Сурақ Бұғаз, теңіз, өзен, көл анықтамалары
Бұғаздар - материктерді немесе аралдарды бөліп тұратын, мұхиттың біршама тар бөлігі. Ең енді (900 км) және ең терең (5428 метр) – Дрейк бұғазы, ең ұзыны (1670 км) - Мозамбик бұғазы. Бұғаздардың гидрологиялық режимі олар қосып жатқан мұхит бөліктерінің ерекшеліктеріне байланысты. Ал бұғаздардың ішіндегі ең тарына келетін болсақ (14 км) – Гибралтар бұғазы.
Теңіз дегеніміз - көршілес бөліктерден физикалық және химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерімен (температурасы, тұздылығы және т.б.), ағыстары және толысуларының сипатымен ерекшеленетін мұхиттың азды-көпті оқшауланған бөлігі. Теңіз жоғарыда айтқанымыздай – мұхиттың бір бөлігі, суының қасиеттері, ағыстары, онда тіршілік ететін ағзалар жөнінен оның мұхиттан айырмашылығы болады. Материкке қатысты жағдайына қарай теңіздер ішкі және сыртқы теңіздер болып бөлінеді. Материкке ішкері еніп жататын теңіздерді (Мысалы, Қара теңіз,Жерорта теңізі) ішкі теңіздер деп аталады. Материктердің шетіне орналасқан теңіздерді шеткі теңіздер деп атаймыз. Оған Беринг, Карск теңіздері мысал бола алады. Теңіздерді шеткі жерорталық және аралық деп бөлуге болады. Жоғарыда бөліп көрсеткен теңіз түрлеріне енді сипаттама берсек: Шеткі теңіздер материктердің шетіне жақын орналасқандықтан, кейде тереңдігі 200 метрден асатын болады. Мұхиттан бұлар аралдар тізбегімен, сирегірек түбектермен бөлінеді. Бұл теңіздер мұхиттармен еркін байланысады, сондықтан да олар мұхиттардан біршама аз ерекшеленеді. Жерорталық немесе ішкі теңіздер материктердің арасында (материк аралық жерорталық теңіздері) немесе материк ішінде (ішкі материктік теңіздер) жатады, мұхитпен бұғаздар арқылы қосылады да одан әжептәуір ерекшеленеді. Мұндай теңіздердің түбі мұхиттан немесе көрші теңіздерден шоңғал арқылы бөлінген қазаншұңқыр құрайды. Материк аралық теңіздердің мысалы, Еуропа мен Африканы бөліп жатқан Жерорта теңізі бола алады, ал ішкі материктік теңіздердің мысалы, Қара теңізі бола алады. Материк аралық және ішкі теңіздердің айырмашылығы олардың орналасуында ғана емес, алғашқыларының көлемі үлкен болады және бұлардың тереңдігі әрқашанда 2430 метрден артық, демек олардың қазаншұңқыры материктердің негізін қиып өтеді.
Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су[1] немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.
Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтардан, қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Бірақ, төмен қарай ағып келе жатқанда оған өзгеде жылғалар, өзен-бұлақтар мен су көздері қосылады. Елді мекендердің басым бөлігі өзен жағаларында орналасады. Өзендер, сондай-ақ, ауыл шаруашылығына да қолайлы. Өйткені, өзен аңғарлары мен жазықтарының топырағы өте құнарлы болады.
Шөлді аймақтардың диқандары егіндіктерін жақын маңайдағы өзендерден артық тартып суарады. Өзендерде, сондай-ақ, электр қуаты өндіріледі. Өнеркәсіп жаңадан дами бастаған өткен ғасырларда, диірмендер, ұста дүкендері мен зауыттар ағысы қатты өзендердің жағасына орналасатын. Адам су екпінінің қуатын түрлі механизімдерді жұмыс істетуге қолданды. Өзендердің көлемі мен түрі әрқалай. Бірақ олардың бәріне ортақ нәрсе - өзен атаулының бәрі биік жерден басталады. Өзен суының тасуы да табиғи жайт. Өзен тасыған кезде оның арналары эрозияға ұшырап, шөгінділері шайылып, жаңа аңғарлар пайда болады.
Көл — тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий, Арал теңіздері).[1] Жершарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі – Каспий теңізі, ең терең көлі – Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км
Көл ойыстарының қалыптасуына қарай: бөгелген, ойысты және аралас болып жіктеледі.
- Бөгелген көл өзен аңғарын тау көшкіндері, сырғымалары, мұздықтар және т.б. басып қалған жағдайда пайда болады. Бөгелген көлге бөгендер мен әуіттер де жатады.
- Ойысты көлдің мореналық, тектоникалық, жанартаулық, эолдық және карстық деп аталатын түрлері бар. Көлдер ағынды көл (ағатын өзендері бар) және тұйық көл болып ажыратылады.
- Өзендерде тұздылық көбінесе 3-5 г/л-ден аспайды, ал көлдерде бұл көрсеткіш 14-тен 300 г/л дейін жетеді. Тұздылығы өте жоғары көлдер қатарына АҚШ жеріндегі Үлкен Тұзды көл, Оңтүстік-Батыс АзиядағыӨлі теңіз жатады.
- Тұзды көлдерде ас тұзының, калий тұздарының, сода, йод, бром және т.б. минералды шикізаттың мол қоры шоғырланған. Каспийдің қайраңында мұнайдың мол қоры шоғырланған. Көлдерде балық шаруашылығы дамыған, ал ірі көлдер көлік қатынасына пайдаланылады.
- Тұщы көлдер елді мекендер мен кәсіпорындарды сумен қамтамасыз етеді, тұзды көлдерді емдік мақсатта пайдаланады. Көлдер айналасының климатына да қолайлы әсер етеді; климаттың континенттілігін азайтады, ауаның ылғалдылығын арттырады. Адамның шаруашылық әрекетінен көлдерде су өсімдіктерінің шамадан тыс көбеюі, судағы газ құрамының өзгеруі әсерінен судың сапасы нашарлайды, судағы оттектің мөлшері азаяды.[
Атауы | Ауданы, мың км² | Теңіз деңгейінен биік жатқан жері м | Ең терең жері, м | Орналасқан жері |
Каспий теңізі | −28 | Еуразия | ||
Жоғарғы көл | Солтүстік Америка | |||
Виктория | Африка | |||
Гурон | Солтүстік Америка | |||
Мичиган | Солтүстік Америка (АҚШ) | |||
Танганьика | Африка | |||
Байкал | Азия (Ресей) | |||
Малави | Африка | |||
Үлкен Аюлы көл | Солтүстік Америка (Канада) | |||
Үлкен Еріксіздер көлі | Солтүстік Америка (Канада) | |||
Эри | Солтүстік Америка | |||
Чад | Африка | |||
Виннипег | Солтүстік Америка (Канада) | |||
Балқаш | Азия (Қазақстан) | |||
Онтарио | Солтүстік Америка | |||
Арал теңізі | 18,24 | 3,5 | 54,5 | Азия |
Ладож көлі | Еуропа (Ресей) | |||
Маракайбо | Оңтүстік Америка | |||
Бангвеулу | Африка | |||
Дунтин | Азия | |||
Онеж көлі | Еуропа (Ресей) | |||
Тонлесап | Азия | |||
Туркана | 8,5 | Африка | ||
Никарагуа | 8.4 | Солтүстік Америка | ||
Титикака | 8,3 | Оңтүстік Америка | ||
Атабаска | 7,9 | Солтүстік Америка (Канада) |