1.1 Мен және менің отбасым | 1.1.2.2 мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жерін анықтау | Мектепке саяхат (Ұ) Сыныпқа өздерінен кіші жастағы балаларға, оларды мектеппен таныстыратын, оның қандай екенін көрсететін жол-көрсеткіш немесе кітапша жасау керектігін айтыңыз. (Ж) Сынып оқушыларын жұптарға біріктіріңіз. Әр жұпқа жоспар құрылымын ұсыну үшін, кішігірім үлгі беріңіз. Әр жұп табуы тиіс: · Келушілерге көрсеткілері келетін мектептегі бір ерекше орын. · Олардың мектептегі ұнататаын орны. · Олар мектепте немен айналысқанды жақсы көреді? (Ұ) Мұғалім ұйымдастырған талқылау барысында, жұптар өз ойымен барлық сыныппен бөліседі. Сынып, мектеп бойынша экскурсия өткізу туралы идеяларын ұсынады. (Ө) Оқушылар өздерінің мектеп бойынша жеке жол көрсеткіштерімен жұмыс істейді. (Ұ) Мұғалім сынып оқушыларының жол көрсеткіші туралы ойлау және оны әзірлеу барысында не нәрсеге үйренгеніне шолу жасайды. (Ұ) Балаларға мектеп ішіне мұғаліммен бірге серуенге шығып келу ұсынылады. Серуеннен келгеннен кейін не көргенін, алған әсерлері жөнінде сұрақ қойылады. | Бұл сабақ оқушыларға мектептегі адамдардың әртүрлі рөлдерімен таныстырады. Бұл мектепішілік саяхат, мектеппен танысу арқылы бекітіледі. Мәселеге қатысты - мектеп ұжымының іс жүзіндегі фотосуреттерін қолдануға болады. Бұл әрекетке едәуір үлкен шынайылық беретін еді. Кіріспе сабақ идеясын және оқушылардың қалай жұмыс істейтіндіктерін түсіндіру, сыныпты тақырыппен таныстырудан тұрады. Мұғалім әрбір адамның атқаратын қызметі жөнінде ақпарат ұсынады: бұл оқушыларға өз суреттерімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін қажет ақпаратты береді. Әр жұптың алдына нақты мәселелер қойылады: суретті зерттеу және суреттегі адамның не істеп жатқандығын сипаттау. | Мектеп қызметшілерінің фотосуреттері немесе PowerPoint презентациясы Талқыланатын әр қызметші туралы ақпараттарды толтыру үшін, оқушылардың әр жұбына аңдатпа парағы. Парақта фотосурет үшін орын және бір немесе екі сөз, сөз тіркестерін, яғни қысқа түсіндірмелерді жазуға жететіндей бос орын болуы тиіс. Егер бар болса, үлгі ретінде, балаларға арналған мектеп туралы жол көрсеткіші немесе брошюра. |
| | (Ө) Оқушылар акт зал, спорт зал, асхана, кітапхана, директор кабинеті, мұғалімдер бөлмесі, медбике кабинеті т.б. функционалдық аймақтардың қалай орналасқанын және қандай қызмет атқаратындығы жөнінде айтады. · хатшы; · мұғалімдер; · аспаз, ... (Ж) Сыныпты жұптарға бөліңіз. Әр жұп суреттердің біреуін талқылайды. Әр сурет адамның не істеп жатқанын бейнелеуі керек. Жұп «көмекші қызметшілердің» не істеп жатқанын бір сөзбен немесе сөйлеммен сипаттайды. Әр суретпен екі немесе бірнеше жұп жұмыс істеуі мүмкін. Жұп суретпен жұмыс істеп болған кезде, екіншісін алады да, талқылау үдерісін қайталайды. (Ұ) Мұғалім сыныптың өз «көмекші қызметкерлер» туралы не білетіні туралы кері байланыс беретін талқылауға бағыттайды. Сыныптың барлық мүшелері талқылауға қатысады. Сабақтың аяғына таман олар мектеп ұжымы/қауымдастығы өздерін қалай қолдайтыны, олардың міндеттері мен жауапкершілігі туралы біледі. (Т)«Мектеп айналасымен танысу» топсеруен ұйымдастырылады. Оған зерттеушілік сипат беру үшін топсеруен басталмас бұрын білім алушылар алдына оқу мақсаты ретінде: мектепте қандай бөлмелер бар, олар не үшін қажет, онда | Сабақтың қорытындысында идеяларды біріктіріңіз, оқушылардың нені үйренгендерін, қандай жаңалықты білгендерін талқылаңыз. | Оқушыларға жол көрсеткішін құрастыруға арналған үлгі ретінде шағын-құрылым/кесте. |
