарахан әулеті мезгілінен (10 ғ.) бастап Қазақстан жерінде түркі тіліндегі мәтіндерді жазып алу үшін пайдаланылған.

Көп мезгілде абжад түрінде боп қалды, яғни тек дауыссыз дыбыстарды белгілеуімен. 1924 жылы қазақ фонетикасындағы дауысты дыбыстарын дұрыс белгілеу үшін қайта құрастырылған. Жобаны дамытқан Ахмет Байтұрсынов «төте жазу» деп атаған (тағы да «Жаңа емле» деп де аталған). 1929 жылы латын жазуы негізіндегі «Жаңәліп» әліпбиімен ауыстырылған. Оны қазір де Шығыс Түркістан қазақтары (сонымен бірге, кейбір ұлттық ерекше өзгешеліктерімен қырғыздар мен ұйғырлар да) қолданады. Тағы да араб жазуын пайдаланатын Ауғанстан, Иран Пәкістан және Таяу Шығыс елдерінде қазақ шетжұрты қолданады. Тарихи әліпбилер Есікті жазбасы түрі бірнеше археология мұрасымен таныстырады, соның ішінде ең ежелгісі — Есікті қорғанынан табылған күміс легендегі жазба (5 ғ. (б.з.б) шамасы). Сол қорған әйгілі Алтын адамның жаназа орны болыпты. Жазуы Орхон және Енесай бойындағы көнетүркі жазуына ұқсас. Кейбір зерттеушілер леген жазуын Солттүстік Үндістандағы кһарошти жазу түрі деп шығарады. Жазба мұқамы әлде де анықталмаған. Орхон жазуы Көнетүркі әліпбиі — тағы Орхон-Енесай жазуы деп те, руникалық жазу деп те аталады. Оның себебі — германдық халықтары өзінің ертедегі пайдаланған руна жазуына ұқсас болғандығынан (бірнеше руналарда бірдей дыбыстық және кескіндік тығыз ұқсастығы бар). Көнетүркі жазуы қалыпы Қазақстан жерінде тұрған, сосын қазақ этносына сіңірілген, көшпелі түркі тайпаларымен (5—10 ғғ.) қолданған. Моңғол шапқыншылық заманында (12 ғ.) көнетүркі жазуы Исләм қысымы астында әбден араб жазуымен ысырылған. Жебірей жазуы Қазар (хазар) қағандары бүкіл ел діні есебінде яһуди дінінің қараим масхабын қабылдаған. Жебірей дінімен қолдасып жебірей жазуы да бірге келді. Сол қазарлар тайпаларының ішінде Украина және Солтүстік Қауқаз жер атауларында көп ізі қалған беріш тайпасы болған. Қазір беріш Кіші жүздің руы. Қарайлар (кейде масхаб атауымен шатастырып қараим деп те атайды), 2-ші Бүкіл Әлем соғысынан бұрын Қырымда тұрған, 1920 жж. дейін дәстүрлі жебірей жазуын қолданған. Қарайлар өздерін түркі халқымыз деп таниды, қазарлардың тікелей ұрпақтарымыз деп санайды.

Тағы да қырымшақтар деген — қыпшақ тілінде (бұрын өздері шағатай тілі деп те атаған) жебірейлер тобы белгілі. 1941—45 жж. соғыс кезінде фашистік Алмания қырымшақтар жұртын түгелге жуық қырған.
Юнан-қыпшақ жазуы Юнан (грек) жазуын Қырымда тұрған ұрымдар (қыпшақ тілінде сөйлейтін юнандар) 1917 ж. дейін пайдаланған.
Әрмен-қыпшақ жазуы XII—XIII ғасырлар аралығында Әрмен патшалығына көшіп барған қыпшақтар қыпшақ тілінде ауқымды діни, заңгерлік және тағы басқа әдебиетті шығарды. Ол қыпшақ тілінің көне қазақ тілінен айырмашылығы — әрмен-қыпшақ тілінде әрмен-християн ұғымдары көп қолданылады. Бұл мәтіндер әрмен әліпбиімен жазылды. Олардың бүкіл дүние жүзіне тарап кеткен ұрпақтары 19 ғасырдың соңына дейін шаруашылық жазбалары, жеке хаттар, т.б. секілді күнделікті жазбаларын әрмен-қыпшақ жазуымен жүргізіп келді. Латын қыпшақ жазуы Қырымдағы католик миссионерлері қазақ тілінің ертеректегі түрі — қыпшақ тілінде Інжілдер және басқа да діни әдебиет шығарумен айналысты. Соның ең көрнекті мысалы — 13-ші ғасырдың соңында құрастырылған лат. «Codex Cumanicus», латынша-парсыша-құманша сөздік. Онда италиян және оңтүстік герман тілдерінде түсініктеме сөздер де бар. Негізінен ислам дінінің үстемдік құрған кезеңге дейінгі уақытта ұйғыр, соғды, манихей, сурияни, тибет және брахми жазуларымен де жазылған түркі тайпаларының эпиграфикалық жазулары белгілі.

