Жұмыс парағы: су маңында сақ бол! 3 страница

«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып
4- бөлім: Бізді қоршаған әлем
Осыған дейін меңгерілген білім
Осыған дейінгі бөлімдерде келесі тақырыптар қарастырылды: үй, отбасы, достық және мектеп. Бұл бөлім - әлемді жалпы қарастыратын логикалық жалғасы.
Мазмұны
Бұл бөлімде оқушының тікелей тәжірибесінің және оның қоршаған ортаны қабылдау негізі жалғасады. Оқушылар навигация, бағдарлау, карталарды оқу және пайдалану арқылы дүниені қалай зерттеп, тану жайында хабардар болады. Оларға Қазақстанның әлемдегі орны, оның аумағы және ландшафты, аймағы мен ауданы, ауылдары және қалалары туралы бастапқы түсінік беріледі. Күнделікті ауа райының құбылыстарын бақылап үйренеді.
Осы бөлімдегі «Дүниетану» пәнінің тілдік мақсаты Оқушыларға пәндік мақсаттарға жетуге көмек үшін сәйкес ғылыми тілдің тілдік мақсаттың үлгісі төменде берілген.
Тілдік мақсат Пәнге қатысты лексика мен терминология Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Оқушылардың қолынан келеді: Кеңістіктегі дүниені, қоршаған ортаны және олардың орналасуын сипаттау. Бұған кіретіндер: · байқау/зерттеу · солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс · қоршаған орта · ауылдық/қалалық · ғимараттардың түрлері: мәселен, фабрика, банк, саябақ, мұражай және т.б. · ауа райы түрлері: мәселен, ыстық, салқын, ылғалды және т.б.   Талқыланатын мәселелер: · Бұл қандай жер, ол не үшін қолданылады? · Біздің қаламыз жайында нені білгілеріңіз келеді? · Қала/ауыл қайда орналасқан? · Осындағы ауа райы қандай? Неліктен... екенін айта аласыздар ма? Қала ....осылай салынған?
Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және ғылыми тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.
Қысқаша шолу
Бөлім навигацияның идеясымен таныстырады, карта мен нұсқауларды, сонымен қоса жергілікті белгілерді пайдаланып, жол таба білуі қалыптасады. Оқушылар Қазақстан жерлері сипатының қаншалықты күрделі және алуан түрлі екендігін түсінеді. Жергілікті ауыл мен қалаларды тану арқылы оқушылардың назары ауылдық және қалалық өмірге аударылады. Ауа райы туралы сабақ, климат түсінігімен және оны зерттеудің әдіс-тәсілдерімен таныстырады. Географиялық білімді және түсінушілікті көрсету үшін түрлі әдістерді қолдануға болады. Бөлімнің мазмұны жергілікті ауданмен тығыз байланысты, алайда, географияға көбірек назар бөлінген.
Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Мұғалімге арналған ескертпелер Оқыту ресурстары
  2.1 Жергілікті жерде бағдарлану     1.3 Менің атамекенім   1.2.1.1 жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау     1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау     Бағдарлауды үйренейік (Ұ)Егер оқушылар досын өз үйіне қонаққа шақырғысы келсе (қалаға, ауылға), ол сол жерге қалай жету керектігін қайдан біледі? Навигация ұғымымен, карта, көкжиек тұстары С. О. Ш. және Б. атауларымен таныстырып, анықтатыңыз.   (Т) Оқушылардан сұраңыз: · картада өз мектебін табуды; · облыс картасында қалалар мен ауылдарды табуды; · Қазақстан картасында Астананы және Ақмола облысын табуды; · Еуразия және Азия картасында Қазақстанды табуды.   (Ұ)Олардың үйлері, ауылы немесе қаласы қай бағытта орналасқандығын анықтау үшін, мектеп белгіленген, жергілікті картаны зерттеңіз (олардың картада белгіленгендігіне көз жеткізіңіз). Оларға осыны жасауға жергілікті белгілер қалай көмектесетіндігін түсіндіріңіз. (Ж)Оқушылар жұптасып С, О, Ш пен Б көкжиек тұстарын анықтау үшін жергілікті белгілерді пайдаланады. Жұптасқан балаларға мынадай тапсырма беріңіз: досыңызға сызбаны/картаны пайдалана отырып сіздің үйіңізге/ауылыңызға/қалаға қалай жетуге болатындығын түсіндіріңіз. Сіздің үйіңіз немесе мектеп сияқты бастапқы шығу орнын таңдаңыз. (Ұ)Сынып оқушыларының жергілікті белгілер, бағыттар және карталар жайында нені білгендері жайында талқылау ұйымдастырыңыз. (Қ)Оқушылар жергілікті белгілерді білу өмірдің басқа аспектілеріндегі рөлін қалай қарастыратындықтарын тексеру кезінде формативтік бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік бар.   