Антеннаның (антенналардың) техникалық сипаттамалары

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты Вт-пен  
Таратуға арналған жұмыс жиілілігі (жиіліктердің ауқымы)  
Антеннаны күшейту коэффициенті (дБ/рет)  
Антенна-фидерлік трактта қуаттың таратуға арналған шығыны (дБ/рет) (егер деректер болмаса, онда фидердің ұзындығын көрсету керек (таратқыштан антеннаға дейін кабельдер), м және фидердегі қуаттың шығыны, (дБ/метр)  
Антеннаның тік өлшемі немесе диаметрі  
Негізгі күлте орнының бұрышы градҮ-пен, (яғни, антеннаның тік жазықтықтағы барынша көп сәулелену бағытының бұрышы)  
Сәулеленудің максимум азимуты (айналма жұмыс істейтін антенна үшін 0-3600)  
РТЖ-ның сәулеленуге арналған жұмыс режімі (тұрақты, қайталама-қысқа мерзімді, импульстік)  
Антеннаны орналастыру орны және типі (мысалы, «АБК» төбесінде, «техникалық қабаттың қабырғасындағы тіреуіште» және т.б.)  
Антенна ілгішінің биіктігі метрмен, м: - жер деңгейінен (әрбір антеннаның фазалық орталығының орналасу биіктігі көрсетіледі) - шатыр деңгейінен (антенна орналасқан шатырдан немесе жақын орналасқан неғұрлым биік ғимараттың шатыры деңгейінен көрсетіледі)  
Антеннадан шатырдың жиегіне (ғимараттың) дейінгі ең аз көлденең қашықтық, м (яғни, антенна орналасқан шатырдан немесе жақын орналасқан неғұрлым биік ғимаратқа дейін)  
Спутниктік байланыс станциялары үшін қосымша:
Жердің жасанды серігі, тұрғын нүктесі  
РТЖ (РЭҚ) орналасқан орнының географиялық координаттары ені және бойлығы
Радиолокаторлар үшін қосымша:
Таратқыштың импульстік қуаты, Вт немесе кВт  
Импульстердің қайталану жиілігі, Гц  
Импульстің ұзақтығы, сек.  
Антеннаның айналу жылдамдығы, айн/мин. айналатын және сканерлейтін антенналар үшін
Айналу кезеңі, сек.  
Сканерлеу секторы,ғ сканерлейтін антенналар үшін

Ескертпе:

1. 2-бөлімнің деректерін таратушы антенналардың/таратқыштардың әрқайсысы үшін көрсету керек;

2. Кейбір РЭҚ әсерін бағалау үшін қажетті қосымша деректер енгізілуі мүмкін.

3. Антенналардың тік және көлденең жазықтықтағы сәулелену диаграммалары.

Ескертпе: диаграммалардың орнына диаграммаларды сипаттайтын есептеу формулаларына нұсқаулар (сілтемелер) болуы мүмкін; бірқалыпты айналма сәулелену антенналары үшін көлденең жазықтықтағы сәулелену диаграммасы талап етілмейді.

4. Іргелес аумақтың жағдайлық жоспары.

Ескертпе: антенналардың орналасу орнын, құрылыстың қабаттылығын, санитариялық-қорғаныш аймағының шекараларын (бұдан әрі – СҚА) және құрылысты шектеу аймағын (ҚША) (қажеттілігіне қарай) және көшелерге, магистральдарға немесе басқа белгілі бағдарларға байланыстылығын көрсете отырып 1:500 – 1:2000 масштабында.

5. Антенналарды тік жазықтықта орналасу схемасы.

6. РТЖ (РЭҚ) орналастырудың фотоматериалдары (ұсынылады).

7. Іргелес аумақтағы элетромагниттік өрістің деңгейлерін бөлуді есептеу материалдары (таратушы антенналардан биологиялық қауіпті аймақтардың шекарасын);

Ескертпе: есептеу материалдары мыналарды қамтуы тиіс: формулалары бар теориялық (суреттейтін) бөлік, есептеулері мен графиктері бар тікелей кестелер (биологиялық қауіпті аймақтың өлшемдері, СҚА, ҚША), қолданылатын автоматтандырылған есептеу бағдарламаларға сілтеме (бар болса), есептеулер нәтижелері және көзделген қорғау (қауіпсіздік) шаралары бойынша іргелес аумақтағы электромагниттік жағдай туралы қорытындылар.

________________________

Радиотехникалық объектілерге

қойылатын санитариялық-

эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидаларына

2-қосымша

Селитебті аумақтағы, демалыс орындарындағы, тұрғын, қоғамдық және өндірістік үй-жайлардың ішіндегі электромагниттік өрістің рұқсат етілетін шекті деңгейлері

Жиіліктер диапазоны 30-300 кГц 0,3-3 МГц 3-30 МГц 30-300 МГц 0,3-300 ГГц
Нормаланған параметр Электр өрісінің кернеулігі, Е (Вольт/метр. В/м) Энергия ағынының тығыздығы, ЭАТ (шаршы сантиметрге микроВатт, мкВт/см2)
Рұқсат етілетін шекті деңгейлер 25*

Ескертпе:* - айналатын және сканерлейтін антенналардан сәулелену жағдайлары үшін

________________________

Радиотехникалық объектілерге

қойылатын санитариялық-

эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидаларына

3-қосымша

Наши рекомендации