| 1.1.4.4 жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белігілерінің мәнін түсіндіру | жұмыс жасайтын мамандармен танысып, олардың еңбектерінің маңызы туралы сұрастыруды; асханада, спорт залда, кітапханада және т.б. орындарда өзін-өзі ұстау ережесімен, баспалдақ пен коридорда жүрудің қауіпсіздік ережесімен танысуды қоюға болады. (Ө,Қ)Мұғалім саяхат кезінде оқушыларға: әртүрлі обектілердің орналасу жағдайы (мектеп бағы, спорт алаңы) туралы өз суреттерінде көрсете білуі жөнінде тапсырма береді. Бұл жердегі тапсырманың басты жері: өз мектеп ауласын салған суреттерінде бейнеленген мектеп ауласымен салыстыруға негізделеді. Оқушылар дәрігер бөлмесінің, спорт залдың, кітапхананың, киім шешетін орынның, асхананың, әжетхананың мектепте орналасқан жерлерін және үзіліс кезінде демалуға болатын жерлерді біледі. Мұғалім балаларға өздеріне ұнаған 1 функционалдық аймақтың суретін салуды ұсынады. (Ж) Жұпта оқушыларға оларға көмектесу үшін мектепте жұмыс істейтін адамдардың суреттерін беріңіз. Мынадай суреттерді беруге болады: · күзетші/ кіші қызметшілер/бағбандар; · тіс дәрігері/медбике; · аспаздар; · кітапханашы; Әр жұп қалай көмек көрсетуге болатынын айтады. | | |
1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы | 1.1.2.6 Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау 1.1.2.3 Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру | Мектеп ережелері (Ұ/Ж)Ережелер ұғымымен және олардың рөлімен таныстырыңыз: үйдегі және мектептегі мысалдарға сүйене отырып, ереженің не екеніндігі жөнінде сөйлесіңіздер. Оқушылардан бізге ережелердің не үшін қажет екендігін жұпта талқылауын сұраңыздар. Идеяларды сынып болып қарастырыңыздар. (Ұ) Оқушыларға олардың бірқатар ережелер құрайтынын хабарлаңыз: ұстанатын сынып ережесін немесе сынып жарғысын. Естеріне салыңыз: · қоғамдық тәртіп – мектеп контекстінде сай болу; · өзінің тәртібі туралы білу; · жеке бастың тәртібі – жауапкершілік және іс-әрекеттер. Сұрақтар және жауаптар арқылы, сынып жарғысы не екенін анықтаңыз. (Т)Оқушылар үш немесе төрт оқушыдан құралған топтарда талқылайды: · Ережелер өмірге қалай енгізіледі? · Ережелер не үшін қажет? | Құқықтар және міндеттер туралы сабақ. Сынып мектеп ережелерімен таныстырылған және мұғалім сыныптың нәтижелі жұмысы үшін орнатылған ережелерге ие болады. Мұғалім өткізетін талқылауға кіріспе – мұғалім сыныптың жалпы қандай ережелер қажет екендігі жөнінде идеяларды өз еріктерімен ұсынуларын сұрай алады. Ережелердің мысалдары: · оқушылардың сыйластық пен үйлесімде өмір сүріп, жұмыс істеулеріне көмектесу; · өзін мәдениетті ұстау. Басқа оқушыларға, барлық адамдарға, ата-аналарға қатысты өзін лайықты ұстау.Барлық оқушылар бірін-бірі сыйлайтынына көз жеткізіңіз. Осы әрекет ережелердің сипаты мен мақсатын және олардың өздерінің өмірінде қандай маңызды рөл атқаратынын түсінуге мүмкіндік береді. | |
