Көкшетаудағы қос үңгір
Еліміздегі «Қоңыр әулие», «Шолақ бұлақ» «Аманның», «Кейкінің» үңгірлері туралы қандай қызықты әңгімелер айтылып жүрсе, Көкшетаудағы «Кенесарының», «Балуан Шолақтың» үңгірлері жөнінде де сондай аңыздар бар. Жалпы, қазір халық «Балуан Шолақ үңгірін» - «Махаббат үңгірі» деп те атайды. Себебі, жергілікті халықтың айтуынша, бұл – Балуан Шолақ өзімен өштескен ояз бастығының қызын алып қашып келгенде паналаған, осында бірге болғанында ол қыздың Шөкеңе ғашық болып қалып, атамыздың да оны ұнатып, махаббат мекеніне айналған үңгір.
Сәбит Мұқанов 1942 жылы Алматыдағы Қазақтың Біріккен мемлекеттік баспасынан шыққан «Балуан Шолақ» атты батырлық поэмасында (повесінде, М.Н.) ояз бастығы қызының Шөкеңе ғашық болуы былайша суреттеледі: «...Розаның (шындығында Татьяна, М.Н.) еркеліктен басталған назы біраздан кейін ұлғайды. Мінезін, жүріс-тұрысын сынай келе Розаның жүрегінде Балуанға құмарлық оты тұтанды. Содан кейін Балуанды көрмесе сағынатын болды. Ендігі Розаның Балуанды құшақтауы бастапқы кездегі қарындастың ағаны құшақтауы емес, қыздың жігітті құшақтауы. Бұл құшақтауды да Балуан аңғарды. Бірақ, оның көңілі Ғалияға әлі де берік.
Розаның Балуанға құмарлығы тағы біраздан кейін кәдімгі ғашықтық сияқтанды. Осы көңілін сездірем бе деп, талай айлы, жұлдызды жылы түндерде, шың тастың басында Балуан Шолақпен қатар отырып, оның кең кеудесіне ыстық басын сүйеп, көзін көзіне сүзілте қарай, Роза Балуанның өзіне арнаулы ғашықтық отын тұтатпақ болды. Бірақ, не ғажабы барын білмейді, Балуанда жазы-қысы жасылданып бір қалыптан айнымастық қарағайдай қалып бар. Ерте де, кеш те Розаның Балуаннан еститіні бір ғана ән – «Ғалия».
Роза бір күні Балуаннан Ғалияның кім екенін сұрады. Балуан жасырмай айтты. Розаның жүрегінде енді екі қызғаныш шырағы жағылды: біреуі – махаббат, біреуі – қызғаныш.
Роза енді, айлакер аңшыдай Балуанды тұзағына еппен түсіргісі келді.
Әйел ең «қауіпті қуғыншы», ол қуса шалдырмайтындар шамалы ғой.
«Қуамын!... Ұстаймын!..» - деп
серт берді Роза өзіне. – Бұдан аман барсам да, мен жұрт көзіне аман көрінбеймін, «мас-қараланған қыз» деген атақ өлгенше соңымнан қалмайды, бағымды мәңгі байлайды. Ол өмірлік ауыр өсекті арқалап иығымды талдырғанша, осымен болам. Оқымағандығы болмаса, бұл кімнен кем! Бұған тигеннен кейін азар болса бала баққан үй қожасы әйел болармын. Егер көндірсем, - мұны мен бұл жолдан тайдырам, мәдениетке жетектеймін!».
... Балуанның соңына осы сертпен түскен Роза оны ұзақ қуған жоқ. Қайда барса жолына төсеген Розаның жалынды сөзі, егілген жасы серт боп та, теңіз боп та оны тойтары берді. Ақыры, Балуан Шолақ отына күйді... Суына батты...».
