Археологиялық зерттеу жұмыстары(қазба,барлау,өңдеу)т.б Ескерткіштерді қорғау. 2 страница
Этнографиялық деректер және оларды тарихи өлкетану жұмыстарына қолдау?Этнография – тарих ғылымының бір саласы. Ол тайпалар мен халықтардың шығу тегін, тұрмысын, кәсібін, әдет-ғұрпын, ерекшелігін зерттейді. Этнографтың жұмысы өте қызықты әрі жауапты. Халықтың күнделікті өмірі мен тіршілігін, әдет-ғұрпын зерттеу үшін этнограф салт-дәстүр жақсы сақталған жерлерге барады. Онда сол халықтың қашан пайда болғанын, тұрмысын жақсы білетін қария адамдармен әңгімелесіп, олардың айтқандарын жазып алады. Этнограф сол жердегі тұрғындардың өмірі мен тіршілігін терең білу үшін жиын-тойға да қатысады. Кейбір маңызды көріністерді суретке түсіріп, үнтаспаға жазып алады, сирек кездесетін бұйымдарды жинайды. Этнограф өз зерттеуіне музей деректерін, ертеректе жазылған қолжазбаларды да пайдаланады. Саяхатшылардың мәліметтеріне, бұрыннан сақталып қалған әдеби мұраларға да көңіл бөледі. Жергілікті халықтың даму жолын, басқа халықтардан ерекшелігін анықтайды. Мысалы, қазақ халқының этнографиялық тұрмысын қазақтармен қатар орыс және шетелдік ғалымдар да терең зерттеген. Этнография – тарихи ғылымның жеке бөлімі, халықтардың мәдениетін, тұрмысын және мәдениетін зерттейді. Этнография термині гр. «этнос» - халық, «графос» - жазамын, яғни халықты сипаттау, халықтану болып табылады. Этнографиялық зерттеудің негізгі әдістемесі - әлем халықтарының тұрмысы мен өмірін тікелей бақылау, олардың қоныстануы, тарихи-мәдени қарым-қатынасын зерттеу. Соңғы онжылдықта этнография термині, ғылым саласы ретінде этнология терминімен алмасты. Көптеген шетелдерде этнография (этнология) жалпы адамзатты танып-білетін – антропология саласының бірі ретінде қарастырылады. Этнография ғылым саласы ретінде ХІХ ғ., ортасында бөлініп шықты, осыған дейін тарихи зерттеулердің бір саласы ретінде қолданыста болды. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. «белгісіз халықтардың» өмірін зерттеу мақсатында бірнеше экспедициялар жарақталды. Олар өз зерттеулерінде Ресейдің көршілес елдерін зерттеумен айналысты. Ғылым Академиясының экспедициясы Сібір, Орал, Орта Азия және басқа да аудандарды зерттеумен айналысты. Кейде этнографиялық алғашқы ғылыми еңбектерде жарыққа шығып жатты. Солардың бір бөлігі Қазақстанға айналды. Міне, нақты осы кезеңде қазақ халқының дәстүрлері, салттары жайында алғашқы жазбалар пайда болды. Олар өлкенің тарихи, табиғи ерекшелігін сипаттады..Этнографиялық өлкетанудың объектісі ретінде мәдени өміріне тұрмыстық ерекшеліктер, олардың шығу тектері, өзгерістер ескерілді. Қоныстардың орындары, олардың сыртқы құрылымдары тұрғын үйдің ішкі ерекшеліктері, әртүрлі қоныстар зерттелінді. Этнографиялық бақылаулардың негізгі міндеті өткен кезеңнің оқиғаларын өзгертпей баяндау, сонымен қатар қандай жаңа өзгерістер келді. Халықтың тұрмыс-тіршілігі этнографиялық зерттеудің басты объектісі болып табылды.Қазақстан аумағында мал шаруашылығы шаруашылықтың жетекші саласы ретінде қола дәуірінде орнықты.