| | (Т)Әр топтың баяндамашысы ережеге нені қосуға болатыны туралы ойларды бүкіл сыныпқа айтып береді. Оқушылар сыныпқа арнап құрастырылған ережелерді қарастырады. Оқушылардың өз міндеттерін түсінетініне көз жеткізіңіз: · міндеттерді сәйкес тәртіппен орындау; · ережелерді орындау, тәртіп сақтау; · басқа барлық оқушыларға әділ қарау; · құрдастарымен және мұғалімдерімен жақсы қарым-қатынаста болу; · басқаларға сыйластықпен қарау. Одан басқа: · оқушылардың сынып бөлмесі - қауіпсіз орын; · олардың сыныптары нәтижелі, еркін және бақытты атмосферада жұмыс істейді; · олардың үйлесімді және іскерлік қоршаған ортада нәтижелі оқуларына құқығы бар; · щлар әр уақытта бақытты болуға, үйлесімді өмір сүрулеріне құқығы бар. (Ұ) Оқушылар жалпы мектеп ережесі және ереже түрлері туралы білгендерін түйіндейді. (Т) Оқушыларды шағын топтарға топтастырыңыз. Топта өздері негізгі деп санайтын мектеп оқушысының ережесін шағын қойылым/пантомимо ретінде сахналап көрсетеді. | Мұғалім жүргізетін талқылау арқылы оқушылар сұрақтар мен нұсқауларға жақсы қарайтын болады. Кері байланысқа идеяны барлық топтар ұсына алмайды. Сынып мына мәселелерді шешеді: · ережелер сақталып жүргеніне көз жеткізу үшін олар не істейтінін; · ереже бұзатындарға не болатынын; · «сыныптың ережелерді орындауларын бақылауға» кімнің жауапты екенін; · әрбіреуінің тәртібіне ұжым жауапты. Көрсету және үлгілеу Бұл сабақ мұғалім үшін оқушыларға ереже идеясын олармен бірге құрастыруға, үлгілеуге жақсы мүмкіндік береді. Қосымша мәселе ретінде сынып мектеп ережелерінің қайсысын одан жақсы ережемен алмастырғысы келетінін және неліктен екенін қарастыра алады. | |
| 1.1.4.3 үйдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру | Мысалы, • мектеп оқушысысының мұғаліммен, сыныптастарымен қарым-қатынасы: • барлық оқушыларға әділ қарау; • басқаларға сыйластықпен қарау; • үлкендерге, мектеп бойынша кезекшілік атқарып жүргендерге сыйластық таныту; • кішіге қамқор болу; • мектеп мүлігін сақтау, тазалық сақтау/жөндеу жұмыстарына белсенді қатынасу. (Ұ) «Менімен бірге қайтала» ойыны. Балалар шеңбер болып тұрады, мұғалім бастап әртүрлі қимылдар жасайды: алақанын соғады; оң немесе сол қолымен жанында тұрған оқушының басын сипайды; келесі оқушы ойынды жалғастырады. Оқушылар мұғаліммен және сыныптастарымен бірлескен іс-әрекетті орындауға үйренеді; сынып ұжымына деген жағымды сезімдері оянады. | Сабақта мына мәселелер қарастырылады: 1) Мектепте оқушының өзін-өзі ұстауы 2) Мектеп тәртібін сақтау 3) Жағымсыз іс-әрекеттер мен қылық көрсетпеу | Мектеп ережелері. Мектеп жарғысына арналған үлгі. Тақта немесе интерактивті тақта. Оқушылар баратын әр орындардың фотосуреттері/бейне-суреттері- PowerPoint-та болуы мүмкін. Сандық фотоаппараттар. |
1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы | 1.1.2.6 Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау 1.1.2.3 Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру | Дос болайық бәріміз (Ұ/Ж) Сынып деген не? Сыныптас деген кім? «Достар», «достық» ұғымының мағынасын талқылау. Өз ойларын ортаға салу. (Ұ) Оқушылардың жақсы көретін досы немесе адамы туралы ойлауын және оның өздеріне несімен ұнайтынды- ғын айтуды сұраңыз. Басқа оқушылардың да дәл осыны істеуін сұраңыз. Осы сөздердің тізімін бүкіл сынып көре алатындай етіп құрастырыңыз. (Ж) Ауыспалы құрамда жұптық жұмысты ұйымдастырыңыз. Әрбір жұп төмендегі тармақтардың бірін талқылайды. Мен үшін жақсы дос нені білдіреді? - Дос болу үшін өзіңді қалай ұстау керек?