Алғашқы қазақ кирил әліпбиін 19-шы ғасырда Ыбырай Алтынсарин жасап шығарған. Кирил әліпбиінің негізінде православ миссионерлері діни әдебиет және «орыс-түзем» мектептеріне арнап қазақ «миссионер» әліпбиі жасалды. Онда түрлі қосарланып жазылатын және диакритикалық таңбалар қолданылды. «Миссионерлік әліпби» 1917 жылға дейін шектеулі дәрежеде қолданылып келді. Латындық Жаңәліп КСРО ОАК жанындағы Жаңа әліпби бойынша комитет тарапынан латын тіліне негізделген «Ортақ түркі әліпбиі» (Яналиф немесе қаз. Жаңәліп) ұсынылды. Қазақ тілінің талаптарына сай кейбір өзгерістер енгізілген бұл әліпби ресми түрде 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып келді, сосын кирил әліпбиімен алмастырылды. Пинйін латыны 1960-шы жылдары Қытайда орын алған «мәдени төңкеріс» кезінде аз санды ұлттардың, соның ішінде қазақтардың жазуын қытай иероглифтік жазуына өткізуге талпыныстар жасалды. Бұл әрекеттер сәтсіз аяқталған соң арнайы бұйрықпен Шынжаң Ұйғыр автономиялы ауданының үш облысын мекендейтін қазақтарға арнап пинйін негізіндегі жазу енгізілді. Ал пинйін жазуы 1950-ші жылдары Қытайдың Орталық үкіметінің қаулысы бойынша қалыптастырылған болатын. 1980-ші жылдардың соңында төте жазу қайтақабылданды.

Әліпбиді реформалаудың жобалары 1990-шы жылдардың басынан жазу реформасының бірнеше түрлері ұсынылды: Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде жоқ әріптерді қазақ әліпбиінен аластау (Ё, Һ, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э әріптерін), қазақ және орыс емле ережелерін қатар қолданудан бас тартып, тек морфо-фонемикалық ережені ғана ұстану, /w/ дыбысы үшін Ў әрпін енгізу, байырғы қазақ сөздерінде және қазақ тілінің дыбыстық ережелерімен айтылатын араб-парсы сөздеріндегі У әрпін ҮЎ, ҰЎ, ЫЎ ІЎ түрінде жазу (қарақалпақ емлесіндегі сияқты), И әрпінің орнына ІИ, ЫИ қолдану; Жоғарыда айтылған жаңа емле ережелерін қолдана отырып, латын әліпбиіне өту, не 30-шы жылдардағы латын әліпбиін толығымен немесе кейбір жақтарын қайта қабылдау (ресми татар әліпбиіндегі сияқты), не түрік әліпбиіне негізделген латын әліпбиіне өту (қырым-татар, гагауз және ғаламторда қолданылатын татар әліпбиіндегідей); не ағылшын әліпбиін қабылдауы (өзбектер жасаған сияқты); Реформа туралы пікірталастардың бәрі түптеп келгенде екі таңдауға келіп тірелді: не кирил әліпбиін қалдыру керек, не түрік әліпбиінің негізіндегі латын әліпбиіне көшу керек (академик А. Хайдаридің нұсқасына). Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне көшудің тиімділігі туралы мәлімдемесінен кейін де әліпби туралы пікірталастар толастаған жоқ. Латын әліпбине өтуге қарсы пікір білдіретіндердің арасында әдебиетшілер басым. Болашақта әдеби шығармаларды жаңа әліпбиде қайта басып шығару туралы шешім қабылданғанда кейбір шығармалар тізімге енбей қала ма, жаңа буынға керегі болмай қала ма деп қауіптенеді [20].

Наши рекомендации