Сұрақтар мен жауаптар сессиясы кезінде қажетті ақпаратты алу тәсілі ретінде жетелеуші сұрақтарды пайдаланыңыз. Мына білімдерге сүйене отыра жолдың бағыттарын қалай анықтау керектігін оқушылармен бірге анықтаңыз: · компастың бағыттары; · табиғи ерекшеліктер/назар аударарлық орындар; · күн, жұлдыздар және т.б. Сабақтың қорытынды бөлімінде материалды жалпылау және бекіту жасалады. Қосымша тапсырма ретінде оқушыларға өткен кезеңдегі Қазақстан бойынша саяхат туралы баяндайтын қазақ халық ертегісін ұсынуға болады, мысалы: егер сіздер бір тарихты білсеңіз, барлығына айтып беріңіздер. Ескерту: айтылатын әңгіме аудиторияның жас ерекшелігіне сәйкес болуын қадағалаңыз     Баспа: Книжник. Автор: Григорьева Татьяна Кітапта географиялық ашылулардың маңызды оқиғалары әсерлі баяндалады. Мәселен, жас оқырманға ғаламшардағы полюстер қашан пайда болды, осы сынды танымдық деректерді білетін болады.     Азия картасы Қазақстан картасы Облыс немесе аймақ картасы Нұсқаулықтары берілген мектепті қоршаған жердің жоспары/картасы: • көкжиек тұстары: С, О, Ш, Б. •масштаб •негізгі географиялық өзгешеліктер, яғни, жол, ғимараттар, өзендер/жылғалар, төбелер, жазықтар, Дала тарихтары: қазақ халық ертегілері
  1.3 Менің атамекенім   1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау   1.1.3.2 Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау     Қала мен ауыл (МК,Ұ) Ауыл мен қала көрінісі бейнеленген суретті көрсетіңіз. Суреттерді салыстырыңдар. Қай суретте ауыл, қайсысында қала берілген? Оны қайдан білдіңдер? Қала мен ауылдың ерекшелігі туралы әңгіме жүргізу. Өз тұратын жерің қалай аталады? Тұратын жерің несімен ерекшеленеді? (Ұ) Оқушыларға олардың туған қаласын, оның табиғи ландшафтін зерттеуге кірісетіндіктерін айтыңыз. Оқушылардың міндеті оларға қонаққа келетін досы үшін қала (немесе оның бір бөлігі) бойынша саяхатты жоспарлау болып табылады. Алдымен олар қала (немесе қаланың бір бөлігі) туралы білуі тиіс. Олар не туралы білгісі келер еді? (Ж) Оқушылар жұпта өздерінің саяхатын дайындау үшін қала туралы сұрағысы келетін кем дегенде үш сұрақ туралы ойланулары тиіс. Сынып үшін мына сияқты түрлі сұрақтардың тізімін жасаңыз: · Бізге қалалар не үшін керек? · Қаланың әртүрлі бөліктерін не байланыстырады? · Сіздер қаланың қандай жерлерін ұнатасыздар және неліктен? Оқушылар осы сұрақтардың жауабын қалай біле алатындықтарын ұсынады. Оларға көмектесу үшін сізде қаланың негізгі ғимараттары мен басқа ерекшеліктерінің фотосуреттері, жерді пайдалану сызбасы, қаланың аэрофототүсірілімі (болса) және қаланың негізгі картасы бар екендігін айтыңыз. (Ж) Жұптарда, мұғалімнің көмегімен, оқушылар фотосуреттерді талқылайды. Оқушылар қаланың негізгі картасында көрсетілген қаланың табиғи сипаттамаларына сай адамдардың фотосуреттері мен пейзаждың фотоларын лайықтайды. Оқушыларды қаланың әуеден түсірілген фотосуретімен таныстырыңыз. Оқушылармен бірге қаланың орналасуын және неліктен дәл осылай орналасқанын талқылаңыздар. (Ж) Жұптар фотосуреттер мен аэротүсірілімдер бойынша анықтаған басты ерекшеліктерін (жерді пайдалануды) қаланың картасында қалай белгілейтіндіктерін шешеді. (Ұ) Сызба картада белгіленген тұрғылықты қаласы бойынша экскурсия ұйымдастыру үшін олардың әрқайсысы дайындайтын жолкөрсеткішті сыныппен бірге талқылаңыздар. (Т) Топта өз тұратын жерінің бір бөлігінің макетін қолда бар материалдардан жасауды тапсырыңыз. Жиі баратын орны немесе ұнататын жері болуы мүмкін. Жұмыс соңында оқушылар өз таныстырылымдарын жасап, көрме ұйымдастырады.   Бұл тапсырма арқылы туған қаланы зерттеу көзделеді, алайда бұны оқушылар Астана сияқты қаланың бір бөлігі туралы білу үшін пайдалана алады.     