Тақырыбы №7. Мұздықтар, қар сызығы туралы түсінік. Мұздық-тардың пайда болу жағдайлары

Сұрақтар:

1. Мұздықтар, қар сызығы туралы түсінік.

2. Мұздықтардың пайда болуы туралы түсінік.

3. Мұздықтардың қозғалысы және режимі.

4. Мұздықтардың типтері.

Тапсырмалар:

1.Атласты, статистикалық кестелерді қолдана отырып келесі тау мұздықтарының сипаттамасын толтыр (кесте түрінде):

тау атауы геогр. орналасуы мұздық орналасқан биіктік мұздық көлемі климаттық белдеу етегін дегі таб.зона
1.Шпицберген 2. Ян-Майен 3. Жаңа Жер 4. Альпы 5. Кавказ 6. Тянь-Шань 7. Памир 8. Гималай 9Килиманджаро 10. Алтай 11.Аляска 12. Камчатка 13.Скандинавия          

2. Х өсі бойынша тау орналасқан жер ендіктерін, У өсі бойынша мұздықтар орналасқан тау биіктіктерін (м) орналастырып график сыз. Қар сызығы қалай өзгереді? Неге?

3. Келесі тақырыптар бойынша баяндама дайындаңыздар: «Мұздықтар, қар сызығы», «Мұздықтардың пайда болуы», «Мұздықтардың қозғалысы және режимі» «Мұздықтардың типтері» және т.б.

4. Ғылыми әдебиеттерді пайдалана отырып дүние жүзілік мұздықтардың таралуын анықтап кескін картаға түсіру.

Әдістемелік нұсқаулар: Студенттердің өткен тақырыптар бойынша алған білімдері мен біліктіліктерін тереңдетіп баяндама жазып, кескін картаға мұздықтарды түсіру. Мұздықтардың практикалық маңызын түсіндіру

Әдебиет: 1,3,5

Тақырыбы № 8 Дүние жүзілік мұхит.

Дүние жүзілік мұхит бөліктері

Сұрақтар:

1. Әлемдік мұхит дегеніміз не?

2. Шығанақ, бухта, лиман, лагуна, фиород және бұғаздар ұғымына анықтама беріңдер.

3. Әлемдік су теңдестігін қалай түсінесің.

4. Жер шарында су ресурстары қалай таралған?

Тапсырмалар:

1. Әлемдік мұхиттың тігі бойынша су температурасынан өзгеру түрлерімен танысып (кестеде) график салу (тереңдік, температура).

Мұхит суы температурасы мен градиенттің тереңдік бойынша таралуы

  тереңдік , м температура, С dt/100 м
16.0 0.25
15.5 0.90
13.7 1.90
9.9 2.40
5.1 0.65
3.8 0.07
3.1 0.05
2.8 0.03
2.6 0.02
2.5 0.01

2. Кескін картаға Тынық, Атлант және Солт.мұзды мұхиты мен Үнді мұхиттарының шекарасын түсіру. Сонымен қоса территория ауданын (%) жазу.

3. Теңіз суындағы тұздың құрамы бойынша дөңгелек диаграмма салу. Онда мынау белгілі: хлоридтер – 88,7 %, корбонаттар – 0,3 %, Сульфаттар - 10,8 %, басқалары – 0,2 %.

Әдістемелік нұсқаулар:

Студенттердің әрбір тапсырманы өз бетінше орындап, бақылау сұрақтарына жауап береді. Кескін картаға мұхит аудандарын, шекараларымен көрсету.

Әдебиет: 1,2,5,6

Студенттердің оқытушымен өздік жұмысының мазмұны

СОӨЖ № 1 тақырыбы: Кіріспе. Гидрология пәні, мақсаты, басқа зерттеу тәсілдері. Гидрологиялық түсініктер

Тапсырмалар:

1. Гидрология пәні бойынша терминдік сөздік құрастыру мына қатарға сәйкес:

· Термин

· Анықтамасы

· Авторы

· Қай саласындағы термин

2. Келесі тақырыптар бойынша реферат дайындау: «Гидрология пәні мен зерттеу тәсілдері», «Гидрологиялық түсініктер», «Артезиан және тереңдік сулары» және т.б.

СОӨЖ жүргізу тәсілі:

- аудиториялық дәрістер;

- студенттердің оқу әдебиетімен жұмысы;

- оқытушымен сұхбаттасу;

- оқу әдебиетін конспектілеу;

- карталармен жұмыс;

- оқытушымен консультация, кеңесу;

- картографиялық кесте;

- рефераттарды қорғау.

Тапсырмалар орындауға әдістемелік нұсқаулар:Тақырып игеруге тарих, жалпы жертану пәндері бойынша базалық білімге жүгінген отырып, таңдау бойынша алынған гидрология.

Әдебиет: 3,5,6

СОӨЖ № 2 тақырыбы: Жер шарындағы су ресурстары. Табиғаттағы су айналымы.

Тапсырмалар:

1. Дүние жүзілік ылғал айналымының жүйесін салу және ондажер шары су теңдестіктерінің сандық деректерін көрсету (кестеде көрсетілген).

5 кесте

Жер шарындағы су қорының таралуы.

Территория Ауданы, мың (км2) Жауын-шашын, мың (км3) Құрлық ағындысы жер беті және жер асты, мың (км3) Булану, мың (км3)
Құрлық 149 000
Дүниежүзілік мұхит 361 000
Жер шары (тұтас) 510 000 -

2. Су және ауа температурасының айлар бойынша өзгеру графигін сызу (көлденеңінен айлар, тігінен температурасы). Екі график арасындағы байланысты анықтап түсіндір.

Тапсырмалар орындауға әдістемелік нұсқаулар:Тапсырманы орындау үшін лекция материалдарын пайдалана отырып, дәптерге дүниежүзілік су айналымының схемасын түсіру, график салу.

Әдебиет: 1,4,5,6

Наши рекомендации