- Менің досымның қандай қасиеттері бар?
- Сіздің достарыңыз өздерін жақсы сезінуі үшін және достықты нығайту үшін қандай істерді істей аласыз?
· Біз біреумен үнемі дос бола аламыз ба? (Ұ,Ж) Топтар әрбір тармақ бойынша идеяларын сыныпқа жариялайды. Мұғалім әрбір жұптың бес сұрақтың біреуіне берілген түсіндірмелеріне негізделген сыныптың талқылауын жүргізеді – әр тармақ бойынша талқылау жасау үшін бірден төрт жұпқа дейін шақырады. (Ұ) Достар мен достық туралы пайда болған идеяларды бекіту үшін барлық бес тармақ бойынша сыныптың пікірлерін жинақтаңыз | Оқушылардың күнделікті өміріндегі тәжірибесі осы бөлімге кіріспені жеңілдетеді. Топтық талқылау мен кері байланысты қамтамасыз ету үшін топтық жұмыс ұйымдастырылып, оның жұмысын бүкіл сыныпқа жариялайтын баяндамашысы тағайындалуы керек. Идеяларды көрсету және үлгілеу –оқушылардың ойлау, үйрену және өз жұмысының нәтижелерін жазбаша немесе визуалды түрде ұсыну қабілетін дамытудың негізгі тәсілі. Оқушылардың өз концептуалды карталарын жасауы оқып үйренгенін бекітуге көмектеседі. Сыныптан тыс міндет ретінде оқушылар ата-аналарынан, сұрастыра отыра, өткен елу жыл ішінде отбасылық өмір өзгеріске ұшырағанын әлде ұшырамағынын біле алады. Бұл оқушыларға ауызша тарих туралы қарапайым түсінік береді. Бұл тақырып сыныпта бірден қызығушылық тудырады, себебі оқушылар өзінің досы және оны сипаттайтын бір тармақ туралы ойланады. Бұл тапсырма мұзжарғыш - барлық оқушылар бір мезгілде бір нәрсе/тапсырма туралы ойланып, кейін оны бүкіл сыныпқа жеткізеді. Осының арқасында сөздер мен сөз тіркестерінің тізімі жасалады, бұл түсінікті дамытады, сөздік қорды толықтыруға көмектеседі. Тармақтардың реттілігін сақтау талқылауға нақты бағыт береді және сыныптың оларға берілген мәселені/міндеттерді шешуде тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әрбір тармақты талқылауға үш-төрт жұпты тарту тапсырманы орындауға барлық сыныптың қатысуына кепілдік береді. Қорытынды талқылауда мұғалім басты идеяларды, олардың цитаталарын, олардың достығын көрсететін кейбір фотосуреттерді, кейбір алақан таңбаларын көрсететін көрме ұйымдастыра алады. | Тақта немесе интерактивті тақта. Осы тақырыпқа байланысты фотосуреттері/бейне-суреттері- PowerPoint-та болуы мүмкін. Сандық фотоаппараттар. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б. |
| | түсіндірмелеріне негізделген сыныптың талқылауын жүргізеді – әр тармақ бойынша талқылау жасау үшін бірден төрт жұпқа дейін шақырады. Достар мен достық туралы пайда болған идеяларды бекіту үшін барлық бес тармақ бойынша сыныптың пікірлерін қорытындылаңыз. | | |
| | | | | | | | |
«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып |
3- бөлім: Менің отбасым және достарым |
Осыған дейін меңгерілген білім |
3- бөлімінің көптеген тақырыптары мен аспектілері 1 және 2- бөлімдерінде таныстырылған. Бұл бөлімнің оқу материалдары мен тілдік мақсаттары алғашқы екі бөлімдерге негізделген. |
Мазмұны |