Туған қаланы зерттеу көзделеді, алайда бұны оқушылар Астана сияқты қаланың бір бөлігі туралы білу үшін пайдалана алады. Сұрақтары бар тапсырмалар оқушыларда қатыстылық және жауапкершілік сезімін дамытады. Әрбір оқушыға ойлану үшін, әріптесімен идеямен бөлісіп, содан кейін сұрақтарды ауыстырып жаңа әріптесіне көшуге болатын жеке сұрақ қоюға болады. Бұл оқушыларды тақырыпқа тартады. Сұрақтар оқушыларды қала туралы өз сезімдерін білдіруге ынталандыруы, пікірлерін білдіруге және өз нұсқаларын қарастыруға мүмкіндік беруі тиіс. Бұл тапсырма жоғарыдағы тізімнен және оқушылар жұмыс істейтін негізгі картадан алынған жерді пайдаланудың түрлерін көрсететін бірқатар фотосуреттерге негізделген. Әуеден түсірілген фотосурет міндетті болып табылмайды. Егер ол қолданылса, оқушылардан фотосуреттерде көрсетілген ғимараттардың типтері көрсетілген аумақтарды сәйкестендіре алама екендіктерін және өздерінің сапары аясында олар қай жерге барғысы келетіндіктерін сұраңыз. Оқушыларға сыныптан тыс уақытта да жол көрсеткіштерін құрастыруды жалғастыруына рұқсат берген жөн. Жолдағы мінез-құлық ережелерін, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белгілерін қайталаңыздар.     Диалог пен жазу үшін пайдалы сөзорамдардың сериясы: көпірлер, кафе, шіркеулер, кинотеатрлар, фабрикалар, әкімшілік ғимараттары, үйлер, ескерткіштер, мешіттер, музейлер, кеңселер, саябақтар, жолдар, дүкендер, назар аударарлық орындар, ескерткіштер, театрлар және оқушылардың қабілетіне сәйкес кез келген басқа арнайы терминология.   Жерді пайдаланудың басты типтерін анық және айқын көрсететін қаланың сызба картасы. Картада бағыттар мен масштаб болуы тиіс. Егер бар болса, қаланың немесе ауылдың әуеден түсірілген фотосуреті. Егер қолжетімді болса GoogleStreetView құралын пайдалану оқушыларға өз көшесінің картиналарын қарастыруға мүмкіндк береді.
1.3 Менің атамекенім 1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау Мен қайда тұрамын (Ұ) Орналасқан орын ұғымын талқылаңыздар – мектептің, олардың ауылындағы немесе қаладағы үйінің орнын анықтау. (Ж) Оқушылар жұптасып жерді пайдаланудың түрлерін талқылайды, мысалы, фабрика, үй, жол, кино үшін, демалыс аймақтарын, саябақтар салуға арналған, ауылшаруашылық, жайылымдар, мектеп және жергілікті ауылдардың айналасындағы орманды алқап. (Ұ) Табиғи пейзажды талқылаңыздар. Оқушыларға олардың табиғи ландшафт контекстіндегі жергілікті ауылындағы жерді пайдалануды зерттейтіндіктерін айтыңыз. (Ө) Оқушыларға олар жерді пайдаланудың әртүрлі түрлері мен пейзаждың ерекшеліктерін бояп, белгілей алатын мектеп аумағының немесе жергілікті ауылдың сызбалық немесе эскиздік картасын беріңіз. Ауылдағы жерді пайдаланудың әрбір түрі үшін сынып символ мен түсті кодты таңдайды. Оқушылар топырақтың фотосуреттеріне мектеп аумағы мен ауылдың негізгі картасындағы адамзаттық және физикалық сипаттамаларды анықтайды. Олар сызба карталарда жерді пайдалану жазбаларын жасау үшін түсті кодты қолданады. (Т) Оқушылар өз карталарын төрт төрттен топтасқан топтарында талқылайды; әрбір жұптың өз карталарында көрсетілген басты бекеттерді, көрікті жерлерді сипаттайды. Бұл тапсырмалар жерді пайдалану ұғымымен таныстырады және басты назардыаулдарға аударылады. Себебі, Қазақстан аумағында ауылдар басым. Келесі тапсырмалар қалалық аймақтармен байланысты. Оқушылардың білімдері мен тәжірибесінің негізіндегі кіріспе талқылауда жерді пайдаланудың әртүрлі түрлерінің мысалдары келтіріледі. Оқушылар өздерінің көргендерін, бақылағандарын өздерінің жергілікті орналасуымен байланыстыра алады. Оқушылар картада белгілейтін жерлерінің көлемін және жерді пайдалану түрлерін шектеу қажет болады. Түспен кодтау және қарапайым сызба карталар мен диаграммаларға символдарды қосу, материалды жақсы меңгеруге ықпал етеді. Оқушылар өздерінің карталарын жаңа жұпта/топта талқылаулары тиіс. Оқушылар үйренген білімдерін неғұрлым тереңірек түсінуге қол жеткізулері керек. . Облыстың физикалық картасы. Сөздер мен фразалар. Орналасқан жердің басты ерекшелігін көрсететін, мектептің тұрғылықты жерінің немесе жергілікті ауылдың сызба немесе эскиздік картасы– мысалы, ауыл үшін: ауыл шаруашылық жерлері, жайылым, орманды алқап/орман, дала, ғимарат, ферманың ғимараттары, мешіт/ шіркеу.    