Тарихи өлкетанудағы археологиялық деректер және оларды өлкетану жұмыстарына қолдану? Археологиялық ескерткіштерден алынған заттар және қалдықтар археологиялық деректемелерге жатқызылады. Батыс ғылымында археологиялық деректемелерді тарих алдындағы немесе тарихқа дейінгі және ерте тарих деректері деп бөлу дәстүрі қалыптасқан. Сонымен қатар, ағылшын тілді шетел ғылымында археология деректемелері тарихи деректемелерден бөлек , антропология ғылымының шеңберінде қарастырылады.Археологиялық деректемелердің ең басты ерекшелігі: деректемелер барлау және қазба жұмыстарының нәтижесінде табылады. Сол арқылы алыс дәуірлер тарихы жасалып, кейінгі дәуірлер жөнінде түсінік толығып отырады.Археологиялық деректемелер дәуіріне, зат материалына, жасалу әдісіне байланысты жіктеледі. Деректемелерді зерттей отырып тұрмыс-тіршілікке байланысты құбылыстарды ашуға болады. Тарихи қорытынды жасалғанда деректемелерден алынатын мағлұматтар тоғысады., яғни синтезделеді. Зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын археологтардан әр деректің өз маманы қалыптасады. Мәселен, тас құралдарының маманы, керамиканы зерттеуші, әшекей-бұйымдарды танушы, т.б.Археологиялық деректемелердің көпшілігі жердің астынан қазылып алынады. Олар, әдетте, толық күйінде жетпейді: сынық, фрагмент, тотық түрінде кездеседі. Сол себепті оларды дұрыс қазып алу, қалпына келтіру және сақтау өте маңызды.
2. Археологиялық деректемелер түрлері. Деректемелер негізін көне заманнан жеткен заттар құрайды, олар көнеліктер, қалдықтар деп те жазылады. Адам жасаған немесе еңбегімен өзгерткен заттардың бәрі «артефакт» деп аталады. Бұл термин, әсіресе, тас ғасыры мүлкіне байланысты жиі қолданылады, себебі: тас құралдарының функционалды қызметін дәл анықтау қиын.
Археологиялық деректер табылу жағдайына, сақталу деңгейіне және олармен жұртшылықтың танысуына байланысты әртүрлі аталады. Археологиялық деректемелердің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оларды бірнеше топқа бөлуге болады:
Еңбек құралдары. Жасалған шикізаты, дәуірі есепке алынады. Мысалы: тас, мыс,темір құралдары. Сонымен қатар, құралдар атқаратын қызметіне қарай да жіктеледі.
Қару үлгілері. Жасалған шикізаты және қызметі бойынша жіктеледі Мысалы: шабуыл, қорғаныс құрал-жабдықтары. Сыртқы келбеті мен пішіні есепке алынып, түр-түрімен зерттеледі.
Тұрмыс заттары. Аса үлкен топ. Бұған киім-кешек бөлшектері, заманында қолданылған заттар жатады.
Ыдыс. Ғылымда ыдыстар тиянақты жіктелді, олар ескерткіштердің уақытын білуге, мәдениетіне сипаттама жасауға үлкен көмек көрсетеді. Археологиялық мәдениеттердегі ыдыстардың көпшілігі – керамикалық ыдыстар.
Ат әбзелдері. Көбінесе көшпелілер мәдениеттеріне тән. Ауыздықтар, сулықтар, үзеңгілер, айырбастар. Сүйектен, қоладан, темірден жасалуы мүмкін. Мәдениеттерге сипаттама беруге үлкен көмек көрсетеді.
Өнер туындылары. Бұған көркем әшекейлер, көне суреттер, мүсіндер, ғимарат қалдықтары, жазулар жатады.
Сүйек қалдықтары. Олар адам, мал, аң-құс сүйектері болып бөлінеді. Бұл деректеме тобын дұрыс тану үшін анатомиялық және зоологиялық білім қажет.