Ояз бастығының қызымен Балуан Шолақтың біраз уақыт бірге болып, махаббаттың бал түні мен күндерін өткізген осынау «Махаббат үңгірі» Бурабайдың жерінде. Оған қаладан автокөлікпен, жаяу жүріп келіп жатқандар аз емес екен, біз мұнда бірнеше рет болғанымызда көріп, білдік. Әсіресе, «Махаббат үңгіріне» жастар, нәрестелі бола алмай жүрген жас жұбайлар, бақытты өмір сүре алмай қиналған ерлі-зайыптылар көп келетін, кейбірі түнеп, өмірлеріне сәттілік тілеп, қайтатын болып шықты.
«Махаббат үңгірі» Абылай хан алаңына апаратын жолдың нақ жанында, үлкен тау жотасының үстінде. Жан-жағын қарағайлар қоршаған. Тау етегінен жоғары өрлеген адамдар тастар арасымен жүріп отырып, оның үстіне шықса, оң жағындағы үңгірге тап болады. Үңгір өте үлкен емес, шағын ғана. Басында суретке түсіретіндер де, үңгірдің тарихын баяндап берушілер де өзіңді жылы ұшырай қарсы алады. Біз «Махаббат үңгірінде» болғанымызда осындағы «Оқжетпес» шипажайының жолба-сшысы Балғабай Көпжасарұлы жан-жақтан «Махаббат үңгі-ріне» тілек айтып келгендерге оның тарихын айтып тұр екен, әңгімесіне құлақ түрдік. «Балуан Шолақ ояз бастығының қызы Татьянаны осы жердегі орман ішіне алып келгенінде жаңбыр қатты жауып кетеді, - дейді ол. Күн жұма екен. Сол заманда жұмада жаңбыр, қар жауса, келесі жұмаға дейін басылмайтын көрінеді. Жас қыздың үсті су болып қалады. Сонда ол: «Тоңдым, бұл маңайда жаңбырдан паналап, жылынатын жер жоқ па?», - дегенінде Балуан Шолақ өзінің көптен бері білетін осы үңгіріне оны алып келеді. От жағып, киімін құрғатып, жаңбыр басылғанша сол жерді мекендейді. Кейін Балуан Шолақ ояз бастығының қызын үйіне апарып тастарда ол: «Балуан мен Сізге қатты ғашық болып қалдым. Амал не, тағдырдың бұйрығы біздерге бірге болуды жазбады. Бірақта біз аз күн болса да бірге болғанымызды қалай тарихта қалдыра аламыз?», деп сұрайды. Сол кезде Балуан Шолақ: «Мына қарағайлардың арасында бір үлкен жүрек тас бар. Соны осы үңгірдің алдына көтеріп әкеліп қояйын. Ерсілі-қарсылы өткенде соны көріп, бірге болған күндерімізді еске алып тұрармыз», - деп, тау етегіндегі қарағайлардың арасынан үлкен бір жүрек тасты көтеріп алып келіп, Татьянаның көрсеткен жеріне апарып қояды. Татьяна жүрек таспен де, Балуан Шолақпен де сол жерде жылап қоштасады.
Қазіргі «Махаббат үңгірінің» - Балуан Шолақ пен Татьяна жаңбырдан паналаған, соңдарынан қуғандардан жасы-рынған үңгір екенін осы өңірдегі Біржан салдың немерелері мен шөберелері, Бурабайдағы Абылай хан мұражайының директоры Әмина Дәулетқызы айтады. Қытайдан келген жазушы қазақ ағамыз да мұның Балуан Шолақ үңгірі екенін айтып кеткен-ді. ««Махаббат үңгіріне» бір рет келгендер кейін тағы да келіп, махабатта жолдарының болғанын, баласыз жүргендерінде нәресте сүйгендерін, ажырасқан ғашы-ғымен қайта татуласқанын айтып жатады.