3-бөлім оқушылардың сынып ұжымының және мектеп қауымдастығының мүшелері ретінде қалыптасуына қадам басуын жүзеге асыра отыра, олардың жеке әлеміне арналады. Бөлім оқыту саласын кеңейтеді, отбасын, достарын және оқушылардың ата-аналары өмір сүретін және жұмыс істейтін қауымдастықты қамтиды, қазіргі Қазақстандағы отбасылық қатынастар саласын зерттейді, сондай-ақ қарапайым тарихи түсініктер қалыптаса бастайды. |
Осы бөлімдегі «Дүниетану» пәнінің тілдік мақсаты Осы бөлімдегі оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін тиісті ғылыми тілдегі тілдік мақсаттың үлгісітөменде берілген. |
Тілдік мақсат | Пәнге қатысты лексика мен терминология | Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер |
Оқушылар: Үйіне, өз отбасына, өзінің қауымдастығына қатынасы бойынша өз ойлары мен сезімдерін, уақыт өте келе отбасы мен қоғамдық өмір қалай дамығанын сипаттайды және түсіндіреді | Оған кіретіндер: · есімдер мен қатынастар; · туған күн, фестивальдер мен мереке күндері; · нысандар,естеліктер, фотосуреттер, портреттер; · үйдің/пәтердің мекен-жайы - көшелердің атауы, аудан, пошталық индекс; · естеліктер, ойлар, бақытты сәттер, мерекелер; · үй телефоны және жедел қызметтердің телефон нөмірлері. · «Отбасы» ұғымы · туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орны · отбасы мүшелері арасындағы қамқорлық қарым-қатынас · отбасындағы мереке | Талқыланатын мәселелер: Отбасы деген не? - Қандай туыстық атауларды білесің? - Қамқорлық деген не? - Отбасына қалай қамқорлық көрсетесің? - Отбасында қандай мерекелер атап өтіледі? Отбасындағы қай мереке қатты әсер қалдырды, сипатта? Достық дегеніміз не? Неліктен достарыңның болғаны соншалықты маңызды? Сіздің үйіңіз қандай? Өткен заманда қазақтардың үйлері қандай болды? |
Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және ғылыми тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз. |
Қысқаша шолу |
2 А бөлімде қарастырылатындар: үй, отбасы өмірі, бос уақыт; ата-ана, аға-іні, әпке-сіңілі, ата мен әже және жақын туыстар; оқушының отбасындағы міндеттері; мерекелер мен фестивальдер; достар мен достық және олардың маңыздылығы; отбасының, әулет шежіресін қарастырылады |
Оқу бағдарламасына сілтеме | Оқу мақсаттары | Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері | Мұғалімге арналған ескертпелер | Оқыту ресурстары |
1.1 Мен және менің отбасым | 1.1.1.1 Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру 1.1.1.2 Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау | Менің отбасым (Ұ,Т) Отбасындағы туыстарын еске түсіріңдер. Олар саған кім болып келеді? Балалар отбасы және оның мүшелері туралы алған білімдерін одан әрі кеңейте отырып, «туыс» ұғымның мәнін ашады. Сонымен қатар отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтайды. Мысалы: Мен анама- қызымын; Мен атама - немеремін. Мен ағама – қарындаспын; Мен апама- сіңлімін. Мен ініме- апамын т.с.с. (Ұ/Ж) Отбасындағы қамқорлық. Отбасы мүшелері арасындағы қамқорлық | Оқушылардың күнделікті өміріндегі тәжірибесі осы бөлімге кіріспені жеңілдетеді. Топтық талқылау мен кері байланысты қамтамасыз ету үшін топтық жұмыс ұйымдастырылып, оның жұмысын бүкіл сыныпқа жариялайтын баяндамашысы тағайындалуы керек. Идеяларды көрсету және үлгілеу –оқушылардың ойлау, үйрену және өз жұмысының нәтижелерін жазбаша немесе визуалды түрде ұсыну қабілетін дамытудың негізгі тәсілі. | Осы бөлімде келтірілген жеті пункт бойынша идеяларымен толтырылатын, жеті жолды концептуалды карта. |