2.2 Климат және ауа-райы 1.2.2.1 Ауа-райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау   1.2.3.1 жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау Ауа-райы деген не? (Ұ) Оқушылардан «ауа райы» туралы нені білдіретіндерін сұраңыз? Олар ауа райы туралы қандай сұрақтар қоюы мүмкін? Олар мұны қалай зерттейді және мәліметтер жазбасын қалай жасайды? «Ауа райы» сөзі нені білдіретінгін және жергілікті ауа райы қандай екендігін талқылаңыздар. Әрбір оқушыға ауа райының әртүрі бойынша сурет салуға тапсырма беріңіз. Сұрақтар қойыңыз және талқылаңыздар: · Жыл маусымдары бойы ауа райының түрлері. · Термометрді пайдаланып температураны өлшеу. · Адамдардың ауа райы жағдайларын әртүрлі пайдалануы (мысалы, киімді кептіру, ойындар, батпырауық ұшыру, электр қуатын өндіру, күн қуатын тудыру, өсімдіктерді өсіру, бос уақытын өткізу, туризм және т.б.) · Ауа райының өзгеруі. (Т) Топ мүшелері ауа райын көрсете отырып өз суретін салады. Оқушылар өздерінің суретінде ауа райының ерекшеліктерін жазу үшін климат туралы арнайы терминологияны қолдана алады. (Ұ) Сыныптан сұраңыз: біз бүгін ауа райы туралы не білдік? Олардың жауаптарын қорытындылаңыз.   (Т,Ө)Топқа талқылау үшін мынадай сұрақтар беріледі: Неліктен газетте, радио немесе теледидардан күнсайын алдағы күннің ауа-райын хабарлап отырады? Сурет бойынша жауап береді. Балалар ауа-райына сәйкес киінген бе? Неліктен олар ауа-райының қандай болатынын біліп жүруі керек? «Кім дұрыс киім таңдайды?» ойынын ұйымдастырыңыз.   Талқылау басқарылатын түсінік формасында өткізіледі, яғни әрбір сатыда мұғалім оқушыларды оқу мақсаттарына қол жеткізуге бағыттап, қолдап отырады, алайда бұл жерде оларға осы контексте ұжымдық білімдер мен түсінікті барынша өрбітуге мүмкіндік беру керек. Егер уақыт болып жатса және оқушылардың қабілеттерін ескере отыра қарастыруға болатын басқа сұрақтар: · Біз ауа райы бойынша мәліметтерді қалай жазамыз – символдар. · Біз әртүрлі ауа райыны қалай өлшейміз (жауын-шашын, жел, ашық күн, және т.т.) · Біздің күнделікті тілімізде ауа райын сипаттау үшін сөздер мен сөзорамдарын қалай пайдаланамыз. Қосымша тапсырма ретінде оқушыларға төрт маусымның суретін салуды ұсынуға болады. Бұл оқып үйренгендерін жинақтауға көмектеседі және оқушыларды жыл ішіндегі климаттың басты ерекшеліктеріне назар аудартады.   Сабақта оқушылардың ауа-райына сәйкес киімді таңдай білу біліктерін қалыптастыру мақсатында «Кім дұрыс киім таңдайды?» ойынын жүргізуге болады. Ойынның шарты: оқушылар өздері киінуі немесе топта бір қатысушыны ауа-райына сәйкес киіндіруі қажет (Ауа-райын сурет бойынша немесе бейне жазба арқылы көрсетуге болады). «Балапан» арнасының ауа-райы болжамы: https://www.youtube.com/watch?v=mBx3qavkx4Y   https://www.youtube.com/watch?v=EdcauDmkxOw  
«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып
5- бөлім: Саяхат
Осыған дейін меңгерілген білім
Оқушылар алғашқы төрт тарауда үй мен мектеп арасындағы жолға бағдар жүргізу, жергілікті жермен танысу арқылы жалпы саяхат туралы түсінігі болады.
Мазмұны
Бұл бөлімде үй мен мектеп арасындағы «Саяхаттау» тәжірибесі арқылы, коммуникациялардың маңыздылығын түсіне отырып, «Саяхат» тақырыбымен танысады. Алғашқы адамдардың пайда болуы, Қазақстанның ертедегі тарихы, көшпенділік уақытындағы маңызды кезеңдер, Қазақстан мен көршілес елдер аумағындағы сауда қатынасының қарастырылуы «Саяхат» ұғымының мазмұнын кеңейтеді.