Археологиялық деректемелердің бір ерекшелігі – олардың толық, тұтас күйінде жетпейтіндігінде. Көп жағдайда бөлшектермен, фрагменттермен жетеді, өзгерістерге ұшырайды, деформацияланады, диффузияланады, ыдырайды. Қатты тотыққан металл, шіріндіге айналған ағаш пен тері сақталуы нашар деректемелер қатарына жатады. Сол себепті, археологиялық деректемелер түрлі препараттар арқылы қалпына келтіруді және арнайы жабдықтардың пайдалануымен сапалы сақтауды талап етеді. Консервациялық жұмыстардың бір бөлігі далалық жағдайда жүзеге асуы керек. Сонда ғана заттар мен қалдықтар маңызды мағлұмат бере алады.Археологиялық деректердің өлкетанудағы атқаратын рөліӨлкетану- мазмұны мен жекелеген зерттеу әдістері бойынша бір-бірінен ерекшеленетін, бірақ, бір тақырыптық жиынтықты құрай отырып, өлкені ғылыми тұрғыдан жан-жақты тануға мүмкіндік беретін бірнеше ғылыми пәндер кешені. Археология сияқты белгілі бір ғылыми принциптерге негізделген тарихи өлкетану бойынша негізгі тақырыптық мәселелерді білуі, сондай-ақ, жоғары оқу орнында оқытылатын тарих курсы мен туған өлкені зерттеп-тану барысында алған білімдері мен дағдылары арасындағы байланыстарды бақылап, айқындай алуы қажет. Сол сияқты, өлкенің тарих және мәдени ескерткіштерін өз бетімен ғылыми зерттеу тұрғысынан тану жұмыстары дағдыларын меңгеру гегорафиялық ортадағы орындарын белгілей білу, ауданның белгілі бір бөлігіінң қоныстану тарихы туралы, сол ауданның топонимикасы туралы түсініктерді меңгеру, жекелеген аудан немесе облысқа сипат дарытатын ерекшеліктерді ажыратып, айқындай білу әдістемесін меңгеріп практикалық жұмыс барысында қолдана білу осылардың барлығы өлкетану бойынша білімін құрайды. Тарихи өлкетанудағы этнографиялық деректер мен материалдар, Қазақстандағы өлкетанулық жұмыстар, мұражайлар, мұрағаттар мен ескерткіштерді қорғау қоғамының атқаратын рөлдері, қазіргі кездегі тарихи өлкетану өзгешілігін қарастырады. Қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасы болып табылатын тарихи ескерткіштер, салт-дәстүр мен әдет-ғұрып тарихы оқытылады археолгоияда қарастырылса өлкетанумен бір байланысы сонда деп ойлаймын. XIX ғасырдың екінші жартысы мен - XX ғасырдың басында таң ғажайып құбылыс пайда болды ол семейлік өлкетану.Әлбетте,өлкетану Қазақстанның басқа да аймақтарын да пайда болды,Семей өңірінде бұл оқыту жүйесі өзіне тән болды.Ең маңыздысы, ол ең басында ұжымдық шығармашылық ретінде қалыптасты.Өлкетануды XIX ғасырдың ортасында Сібір және Солтүстік-Шығыс Қазақстанда тек ғылыми саяхатшылар мен ғылыми экспедициялық қатысушылар ғана оқыды.Бірақ бұл жергілікті тұрғындардың өздерінің өлкетану тарихы туралы ізденбегені деп түсінбеу керек.Жеке тұлғалардың өлкетануда ғылыми ізденісте жүрмей –ақ, өз өмірлерін бұл жұмысқа арнаған.Осыған жақсы үлгі ретінде И.Г.