| 1.1.1.3 Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру | Отбасы - үлкен қуаныштың, қамқорлықтың, бақыттың ортасы. Бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде әдепті, ақылды азамат болып өседі. Қашанда отбасы мүшелеріне көмектесу, үлкендердің айтқанын тыңдау әр баланың қолынан келеді. Мұқият тыңдайды. Дәйексөз «Үлкенге- ізет, кішіге- құрмет» (Ө) Балалар өз түсінгендері бойынша дәйексөздің мағынасын ашады. (Т) Оқушыларды 2 топқа топтастырыңыз. Бірінші топқа өзінен үлкенге көмек көрсетіп жатқан, ал екінші топқа өзінен кішіге қамқорлық көрсетіп жатқан баланың суреті беріледі. Оқушылар суреттің мағынасын ашып, сипаттайды. Ситуациялық сұрақтар: - Ауырып жатқан әжең қандай көмек көрсету қолыңнан келеді? (Сенің көмегіңді қажет ете ме?) | Бұл жағдайда көрсету мен үлгілеу бірлескен композицияға алып келеді, яғни мұғалім концептуалды карталарды ынтымақтастықта/сыныптың қатысуымен жасайды. Концептуалдық/ақыл ой картасы топтар мен сынып талқылаған мәселелерді бірге біріктіреді. Оқушылардың өз концептуалды карталарын жасауы оқып үйренгенін бекітуге көмектеседі. Сыныптан тыс міндет ретінде оқушылар ата-аналарынан, ата-әжелерінен сұрастыра отыра, өткен елу жыл ішінде отбасылық өмір өзгеріске ұшырағанын әлде ұшырамағынын біле алады. Бұл оқушыларға ауызша тарих туралы қарапайым түсінік береді. | |
| | (Ө)Оқушылар сынып дайындаған үлгіге негізделген өздерінің жеке концепт-карталарын жасайды. (Ұ)Үй мен отбасылық өмір туралы өткен материалға шолу. Сыныпты төменде көрсетілген 1-пункті, одан кейін 2-7-пунктерді талқылау үшін үш-төрт адамнан топтарға біріктіріңіз. Әрбір топқа 2-7 аралығындағы пунктердің қайсысын олар 1 пунктпен бірге талқылайтынын, яғни 1мен 2, 1 мен 3, 1 мен 4, 1 мен 5, 1 мен 6, 1 мен 7 айтыңыз. 1. апта ішіндегі және демалыс күндеріндегі отбасылық өмір; - отбасы мүшелері: ата-аналары, аға-інілері,
- ата мен әжелері;
- үйдегі өмір: оқушылар орындайтын істер: ережелер, қамқорлық және жауапкершілік;
| | |
| | - үйдегі қауіпті жерлер;
- ұлттық салт-дәстүрлер;
- мерекелер мен фестивальдар – олардың уақыты мен өткізу орны және мәні;
8. ауылдағы немесе қаладағы жергілікті қауымдастықтағы өмір. Жұмыс орындары мен кәсіптер. (Т/Ұ) Әрбір топ өздерінің екі пунктін талқылай отыра идеялар тізімін жасайды. Топтың баяндамашысы сыныпқа оның тобы нені талқылағанын және қандай қорытындыға келгенін хабарлайды. (МК/Т)Концепт картаның не екендігін және ол қалай жасалатындығын көрсетіңіз. Сыныппен кері байланысқа жүгіне отыра сыныптың концептуалды картасын толтырыңыз. Әрбір оқушы 1-7 арасындағы топтар талқылаған салалардың біріне жазба жасайды. | | |