Осы бөлімдегі «Дүниетану» пәнінің тілдік мақсаты Оқушыларға пәндік мақсаттарға жетуге көмек үшін сәйкес академиялық тілдегі тілдік мақсаттың үлгісі төменде берілген.
Тілдік мақсат Пәнге қатысты лексика мен терминология Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Оқушылар: көші-қон/ қоныстану/сауда контекстіндегі «саяхат» ұғымымен байланысты сөздер мен лингвистикалық құрылымдар арқылы сөздік қорларын ұлғайтады. Оған кіретіндер: · «Туризм» және «турист» ұғымдарының мәні және оның мақсаттары; · Көне заманның ең белгілі тарихи ескерткіштері; · Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірін әңгімелеу · Сақтардың өмір салты, сақ дәуірінің жекелеген ескерткіштері Талқыланатын мәселелер · «Саяхат» деген не? · «Саяхатшы» деген кім? · Көне заманның қандай ескерткіштерін білесіңдер? · Ежелгі адамдардың өмірі қандай болған? · Қазақстан астанасы туралы не айта аласың? · Тәуелсіз мемлекеттің қандай белгілерін білесің?  
Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және ғылыми тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.
Қысқаша шолу Басты тақырып – бұл саяхаттардың ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қалай ықпал еткендігі. Алғашқы тапсырмалар оқушыларды Африкада пайда болып, кейіннен әлемнің қалған бөліктеріне, соның ішінде Қазақстанға қоныстана бастаған «алғашқы адам» ұғымымен таныстырады. Тапсырмалардың келесі түрлері «қазіргі заманғы саяхат» ұғымымен байланысты болады.Көшпелі шаруашылықтың дамуына алып келген ұлы қоныс аудару кезеңіндегі Қазақстанның аграрлық өркениеттердің дамуындағы саяхаттардың рөлі қарастырылатын болады. Бөлімде сақтар туралы аңыздарды баяндап беру арқылы олардың Қазақстанға тигізген ықпалын таныстырумен аяқталады. Бұл бөлім қазақ халқы ауыз әдебиетімен және дәстүрлерімен, тарихымен, мифтерімен және аңыздарымен байланысты. Тарихты айтып берумен, оларды құрастырумен байланысты тапсырма түрлері сауаттылыққа үйрету бойынша бағдарламамен қатар жоспарлануы тиіс. Бөлім, сонымен қатар, «Көркем еңбек» пәні бойынша бағдарламамен де байланысты, өйткені ол оқушыларды көзбен көретін образдармен және суреттермен таныстырады.
Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Мұғалімге арналған ескертпелер Оқыту ресурстары
3.1 Көне мәдениеттер мен өркениеттер     1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу     Алғашқы адам (Ұ) Оқушылардан сағатқа қарауларын сұраңыз, ойша 2 сағат бұрын уақытқа оралып, сол уақытта олар немен айналысқанын сұраңыз. Ары қарай 10 жыл бұрын не болғанын кімнің білетінін сұрап көріңіз. Оқушыларға бұрынғы өткен заманда не болғанын зерттейтін, оқытатын ілім бар ол тарих деп аталатынын, оны оқып бастайтындықтарын айтып кетіңіз. Ол бізге адамзаттың басынан кешкендерін үйретеді. Тарихта алғашқы адамдар пайда болған кезден басталғанын айтып кетіңіз.   Оқушыларға кішкентай ботаның қоржынға салып әкелген ежелгі еңбек құралдарын көрсетіңіз: қашау, тас балта. Оқушылардан оларды кім және қай кезде қолданғанын сұраңыз. Олар жауап бере алмауы да мүмкін. Сол уақытта картадан Африканың шығысын көрсетіп, алғашқы адамдардың сол жерде пайда болғанын айтыңыз. Ғалымдар адамның арғы тегі аса ірі адам тәріздес маймылдан шыққан деген пікірді ұсынады. Қазақстан аумағын адамдар бұдан миллион жыл бұрын мекендеген. (МК, Ұ) Итерактивті тақта арқылы алғашқы адамдардың өмір сүруі туралы материалмен таныстыру. Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан айырмашылығы қандай екендігін табуларын сұраңыз. (Т) Оқушыларды екі топқа біріктіріңіз. Бір топ терімшілер, екінші топ аңшылар болады. Оқушыларға терімшілер мен аңшылардың кім екендігін ойлануына біраз уақыт беріңіз. Олардың болжамдарын тыңдаңыз. Оқушыларға мынадай толықтыру жасаңыз: терімшілік тамақ тауып жеудің негізгі көзі болған. Балалар мен әйелдер жеміс, тамыр тіпті құртқа дейін теріп күнелткен. Ер адамдар аңшылықпен айналысқан. Жасалған жұмыстарын бекіту үшін әртүрлі тәсілдерді немесе сұрақ жауапты қолдана аласыз. 