Небір имандылық істерге ұйытқы болып жүрген Қайрат Сатыбалды осы жаққа кел-генінде ауыл ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері ол кісіге Кенесарының үңгірін көрсетіп, тарихын айтып, кейін ол бұл жаққа Сәдібек Түгелді жіберіп оны зерттетіп, Кенесары үңгірінің басына 2005 жылы ескерткіш – белгі орнатқан-ды. Ендігі үмітіміз: асыл ағамыз тағы да осы жаққа келсе, Балуан Шолақтың «Махаббат үңгірін» көрсетіп, оның да басына ескерткіш – белгі орнатуға оң ықпал жасауын өтіну.
Өздеріңіз көріп отырған боларсыздар, «Махаббат үңгірінің» алдындағы жүрек тастың шетінің қирап қалғанын. Оның себебі: осы «Махаббат үңгіріне» келіп тілек айтып түнесе де махаббатта жолы болмаған бір адам өшін кімнен аларын білмей, кейін мұнда қайтып келіп, әлгі жүрек тастың шетін сындырып кетіпті. Соған қарамастан, жүрек тастың жанына келіп суретке түсушілер де, қолдарын оған тигізіп, махаббаттарына ұзақ ғұмыр тілеушілер де көп-ақ...».
Шіркін, Бурабайдың әр тасы, орманындағы әр соқпағы аңыз арқауы ғой. Жеке батыр, Бура тауы, Оқжетпес шыңы туралы аңыздар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатыр. Тек, әзірге көңілге медет тұтарымыз, осындағы Кенесары үңгірінің алдына ескерткіш белгінің орнатылып, оған Кенесары, осы үңгір тарихының тасқа қашап тұрып жазылып қойылғаны. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін Бурабайдағы Балуан Шолақ үңгірінің - «Махаббат үңгірінің алдында мұндай ескерткіш – белгі жоқ. Оның жанындағы Балуан Шолақ өзінің ояз бастығы қызымен бірге өткізген күндерінің белгісі болсын деп көтеріп әкеіп қойған үлкен жүрек тастың да маңында оны осында келіп, кетіп жатқан халыққа білдіріп, айғақтап тұрған тақта да орнатылмапты. Көрнекті қоғам қайраткері В.В.Куйбышевтің патша жендеттерінен жасы-рынған Көкше өңіріндегі Бұқпа тауының жанында да оны баяндап тұрған бірде-бір белгіні көре алмадық. Бурабайда халық «Абылай хан тағы» деп атап кеткен, ол туралы небір қызық аңыздар айтатын табиғаттың тастан жасаған тағында да жазуы бар тақта жоқ. Ал осынау тарихи орындарға, оның ішінде «Махаббат үңгіріне келіп, кетіп жатқан халық жылдан-жылға көбейе түсуде.
Спелеотуризм – үңгірлерде,әр түрлі жер бедерінің күрделі лабиринттер жағдайында өтетін,үңгірлердегі төменгі температура мен жоғары салыстырмалы ылғалдылық жағдайындағы,табиғи жорықтың болуымен сипатталатын жұмыстарды ұйымдастыру.Кейбір үңгірлер түбінде жер асты көлдері мен жер үсті өзендері болады.Үңгірлер вертикальды және горизантальды болуы мүмкін.Өз бойында тау және су туризмі техникасы элементтері мен құрал-жабдықтарын біріктіреді. Сондықтан арнайы дайындықты талап етеді. Алынып жүрілетін құралдар да ерекше (фонарь,примус,рация,барометр т.б.).
Гид үңгірде
Pak Ou үңгірі
Спелеотуризм бойынша маршруттар 2 бөлімнен: жер үсті маршруты, яғни үңгірге дейінгі жүру маршруты және жер асты маршрутынан тұрады.Көп жағдайда үңгір аймағында базалық лагерьлер құрылады.
