Тақырып Нивелирлер мен рейкалар, олардың тексерісі және құрылысы
Дәрістер жоспары
1.Нивелир құрылысы, оның тексермелері және түзетулер
2.Нивелирлердің жіктелуі
3.Рейкалар оларды құру және тіктемелік жағдайы
Нысаналау oci арқылы жер бетiнiң горизонталь сызығын түcipy қызметiн атқаратын дүрбiлi аспап нивелир деп аталады.Өндiрiсте нивелирдiң мынадай түрлерi жасалып шығарылады: Н-05 - оптикалық микрометрлiк жоғары дәлдiктi нивелир, салыстырмалы биiктiктi 1 км-лiк eкi мәрте жүрiсте 0,5 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателiкпен анықтауға арналған. Н-3, Н-3К, Н-3Л нивелирлерi – дәл, 1 км eкi мәрте жүрiсте салыстырмалы биiктiктi 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателiкпен анықтауға арналған дәл аспаптар. Инженерлiк-геодезиялық зерттеулерде және III және IV кластық нивелирлеу кезiнде қолданылады. Н-10, 2Н-10Л, Н-10К, Н-10КЛ нивелирлерi -техникалық, 1 км-лiк eкi мәрте жүрiсте салыстырмалы биiктiктi 10 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателiктен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. Олар құрылыста, инженерлiк-геодезиялық зерттеулерде және топографиялық түсiрicтерде биiктiк шама негiздерiмен қамтамасыз ету үшiн қолданылады. Қазiргi кездегi нивелир аспаптарында дүрбiнiң осін горизонталь жағдайға келтiру деңгейдiң көмегімен тексерiледi немесе авто редукциялық компенсаторлардың көмегімен өзiнен-өзi жасалады. Рейканың ең кiшкене бөлiгiнiң сандық шамасы рейка бөлiгiнiң бағасы деп аталады. Тұтас рейканың ең үлкен ұзындығы 3 м-ге тең. Рейканың төменгi жағына рейканы тез тозудан қорғайтын болат пластикадан тақа қағылып қойылады. Рейкалар бір жақты немесе eкi жақты болуы мүмкін, eкiншiсiнде оның бір жағында қара бөліктер, екінші жағында қызыл бөліктер болады. Осыған орай рейканың жақтары қызыл және қара болып бөлінеді. Рейканың қара жағындағы нөлге тең есептеу, оның тақасымен дәл келеді, ал қызыл жағындағы тақаға сәйкес келетін есептеу нөлге тең болмайды. Жұмыс басталмай тұрып рейкаларды тексеріп алған жөн. Ол үшін рейканың горизонталь күйінде жатқызып, оған тексеру метрін қойып, оның әрбір метрімен дециметрін өлшейді. Оның дециметрлік бөліктерінің кездей соқ қателіктері ал рейканың барлық ұзындығындағы қателік 2мм ден аспауы тиіс.
Нивелирлердi қоймадан алғаннан соң оны толық сыртқы байқаудан өтеізеді, жиынтықтығын тексередi, дүрбiнiң, деңгейдiң,көтеру, элевациялық және жетекшi винттерiнiң түзулiгiне көз жеткiзедi. Далалық жұмыстарды бастар алдында аспаптың осьтер жүйелерi мен нивелирдi конструкциялаудың негiзгi схемасына енгiзiлген геометриялық сәйкестiктi келтiру масқатымен тексерулер жүргiзiледi. Нивелирлер мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиic. 1. Нивелирдiң дөңгелек деңгейiнiң oci нивелирдiң вертикаль айналу oсінe параллель болуы тиiс. Тексеру үшiн деңгейдi кез келген eкi көтеру винттерiнiң аралығына қояды да, оларды әр жаққа бұрау арқылы деңгейдiң үлбiреуiгiн ортасына келтiредi, содан кейiн үшiншi винтің көмегімен оны нөл-пунктке тұрызады. Егер нивелирдің жоғарғы бөлiгiн 180º-қа айландырғаннан кейiн үлбiреуiк деңгейдiң ортасында қалса, онда осы шартты орындалғаны болып саналады. Деңгейдiң үлбiреуiгi eкi көтеру винтiнiң бағытында жылжып кеткен жағдайда, оның центрден ауытқуының жартысы деңгейдiң түзету винттерiмен реттелiнедi, ал одан кейiн үлбiреуiктiң қалған жартысын кетеру винттерiмен нөл-пунктке келтiредi. Нивелирдi 90º-қа бұрып, тексерудi үшiншi көтеру винтiнiң бағытында қайталайды. Деңгейдiң үлбiреуiгi центрiнен ауытқыған жағдайда, оның ауытқуының жартысын түзету винттерiмен центрге жақындатады да, қалған жартысын тиicтi көтеру винтiмен теңестiредi. Тексерудi нивелирдi ось төңірегiнде айналдырғанда нөл-пункттен деңгейдiң үлбiреуiгi ауытқымайтын болғанша бiрнеше рет қайталайды. 2. Тордың вертикаль жiбi нивелирдiң айналу ociнe параллель болуы тиiс. Нивелирдi орнатып, оның айналу осін вертикаль.жағдайға дөңгелек деңгей көмегімен келтiредi де, жiптер торының негiзгi горизонталь штрихын нивелирден 15-20 м қашықтықта орналасқан жақсы көрiнiп туратын нуктеге нысаналайды. Жетекшi винтпен нивелирдil{ дурбiсiн азимут бойынша ақырын айналдырып, горизонталь штрихтын бақыланып отырған нүктеден шығып кетпеуiн қадағалайды. Егер осы кезде горизонталь штрих нүктеден 1 мм-ден артық шығып кетсе, онда торды орнатуды түзету керек. Түзету тордың дифрагмасын бұру арқылы оның вертикаль жiбi тiктеуiштiк жiбiмен беттескенше жасалынады. 3. Цилиндрлiк деңгейдiң oci дүрбiнiң нысаналау ociнe параллель болуы тиiс. Тексеруді алға eкi мәрте нивелирлеумен арындайды. 50-75 м қашықтықта eкi қазықшаны немесе үлкен шегeнi қарады. Нивелирдi (72-сурет) А нүктeciнің үстінe орнатып,нивелирдiң биiктiгiн il рейка мен 1 мм-ге дейiнгi далдiкпен өлшейдi де, В нүктeciнe қойылған рейкадан П 1 есептеуiн алады. Содан кейiн нивелир мен рейканың орындарын ауыстырып, i2 және П2 өлшеулерiн алады. Бұдан кейiн деңгейдiң ociмeн дүрбiнің нысаналау осінің параллель шартынық қателiгiнiң сақталмауын (х) мына формуламен есептеп шығарады:
х= (1)
Егер х -қателiгi 4 мм-ден артып кетсе, онда элевациялық винтпен орта жiптi рейкадағы П2'=П2-х дұрыс есептеуге нысаналайды да, деңгейдiң вертикаль түзету винттерiмен деңгей үлбipeyiгiнің шеттерiнiң кескінін дәл беттестiредi. Деңгейдiң орналасуын тексеру мен түзетудi x-тің шамасы 4 мм-ден аспайтын болғанша кайталай бередi.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. [1] бет 236-237
2. [1] бет 237-239
3. [1] бет 239-242
4. [2] бет 99-103
СӨЖ үшін бақылау тапсырмалар (2-тақырып) [1,2,3]
1.Жай сигнал, күрделі сигналдарға сипаттама.
2.Мемлекетік геодезиялық торды құру үшін қандай дайындық жұмыстарды жасау керек.