1-сурет: «Алғашқы адамдардың дене бітімі» 2-сурет: «Алғашқы адамдардың баспанасы» 3-сурет: «Құрал-саймандары» 4-сурет: «Алғашқы адамдардың кәсібі» 5-сурет: «Алғашқы адамдардың азығы» Бұл сабақта оқушылар алғашқы адамдардың тіршілігімен танысады. Өткен күн мен қазіргі уақыттың айырмашылығын түсініп өз көзқарастарын білдіреді. Сабақта оқулықтағы ақпараттар арқылы сұрақтарға жауап беріп, бірлесіп істеген жұмыстарына қорытынды жасап үйренеді. Оқылған тақырып негізінде алғашқы адамдарды суреттейді, рулық қауымдастықтың тіршілігін сипаттайды. Сабақ оқушыларға адамзат баласының пайда болуына, бабаларына, тарихқа деген құрмет қалыптастырады.   Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін сипаттау барысында қалыптастырушы бағалау жүргізе аласыз.   Бұл тапсырманың сөздік қорына төмендегі сөздер кіреді: · ру; · терімшілік; · аңшылық.       Баспа: Книжник. Автор: Волкова Александра Әлемдік тарих. Бұл кітап жас оқырмандарды жиырма бірінші ғасырға дейінгі өмір сүрген халықтардың тарихи кезеңімен таныстырады. Біздің заманымызға дейінгі адамзат ғұмырындағы ежелгі әлем мен ортағасыр тіршілігінің маңызды деректерін қызықты баяндайды. Африкадағы ежелгі адамның даму картасы – гоминидтердің ертедегі қоныстану/даму аумағын, олардың орын ауыстыру маршруттарын Африка, Еуропа мен Азияның картасы және көрсететін карта. Суретшінің картинасы Аңшылық/қоғам терімшілігі, олардың өмірлері (Британиялық мысал: http://g uerillaarchaeology.files.wordpress.com/ 2012/06/meso-recon1.jpg) Қазақ халқының ертеде қоныстануы.  
3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары     1.3.2.1көрнекі материалдарң негізінде сақтардың өмір салтын сипат     1.3.4.1 дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы әңгімеле     1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу     Ежелгі ата-бабаларымыз (Ұ)Қазақтардың арғы ата-бабаларының ішінде сақтар деп аталған күшті де қайратты атты әскерлер тайпасы болғандығын айтыңыз. Оқушыларға А картасын көрсетіп жұмыс ұйымдастырыңыз. Сақтар – біздің танымал арғы бабаларымыз. Сақтар туралы археологиялық зерттеулерден көптеген ақпараттар алынды. Сақтар туралы аңыз әңгімелер де бар. (Ұ)Сақ ханшайымы Томирис туралы әңгіме бастау үшін төмендегі сұрақтарды қоюға болады. Сыныпта Томирис есімді неше қыз бар? Томирис есімді неше қызды танисың? Аттарын неліктен Томирис қойды деп ойлайсың? - деген бірнеше сұрақ қою арқылы өрбітуге болады. Одан кейін батыр қыз туралы мынадай мәлімет беріп кетіңіз. Ежелде ұлы даламыздың Сақ тайпаларында Томирис есімді патшайым болған. Ол халық арасында Тұмар ханшайым атымен де белгілі. Өзінің ер мінезділігімен, ақылды, парасаттылығымен ерекшеленген. Ол Азияда билік құрған Кир патшасына төтеп берген. Содан бастап аты аңызға айналған.   (Ж/Ө) Оқушылардан кезектесе отырып бүкіл сынып үшін сақтар туралы аңызды оқуын сұраңыз. Тарихи аңыз негізінде оқушылар тақырыптық сурет салу тапсырмасын беруіңізге болады. (Т) Үш-төрттен топтаса отырып, оқушылар Томирис туралы аңыз-әңгімелердегі деректерді талдайды.   (Қ) Оқушылардың мәтіннен қажетті ақпаратты таба білуін, Томирис бейнесін сипаттап айта білуін, мінездеме бере білу дағдыларын бағалаңыз.       Тарих – оқушыларда саяхат тақырыбы туралы түсініктерін дамытатын орта. Сабақтағы тапсырмалар саяхатты жергілікті қаламен байланыстырады. Оқушылар жаңа ақпарат ала отырып, ерте кездегі ата-бабаларымыздың кім болғанын біледі. Томирис ханшайым туралы қарапайым түсінік алады. Олардың тұрмысымен танысады, қазіргі заман тіршілігімен салыстырады. Қоршаған орта, ерте мен бүгін туралы түсінік алады. Сақтардың қоныстанған жерінің қарапайым сызбасын жасайды. Топтық, жұптық, жеке жұмыс кездерінде өз белсенділіктерін барынша танытады. Сұрақтарға еркін жауап беріп, өз ойын немесе көзқарасын жеткізе алады.   Баспа:Книжник. Автор:Волкова Александра Әлем кереметтері. Баспа: Аруна Әлем халықтары. Әдет ғұрып, көшу қону.   Сақтажаулап алған аумақтардың ұлғаюын көрсететін карта. A суреті: Сақ патшалығының картасы.   В суреті: Сақ әскерлерінің кімге ұқсастығын анықтауға болатын сурет Саяхат туралы қазақ халық аңызы.    