| 1.1.6.1 Отбасылық мерекелердің бірін сипаттау 1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру | Отбасындағы мерекелер (Ұ)Портреттер галереясына қысқаша шолу. Мұғалім сыныпқа олардың бүгін туған күн мерекесін жоспарлайтындарын хабарлайды. Туған күндерді атап өтуді жоспарлау үшін, оқушылар мыналарға назар аударуы қажет: · сүйікті тағамы мен сусындарына · жақсы көретін ойындарына · сүйікті істеріне · мектептен тыс уақыттарын қалай өткізетініне Бұл тақырып бірінші сынып оқушыларына жақсы таныс, өйткені отбасында өтетін мерекелерге балалар белсенді қатынасады және жылына келетін туған күн кешінің де басты «себепкерлері» балалар болып саналады. Сабақтың басында өз отбасында қандай мерекелерді атап өтеді, қонақ күтуге қалай әзірленеді, мереке барысында қандай ойындар ойналатыны жөнінде әңгіме жүргізуге болады. Мұғалім балалардың туған күндері қалай аталып өтілетіндігін сұрап біледі. (Т)Суреттерді пайдалана отырып, талқылау жүргізеді: - туған күн кешіне дайындыққа балалар қалай атсалысады: - қонақты қалай күтеді: - сыйлықты қалай қабылдайды: - үстел басында балалар өздерін қалай ұстайды: - балалар қандай ойын ойнағанды ұнатады: - мерекеден соң ыдыс-аяқты, бөлмені жинастыруға балалар көмектесе ме? (Т) Әрі қарай мұғалім жағдаят ұйымдастырады: - туған күн иесін таңдайды. Оның міндетіне өз туған күніне бірнеше оқушыны шақыру кіреді (ол телефонды пайдалана отырып, басқа да адамдарды шақыруға болады);
| | |
1.3 Менің атамекенім | 1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау | Менің үйім (Ұ) Оқушыларға жергілікті аудандағы үйлердің түрлі типтерінің фотосуреттерін немесе суреттерін көрсетіңіз. Олар өздері тұратын үйдің типін анықтауын сұраңыз. (Т) 3-4 адамнан құралған топтардағы оқушылар өз үйі қалай болып көрінетінін және онда өздеріне ненің ұнайтындығын әңгімелей отыра, үйлерін талқылайды. (Т) Топтар өз идеялармен бөліседі және өз үйлерін бүкіл сыныппен талқылайды. Әр топтан шығатын баяндамашылар өз көзқарастарын/нәтижелерін айтып береді. Мұғалім тақтада белгілі бір тармақтар бойынша веб диаграмманы/торды құрастырады. (Т) Өз топтарында оқушылар өздерінің жеке үйлеріндегі бөлмелерді және олардың пайдаланылуын талқылайды. (Ұ) Мұғалім сыныппен олардың үйлеріндегі атқаратын жұмыс туралы әңгіме жүргізеді. Топтағы әрбір оқушы өз көзқарастарын айтып береді. Кеңістікті (яғни бөлмені) талқылау арқылы мұғалім жоспар ұғымын, оның рөлін және оқушылардың өз үйлерінің жоспары контекстінде пайдалануды түсіндіреді. (Ұ)Сабақты оқушылардың өздерінің үйлерін еске алумен және оларға қойылатын негізгі сұрақтардан бастаңыз. Оқушылар PowerPoint презентациясы арқылы ертедегі әртүрлі кезеңдердегі қазақ үйлерімен – немесе көне үйлердің суреттерімен танысады. (Ұ) Балалар ең көне үйден бастап хронологиялық ретпен суреттерді қатарымен орналастырады. Қазіргі заманғы үйді ең соңында орналастырады.