Спелеотуризм саяхаты өзіндік ерекшеліктерге ие. Бірінші ерекшелігі – күндізгі жарықтың болмауы.Жер асты саяхатының ең басты қауіптілігі - қараңғылық.Жарық жоқ жерде қозғалу,бағытты бағдарлау қиындай түсетіні белгілі.Соның салдарынан шұңқырға немесе құдыққа құлап түсуге де болады.Мұндайға ұшырамау үшін саяхатшылар жарық сыйлар құралдарды өздерімен бірге алып жүрулері керек.
Екіншіден, үлкен үңгірлер ішке енетін жол тараптарының көптігімен күрделі,онда адаспай көздеген орынға жету тәжірибелі бастаушының өзіне де қиын соғуы мүмкін.Үңгірлер қираған кезде жоғарыдан және қабырғалардан еденге тас сылықтарының құлайтыны бар.Кейде олар сәл дірілдеп,тіпті қатты дауыстың өзінен-ақ үгітіледі.Жерасты саяхаты кезінде адамды тұншықтырар немесе жарылыс туғызар газдардың жиналып қалғанын кездестіруге болады.Жалпы үңгірлер сол жердің үстіндегі климатқа ұқсамайтын өзіндік климатқа ие.
Үңгірге түскен әрбір саяхатшы альпинистік тәсіл негіздерін,шыңға шығу әдістеріе игеріп,мұзды еңістерден аман өтуі,жүргенде қауіпсіздік ерекшеліктерін,т.б. сақтауы тиіс. Жерасты саяхатына және де онымен байланысты кездесетін қиындықтар әркімнен батылдықты,тапқырлықты,төзімділікті,тез әрі жақсы қағып алушылықты,денсаулығының мықты болуын талап етеді.Жерасты саяхатына кетіп бара жатып үңгірлердің қауіпті екендігін бір сәтке де ұмытуға болмайды.Ең алдымен біреу бақытсыздық жағдайға ұшырап қалса,оған қалай сырттай көмек көрсетудің шаралары,сондай-ақ саяхатшылардың үңгірден қашан оралатыны туралы күнібүгін бақылау мерзімі белгіленуі керек[1].
Спелеотуризмнің негізгі ерекщеліктері: жер асты маршруттардың қиындығы, ол үңгірлердің рельефінің сан қилылығымен (жер асты сулары, кішкентай жолдар, құдықтар және т.б.); ауа дымқылдылығы көрсеткішінің жоғары деңгейімен ( 100%-ға дейін) бұл өте төмен температурамен қоса, жарықтың болмауымен байланысты болады. Спелеотуризм адамнана аса көп күшті, төзімділікті, ұшқырлықты, жер астында еркін қозғалу және өмір сүру қабілетімен, жақсы жүзу және су астында жүзу (кейде аквалагпен жүзу қажет олған жағдайда), шыңға өрмелеу қасиетінің болуын қажетсінеді. Маршрут әдетте 2 бөліктен тұрады:жер асты және жер үсті. 1-ші бөлікті өту қиындығы мен талаптары ( жаяу, шаңғымен, қайық үстінде немесе өзге тәсіл арқылы), сонымен қатар ұзақтылығы үңгірдің орналасу жерінен, оның тұрғын аудандардан арақашықтығымен, жорықтар қиныдығымен, жыл мезгілімен және т.б. байланысты болады. Екінші бөлік қинышылығы үңгірдегі ауа жағдайымен және ұзақтылығымен байланысты болады. Арнайы дайындық пен техникалық құралдарды қажет ететін үңгілер 9 қиындық дәрежесіне бөлінеді: 1, 2А, 2Б, 3А, 3Б, 4А, 4Б, 5А, 5Б. Үңгірдің қиындық дәрежесін аңықтаудың негізгі критерийі болып оның ұзақтылығы, қиындығы және маршрут барысында кездесетін кедергілер көлемі болып табылады. Кедергілер ретінде құдықтар және кішкене тар жолдар болып келеді. Сонымен қатар, су және қар күйіндегі кедергілер де кездесіп жатады.
