Көтерілістің шығу себептері.
429.Біріншіден, шекара шебінің ішкі жағына уақытша өткен қазақтарға қойылатын талаптар тым қатал болды.
Екіншіден, Орал казак әскерлері тарапынан бұрынғысынша дала төсіндегі «әскери іздестірулер» тоқтатылмады.
Үшіншіден, Нұралы ханның және оның төңірегіндегілердің беделі жыл өткен сайын төмендей берді. Ол бірте-бірте патшаның қолындағы қуыршаққолшоқпарға айналды.
430.Кіші жүздің ішіндегі он екі ата Байұлы бірлестігінің Байбақты руынан шыққан Сырым Датұлы.
431.Асқан ақылдылығы мен тапқырлығы үшін бала кезінде «Бала би»атанған Сырым Датұлы.
432.XIX ғ. екінші жартысында ағылшын журналисті Д.Ч.Бульжер: «...Сырым батыр – жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыр, тапқыр, айлалы ерекше тұлға. Ол халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, халық оған табынған десе де болады.»
433.Көтеріліске белсене қатысқандар қарапайым көшпелі қазақтың көпшілігі, старшындар, билер, батырлар.
434.Қазақтар Орал шекара шебіне шабуыл жасады 1783ж.
435.С. Датұлы 2700 сарбазы бар жасаққа, старшын Барақ2000,Тіленші батыр1500 сарбазы бар жасаққа басшылық етті.
436.1784 ж. Орынбор губерниясының бастығы болып О. Г. Игельстром келді.
437.1791 ж. Кіші жүздің ханы болып сайланды Ералы сұлтан.
438.1792 ж. 1000 сарбазымен Елек қорғанысына шабуыл жасады С. Датұлы.
439.С. Датұлының жасақтары хан ордасына шабуыл жасап Есім ханды өлтірді 1797 ж.
440.Хан кеңесі жұмыс істей бастады 1797 ж. бастап.
441.Айшуақ сұлтан хан болып сайланды 1797 ж.
442.Сырым Датұлы қаза тапты 1802 ж. (халық аузындағы аңыз бойынша, өз қарсыластарының қолынан).
443.Сырым Датұлының асына 2000 жылқы, 2500 қой сойылған.
444.Қазына –түрлі бағалы заттар, дүние-мүлік; материалдық байлық.
445.Сырым Датұлына бала кезінде асқан ақылдылығы мен тапқырлығы үшін атанды «Бала би».
446.Расправа– Кіші жүздегі ру ақсақалдары кіруге тиісті болған әкімшілік орган.
447.Старшын– ру басшысы.
448.Айшуақ хан (1720-1810) –Кіші жүзді 1797-1805 жылдары билеген ханы, Әбілқайыр ханның ұлы.
§12. XVIII ғасырдағы сауданың дамуы.
Қазақ-Ресей саудасы.
449.Сауда бірлігі болып саналды ісек қой.
450.Үй шекара бекінісінде 1743 ж.,Орск бекінісінде 1745 ж. қазақтарға сауда жасауға рұқсат етті.
451.1745 ж. Сібір өкімет билігі орындарынан Жәмішев бекінісінде сауда орталығын ашуды сұрады Абылай сұлтан.
452.Қазақтар Троицкіде сауда жасай бастады 1750 ж.
453.Абылай сұлтанның өтініші бойынша Петропавл бекінісінде қысқы сауда орны ашылды 1759 ж.
454.Абылай сұлтанның өтініші бойынша Үрімші қаласында қазақтардың Қытаймен сауда-саттығы басталды 1758 ж.
455.1758 ж. қытайлықтар қазақтардан сатып алды 300 қазақ жылқысын.
456.Орта Азияның саудагерлері бұхаралықтар.
457.Орта Азиядан құлдыққа түскендер сатылды Ресейдің Ірбіт жәрмеңкесінде.
458.Ересек құлдардың бағасы 25-50 сомға дейін, ал балалардың бағасы 10-25 сомға дейін.
459.Патша үкіметі шабуыл кезінде Қазақстанда құлдыққа адам алуға тыйым салынды 1822 ж.
460.Батыс Сібір генерал-губернаторы Г. Х. Гасфордтың бастамасы бойынша Орта жүз қазақтарынан алынған 400-ге жуық құл бостандыққа жіюерілді 1859 ж.
461.Ісек –екі жасар тоқты.
§13. Қазақстанның XVIII ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті.
462.1768-1774 ж. Қазақстан жеріне жіберілген экспедицияның басшысы П. С. Паллас (1741-1811).
463.Қазақстан аумағында дербес экспедиция ұйымдастырды 1796 ж. И. Г. Георги. (1768-1774 ж. Орынбор академиялық экспедициясының құрамында болған).
464.Қырғыз-қайсақ экспедициясын құрған И. К. Кириллов (1689-1737).
465.«Орынбор өлкесінің Колумбы» деген даңққа ие болды П. И. Рычков (1712-1777).
466.«Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы», «Орынбор тарихы» еңбектерінің авторы П. И. Рычков.
467.1795 ж. жарық көрген «Қырғыз-қайсақтардың Орта жүзінің сипаттамасы» еңбегінің авторы И. Г. Андреев.
468.Сібірді зерттеуші Г. Ф. Миллер (1705-1783).
469.Миллердің «Сібір патшалығының тарихы» атты еңбек жарық көрді 1759 ж.
470.Орыс офицері И. Г. Андреевтің «Қырғыз-қайсақтардың Орта жүзінің сипаттамасы» еңбегі жарық көрді 1795 ж.