  3.1 Көне мәдениеттер мен өркениеттер       1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу   Ұлы дала тарихы (Ұ)Оқушылар Қазақстанның бірқатар қазіргі монеталарды қарастырады. Монетада салынған бір немесе бірнеше заттарды анықтаңыз. (Ұ) Монета алтыннан жасалған және өте құнды. Оның фотосуретін – әр оқушы жұбына бір-бірден үлестіріңіз. Оқушылардың қайсысы монетада не салынғанын – ондағы мүсін, нышандар, жазу туралы білетіндіктерін сұраңыз. Олар нені білдіретінін түсіндіріңіз және оларды талқылаңыз. (Ж) Оқушылардан жұптарымен салынған суреттері, монета туралы әңгімелесулерін сұраңыз. Төмендегі сұрақтарды тақтаға жазыңыз, жауаптарын талқылаңыз.
  • Алтын адам кім болған?
  • Ол туралы не білесің?
  • Ол туралы қайдан білдің?
(Ұ)Сыныпқа Алтын адам туралы тарихи аңызды айтып беріңіз. Оқушылардан Алтын адамның кім болғаны туралы ойларын сұраңыз. (Т) Алтын адам туралы топтастыру құра отырып, оқушылар санасында ол туралы түсінік сөздерді қалыптастыра аласыз.   (Ұ) Оқушылардан Қазақстанның ежелгі тарихы туралы не білгенін және монеталарды зерттей отырып олардың қайталанбас тарихы туралы ойын біліп, сабаққа шолу жасаңыз.
   
  2.4 Туризм   3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және отансүйгіштік       1.2.4.1 туризмнің мәнін түсіндіру   1.2.4.1 туризмнің мәнін түсіндіру   1.2.4.2 Туризмнің негізгі мақсаттарын атау     1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстыру   Ертедегі саяхат (МК, Ұ) Мұғалім оқушыларды ежелгі дәуірге саяхат жасауға шақырады. Ежелгі дәуірде адамдар көшіп-қонып жүргендігін, біздің ата бабаларымыз болған сақтар отбасымен күймелі арбамен көшкендігін, ал қонғанда киіз үйлерде отырғандығын түсіндіреді. «Көшу» сөзін қалай түсінетіндіктерін сұрайды. Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Қандай елдің атауын білетіндіктерін сұрап көріңіз. Оқушылар ата-анасымен саяхаттаған немесе естерінде қалған аймақтардың (елдердің) атауын айтады. (Т) Сіз сол аталған елдердің атымен сыныпты топтарға бөліп алыңыз. «Көшпенділер» ойынын ойнатыңыз. Көшкен кезде барлық заттарын өздерімен алып жүруін сұраңыз. «Көш қозғалды» деген сәтіңізде топтарымен келесі топтың орнына, одан ары қарай орындарын ауыстырып отырулары қажет. «Көш қоныстанды» деген сәтте, қай орынға келіп тоқталды, сол орындарында қалулары тиіс. Ойын арқылы оқушылар жаңа сабақ туралы біршама түсінік алуы керек.       Өткендегі және осы шақтағы көлікті көрсететін бірқатар картиналар, қазіргі заманғы суретте Астана туралы картиналарды/суреттерді көрсетуге басымдық берген жөн. Суреттерде төмендегілер үшін бос орын болуы тиіс: · атауын жазуға, · суретке салынған көліктің түрін көрсетуге.    
    (Т) Сюжетті суреттер бойынша топтың ішінде кіші зерттеу жұмысын жасатыңыз. Зерттеу жұмысында оқушылар көшпенді ел сақтардың немен айналысқанын, қандай қару-жарақ ұстанғанын, көшкенде қандай көлік түрлерін пайдаланғанын анықтап, талдайды. Оны постерге түсіреді. Әр топ істеген жұмыстарын іліп қояды. Оқушыларға достарының жұмысын бағалау үшін біраз уақыт беріңіз. Әрбір жұмысқа өз ойларын жазба, смайликтер, сыйлық суреттері түрінде білдірулерін сұрауыңызға болады. (Ж) Жұптық жұмыс ретінде «Сымсыз телефон» ойынын ойната аласыз. Бір оқушы қазіргі заман, екіншісі сақ дәуіріндегі бала болып телефонмен әңгімелеседі. Жақсы әңгіме жүргізіп жатқан жұпты үлгі ретінде тақтаға шығарып көрсетуіңізге болады. (Ұ) Мұғалім: Сендер біріңе бірің қонаққа бара алар ма едіңдер? Барсаңдар қандай көлік түрлерін пайдаланасыңдар? Оқушыларға көлік түрлерін қалай топтауға болатынын сұрап көріңіз. Ежелгі, құрлық, су, әуе көліктеріне бөлінетіндігін айтуы мүмкін. Айта алмаса бірнеше сұрақтар қоюға болады. Мысалы: Ерте кезде халық немен көшті деп ойлайсың? Отбасың саяхатқа немен барады?      