Спелеотуризм КСРО-да 60 ж. басында, Крым, Урал, Красноярск аймақтырмен бірдей уақытта пайда болды. 70 ж. басында Мәскеудің өзінде-ақ 10-ға жуық ресми спелеологиялық ұжымдар жұмыс істеді: 50 адамдай туристер клубының мүшесі болды ( оны "қалалық секция" деп атаған), осындай шамалы топтар Мәскеу мемлекеттік университетінде (МГУ) болды, қалған кішігірім топтар өзге көптеген жоғарғы оқу орындарында өз қызметін атқарды.
Орытынды
Жалпы Үңгір – тау жыныстары қабаттарындағы әр түрлі пішінді қуыстар. Олар көбінесе әктас, гипс, доломитте пайда болып, жер бетімен кіретін тесіктер арқылы байланысады. Үңгірде жер асты және атмосфера суы әкелген әкті туф немесе басқа материал түзіледі, қуыстар әдетте жартылай немесе толық суға толы.Жоғарыда айтып кеткендей еліміздің көптеген жерлерінде үңгірлер бар. Үңгірлердің дамуы өсу және толу кезеңіне бөлінеді. Өсу кезеңінде ол пайда болған жыныстардың еру процесі ұлғайып, үңгірдің көлемі үлкейеді, ал толу кезеңінде үңгір төбесіндегі жыныстың еруі мен тамшылауы нәтижесінде сталактиттер мен сталагмиттер қарама-қарсы өсіп, түйіседі де, үңгір іші бағаналармен толып бітеліп қалады. Бұл жағдай көбінесе утасты үңгірлер де кездеседі. Кейбірінде қысты күні қырау мен мұздақ пайда болады. Ондай мұзды үңгір Қырым мен Оралда кездеседі. Олардың ішіндегі көптеген ірілі-ұсақты тарамдары да бар. Мысалы, Оралдағы Сальва өзені жағасындағы Күңгір қаласынан 5 км қашықтықтағы Күңгір үңгірі. Қазіргі уақытта үңгірлерді зерттеу ісімен спелеология ғылымы айналысады.
Көптеген Үңгірлер әдетте алма-кезек орналасқан тар және кең бөлмелерден тұрады. Жарылымдар бойында түзілген Үңгірлер иір пішінді келеді. Табиғатта Үңгірлердің ашық (екі жағы да ашық, кесіп өтуге болады) және тұйық (қап сияқты бір жағы ғана ашық) түрлері кездеседі. Қалыптасу сатысындағы Үңгір қабырғалары ашық болса, ал қалыптасуы аяқталғандарда әр түрлі сауыстар (сталактит, сталагмит, сталагнат, т.б.) түзіліп, қуыстарды толтыра береді. Үңгірлердің өлшемдері әр түрлі.
Ірі Үңгірлер Қара теңіз жағалауында, Орал тауларында кең таралған. Қазақстанда 140-тан астам Үңгір бар. Қаратау жоталарының карбонат қат-қабаттарында 80-нен астам Үңгір кездеседі. Олардан басқа Талас Алатауы, Өгем жоталарында 20, Үстірт пен Маңғыстауда 11, Каспий маңы ойпаты, СолтүстікАралда 4, Сарыарқада 12, Алтай, Қалба, Тарбағатайда 5, Жетісу Алатауында 2, Іле Алатауында 6 Үңгір есепке алынған. Үңгірлер алғашқы адамдардың тұруына қолайлы баспана болған. Мұндай Үңгірде алғашқы адамдардың мәдени ескерткіштері (әр түрлі қарулар мен еңбек құралдары, тұрмыс заттары, қабырғадағы суреттер мен бейнелер) және жануарлардың қаңқа сүйектері кездеседі. Көптеген Үңгірлер туризм нысаны. Үңгірді зерттейтін ғылым саласы үңгіртану (спелеология) деп аталады.