Оқушылар үйлердің уақыт өте өзгергендігін түсінгенен кейін жекелеген суреттерді зерделеуге кіріседі. (Ж)Суреттерді жұпта барлық оқушылар әрекетке қатысатындай етіп бөліңіз. Бірнеше жұп бірдей суретпен жұмыс істейтін болады. Әрбір жұп олар иллюстрациясын қарастырып отырған үйдегі өмірді болжап сипаттауы тиіс. (Ж)Жұптар осы үйдегі тіршілік туралы ойларын бүкіл сыныпқа таныстырады. (Ұ) Өткен замандағы үйлер мен үйдегі тіршілік туралы идеяларымен бөліседі. | Тапсырманың мақсаттары: Отбасын әрбір адам үшін қажетті рухани құндылық екендігін түсінеді; әрбір отбасы мүшелері үшін отбасылық өмірдегі сыйластық, сүйіспеншіліктің маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетеді;баланың өз отбасымен бірлігінің қуаныш сезімін оятады. туыстық атауларды білді және ондағы өз орнын анықтай алды; Оқушылардың әлемінен басталатын және оны білімдер мен түсінікті дамыту үшін негіз ретінде пайдаланатын сабақ. Топтық жұмыс әрбір оқушының қатысуына және топ мүшелерінің бір біріне құрметпен қарауына кепілдік беруі тиіс. Әрбір топтын атынан шығатын баяндамашылар топтың басқа мүшелерімен үнемі ауыстырылып отыру керек. Мәнерлеп оқу, жеткізе білу және сынып талдауларының толыққанды және белсенді мүшесі болу маңызды – мұны бастапқы сабақтардан қалыптастыру оқытудағы үйреншікті жағдай ретінде қабылданады; бұл орасан зор көмек пен қолдау көрсетеді. Оқушылардан олар жоспарлар туралы не білетіндіктерін естеріне түсіруін сұрауға болады. Егер бұл оң нәтиже бермесе, оқушыларға жоғары бұрыштан, бүйірден немесе құс ұшар биіктіктен түсірілген фотосуреттерді көрсетіңіз және оқушылардың салыстыруына беріңіз. Айырмашылықтарды талқылауға ықпал етіңіз. Осы әрекеттің балама бастамасы түрінде оқушыларға олардың үйлерінің суретін шеңбер ішінде, жұптарда немесе кішігірім топтарда талқылауға мүмкіндік береді. Бұл суреттер сабаққа дейін жасалуы тиіс және оқушыларда анық нұсқаулықтар мен тапсырмаға басшылық болуы тиіс. Оқушылар одан кейін үйлердің суреттерімен және ондағы тіршілік жағдайлары туралы жұмыс істейтін болады. Бейнелі дереккөздермен жұмыс істеу әдістемесі тілді, жазуды және идеялар мен қорытындыларды көрсете алуды дамытатын шығармашылық, ынталандырғыш тапсырма болып табылады. Егер уақыт мүмкіндік берсе, бұл әрекет сондай-ақ тіл сабақтарында жазбаша мәліметтер мен деректерді зерттеу мүмкіндігі болып табылады. Оқушыларды суреттердегі отбасылық өмір көріністеріне негізделген рөлдік ойындарға тартуға болады. Жазбаша жұмысты ұйымдастыру үшін орасан зор мүмкіндіктер ашылады;сөз) | Мектеп ауданындағы әртүрлі үйлердің картинасы (PowerPoint бағдарламасындағы немесе жекелеген фотосуреттер). Жоспар сызбасының ерекшелігін көрсететін сынып бөлмесінің ірі масштабты жоспары: · масштаб · символдар · орналасу · белгілеулер · бағдар Біздің заманымызға дейін суреттері жетпеген үйлер үшін сенімді тарихи мәліметтер негізіндегі жасалған иллюстрацияларды пайдаланыңыз. Суреттер жеткілікті дәрежеде анық және баланың қабылдауы үшін қолжетімді болуы тиіс. Суреттер хронологиялық ретпен кез келген жазықтыққа (қабырғаға немесе тақтаға) орналастырылуы тиіс. Барлық мұғалімдер қол жеткізе алатын PowerPoint бағдарлам |