471.Орыс офицері И. Г. Андреевпен бірге жазған А. Д. Скалоннның еңбегі орыс-қазақ сөздігі.
Азақстандағы шетелдік зерттеушілер.
472.Жергілікті халықтың шаруашылығы, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі жайында құнды деректер қалдырған ағылшын теңіз қызметінің капитаны Джон Эльтон (1735), суретші Джон Кэстль (1736), сауда қызметкері Реональд Гок (1741-1742).
Азақ әдебиеті.
473.Шығармашылығы елді ерлікке, қаһармандық пен батылдаққа шақыруға арналады Ақтамберді жырау Сарыұлы (1675-1768).
474. Ақтамберді жыраудың кесенесі орналасқан Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы Жүрекжота шоқысының баурайында.
475.Халық арасында «Көмекей әулие» атанған Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693-1787).
476.Бұқар жырау дүниеге келді Павлодар облысы Баянауыл ауданы Далба тауының етегі.
477.Өзінің толғауларында Абылайды прогресшіл мемлекет қайраткері ретінде мадақтаған Бұқар жырау.
478.Бұқар жыраумен замандас және оған рухы жағынан да жақын Үмбетей жырау Тілеуұлы (1706-1778).
479.Қазақ халқының қас батыры Қанжығалы Бөгенбайды жоқтау және оның өлімін Абылай ханға естірту жырлары халық жадында сақталған Үмбетей жырау авторы.
480.Тәтіқара жырау дүниеге келді Қостанай облысы аумағындағы Сарыкөл деген жерде.
481.Абылай ханның батырларын мадақтап жырлаған Тәтіқара жырау.
482.Көшпелілердің діни сенімі мәселелерін қозғаған Көтеш пен Шал (Тілеуке Күлекеұлы).
483.Шал ақын деп аталып кеткен Тілеуке Күлекеұлының туған жері Ақмола облысы.(Есіл өзенінің оң жағасында Күлеке батырдың отбасында дүниеге келген).
484.Шежіре сөзінің моңғолдарда «цэжере»,түркілерде «седжере»сөзінің мағынасы «есте сақтау».
485.Қазақтар арасында алғаш шежіре деректерін жинастырып қалдырғандар Ә. Бөкейханов, М. Ш. Көпейұлы, Ш. Құдайбердіұлы және т.б.
486.Музыкалық шығармалардың негізгі түрі ән мен күй.
487.«Толғау», «Аллам жар», «Бақсы» күйлерін шығарған Тілеп Аспантайұлы (1757-1820).
488.«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Қайың сауған», «Аңшының зары» күйлерінің авторы Байжігіт.
489.1765 ж. Омбыда, Петропвлда және Жәмішевте гарнизондық мектептер ашты Сібір шекара шебінің бастығы Шпрингер.
490.Алғаш ашылған мектепте оқыған балалар саны 240.
491.1786ж. азиялықтарға арналған мектеп ашылды Омбыда.
492.1789 ж. үкіметтік мектеп ашылды Орынборда.
§14. Дәстүрлі билер соты.
493.Би болатын адамның бойынан бірнеше қабілет табылуы тиіс еді.
Біріншіден, қазақтың дәятүрлі әдет құқығын жете білуге міндетті. Мәселен, «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын», Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жатқа білуі керек.
Екіншіден, би атағын үмітекердің шешендік өнер мен аталы сөзді жақсы меңгеруі керек.
Үшіншіден, барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын әділ болуы шарт.
494.Екі би айтысқанда жалпы үкімді шығарушы Төбеби.
495.Би өзінің сіңірген еңбегі үшін сыйақы алды «бидің билігі».
496.Куәгерлерді шақыру үшін арнайы жіберілді жасауылдар.
497.Ант ішу түрлері:
1. Мынадай мазмұнда ант берді: «Егер мен жалған куәлік айтатын болсам, онда менің жазамды бір Құдайдың өзі беретін болсын, екі дүниеде де жақсылық көрмеймін, бар байлығым мен балаларымның қызығы бұйырмасын».
2. Мылтық ұңғысын сүю.
3. Ата-баба зиратын үш рет айналу. Қолға құран ұатып ант берген.
498.Жасаған қылмысы үшін материалдық немесе ақшалай құн төлеу айып.
499.Ауыр қылмыс жасаған адамдар мал есебімен айып төлейтін «тоғыз».
500.Тоғыз құрамына кірді үш түйе, үш сиыр, үш қой.
501.Ер адамды өлтіргені үшін төленетін құн 1000 қой немесе 1000 жылқы, немесе 50 түйе.
502. Жағымсыз қылық, бұзақылық жасаған, өтірік айтқан адамға берілетін жазадүре соғу.
503.«Дат» сөзінің парсы тіліндегі мағынасы «әділ, заң, өтініш».
504.Өзге біреудің төлемей кеткен қарызы үшін оның малын не мүлкін тартып әкету барымта деп аталды.
505.Көкшетау сыртқы округында орыстар 117 рет билер сотына шағым түсірді 1865 жылға дейін.
506.Патша үкім билер сотын тарата бастады XIX ғ. 20-90 ж. аралығы.
507.Айып –қылмыс жасап, жазалы болғандығы үшін заттай не ақшалай төленетін ақы.
508.Барымта– жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін күшпен тартып алып кек қайтаруы.
509.Құн –кісі өлтірген адам тарапынан төленетін төлем.
510.Шоқан Уалиханов Шыңғысұлы (1835-1865) –аса көрнекті қазақ ғалымы.
§15. Бөкей хандығының құрылуы.