  1.2.4.2 туристтердің негізгі мақсаттарын анықтау Саяхат, саяхатшы (Ұ) «Саяхат» және «саяхатшы» сөздеріне ой қозғау. Саяхат деген не? Саяхатшы деген кім? Әр адам саяхатшы бола ала ма? қандай мақсатта саяхатқа шығуға болады?   (Ж;Т) Жұпта оқушылар қазіргі кезде адамдар қалай саяхат жасайтыны туралы пікір бөліседі. - Қайда саяхатқа бардың? - Саяхатта қандай қызықты оқиғалар есіңде қалды? - Саяхат жасағанда қандай әдемі жерлерді көрдің? Оқушылардан ертедегі және қазіргі кездегі саяхат жасаудың қандай ұқсастық пен айырмашылықтары барын табады. Қазақстанға саяхат жасау жөніндегі нұсқаулық/жолкөрсеткіш жасауға көмек сұраңыз. Саяхатшыларда сол жерлер туралы суреттері көп, алайда қарындасы/сіңлісі шатастырып тастаған.
  • көлік түрлерін салыстырады;
  • қандай мақсат?
  • қолданған заттарын салыстырады.
(Ұ,Т)Әр топтың баяндаушылары суреттеріндегі қазіргі және ертедегі саяхаттың өзгерістері туралы баяндайды.    
Қазіргі және ерте замандағы саяхат туралы суреттердің не туралы екендігі және олар қандай жұмбақтарды шешуге көмек беретіндігі жөнінде ой қозғауға беруге болады.  
«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып
6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті  
Осыған дейін меңгерілген білім
Оқушылардың аңыздар, әңгімелер, ертегілер, мақал-мәтелдер туралы білімдері болады. Астана қаласы, «Бәйтерек» монументі туралы біледі.
Мазмұны
Бұл бөлімде ұлттық салт-дәстүр, халық ауыз әдебиеті, еліміздің тарихы туралы қарапайым түсініктер беріледі. Қазақстанның өткенімен байланысты мифтер мен аңыздардың маңыздылығы қарастырылады. Карта түрлерімен жұмыс істейді.
Осы бөлімдегі «Дүниетану» пәнінің тілдік мақсаты: Оқушыларға пәндік мақсаттарға жетуге көмек үшін сәйкес академиялық тілдегі тілдік мақсаттың үлгісі төменде берілген.
Тілдік мақсат Пәнге қатысты лексика мен терминология Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Оқушылар: Қазақтың ұлттық және өзге ұлттармен ұқсастық тұрғысындағы мақал-мәтелдерді, халық ертегілері, аңыз әңгімелерін, образдарын, символдарын, туын, монеталарын, картиналарын/фотосуреттерін, ескерткіш-жәдігерлерін біледі. Оған кіретіндер: · мақал- мәтелдер; · халық мифтері, аңыздары; · ескерткіштер; · археологиялық мұрағаттар, артефактілер /нысандар; · картиналар; · ұқсастық, ұлтжандылық, патриотизм. Талқыланатын мәселелер: · Аңызда қандай мәліметтер бар? · Дәстүрлі халықауыз әдебиетінде не туралы айтылады? · Берілген монета/суретке қатысты қандай сұрақтар қоюға болады? ... неліктен екендігін айта аласыздар ма? · … осы мақал- мәтелдер маңызды …қазақтың дербестігі үшін ұлттық ту маңызды ма? · …сіздер Алтын адам туралы аңызды шындық немесе жалған деп ойлайсыздар ма?
Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және ғылыми тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.
Қысқаша шолу.Осы тарау көркем сурет символдарын пайдалану тәсілдеріне және оларды ұлттық бірегейлікті, оған қатыстығын, патриотизмды дамыту мақсатында маңызды тірек ретінде тануға негізделген. Бес сабақ халық ертегілерін/аңыздарын, мақалдарын; Қазақстанның мемлекеттік Туын, монеталарын; Алтын адам туралы аңызды, археологиялық олжалар мен қоғамдық ескерткіштерді – «Бәйтерек» монументін қамтиды. Пәнаралық байланыстар әдебиет, көркем еңбек, АКТ пәндерімен қатар жүреді (театр, музыка, скульптура, живопись және мультимедиа). Тарау Қазақстан мен оның ұлттық бірегейлігі туралы идеяларды кіріктіретін байрақтардың, ғимараттардың, ескерткіштердің, бейнелер мен символдардың дизайндарымен байланысты қазақ әдебиетіндегі халық ауыз әдебиетінің әңгімелері, ертегілері, мақал-мәтелдерінің бай қорына сүйенеді.

Наши рекомендации