Андреевтің тынымсыз еңбегі. Археологтың жұмысы дала жұмыстары кезінде өте жауапты, өйткені табылған артефакттарды сақтау қажеттілігі туады. Экспедиция кезінде табылған материалдар мұқият тазаланып, жуылады, арнайы нөмірлер мен коллекциялық жазбаға жазылады. Археологияда ең маңызды рөлді табылған ескерткіштің жасын мөлшерлеу болып табылады. Қазіргі кезде классикалық зерттеуден басқа: археомагниттік, дендрохронологиялық және де радиокөміртекті (С-14) және тағы басқалары. Археомагнитті әдіс күйдірілген қыш, кірпіш,керамика бұйымдардың жасын анықтауда пайдаланылады. Өйткені балшық магниттелетін қасиеті бар, бірақ оны алдымен қатты қыздыру керек, сонда керамиканың бойында термостатикалық магниттілік пайда болады. Сондықтан керамиканың немесе кірпіштің қай уақытта күйдірілгенін дәл анықтауға болады.Геологтар мен физиктер зерттеулері тау қыртыстары мен топырақ қыртыстары жер бетінде пайда болған кездегі магниттілігін сақтайтыны дәлелдеді. Дендрохронологиялық әдіс ағаш құрылыстар мен бұйымдардың жасын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Мысалға дендрохронологиялық әдіс арқылы Шілікті қорғанындағы ағаш бөренелерден құралған саркофагтың жасын дәл анықтады.Радиокарбондық әдіс тірі жануарлар мен жәндіктер мен атмосферадағы бірдей радиоактивті көміртек көлемін зерттеу кезінде қалыптасқан. Көміртектің ағзаға тұрақты келіп отыруы ағзаның өзінің қызметін тоқтатуымен доғарылады. Радиоактивті көміртек тіршілігін тоқтатқан қсімдік пен жануардың ағзасында біртіндеп ыдырайды. Жартылай ыдырау периоды 5730 жылға тең келеді. Табылған ескерткіш көне болған сайын онда көміртек азая береді. Қазіргі кезде бұл әдіс ең дәл көрсететін әдістерге жатады. Қазіргі кезде осы әдіс арқылы 2000-нан астам ескерткіштің пайда болу кезі осылай белгіленді. Соңғы кездері термолюминесценция әдісі қолданысқа ене бастады. Әдіс бойынша ежелгі керамиканы 400-500 градусқа дейін қыздырғанда жарқырай бастайды. Жарық неғұрлым қатты жарқыраған сайын, керамика соғұрлым ежелгі. Археологтар әрқашан көптеген заттармен жұмыс істейді, олар: құралдар, ыдыстар, адамдардың қалдықтары, қорғандар мен қалалардың орындары жатады. Көптеген сынақтардан кейін көптеген заңдарға ауыр соққы тиді. Генетика археологтарға мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегін анықтауға мүмкіндік береді. Ұзақ уақыт бойы иттің арғы тегі қорқау қасқыр деп есептелді. Бірақ генетиканың дамуымен қорқау қасқыр мен иттің хромосомалары екі түрлі болғаны соншалық, иттің арғы тегі қорқау қасқыр емес екендігін дәлелденді.археологиялық материалды мектептегі оқушыларға пайдалану, оқушыларды ғылыми ізденушілік жұмыстарына, ежелгі мәдениет ескерткіштерін қорғауға, қастерлеуге үйретеді. Бұның бәрі оқушыларға жағымды әсер етеді. Жергілікті археологиялық материалды тарих сабақтарында кең қолдануға және сыныптан тыс шараларда қолдануға боладыАрхеологиялық материалдың ерекшелігі, оны тек кітаппен ғана зерттеу мүмкін емес. Мұғалім оқушыларды тек қана кітап жүзінде ғана емес, археологиялық коллекциялар көрсетіп, жергілікті мұражайларға апаруы тиіс. Жас ерекшеліктеріне байланысты 5-7 сынып оқушыларын сабақ бойынша экскурсиялар мен жергілікті өлкетану мұражайына апарған жөн.экскурсия кезінде оқушыларды тек қана аралатумен ғана шектелмей, экспонаттарды түсіндіру керек. Экскурсия сабағы. Оқу экскурсиясы кезінде әдетте оқушылармен әңгімелесу және осы уақыт кезінде мұражай ішінде оларға өздік жұмыс, сосын өздерінен бірге қарандаштармен дәптерлер әкелу тапсырлады. Тәжірібе көрсеткендей мындай әнгімелесу экскурсия сабақтың тиімділігін артырады. Оқушылардын өздік жұмыстарынан мынадай тапсырмалар беруге болады: 1) олардын көзқарасы бойынша тас дәуірі кезіндегі адамдардың ең маңызды деген 3-4 құралдарын салып келу, 2) палеолит, мезолит, неолит кезіндегі тұрақтардың тізбегін салып әкелуді тапсыру, 3) неолит, кола, ерте темир дәуірі ыдыстарынын сыртындағы орнаменттерді салдырту, 4) мұражайдан алғашкы адамдар ойлап тапкан бірнеше курылгылардын казіргі кунге дейінгі турлерін көрсету.Археологиялық үйірмелердін көбі өзиндік зерттеулер жасаса, кейбіреулері тек археология жайлы сырттай тусінік қана жасайды. Заттық ескерткіштер дегеніміз-еңбек құралдары және сол құралдар арқылы жасалған тұрмыстық заттар: киім, әшекей бұйымдар, жеке және қоғамдық өнер, архитектуралық құрылыстар, тиындар, бейнелеу өнері және т.б. Заттық ескерткіштермен аххеолог-мамандар айналысады. Олар көне қалаларды, қорғандарды қазып, реставрация жұмыстарын жүргізеді де, оладың хронологиясын анықтап, классификациялайды, сонан соң оны зерттеп, жасалынған жұмыстардың нәтижесі бойынша есеп беріп, мақала жариялайды. Бұл жағдай да археологтар өз тұжырымдарында барлық дереккөздерін (заттық, жазба) пайдаланатын тарихшы болып саналады. Археология тарихтың ғылым ретіндегі уақыт пен екңістіктегі түсінігін анағұрлым кеңейтті. Адамзаттың ежелгі замандағы тарихи дамуы жайында мәліметтер археологиялық мәліметтер негізінде бізге жетіп отыр.Адам қоғамының ұзақ тарихи кезеңі тек археология көмегімен ғана зерттелінеді. Ол алғашқы қауымдық құрылыс пен орта ғасырлық тарих жайындағы жазбаша мәліметтерді айтарлықтай толықтырып, толық мәнін ашып береді. Жазба таптық кезеңде пайда болды және оны тек ақсүйектер ғана меңгерді. Егер жазба деректер автордың сол белгілі кезеңдегі оқиғаға жеке және тенденциялық сипатта болуын көрсетсе, заттық ескерткіштер сол дәуірдегі адамзаттың тұрмыстық хал-ахуалын объективті түрде айқындап отырды. Мұнда ескерткіштер сол кезеңнің таптық бөлінісі туралы, олардың материалдық жағдайлары жайында барынша көрнекі түрде бейнеледі.
Жазба деректер және оларды анықтау.Оның өлкетанудағы алатын орны? Өлкетану – бұл туған өлкенің тарихы, табиғаты мен экологиясы, экономикалық, әлеуметтік-құқытық дамуы , рухани шыққан тегі, әдебиеті және көркемөнері. Жаңа бөлім өте жас, бірақ орталық мамандары әртүрлі жұмыс түрінің көмегімен, кітапхана рухани өмірдің орталығы екенін одан әрі дәлелелдей отыра, кітапхананы өлкетанушылармен, қоғамдық қайраткерлермен және басқа да танымал адамдармен кездесу орны ретінде пайдалана отыра, Кенді Алтай мәдениетті дәулетін насихаттайды. Жас ұрпақта елдің мәдениеті мен ғылымына зор үлес қосқан атақты да танымал Өскемендіктермен кездесуге мүмкіндігі бар. Бұл жерде Өскемен қаласы туралы, оның көшелері мен саябақтары туралы қызықты әңгіме естуге ,ғимараттардың, үйлердің құпиясын ашуға, қаланың сан-алуан сәулеті әлемін көруге болады.Тарихи өлкетану жалпы өлкетанудың бір саласы ретінде өзіндік тарихи пән болып табылады. Ол сондықтан екі ерекшелікке ие: 1) тарихи оқиғаларды жекешелей қарайды және 2) өзіндік жеке сала болып табылады. Бұл тарихи -өлкетану саласындағы әр түрлі бағыттар бойынша бөлінеді: танушылық, қайта қараушылық, бағалы-бағыттылығы, коммуникативтік. Туған өлкені зерттеу ерекше қанағаттандырлық алатын, қоғамдық ой-пікірді қалыптастыратын сала болып табылады. Жергілікті материалдар негізінде тарихи өлкетанудың тәрбиелік маңызы бар. Басты тәрбиелік дерек ретінде және оның механизмі ретінде жергілікті дәстүр болып табылады. Яғни ол әр түрлі себептермен зерттеушінің қызығушылығын туғызады. Өлкенің тарихы – бұл өте күрделі өлкетанушылық жұмысты талап етеді, жұмыстың көптігімен, уақыт кезеңінде де өте күрделі болып келеді. Өлкетануды зерттеудің негізі жергілікті жердің тарихы болып табылады.Өлкетанудың негізгі анықтамасы - әр елдің өзіндік жеке тарихы болып табылады. А.С.Барковтың берген ғылыми анықтамасы бойынша «Өлкетану бұл бірнеше ғылымның кешенді жиынтығы, әртүрлі әдістері мен мазмұнына қарамастан, барлық жиынтығы өлкенің тарихын жан-жақты қарастыруға бағытталады». Ғылыми пән ретінде өлкетану өзінің зерттеу объектісі бар – табиғат, халық, экономика, тарих, өлкенің өнері. Негізгі дерек ретінде «өлкенің библиографиясы», «баспа деректері», «статистикалық мәліметтер», «тарихи ескерткіштер» және т.б Деректер әр түрліі материалдық, жазба, ауызша болып бөлінеді. Өлкетанушы-мұғалімнің міндеті: 1. не іздеу керек. 2. қалай іздеу керек. 3. қалай қағазға түсіру керек.Өлкетану жұмыс ұйымдастыру мәселесі бойынша мемлекеттік, қоғамдық және мектептік болып бөлінеді. Өлкетанудың негізінде қажеттілік және білуге құштарлық болып табылады. Өлкетану негізі тарихи зерттеумен байланысты. Өлкетанудың бастаулары халықтық өлкетануға қатысты қалыптасқа. Олар өлкенің білгірлері болып табылады. Мысалы, өлкенің алғашқы деректері ауызша тарихи деректермен тікелей байланысты.
Жергілікті тарихты зерттеуде орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының үлесі. Оның өлкетанудағы орыс ғалымдары мен саяхатшыларының қосқан үлесі.Орхон жазуындағы жәдігерліктер. Көне түркі әдебиеті. (ҮІ-ІХғ).Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны, Алтай өңірін мекен еткен ру-тайпалар, ұлыстар туралы тарихи деректер. «Ұлы жібек жолының» ашылуы .Сол кездегі Қытай,Үндістан,Греция,Иран,Сирия,Месопатамия,Вавилон,Мысыр,т.б. елдермен сауда,мәдени,рухани байланыстар.Сақтардың тайпалық бірлестіктері,аландар мен ғұндар.Есік қаласы маңынан табылған сақ көсемінің «алтын адамның» киіміндегі зергерлік өрнектердің,сақтардың «Алтын обасынан»(Оңтүстік Қазақстан ) шыққан әшекей-сәндік бұйымдардың,Таңбалытас,Саймалташ жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттердің,т.б. ғылыми мәні.Сақтардың салт-дәстүрі,наным-сенімі,әдет-ғұрпы,діні,олардың ата-баба әруағына,аспан денелеріне,Күнге, Айға,Жұлдыздарға және Жер анаға табынуы
Зороастризм діні. «Авеста» кітабы- Ежелгі діни ұғымдар мен мифтік аңыздардың жинағы.Ежелгі жазу-сызулар.Арамей,авеста,соғда,кушан,көне ұйғыр, руна жазулары. «Түрік» сөзінің мәні. Түрік қағанаты немесе Түрік қағандығы (552-745ж).Түрік қағандығының екіге бөлініп кетуі.Шығыс түрік қағандығы. Батыс түрік қағанаты-көне түрік қағандығының негізінде603-ж құрылған феодалдық мемлект. Батыс түрік қағанатынан кейін өмірге келген мемлекеттік дәрежедегі бірлестіктер. Түркеш қағанаты(704-766ж) Қарлұқ қағанаты(766-940ж).Оғыз мемлекеті(ІХ- ХІғ)Қыпшақ қоғамының ертедегі феодалдықмемлекет бірлестігі ретінде өмірге келгендігі. Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдықмемлекеті-Қарахан мемлекеті(940-1212ж). «Ұлы жібек жолындағы» ежелгі кент қалалары;Отырар(Фараб),Сүяб,Тараз,Құлан,Мерке,Испаджап(Сай-рам),Баба-Ата, Сығанақ, Созақ, Талхиз (Талғар)
Ежелгі түрік таңбалары. Көне жазу- сызулар. Ежелгі түрік әріптері. «Орхон»немесе «руна» деп аталатын жазулар. Ежелгі түріктердің наным-сенімдері, исламға дейінгі діни ұғым-түсініктер. Табыну; Көк тәңірі, Жер тәңірі, Ұмай-ана. Ежелгі түрік мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы Күлтегін батыр(684-731ж),оның ағасы елбасы Білге қаған(683-734ж) және қағанның кеңесшісі Тоныкөк туралы тасқа қашап жазылған дастандар. Орхон(руна)жазба ескерткіштерін табу,руна жазуын оқу,аударма жасау, ғылыми мәтін дайындау ісіне мол үлес қосқан орыс және Еуропа ғалымдары Н.К.Видзен,И.Т.Старленберг,Н:М:Ядринцев,В.В:Радлов,В.В.Томсен,С:Е:МаловЮ:Немет,Х:Н:Оркун,И:В:Стеблева,т.б.туралы мәлімет. Орхон жазуындағы жәдігерлікті қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан зерттеушілерС.Аманжолов,Ғ.Мұсабаев,Ғ.Айдаров,А:Аманжолов,М:Жолдасбеков,,Қ.Өмірәлиев,т.б. еңбектері
«Күлтегін» жырының көркемдік ерекшеліктері. М.Әуезовтың пікірі. Жырдағы кескілескен шайқастардың,соғыстағы батырлар ерлігінің, әскери жорықтардың шежіресі. Күлтегін батыр туралы жырдың авторы ИОллығ-тегіннің сөз зергері ретіндегі шеберлігі.Көне түрік жырының дыбыстық құрылысы.Мұнда үннің жүйелі,мерзімді ,мөлшерлі қайталануы. Жырдағы бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып қиысуы-аллитерация.
Ұйқас түрлері,соңғы бунақтағы дыбыстар үндестігі. «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырларында жиі қолданылатын теңеу, метафора,аллегория,гипербола,эпитет,қанатты сөздер,мақал-мәтелдер туралы. Тасқа жазылған дастандардың компазициялық құрылысы.Автор ойының циклдық жүйе арқылы берілуі. Ежелгі түркі позициясының өзіндік әдеби дәстүрі. «Күлтегін» жыры мен қазақ эпосы. Күлтегіннің 16 жастан бастап47 жасқа дейін,яғни өлгенге дейінгі ерлік істерінің эпостық сарынмен баяндалуы. Руна жазуындағы дастандардың идеялық мазмұны.Түрік елін ішкі бірлік-ынтымаққа,сыртқы жауға қарсы күреске шақыру. Күлтегін-тарихи тұлға,жеңілуді білмейтін батыр. «Күлтегін» жырының сюжеттік құрылысы,баяндау тәсілі,ерлікті мадақтау,батыр тұлғасын бейнелеу,көріктеу құралдарын қолдану жағынан қазақтың батырлық жырларына жақындығы.Тайпа-ұлыстық дәуірде өмірге келген «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Қобланды батыр», «Шора батыр» сияқты қазақ эпостары мен «Күлтегін» жыры арасындағы үндестік. Қорқыт ата кітабы ( «Кітабы дедем Қоркуд») Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз.Қорқыт атаҮІІІғ Сыр бойында өмір сүрген тарихи тұлға,аңызға айналған күйші-сазгер, мәшһүр жырау,кемеңгер филосов.Қорқыт ата адамзат баласына өлмейтін өмір,мәңгілік тіршілік іздеуші